Депозит

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 20:57, реферат

Краткое описание

Депозит (латын сөзінде depositium сақтауға берілген затты білдіреді) – бұл бір тұлғаның (депозиттердің) басқа тұлғаға – банкке (оның ішінде Ұлттық банкке) қайтарылу шартымен уақытша пайдалануға беретін ақшасы. Сонымен қатар депозит – бұл клиенттердің (жеке және заңды тұлғалардың) банктегі белгілі бір шотқа салған және өздері пайдалана алатын қаражаттары. Бүгінгі күні Қазақстан Республикасында қаржы нарығының келесідей сегменттері дамудың қарқынды үрдісінде: мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы, зейнетақы активтерінің нарығы, қор нарығы, валюта нарығы және депозиттік нарық. Депозиттік нарық ең ерте дамыған нарықтардың бірі бола отырып, қазіргі кезеңде төмен тәуекелмен салымдардың сенімді орналасуының арқасында сомалық жинақтауларда үлкен үлес салмақ пен қарқынды даму тенденциясына ие.

Содержание

I-ТАРАУ. Депозит дегеніміз не?
1.1.Депозиттің экономикалық маңызы мен мәні.
1.2. Коммерциялық банктердің депозиттік саясаты.
II-ТАРАУ. Депозиттік операциялар түсінігі, маңызы және нарықта алатын орны.
2.1. Депозиттік операциялар түрлері.
III-ТАРАУ. Қазақстан Республикасындағы депозиттердің ұйымдастырылуы және даму жолдары.
Қорытынды

Прикрепленные файлы: 1 файл

реферат.docx

— 35.07 Кб (Скачать документ)

Кіріспе

I-ТАРАУ. Депозит дегеніміз не?

1.1.Депозиттің экономикалық маңызы мен мәні.

1.2. Коммерциялық банктердің депозиттік саясаты.

II-ТАРАУ. Депозиттік операциялар түсінігі, маңызы және нарықта алатын орны.

2.1. Депозиттік операциялар түрлері.

III-ТАРАУ. Қазақстан Республикасындағы депозиттердің ұйымдастырылуы және даму жолдары.

Қорытынды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

    Депозит (латын сөзінде depositium сақтауға берілген затты білдіреді) – бұл бір тұлғаның (депозиттердің) басқа тұлғаға – банкке (оның ішінде Ұлттық банкке) қайтарылу шартымен уақытша пайдалануға беретін ақшасы. Сонымен қатар депозит – бұл клиенттердің (жеке және заңды тұлғалардың) банктегі белгілі бір шотқа салған және өздері пайдалана алатын қаражаттары.  Бүгінгі күні Қазақстан Республикасында қаржы нарығының келесідей сегменттері дамудың қарқынды үрдісінде: мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы, зейнетақы активтерінің нарығы, қор нарығы, валюта нарығы және депозиттік нарық. Депозиттік нарық ең ерте дамыған нарықтардың бірі бола отырып, қазіргі кезеңде төмен тәуекелмен салымдардың сенімді орналасуының арқасында сомалық жинақтауларда үлкен үлес салмақ пен қарқынды даму тенденциясына ие. 

     Депозиттік нарықтың даму үрдісінде депозиттердің қалыптасуына түрткі әрі себеп болған жинақтаулар ерекше рөлге ие болып табылады. Жинақтаулардың экономикалық категориялар ретіндегі мәні қайта бөлу функциясы арқылы жүзеге асады. Соның арқасында ақша қаражаттарының банктік жүйеде шығарылуы және олардың жалпы мемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатындағы ары қарайғы пайдаланылуы жүзеге асады. Салымдардың кез келген түрлері жинақтаулар болып табылады. Депозиттік – бұл осы жинақтауларды сақтау формаларының бірі. Депозиттер екі жолмен пайда болуы мүмкін, біріншісі, банк заңды және жеке тұлғалардан ақшалай қаражаттар қабылдай отырып, оны депозиттік шотына орналастырған жағдайда; екіншісі, «жасанды» депозиттер, яғни банк клиентке чек арқылы есеп – айырысуы мүмкіндігін беру барысында. Депозиттік операциялар активті және пассивті болып бөлінеді. Активті депозиттік операциялар – банктің уақытша бос ақша қаражаттарын басқа корреспондент-банктердегі шоттарда орналастыруымен байланысты операциялар. Олар банктің өтімді активтері ретінде, яғни жалпы активтердің өте аз бөлігін алады.Пассивті депозиттік операциялар – бұл клиенттердің уақытша бос ақша қаражаттарын белгілі уақытқа және пайыз төлеу шартымен тартумен байланысты операциялар. Бұл операциялар көмегімен тартылған депозиттер пассив жағының көп бөлігін алады және банктік ресурстар қалыптастырудың негізгі көзі.Қазіргі банктік тәжірибеде салымдардың депозиттердің және депозиттік емес ресурстардың шоттарының әр түрлері кездеседі. Бұл банктердің жоғарғы бәсекелестік нарықта банк қызметтеріне деген клиенттер топтарының сұранысын қанағаттандыруға және олардың қаражаттары мен уақытша бос қаражаттарын банктік шоттарға тартуға ұмтылуына жағдай жасайды.

 

                                     I-ТАРАУ. Депозит дегеніміз не?

1.1. Депозиттің экономикалық  маңызы мен мәні

       Коммерциялық кәсіпорын түріндегі басты бір ерекшелігі, оның ресурстарының едәуір бөлігі меншікті қаражаттармен қатар, тартылған қаражаттар құрайды. Сондықтан да банктің беретін несиелер көлемі тартылған қаражаттарға тікелей байланысты болып келеді. Банкте тартылған қаражаттар құрамына қарай әр түрлі болып келеді. Олардың басты түріне банктің клиенттерімен жұмыс процесі кезінде тартылған, сол сияқты басқа да несиелік мекемелерден қарызға қаражаттары жатады.

    Банк ресурстарының құрылымында тартылған қаражаттар үлесі меншікті қаражаттармен салыстырғанда өте жоғары, олардың есебінен банктің активтік операцияларының басым бөлігі жүзеге асырылады.Сырттан тартылған қаражаттар үлкен екі топқа бөлінеді: а)Депозиттік қаражаттар б)Депозиттік емес қаражаттар.

    Депозит (латын сөзінде depositium сақтауға берілген затты білдіреді) – бұл бір тұлғаның (депозиттердің) басқа тұлғаға – банкке (оның ішінде Ұлттық банкке) қайтарылу шартымен уақытша пайдалануға беретін ақшасы. Сонымен қатар депозит – бұл клиенттердің (жеке және заңды тұлғалардың) банктегі белгілі бір шотқа салған және өздері пайдалана алатын қаражаттары. Депозиттік операциялар – банктің негізгі пассивтік операцияларын құрайды. Шын мәнісінде депозиттер, коммерциялық банктердің еркін несиелік ресурстар нарығынан ресурстар сатып алудағы делдалдық қызметінің мазмұнын ашады. Депозиттік операциялар – бұл заңды және жеке тұлғалардың қаражаттарын белгілі – бір мерзімдегі немесе талап етуге дейінгі салымдарға тартуға байланысты банктің операциялары болып табылады.

    Кез келген ел экономикасының дамуы жинақтаулардың инвестицияларға өту тиімділігімен тығыз байланысты. Республиканың ішкі жинақтауларын тарту қажеттілігі, ең алдымен, инвестициялық ресурстар тапшылығы және тікелей шетелдік инвестициялар үлес салмағының ұлғаю мәселесімен белгіленеді. Осыған байланысты, нарыққа өту жағдайында ұлттық ақша ресурстардың мобилизациясы, тұрғындар жинақтауларының банк жүйесіндегі несиелік ресурстарға құйылуына әрекеттесетін депозиттік нарықтың қалыптасуы мен дамуы мәселесі ерекше өзектілікке ие болып отыр.  Бүгінгі күні Қазақстан Республикасында қаржы нарығының келесідей сегменттері дамудың қарқынды үрдісінде: мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы; зейнетақы активтерінің нарығы; қор нарығы; валюта нарығы және депозиттік нарық. Депозиттік нарық ең ерте дамыған нарықтардың бірі бола отырып, қазіргі кезеңде төмен тәуекелмен салымдардың сенімді орналасуы арқасында сомалық жинақтауларда үлкен үлес салмақ пен қарқынды даму тенденциясына ие. Тұрғындар өзге қаржы нарығының сегменттеріне жинақтаулар салу тәжірибесінің жоқтығы бұл сегменттердің жеткіліксіз дәрежеде дамымауына әкеліп соқтырады.

Халықаралық  банктік  тәжірибеде депозиттер 4 топқа бөлінеді:

I – топ, мерзімді депозиттер, олардың басқа да түрлері –  депозиттік сертификаттар ;

II – топ, талап етуге  дейінгі депозиттер;

III – топ; халықтың жинақ  салымдары;

Мерзімдік депозиттер тобы, әдетте мерзімдеріне қарай жіктеледі:

-     3 – ай мерзімге  дейінгі депозиттер;

-     3 айдан 6 айға  дейінгі мерзімдегі депозиттер;

-     9 – айдан  бір жылға дейінгі депозиттер;

-     Бір жылдан  жоғарғы уақыттағы депозиттер;

-     Депозиттік  сертификаттар

   Депозиттер екі жолмен пайда болуы мүмкін, біріншісі, банк заңды және жеке тұлғалардан ақшалай қаражаттар қабылдай отырып, оны депозиттік шотына орналастырған жағдайда; екіншісі, «жасанды» депозиттер, яғни банк клиентке чек арқылы есеп – айырысуы мүмкіндігін беру барысында.

  Тартылған қаражаттар ішінде ең көп бөлігін депозиттер құрайды. Депозиттер банк үшін бірден – бір арзан ресурс көзі болып табылады.

   Депозиттік емес тартылған қаражаттар – бұл банктің алған қарыздары түрінде немесе өздерінің меншікті бағалы қағаздарын сату жолымен тарататын қаражаттары.

   Депозиттік емес банктік ресурс көздері мен депозиттер өзара ажыратылады. Біріншіден, олар персоналдық емес, яғни банктің нақты клиентінің атынан тартылмайды; екіншіден, мұндай қаражаттарды тарту инициативасы банктің өзінен туындайды. Депозиттік емес тартылған ресурстармен көбіне ірі коммерциялық банктер айналысады. Өйткені, депозиттік емес қаражаттар ірі сомада сатып алынатындықтан да, оларды көтерме сауда операциялар сипатына жатқызуға болады.  Депозиттік операциялар активті және пассивті болып бөлінеді. Активті депозиттік операциялар – банктің уақытша бос ақша қаражаттарын басқа корреспондент-банктердегі шоттарда орналастыруымен байланысты операциялар. Олар банктің өтімді активтері ретінде, яғни жалпы активтердің өте аз бөлігін алады. Пассивті депозиттік операциялар – бұл клиенттердің уақытша бос ақша қаражаттарын белгілі уақытқа және пайыз төлеу шартымен тартумен байланысты операциялар. Бұл операциялар көмегімен тартылған депозиттер пассив жағының көп бөлігін алады және банктік ресурстар қалыптастырудың негізгі көзі.Қазіргі банктік тәжірибеде салымдардың депозиттердің және депозиттік емес ресурстардың шоттарының әр түрлері кездеседі. Бұл банктердің жоғарғы бәсекелестік нарықта банк қызметтеріне деген клиенттер топтарының сұранысын қанағаттандыруға және олардың қаражаттары мен уақытша бос қаражаттарын банктік шоттарға тартуға ұмтылуына жағдай жасайды.

   Экономикалық мазмұнына қарай депозиттерді мынадай топтарға бөледі:

-     талап етуіне  дейінгі депозиттер;

-     мерзімді депозиттер;

-     жинақ салымдары;

-     бағалы қағаздар.

Сондай – ақ, оларды мынадай  белгілеріне байланысты жіктеуге              болады:

-       мерзімдеріне  қарай;

-       салым  иелерінің категорияларына қарай;

-       қаражаттарды  салу және қайтарып алу шартына  қарай;

-       пайыз  төлеу тәсіліне қарай;

-       банктің,  активтік операциялары бойынша  Жеңілдіктер алуына қарай;

Салым иелерінің категорияларына  байланысты депозиттік шоттар мынадай  түрлерге бөлінеді:

-       жеке  тұлғалардың шоттарына;

-       кәсіпорындар  және акционерлік қоғамдардың  шоттарына;

-       жергілікті  билік ұйымдарының шоттарына;

-       қаржылық  мекемелерінің шоттарына;

-       шетелдік  азаматтардың шоттарына.

    Талап етуіне дейінгі депозиттер – бұл салым иелерінің бастапқы талап етуіне байланысты әр түрлі төлем құжаттар арқылы қолма-қол ақшаларын алатын әр түрлі шоттардағы қаражаттар.

    Мерзімді депозит – бұл банктерде белгілі бір мерзімге және пайыз төлеу шартында орналастырылған клиенттердің уақытша бос ақша қаражаттары.

   Бұл салымның ерекшелігі – талап еткенге дейінгі депозитке қарағанда, оларға міндетті резервтердің төменгі мөлшері белгіленеді.

Мерзімді депозиттер мен  жинақ салымдардың бір түріне депозиттік және жинақ сертификаттарын жатқызуға болады.

Депозиттік және жинақ  сертификаттары – бұл салым иесіне белгілі мерзім өткен соң, тиісті қаражатты және оған есептелетін  пайызды алуға құқық беретін  және оның шотындағы ақшалай қаражаттың барлығын куәләндыратын банк-эмитент  жазбаша куәлігі.

Депозиттік және жинақ  сертификаттары иемденуіне қарай екі  түрлі болып келеді:

-      атаулы  сертификаттар ;

-      мәлімдеуші  сертификаттар ;

Атаулы депозиттік және жинақ  сертификаттары бұл салым иелерінің  атына толтырылып беріледі. Ал мәлімдеуші сертификаттарда салым иесінің  аты жөні көрсетілмейді, яғни оны  кім иеленсе, сол қаражаттың иесі болып саналады.

Депозиттік және жинақ  сертификаттары сатылған тауарлар және көрсетілген қызметтер үшін төлеуге  болатын төлем құралы немесе есеп айырысу қызметін атқара алады. Депозиттік сертификаттар көбіне ірі сомада шығарылатындықтан да, оларды заңды тұлғалар сатып алады.

 

                    1.2 Коммерциялық банктердің депозиттік саясаты.

Депозиттік саясат зерттеу  жұмысында салымшылар мен басқа  да кредиторлардың тартылған қаражаты бойынша банктің стратегиясы  мен тактикасы ретінде қарастырылып отыр және қаражат көздерінің ең тиімді комбинациясын анықтауға мүмкіндік  береді. Бұндай тәсілдеме банк ресурстарының  тиімді, оңтайлы комбинациясын анықтауды  болжайды. Банктің депозиттік саясатын оңтайландыру -  бұл күрделі көп  факторлы міндет, оның шешімінің негізі біздің ойымызша елдің экономикалық қызығушылығын тұтасымен коммерциялық банк экономиканың субъектісі ретінде  банктің клиенті және мамандары  табылады. Олардың ынталары әрқашан  біріне сай келмейтіндігі айқын. Сондықтан оңтайлы депозиттік саясат, ең алдымен, олардың мүдделерінің келісуін болжайды.Бұдан басқа, депозиттік саясат коммерциялық банктің несиелік саясатының бір бөлігі ретінде, несиелік саясат үшін тиімділіктің, оңтайлылықтың  жалпы талабына бағынады- бұл өтімділік, табыстылық және тәуекелдің оңтайлы  ара қатынасы.

  Банктердің депозиттік  саясатының мақсаты —  олардың  активтері мен пассивтерінің  үйлесімділігі мен тиімділігін  қолдау үшін жеке және заңды  тұлғалардың ақшалай қаражаттарын  тартуды оңтайлы басқару болып  табылады.

   Банктің депозиттік саясатының негізгі міндеттері:

-   халықтың қысқа мерзімді депозиттеріне қарағанда ұзақ мерзімді депозиттерді дамыту және осының негізінде қаражаттардың тұрақты көздерін қалыптастыру;

- талап еткенге дейінгі депозиттердің баламасы ретінде карточкалық шоттарды (пластикалық карточкаларды) кезеңдер бойынша көбейту;

-   клиенттерге көрсетілетін депозиттік және онымен байланысты банктік қызметтер ауқымын кеңейту;

-  қаржылық және қаржылық  емес салалардың клиенттерінің  депозиттерін арттыру;

     Банктердің депозиттік саясаты олардың тарифтік, мүдделік саясаттарымен өзара байланысты болады және келесі мәселелерді шешуге бағытталады:

-  барынша аз қаржылық  шығындарды жұмсап, жеке және  заңды  тұлғалардың бос ақшалай  қаражаттарын тарту;

- ақшалай қаражаттарды шоғырландыру үшін депозиттердің жаңа түрлерін дайындау және енгізу;

- инвестицияны қаржыландыру  мен несиелеу үшін депозиттердің  жеткіліктілігін қамтамасыз ету;

-  депозиттерге қызмет  көрсету бойынша банктің шығындарын  азайту және т.б.

Депозиттік саясаттың  қағидалары:

Информация о работе Депозит