Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Января 2014 в 09:17, курсовая работа
Оқтын – оқтын айналып соғатын әр деңгейдегі дағдарыстарға біз бұған дейін де төтеп беріп келгенбіз.Тәуелсіздік шежіресін парақтасақ, күйреген кеңестер империясының орнына жаңа мемлекет құру бізге оңайға түскен жоқ. Тұралап қалған экономиканы қайта қалпына келтіру, оны жаңаша даму жолына түсіру – тақыр жерден тау тұрғызғанмен бірдей еді. Мемлекет дағдарыстың алдын алудың барлық шараларын жасауда.
КІРІСПЕ............................................................................................................................. 3-4
1. ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРМЕН ЕҢБЕК АҚЫ БОЙЫНША ЕСЕП АЙЫРЫСУДЫҢ ЕСЕБІ
1.1 Еңбек ақы есептеудің түрлері мен жүйелері........................................................... 5-9
1.2. Қызметкерлердің құрамы мен жұмыс уақытының есебі........................................ 9-18
2. ЕҢБЕК АҚЫ ЕСЕПТЕУ ЖӘНЕ ЕҢБЕК АҚЫ МІНДЕТТЕМЕСІМЕН ЕСЕП АЙЫРЫСУ
2.1 Ұйымдар мен жалданушылардың арасындағы міндеттемені сипаттау.................19
2.2 Еңбекақыдан ұсталынатын ұсталымдар мен есептеу тәртібі.................................19-20
2.3. Еңбек ақы бойынша есеп айырысудың бухгалтерлік есебі....................................21-26
ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................................................27
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...................................................................................................... 28
Жалақы төлеу жөніндегі ұйымның қабылдаған міндеттемесінің құрамында жеке тұлғаның табыс салығын төлеу, әлеуметтік салық төлеу, сақтандыру шығындарын, сондай-ақ үшінші тұлғаның пайдасына (сот шешіміне сай) қаражат төлеу жөніндегі міндеттемелер туындайды.
Қазақстан Республикасы еңбек Кодексіне сай жұмыс беруші мен жалданушылар арасында жасалынған келісімшарт талабына сәйкес жұмыс беруші ұйымдар жалданушыларды еңбекпен қамтамасыз ету, еңбек етудің жақсы жағдайын жасау, өз уақытында және толық мөлшерде жалақы төлеуді өз міндетіне алуға тиісті. Ал жалданушылар келісімшартта қаралған міндеттемелерді орындауға, ішкі еңбек ережелерін толығымен сақтауға және белгілі мамандықтағы жұмыстар атқаруға міндетті болады.
Атқарылған
еңбекке қарай ақы төлеу
Негізгі еңбек ақы жалданушының кәсіби мамандығына, атқарылатын жұмыстың күрделілігіне, өндірілген өнімдердің санына, сапасына және атқарылатын жұмыстарды орындау жағдайларына қарай есептелініп төленеді.
Қосымша еңбек ақы тиісті заңнамаларға сай жұмысқа қатыспаған күндер үшін төленуі мүмкін. Бұларға еңбеккерлердің кезекті демалысқа шыққан күндеріне, басқа жақтарда кәсіби мамандығын жетілдіру күндері үшін есептелінген еңбек ақы және жас бөбектерді тамақтандыру үзілісі уақытына аналарға төленетін еңбек ақылар жатады.
Негізгі және қосымқа еңбекақы төлеу сомаларының барлық жинағы ұйымның еңбек ақы қорын құрайды. Бұларға ынталандыру сыйлықтары, бір мәрте төленетін мараптау сомалары және заңнамалармен бекітілген тегін тамақтандыру, тұрғын үй пайдалану т.б. төленетін төлемдер де жатады.
2.2 Еңбекақыдан ұсталынатын ұсталымдар мен есептеу тәртібі
Есептелінген еңбек ақыдан ұсталынатын ұсталымдар сомасын анықтау арқылы жеке тұлғалардың және жұмысшылар мен қызметкерлердің тиісті заң актілеріне байланысты мемлекет алдында және үшінші жақ алдында (сот шешіміне сай) қабылдаған міндеттемесі туындайды. Міндетті түрде ұсталынатын ұсталымдар нормативтік базаға сай жеке тұлғалардан табыс салық, жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті төленетін зейнеткерлік жарна, сот шешімінің негізінде жеке тұлғалар еңбек ақысынан ұсталынатын ұсталымдар есебі ұйымның бухгалтериясында жүргізіледі. Сонымен қатар еңбеккерлердің жазба түрде берген өтініші негізінде басқалай ұсталымдар да есепке алынып отырады.
Жеке тұлғалардан ұсталынатын табыс салығы. Салықтық бұл түрі жеке тұлғалардың алатын еңбек ақысынан, сыйақыландыру сомасынан, сыйақы беруден, көрсетілген материалдық жәрдем сомасынан және әлеуметтік көмек көрсету сомасынан ҚР Салық кодексінің 145 бабындағы мөлшермен (ставка) есептелінген еңбек ақыдан ұсталынады.
Салық кодексінің 145 бабында жеке тұлғалардың тапқан табысынан ұсталынатын табыс салығының мөлшері 10% пайыздық мөлшерде бекітілген. Мысалы, жұмысшымен жұмыс берушінің арасында жасалған келісімшартқа сай жұмысшының (басқада осы ұйымда қызмет атқарушыларға тән) айлық табысы 47 000 теңге болып бекітілген жағдайда, қаңтар айында осы жұмысшыдан ұсталынатын табыс салығының және жинақтаушы зейнетақы қорына аударылатын жарна сомасы төмендегі сабақтастықпен анықталады.
Есептелінген айлық еңбек ақы 47 000 теңге.Жинақтаушы зейнетақы қорына айдарылатын 10%-дық жарна сомасы 4 700 теңге.Алынған табыс сомасы 42300 теңге.
12 айлық есепті көрсеткіш сомасын шегеру 18 660 теңге Алынған сома 23640 теңге
Бюджетке
төленетін табыс салығының
Жұмысшыға төленетін қаңтар айындағы нақтылы жалақының сомасы 42300
Қазақстан Республикасында ресми қабылданған айлық есепті көрсеткіштің ең төменгі дәрежесі – 18660 теңге болып белгіленген. Бұл шектеу дәрежесі немесе ресми қабылданған осы сома әлеуметтік төлемдер төлеу, сондай-ақ айып-пұл, салық т.б. төлемдер төлеу үшін қолданылады. Айлық есепті көрсеткіш көлемі әр жылдары жоғарылап отыруы мүмкін.
Жеке
тұлғалардан ұсталынған табыс салығының
сомасы әр айдың 20 нан кеш емес уақытта
бюджетке аудыралуы керек. Табыс
салығын және жинақтаушы зейнетақы
қорына аударылатын сомалар есебі
«Есептелінген еңбек ақы
Жеке тұлғалардан ұсталынған табыс салығы
Дт «Еңбек ақы бойынша есеп айырысу»
Кт «Бюджетпен есеп айырысу» счеттары бойынша корреспонденцияланады. Жеке тұлғалардан ұсталынған жинақтаушы зейнетақы қорына аударылатын зейнетақы жарнасының сомасы
Дт «Еңбек ақы бойынша есеп айырысу»
Кт «Жинақтаушы зейнетақы қорымен есеп айырысу» счеттары бойынша жазылады.
Орындаушы құжаттар негізінде үшінші жақтың пайдасына еңбек ақы сомасынан ұсталынатын ұсталымдар (алимент), сондай-ақ атқарушы әкімшілік органдарынан түскен міндетті түрде орындауға жататын құжаттарда көрсетілген сомалар есептелінген еңбек ақыдан ұсталынады. Кәмілетке толмаған балаларға алимент төлеу, балалардың ата-анасының тапқан айлық жалақысынан – бір бала үшін 25%, екі бала үшін 33%, үш және оданда көп балалар үшін 50% ұсталынады.
Сот үкіміне қарай, кейбір жағдайларда ұйымның материалды жауапты тұлғаның кінәсінен шеккен зиян сомасы жауапты тұлғаның еңбек ақысынан ұсталынуы мүмкін.
Еңбек ақыдан, басқалай табыстар сомасынан ұсталынған ұсталымдар сомасын есептеу арқылы ұйымның жеке тұлғалар алдында қабылдаған міндеттемелерінің белгілі бір мөлшері Дт «Еңбек ақы бойынша есеп айырысу», Кт «Бюджетпен есеп айырысу» счеттарын қолдану арқылы жабылады. Жеке тұлғаларға есептелінген еңбек ақы сомасынан ұсталынатын ұсталымдардың барлығы қабылданған заң актілерінің негізінде ғана орындалатындығын естен шығармау керек.
2.3. Еңбек ақы бойынша есеп айырысудың бухгалтерлік есебі
Еңбек ақы есебін ұйымдастыру және операциялар мазмұнын бухгалтерлік есеп счеттарында көрсету барысында өндірілген өнімдердің (жұмыстар, қызметтер) өзіндік құнына қосылатын еңбек шығындары мен басқа да тиісті көздерден төленетін төлемдер арасын ажырата білу керек.
Өнімнің
өзіндік құнына – тікелей өндірістік
салада жұмыс атқарушылардың, өнім
өндірушілер мен
Еңбек
ақы бойынша есеп айырысу операциялары
«Еңбек ақы бойынша есеп айырысу»
счеттарының кредитінде және осы
счет бойынша жүргізілетін операциялар
мазмұнын жіктеп көрсету мақсатында
ашылған жекелеген аналитикалық
счеттарда жүргізіледі. Аталмыш
счеттың кредитіне есептелінген
еңбек ақының сомасы, сыйақы, еңбек
ету қабілетінен уақытша
Еңбеккерлерге немесе жалданушыларға есептелінген еңбек ақы сомасы «Еңбек ақы бойынша есеп айырысу» счеттарының кредитінен мына төмендегі счеттардың дебетіне:
«Аяқталмаған құрылыс» - күрделі құрылыс салушыларға және құрылысқа қызмет көрсетушілерге есептелінген еңбек ақы;
«Негізгі өндіріс» - негізгі өндірістегі жұмыс істеушілерге есептелінген еңбек ақы;
«Дайын өнімдерді (тауарлар, жұмыстар және қызметтерді) сату шығындары» - тауарларды, жұмыстар және қызметтерді сатумен тікелей айналысушыларға есептелінген еңбек ақы;
«Көмекші өндіріс» - көмекші өндіріс саласындағы еңбеккерлерге есептелінген еңбек ақы сомалары жоғарыда көрсетілген тиісті счеттар бойынша жазылады.
Ұйымның еңбеккерлер
алдында қабылдаған міндеттемесі «Еңбек
ақы бойынша есеп айырысу» счетының
дебетіне мына төмендегі счеттардың
кредиті бойынша жазылып
«Ақша қаражаттары-касса» - қолма-қол нақты ақшаны және сыйақыларды т.с.с. ұйым кассасынан төлеу;
«Ақша қаражаттары – есеп айырысу счеты» - жеке тұлғаның банктегі жеке счетына аударылған еңбек ақының сомасы;
«Салықтар бойынша есеп айырысу» - жеке тұлғалардың тапқан табысынан ұсталынған салық сомасы;
«Жауапты
тұлғалармен есеп айырысу» - жауапты
тұлғаның жауапкершілігіне бұрын берілген
соманың қайтарылмаған
Қызметкер алғаш компанияға
Компанияда әкімшілік басқару
қызметкерлеріне еңбекақыны
есептегенде, есептелінген
Мекемеде орташа еңбекақыны есептеу былай жүргізіледі. Мысалы, мекемеде жұмыс істейтін есепші 2012 жылдың қаңтар айының 8-нен 11-не дейін уақытша еңбекке жарамсыз болды. Оны есептеу үшін төмендегідей мәліметтер бар: кесте 8
бес күндік жұмыс аптасы; есепті кезеңде, яғни 2012 жылдың сәуір айының 5-нен 10-на дейін есепші уақытша еңбекке жарамсыз болды және 2012 жылдың желтоқсан айының 3-нен 20-на дейін еңбекақы сақталынбайтын демалыста болған;
Еңбекке жарамсыз болған уақыттағы кезеңдегі жұмыс күнінің саны – 4 жұмыс күн.
Кесте 7
Өндірістік жұмысшыларға есептелген еңбекақы
№ |
Операциялар |
Дебет |
Кредит |
Сомалар |
1 |
Өндірістегі жұмысшыларға жалақы есептелінді |
8112 |
3350 |
120 000 |
2 |
Есептелінген жалақыдан міндетті зейнетақы жарнасы ұсталынды |
3350 |
3220 |
12000 |
3 |
Есептелінген жалақыдан жеке табыс салығы ұсталынды |
3350 |
3120 |
9305 |
4 |
Жұмысшыға кассадан жалақы төленді |
3350 |
1011 |
98695 |
5 |
Әлеуметтік салық есептелінді |
8113 |
3150 |
6480 |
6 |
Әлеуметтік аударымдар есептелінді |
8113 |
3210 |
5400 |
7 |
8112,8113 шоттарының жабылуы |
8110 |
8112,8113 |
131880 |
8 |
Негізгі өндірістен дайын өнім алынды |
1320 |
8110 |
131880 |
9 |
Әлеуметтік салық бюджетке аударылды |
3150 |
1040 |
6480 |
10 |
Әлеуметтік аударымдар мемлекеттік сақтандыру қорына аударылды |
3210 |
1040 |
5400 |
11 |
Міндетті зейнетақы
жарнасы зейнетақы төлеудің
мемлекеттік орталығына |
3220 |
1040 |
12000 |
12 |
Жеке табыс салығы бюджетке аударылды |
3120 |
1040 |
9305 |