Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 20:57, реферат
Депозит (латын сөзінде depositium сақтауға берілген затты білдіреді) – бұл бір тұлғаның (депозиттердің) басқа тұлғаға – банкке (оның ішінде Ұлттық банкке) қайтарылу шартымен уақытша пайдалануға беретін ақшасы. Сонымен қатар депозит – бұл клиенттердің (жеке және заңды тұлғалардың) банктегі белгілі бір шотқа салған және өздері пайдалана алатын қаражаттары. Бүгінгі күні Қазақстан Республикасында қаржы нарығының келесідей сегменттері дамудың қарқынды үрдісінде: мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы, зейнетақы активтерінің нарығы, қор нарығы, валюта нарығы және депозиттік нарық. Депозиттік нарық ең ерте дамыған нарықтардың бірі бола отырып, қазіргі кезеңде төмен тәуекелмен салымдардың сенімді орналасуының арқасында сомалық жинақтауларда үлкен үлес салмақ пен қарқынды даму тенденциясына ие.
I-ТАРАУ. Депозит дегеніміз не?
1.1.Депозиттің экономикалық маңызы мен мәні.
1.2. Коммерциялық банктердің депозиттік саясаты.
II-ТАРАУ. Депозиттік операциялар түсінігі, маңызы және нарықта алатын орны.
2.1. Депозиттік операциялар түрлері.
III-ТАРАУ. Қазақстан Республикасындағы депозиттердің ұйымдастырылуы және даму жолдары.
Қорытынды
- ақшалай қаражаттарды
депозиттерге орналастырудың
- нарықтық конъюктура
тұрғысынан қарағанда
- жинақтарды жинақтау үшін депозиттердің шартының қолайлылығы;
II-ТАРАУ. Депозиттік операциялар түсінігі, маңызы және нарықта алатын орны
Қазіргі банктік тәжірибеде
салымдардың және депозиттік шоттардың
көптеген түрлері кездеседі. Бұл
банктердің бәсекелестігі жоғары нарықта
банктік шоттарға жинақтау және уақытша
бос қаражаттарды тартып осы банктік
ресурстарға деген әр-түрлі
Депозит дегеніміз – бұл бір тұлғаны, депозиторды екінші тұлға – Банкке (соның ішінде Ұлттық банкке) олардың талап етуі бойынша, немесе белгілі бір уақыт өткеннен кейін толығымен немесе бөлшектеп, алдын ала келісілген сыйақы немесе сыйақысыз тікелей салымшаға (депозиторға) қайтарылуы тиіс ақша сомасы.
Банктік депозит – салымшыны
банкке алдын ала келісілген сыйақы
қосылып қайтарылу шарты
Депозиттік операциялар
коммерциялық банк үшін оның ресурсын
қалыптастырудың ең негізгі көзі
болып табылады. Жеке тұлғалар, іскерлік
фирмалар, акционерлік компаниялар,
жеке кәсіпорындар, коммерциялық емес
ұйымдар, үкіметтік мекемелер, мемлекеттік
кәсіпорындар, жергілікті билік органдары
қаражаттарды коммерциялық банктерге
ынтамен орналастырады. Бұл бірнеше
себептермен түсіндіріледі. Біріншіден,
банктер салымдардың үлкен
Банктерге орналастырылған уақытша бос ақша қаражаттары салымшы үшін екі рөл атқарады, яғни, бір жағынан салымшыға табыс әкелетін капитал рөлін атқарады.
Депозиттік операциялар мынадай қағидалармен ұйымдастырылады: банктік пайда алуға немесе болашақта пайда алу үшін жағдай жасауға; депозиттік операциялар әрекет етуі керек; банк балансының өтімділігін жоғары дәрежеде демеп отыратын мерзімдік салымдарға депозиттік операциялармен қарыз аударылуы қажет; депозиттік операциялар мен қарыздырды беру бойынша өзара байланыс пен сабақтастылықты қамтамасыз ету қажет; депозиттерді тартуға әрекет ететін банктік қызметтерді дамытуға шаралар қолдану.
Банктермен тартылатын депозиттердің көлемі негізінен негізгі 4 факторға тәуелді болып келеді: халықтың ақшалай табыстарының көлемі; олардың банктік жүйеге деген сенімінің деңгейі; салымдар бойынша нақты пайыз мөлшерлемесі; елдегі банктік жүйенің даму деңгейі және ондағы қаржылық өнімдердің дамуы.
Ақша қаражаттарын сақтандыру шоттарына аудару ерікті сипатта жүзеге асады. Әрбір салымшы ақша қаражатын орналастыру кезінде көптеген шарттарды ескере отырып банкті өз қалауынша таңдайды. Банк менеджері депозит мерзіміне, мөлшеріне, оған есептелетін пайыз және тағы да басқа шарттармен салымшыны таныстырып, толық және ақысыз кеңес беруі тиіс.
Ағымды операцияларды
жүргізу барысында барлық операциялар
депозиторға берілген жинақ кітапшасында
есепке алынады. Кезекті операцияларда
шот иесі шотқа ақша салу немесе
одан кері алу үшін жинақ кітапшаларын
міндетті түрде ұсынуы керек. Депозиттердің
басқа түрлеріне қарағанда
Халықтың салымдарын тарту мақсатында жинақтардың түрлі формалары қолданылады: ұтысқа, сыйлыққа, жастарға және т.б. мақсаттарға. Әдетте ол халыққа қосымша қызметтерді (пошталық, телеграфтық, саудалық және т.б.) ұсынулармен бірге жүреді. Жинақ шоттарының тұрақты мерзімі болмайды және шот иесінен ақшаны кері алу туралы алдын ала ескерту талап етілмейді, олар бойынша чектер берілмейді.
Жинақ салымдары мерзімді
салымдардың маңызды бөлігін
құрайды. Мерзімдік салымдардың
басқа бір түрі – мерзімді депозиттік
сертификат болып табылады. Ол банкіге
тұрақты пайыздық мөлшермен белгілі
бір мерзімге банкіге қаражаттарды
еңгізгендігін күәландыратын
Сонымен жинақ салымдарына
(шоттарына) мынадай сипаттама беруге
болады: ақша қаражаттарының сақталуының
нақты белгіленген мерзімі
Мерзімді жинақтаушы салым
бойынша нақты мерзім белгіленеді
немесе осы салымды шоттан алынатын
мерзімі белгіленеді. Мерзімді жинақтаушы
салым бойынша төленетін сыйақы
мөлшері басқажинақтаушы
Қосымша толықтырылатын жинақтаушы
салымы. Бұл шотқа алдынала келісілген
ақша сомалары аударылып отырады. Жинақталған
қаражат белгіленген күнде
Ағымдағы сақтандыру салымы – негізінен жалақыны аудару үшін пайдаланылады. Бұл шот бойынша ақша қаражаттары келіп түсуі және аударылуы еркін жүзеге асады.
2.1. Депозиттік операциялар түрлері
Банктер өзінің активті операцияларын жүргізу үшін пассивтi операцияларды өткізу нәтижесінде пайда болатын тартылған қаржыларды қолданады. Коммерциялық банктің пассивтi операциялары келесi нысанда жүзеге асырылуы мүмкiн:
— банк қорын қалыптастыру және ұлғайту үшін банктердің пайдасы есебiнен аударулар;
— басқа заңды тұлғалардан алынған несиелер;
— депозиттік операциялар.
Депозиттік операциялар — бұл заңды және жеке тұлғалардың тартылған қаржылары бойынша белгiлi бір мерзімге немесе талап ету салымы бойынша банктердің операциялары. Депозиттік операцияларды жүргізу кезiнде кез келген банк өздері дайындаған депозиттік саясатты ұстанады және олар өз кезегiнде келесi ережелерге негiзделедi:
— депозиттік операциялар банктің пайда табуына немесе болашақта пайда табуға мүмкіндік жасауға негiзделiп ұсынылады;
— депозиттік операцияларды
ұйымдастыру үдерiсiнде
— депозиттік операцияларды жүзеге асыру барысында осы және депозиттер мен несиелiк салымдардың мерзiмдерi мен сомалары бойынша несие ұсыну операциялары арасындағы өзара байланыс пен өзара келісімділіктің болуын қамтамасыз ету қажет;
— депозиттік операцияларды ұйымдастыру үдерiсiнде банк балансының өтiмдiлiгiн жоғары деңгейде қамтамасыз ететiн мерзiмдiк депозиттерге ерекше назар аударған жөн;
— депозиттік операцияларды ұйымдастыра отырып, банк депозиттік шоттардағы бос қаржы резервтерінің ең аз болуына талпынуы керек;
— депозиттердi тартуға әсер
ететiн банктiк қызметтерді
Көптеген ұсақ және шағын банктер үшін депозиттер ақша қаржыларының басты көзi болып табылады. Банктер қаржы нарығында қаржылық делдал ретiнде басқа кәсіпорындар мен ұйымдардың, тұрғындардың уақытша бос ақша қаражаттарының iрi сомасын орналастырады. Банктер бұл қаржыларды тиiмдi пайдаланып, олардың сақталуын қамтамасыз етедi және қарыз алушыларға табысты негiзде ұсынады. Көптеген жеке тұлғалар, iскер фирмалар, акционерлiк компаниялар, және кәсіпорындар, коммерциялық емес ұйымдар, үкiмет мекемелерi, мемлекеттiк кәсіпорындар, жергiлiктi органдар өз қаржыларын коммерциялық банктерге салады.
Халықаралық банктiк тәжірибеде барлық депозиттер төрт топқа бөлiнедi:
— мерзiмдi депозиттер;
— талап етiлмелі депозиттер;
— жинақ салымдары;
— бағалы қағаздар.
Бiрiншi топ — талап етiлмелi депозиттер, олар сондай-ақ чектiк депозиттер деп те аталады. Талап ету депозитi түрiнде қаржы тарту кезiнде банк пен салымшы арасында келiсiмшарт жасалады .Чектiк депозит — бұл міндетті түрде өтелуге тиiстi, салымшыға чек жазуға құқық беретiн шот. Чектiк депозиттердің ыңғайлылығы олардың қауiпсiздiгiмен және чек жазу арқылы төлем жүргізу қарапайымдылығымен түсiндiрiледi. Сонымен катар олар бiрiншi талап бойынша накты ақша алуға мүмкiндiк бередi. Чектiк депозиттерді жүзеге асыру үшін есеп операциялары мен өткізбелерінің айтарлықтай көлемi керек, көптеген банктер осы шарттарды қолданғаны үшін төлем белгiлейдi. Бұл кезде төлем мөлшерi бiр ай көлемiнде жазылатын чектер саны мен депозиттер мөлшерінің өзгеруiмен өзгертiледi. Егер салымшы бiр ай көлемінде шотта банктің өзінің коммерциялық мақсаттары үшін қолданылатын жеткiлiктi баланстық қалдықты сақтаса, банктер кейбiр кездерде бұл төлемдердi алудан бас тартады.
Талап ету депозиттік шотының ерекшелiктерiне мыналарды жатқызуға болады:
— ақшаны салуға немесе алуға шектеудiң болмауы;
— ақша шоттан қолма-қол түрде, сондай-ақ чектер көмегiмен алынуы мүмкiн;
— шот иесi банкке тұрақты айлық мөлшерде немесе әрбiр жазылған чек үшін коммисия төлеуі;
— Ұлттық банкке ең аз резервтің
мерзiмдiк депозиттермен
Талап ету депозитінің бір түрі банктің клиентпен барлық операциялары есептелетiн контокоррент — бірыңғай шот болып табылады. Контокоррентте банк қарыздары, сондай-ақ шоттан клиент тапсырысы бойынша барлық төлемдер және де шотқа салым, аударым және т.б. түрде түсетін барлық қаржы көрсетіледі. Контокорренттi шот ерекше сенiмдiлiк белгiсi ретiнде тек сенiмдi клиенттерге және бiрiншi сыныпты қарызшыларға ашылады. Шот иесi шығындардың түсiмдерден артуы кезiнде әрбiр жеке жағдайда, арнайы рәсімдеусіз-ақ банкпен жасалған келiсiмге сәйкес анықталған сома шегiнде несие алуға мүмкiндiгi бар. Талап ету депозитiне сондай-ақ ағымды овердрафт шотын жатқызуға болады, овердрафт — банк пен клиент арасындағы келісiмге сәйкес, банк анықтаған мөлшерде шотта бар қаржы көлемiнен артық соманы алуға мүмкіндік беретін шот, бұл да несие алмасуды бiлдiредi Овердрафтың контокорренттен айырмашылығы кездейсоқ сипатты болуында. Атап өтетiн жайт, овердрафт шоты қосымша депозиттік шоттар ашу мүмкiндiгiн шектемейдi. Овердрафт ағымды шоты жеке және заңды тұлғалардың уақытша шығындарын жабу үшін ашылады. Талап ету депозитінің басқа бiр түрі — нау-шоттар — пайыздық мөлшерінің жоғары шегі жоқ шоттар, яғни ол қалқымалы болуы мүмкін. Супернау-шоттар — бұл қолма -қол ақшаны қолдану шоттары оларды ашу кызметтер кешенiн ұсынады.
Депозиттік шоттардың келесi түрі — автоматтық аудару шоттары (АТS-шоттар). Жинақ шоттарынан ақша қаржыларын автоматты түрде аударуға мүмкіндік беретiн, чектердi жабу үшін чектiк депозиттерге пайыз әкелетiн депозиттің түрі. Банктер салымшының келiсiмiн жетекшiлiкке ала отырып пайыз әкелетiн шоттарды талап етуге несиенің артуын жабу немесе чектiк шоттардағы ең аз балансты көтеру талабы туыдаған кезде автоматты түрде қосады. Мұндай тәжірибе салымшыға өте аз соманы салымда талап етуге дейiн сақтауға және бiр мезетте шоттар бойынша автоматты түрде аударылған пайыздар алуға мүмкіндік бередi.
Бұл депозиттерден тыс көптеген банктердің баланстық есеп берулерiне «банк қызметкерi жазған чектер және куәландыратын чектер» деп аталатын шағын баптар енгiзiлiп жүр. Куәландырылған чектер — банк қызметкерлерi беретiн төлемi кепiлденген чектер. Банктер чектi куәландыру кезiнде, куәландырылған чекте керсетiлген соманы салымшы шотынан алады және оны жеке шотта ұстайды. Сонымен қатар, чектi банк қызметкерлерiнің бiрi немесе банктің меншiктi шығындарын төлеу үшін кассир жазған жағдайда, соңғысы ол бойынша төлемдердің жүргiзiлуiн күте отырып, қызметкерлер жазған чек сомасына теңестiрiп депозит құрайды. Талап ету депозиттерi бойынша эксплициттiк пайыздың кiрiстер төленбеуiне байланысты банктің көтеген клиентттсрi осы типтес депозиттердегi қаржыларының мөлшерін төмендетуге тырысады. Шығынды азайтудың осы тұрғыдағы әдістерiнің бiрi автоматты тазалау шоттары қолданылатын мүмкіндіктердi пайдалану. Мұндай шоттармен ағымдағы операцияларды жүргiзе отырып, банк клиентпен келiсiлген аз шектен асатын кез келген ақша сомасынан шотты "тазартады” немесе оларды аударады, оларды пайыздық кiрiс әкелетін қаржылық құралдарға орналастырады, мысалы, қайта сатьш алу туралы мәмiлеге, яғни операцияны банк күнде iскерлiк күн соңында орындайды. Мұндай жағдайларда, банкке бұл операцияны өткізуге қажеттi чектер төлемге түскенде, қаржылар қайтадан талап ету депозитiне аударылады.
Көптеген банктер өзінің клиенттерiнен компенсациялық балансты ұстануды талап өтедi, бұл талап ету салымдары бойынша пайыздық кiрiс әкелмейтiн нысанды, яғни банктерге банктiк қызметтердi төлеу үшін қажет. Компенсациялық баланс яғни ақша корларын тартуға орташа шығындарды азайту жолымен қорлардың орташа құнын төмендету айтарлықтай тиiмдiлiк бередi. Кейбiр жағдайларда компенсациялық баланс неие ұсыну, сондай-ақ банктiк карыз бойынша пайыздық төлемдер туралы келiсiмдi ұстану қызметтерi үшін төлемдi ұсынады.
Депозиттің келесi тобы — жинақ салымдары. Жинақ депозит туралы келiсiм (1 -қосымша) негiзiнде ашылады. Қазiргi кезде жинақ депозиттерiнің басты типi жинақ кiтапшаларындағы шоттар, жинақ салымының жағдайы туралы жазбасы бар шоттар, сондай-ақ ақша нарығының депозиттік шоттары болып табылады.