Депозит

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 20:57, реферат

Краткое описание

Депозит (латын сөзінде depositium сақтауға берілген затты білдіреді) – бұл бір тұлғаның (депозиттердің) басқа тұлғаға – банкке (оның ішінде Ұлттық банкке) қайтарылу шартымен уақытша пайдалануға беретін ақшасы. Сонымен қатар депозит – бұл клиенттердің (жеке және заңды тұлғалардың) банктегі белгілі бір шотқа салған және өздері пайдалана алатын қаражаттары. Бүгінгі күні Қазақстан Республикасында қаржы нарығының келесідей сегменттері дамудың қарқынды үрдісінде: мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы, зейнетақы активтерінің нарығы, қор нарығы, валюта нарығы және депозиттік нарық. Депозиттік нарық ең ерте дамыған нарықтардың бірі бола отырып, қазіргі кезеңде төмен тәуекелмен салымдардың сенімді орналасуының арқасында сомалық жинақтауларда үлкен үлес салмақ пен қарқынды даму тенденциясына ие.

Содержание

I-ТАРАУ. Депозит дегеніміз не?
1.1.Депозиттің экономикалық маңызы мен мәні.
1.2. Коммерциялық банктердің депозиттік саясаты.
II-ТАРАУ. Депозиттік операциялар түсінігі, маңызы және нарықта алатын орны.
2.1. Депозиттік операциялар түрлері.
III-ТАРАУ. Қазақстан Республикасындағы депозиттердің ұйымдастырылуы және даму жолдары.
Қорытынды

Прикрепленные файлы: 1 файл

реферат.docx

— 35.07 Кб (Скачать документ)

   Жинақ кітапшаларындағы шоттар — бұл жедел алуға болатын, пайыз әкелетiн чектiк емес депозиттер.

    Олардың ерекшелiктерiне мыналар жатады:

— кiтапшалы жинақ салымында  тұрақты мерзiмiнің болмауы;

— банктер салымшылардан  ақша қаржысын алу туралы алдын ала  хабарлауды талап етуге құқылы болса  да, бұл шоттардан ақша қаржыларын алуда банктер ол талапты аз қояды;

— шоттың жоғары шегiн белгiлеу  мүмкіндiгi;

— салым иесiнің шоттан ақша алу немесе салу үшін жүргiзiлген операциялардың барысы жазылатын жинақ  кiтапшасын ұсыну міндеттемесi;

 

III-ТАРАУ. Қазақстан Республикасындағы депозиттердің ұйымдастырылуы және даму жолдары.

     Жинақ кассаларының жалпы жүйелік жобасы 1826 жылы пайда болды. Бұл мекемелер алғашында 1775 жылдары барлық губернияларда және уездік қалаларда қайырымдылықты дамыту үшін құрылған болатын. Оған жинақталған қаражатқа ауруханалар, мүгедектер үйі, жетім балалар үйлері жабдықталатын болған.Кейіннен қаржы жүйесінің даму нәтижесінде 1860 жылы мемлекеттік банк құрылды, оның бөлімшелер торабы Қазақстан территориясында да, құрыла бастады. Мемлекеттік банктің бірінші бөлімшелері Орал, Петропавловск, Семей және Верный қалаларында құрылды, жинақ, несиелік – есеп айырысу операциялары жүргізілген. Ұсақ салымшыларға қызмет көрсетілетін, салымдар жалпы негізде алынатын, ал қаржыларды қайтару және ұсақ несие беру орталық касса есебінен жүргізілетін, яғни қаражат осының есбінен алынатын болған.Үкімет тартылған қаражаттардың сақталуын қамтамасыз етті, кассалар салым құпиясын сақтауға міндеттенді. Клиенттерге шот ашылып, жинақ кітапшасы берілетін болды, сонымен қатар ай сайын пайыздар есептелініп тұратын. Егер шотта 30 жыл аралығында қозғалыс болмаған жағдайда салым мемлекет пайдасына алынатын болды. Біртін деп Қазақстанның несие Ресей империясының несиелік жүйесінің құрамдас бөлігі болды. Осы кезеңде үш деңгейлі несие жүйесі болды: бірінші деңгей – мемлекеттік банк, екінші деңгей – банк секторы, үшінші деңгей – мамандандырылған несие институттары. Бұл көбінесе жинақ және коммерциялық банктер.

     Ресейдің жинақ қызметінің тарихы 150 жылдан астам уақытты қамтиды. Жинақ ісі бұл өркениеттің дамуы. Жеке ақша жинақтарының қалыптасуы экономикалық процесс, кез келген дамыған қоғамның өміріне қажетті элемент. Жинақ ісі өзінің пайда болуынан бастап мемлекеттің және еңбеккерлердің жеке мүдделерін қамтитын болды. Халықтың жинақтарын банктің пайдалануы мемлекеттің дамуына және сол мезетте халықтың тұрмысының жақсаруына алып келеді.

    Қазақстан территориясында 1898 жылда 84 жинақ кассалары болды, 1897 жылдан бастап барлық уездік қазынашылықтарда көптеген банктік операциялар енгізілді: ақша айырбастау, купон бойынша проценттер төлеу және процентті қағаздар бойынша капитал төлеу, жинақ кассаларының операциялары, мемлекеттік банк мекемелерінің ордерлері бойынша қаражаттарды қабылдау және беру, жеке қаражат сомаларын аудару, ағымдағы шоттарға мерзімді және мерзімсіз салымдарды қабылдау,

процентті қағаздарды кепілге  қоя отырып ссуда беру және тағы да басқа қызмет түрлері көрсетілетін болды.

   Жинақ қызметінің дамуының екінші кезеңі жиырмасыншы ғасырдың екінші жартысына тиеді. Ақтөбеде 1923 жинақ кассасы ашылды, 1936 жылы Алматы қаласында СССР Жинақ Банкісінің филиалы ашылды. Осы жылдардан бастап жинақ жүйесінің халықтың көптеген массасына арналған жинақ жүйесінің  жаңа тармағы дами бастады.  Осыдан кейін Қазақстанда 335 жинақ кассалары қалыптасқан болатын. 1929 жылы Қазақстандағы барлық жинақ кассаларының қызметін басқарумен айналысатын Республикалық Жинақ Кассасы құрылды. Салымшылардың көп мөлшерін тарту мақсатында жинақ кассалары тікелей зауыт-фабрикаларда, клхоздар мен совхоздарда ашылатын болған.

    Мемлекеттік қарыздарды орналастыру есебінен түскен қаражаттар 1922-1925 жылдары мемлекеттік бюджеттің 7.5 пайызын құрады, ал 1925-1928 жылдары 6.8 пайызын құрады.Бұл қаражаттар халық шаруашылығын қалыптастыруда маңызды роль атқарды. Жинақ қызметін дамыту мақсатында комиссиялар құрылып, заңдар, қаулылар қабылдана бастады. Кейіннен 1988 жылы жүзеге асқан банктік реформа екі деңгейлі банк жүйесін қамтыды: Орталық Банк – мамандандырылған банктер.

   Тәуелсіздік алғаннан кейін, 1990 жылдың желтоқсанынан бастап Қазақстан нарықтық экономика талаптарына сай келетін банктік жүйені қалыптастыруға кірісті. 1991 жылдың қаңтарында «Қазақ ССР – дағы банктер банктік жүйе туралы» заң қабылданды.

    1993 жылы Жинақ банкісі Қазақстан Республикасына тиесілі «Қазақстан Жинақ банкісі»  болып тәуелсіз заңды құрылым болып қайта құрылды.             Қазіргі кезеңде депозиттік операциялар екінші деңгейлі банктердің пассивтерінің негізі болып табылады. Коммерциялық банктерге халық сенімі артып отыр, соның нәтижесінде салымдардың мөлшері дде артуда. Банктер депозиттерді әртүрлі шарттармен беруде. Бұлар балаларға арналған жинақ депозиттер, зейнеткерлерге арналған депозиттер тағы басқа.

     Қазақстан Республикасындағы жалпы жинақтар және депозиттік нарық жайында тек 1995 жыл ортасынан бастап айта аламыз. Осы кезеңде теңге курсы айтарлықтай тұрақталды, инфляция деңгейі біршама төмендеді. Осы кезден бастап қаражат жинақтауға жағдай туындай бастады.  1995 жылдың соңында, ресми мәліметтер бойынша, 5096.2 млн. теңгедей қаражат жинақталды.Сол кезеңдердегі нақты сектордың тұрақсыз болуы себебінен қаражат иелері оларды сенімді орналастыру жолдарын іздестірді.

    Осы жылдың бірінші жартысында қабылданған банктік жүйені қайта құру бағдарламасына сәйкес, аукциондық ресурстар ұлттық банкінің тек өтімділік мәселесін шешу үшін ғана берілетін. Бұл белсенді депозиттік саясатты жүргізу мәселесіне біршама еріксіз сипат беретін.  Сонымен қатар, 1995 жылдың соңынан бастап коммерциялық банктер әлеуетті салымшыларды тарту мақсатында әртүрлі бағдарламаларды құрай бастады. Банктер депозиттердің көптеген жаңа түрлерін енгізді, кейбір депозит түрлері бойынша қосымша лотереялар жүргізілетін болды.

 

Қорытынды

   Қорыта келгенде, Қазақстан Республикасының банктік секторындағы реформалар жалпы мемелекеттік экономикалық шаралармен қатар жүзеге асырылып келеді. Жүргізіліп отырған банктік реформалардың басты бағыттарының бірі, уақытша бос қаражаттарды тарту және инвестициалаудың ішкі көздерін қалыптастыруға бағытталған депозиттік нарықтың қалыптасуы мен дамуы болып табылады. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, кез келген адам үшін қаражаттарын орналастырудың көптеген әдістері бар: банктік жүйеде және басқа да қаржылық мекемелердегі депозитке салу, өзін өзі жою дәрежесі жоғары мемелекеттік бағалы қағаздарды сатып алу, кәсіпорындардың түрлі акцияларын иемдену тағы басқа. Ақыр соңында осы салынған қаражаттардың өндірістің дамуы мен экономиканың жақсартылуына әрекеттесу факторы ретінде қалыптасуы өте маңызды. Республикамыздағы нарықтық өзгерістер мен экономикалық тұрақтылықтың болашағы еліміздегі бүкіл ақша ресурстарының 80% — ы шоғырланған депозиттік нарықтың тұрақты және тиімді дамуымен байланысты.

    АҚ «Қазақстан Халық Банкі» еліміздегі банк жүйесі қалыптаса бастаған алғашқы жылдарда негізі қаланған болып табылады. Сондықтан, ол Қазақстан Республикасының банк саласында елеулі орын алады.


Информация о работе Депозит