Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Октября 2013 в 21:22, курсовая работа
Дебиторлық берешек – кәсіпорынға (ұйымға, мекемеге) шаруашылық қарым-қатынас жасаудың нәтижесінде басқа бір заңды немесе жеке тұлғаның берешек болған борышы. Бұл бір кәсіпорынның айналымдағы қаржысын екінші бір ұйым немесе жеке адамның пайдаланғандығын көрсетеді. Дебиторлық берешек – кейде қаржы тәртібін бұзудан, туарды, қаржыны талан-таражға түсіруден, күрделі құрылысқа байланысты қарыздардан т.б. құралады.
КІРІСПЕ-------------------------------------------------------------------------------------3
І. ДЕБИТОРЛЫҚ ҚАРЫЗДАР ЖӨНІНДЕГІ ТҮСІНІК ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЖІКТЕЛУІ-----------------------------------------------------------------5
1.1 Сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен есеп айырысудың есебі-------------------------------------------------------------------------------------------5
1.2 Есеп беруге тиісті тұлғалармен есеп айырысуды есепке алу----------------11
1.3 Дебиторлық есеп айырысуды бақылау-------------------------------------------13
1.4 Басқа да дебиторлық борыштар есебі--------------------------------------------14
1.5 Дебиторлық берешекті мойындау мен өлшеу----------------------------------17
1.6 Күмәнді дебиторлық берешек пен оны бағалау-------------------------------18
ІІ. «ҚАЗАҚСТАН - КАСПИЙШЕЛЬФ» ЖШС-Ң ДЕБИТОРЛЫҚ ҚАРЫЗДАР ЕСЕБІН ТАЛДАУ------------------------------------------------------20
2.1 АҚ «Қазақстан - Каспийшельф» -ң жалпы сипаттамасы---------------------20
2.2 «Қазақстан - Каспийшельф» ЖШС-ң дебиторлық қарыздар есебінің ұйымдастырылуы--------------------------------------------------------------------------22
ҚОРЫТЫНДЫ---------------------------------------------------------------------------26
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР----------------------------------------------28
ҚОСЫМША-------------------------------------------------------------------------------29
Аеанс тек басшының жарлығымен және нақты қажеттілік жеткен кезде есеп беруге тиісті адамдарға және қызмет бабымен жіберілетін тұлғаларға беріледі. Есеп беруі тиісті адамдарға берілген сомалар оны қуаттайтын құжаттарының негізінде жұмсалады және белгіленген мерзімде бухгалтерияға тапсырады (толтырылған аванс құжаты төменде келтірілген).
Аванс есептерін
бухгалтерия тексереді, сонан соң
оларды субъектінің басшысы бекітеді.
Дұрыс рәсімделмеген аванс
Есеп беруге тиісті адамдар өздеріне берілген аванстарды толық қайтармаса, онда ол олардың сомасы жалақысынан біртіндеп немесе түгелдей ұсталады. Аванс құжаттары бойынша артық жұмсалған сома еңбеккерлерге кассадан беріледі.
Іс-сапары бойынша жұмсалған шығыстардың есебі. Іс-сапар шығыстары деп кәсіпорын басшысының жарлығы бойынша белгілі бір мерзімге қызмет бабының тапсырмасын орындау үшін қызметкерлердің (еңбеккерлердің) басқа кәсіпорынға бару үшін алған қаражатын айтады. Ол алдын-ала жасалған еңбек шартымен, Қазақстан Республикасының "Еңбек туралы" заңымен қаралған шаралар бойынша беріледі. Іс-сапар шығыстары өтелетін шығыстар қатарына жатады.
Қазақстан Республикасының аясында іс-сапарда жүргендерге екі ең төменгі есептік көрсеткіштер (ТЕК) деңгейінде тәулік ақысы тәленеді, демалыс және мейрам, сондай-ақ жолда болған күндері де қоса есептелінеді.
Нақты іс-сапар орнына барған және сол жерден шыққан күндері бойынша іссапар куәлігіне белгі соғады. Егер де еңбеккер бірнеше мекен-жайларға жіберілсе, сол барған жерлері бойынша түгел белгі соғуы тиіс. Іс-сапарға шыққан және келген күндері куәлікте көрсетілген күнмен сәйкес келуі тиіс. Әдетте, іс-сапар мерзімі жолда жүрген уақытын есепке алмағанда қырық күннен аспауы керек.
Іссапарға жіберілген
қызметкердің үй-жайды жалдауына
кеткен шығындары негізінен ұсынылған
құжаттардың негізінде, бірақ Қазақстан
Республикасының Қаржы
Іс-сапар бойынша өткізілген аванстық қүжаттар бойынша белгіленген норматив деңгейінде және тиісті кұжаттармен дәлелденген жағдайда: іссапарда көрсетілген жеріне дейін және кері жүрген жолына кеткен нақты шығындарымен қоса броньға кеткен шығыстары да қоса алынады.
Егер де қызметкерлер Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге іссапарға жіберілсе, басшының бұйрығымен қоса оның мерзімі, мақсаты, орны анықталады.
Іссапар шығыстары еңбеккерлерге қай елге барса, сол елдің валютасына алдын-ала қаралған смета бойынша төленеді, ал егер де ондай валюта болмаса, онда еркін-конверттелетін валюта беріледі.
Келгеннен кейін бес күннің ішінде алған аванс бойынша есеп беру керек. Мысал. "Цемент" ААҚ-ның бұйрығы бойынша бас бухгалтердің көмекшісі Москваға, содан соң Ұлыбританияға 15 күнге, яғни 5 каңтар мен 19 каңтар аралығына 2006 ж. іс-сапарға жіберді делік. АҚШ долларының бағамы бойынша ұлттык валютаға шаққанда қаңтардың 15 күні ол (15.01.2006 ж.) 150,6 тенгені құраған, ал 19 күні (19.01.2006 ж.) ол 151,2 теңгеге жеткен, сондай-ақ фунт стерлингтін бағамы да 19 күні 217,91 теңге болған (1 фунт стерлинг үшін).
1.3 Дебиторлық есеп айырысуды бақылау
Есеп айырысуды бақылаудың ықпалды тәсілі дебиторлық және кредиторлық берешектердің, кірістік құжаттарды тіркеудің дұрыстығына функционалдық аудитті уақтылы өткізу, тіркелген құжаттарды төленген құжаттармен салыстыру болып табылады. Бұл тұрғыдан қарағанда, кірістік ордерлер бойынша алынған ақшаны сіңіріп кетуді жеңілдететін жағдайларды анықтау қажет. Кассалық ордерлерді төлегенде және төлеушінің қолына құжат беруді тіркеудің жоқтығы немесе шоттардың төленбеуін атап өту маңызды.
Дебиторлық берешектің функционалды аудитінің негізгі процедураларының үлгі бағдарламасы 1-кестеде ұсынылған.
Дебиторлық берешекте, әсіресе, көбіне теріс пайдаланулар жасалады. Дебиторлық борышты көбінесе, кәсіпорын еңбеккерінің берешегін жедел өндіріп алу теріс пайдалануға кедергі келтіретін маңызды шара болып табылады. Ордерлерді дұрыс тіркеу мен түбіртекті тікелей кассаға беру, бухгалтерияға төленбеген кірістік ордерлер қайтаруды бақылау жазбалардың анық сенімділігін арттырады және теріс пайдалануды болдырмайды. Ақшаны сіңіріп кетумен күресу ең алдымен барлық мүмкін жағдайларда қолма-қол ақшасыз есеп айырысу жүзеге асуын талап етеді.
Кәсіпорындар арасындағы есептесулер әдетте қолма-қол ақшасыз аударым тәртібімен банктер арқылы жасалады. Банктер арқылы жасалатын есептік және кредиттік операциялар арнайы ережелермен реттеледі. Алайда есеп айырысудың іс жүзіндегі жүйесі кәсіпорынның (банктің қатысуымен және қатысуынсыз) теріс пайдалануды жасау мүмкіндігін толықтай болдырмайды. Оларды негізінен басшылар, бухгалтерия мен кәсіпорынның қаржы қызметкерлері жасайды. Заңсыз іс-әрекеттер банк шотынан көшірмені өңдеуде жалған жазумен және бұл операцияларды есептік регистрге жазу сипатында болады.
Тексеру мен соттық-бухгалтерлік сараптау материалдары бойынша мұндай теріс пайдалануларды тексеру оларды мынадай сызба (схема) бойынша жіктеуге мүмкіндік береді.
1. Банктен алынған
қолма-қол ақшаны иемдену (
2. Түскен ақшаны жасыру мен иемдену үшін ағымдағы шот бойынша операцияларды есепте толық көрсетпеу.
3. Есеп регистрлерінде жиынтықты дұрыс есептемеу.
4. Анық емес мэтіндегі
шоттар негізінде
5. Жасанды заңды
мен жеке тұлғаларға ақша аудар
1.4 Басқа да дебиторлық борыштар есебі
Басқадай дебиторлық қарыздарды (борыштарды) есепке алу 33 "Басқалай , дебиторлық қарыздар" бөлімшесіндегі шоттарда жүргізіледі. Бұларға мынадай шоттар кіреді:
- 1251 "Өтелуі тиісті қосылған құн салығы";
- 1252 "Есептелінген проценттер";
- 1253 "Жұмыскерлердің және басқа тұлғалардың қарыздары",
- 1254 "Басқа да қарыздар".
Дебиторлық қарыздардың әрбір түрі бойынша есепке алуды ұйымдастырудың жайын қарастырып көрейік.
"Өтелуі тиісті қосылған құн салығы" (1420-шот). Бухгалтерлік есепте қосылған құн салығы (ҚҚС) бойынша есеп айырысуды көрсету үшін 1420 "Өтелуі тиісті қосылған құн салығы" шоты қолданылады.
1420-шотының дебеті бойынша
3310 "Жабдықтаушылармен және
Тауардың, жұмыстың, қызметтің есебінен қосылған құн салығы алынады, ондағы айналымы салық салу үшін пайдаланады, егер де:
- тауар
(жұмыс, қызмет) алушы қосылған
құн салығын (ҚҚС) төлеуші
- жабдықтаушы Қазақстан Республикасында ҚҚС төлеуші болып табылады сатылған тауарға (жұмысқа, қызметке) берілген шот-фактураның негізінде.
Қосылған қүн салығының (ҚҚС) сомасы зачетқа жатқызылатын болып табылады, егер де:
- тауарды (жұмысты, қызметті) алушы қосылған құн салығын төлеуші болса;
- төленген салық сомасы кеден заңдылығымен сәйкес келсе, яғни жүк кеденінің декларациясында керсеткендей болса;
-төлем құжатында көрсетілген
салық сомасы салықтың
- темір жол және
авиа билетінде көрсетілген
- тұрғын-үй қызметінде
пайдаланатын құжаттарында
- бақылау-кассалық машинасынан алынған чектердің сомасы салық сомасымен сәйкес келсе.
Алумен байланысты төлеуге жататын ҚҚС болса олар, зачетқа жатпайды, егерде:
- тауарлар (жұмыстар, қызметтер) кәсіпкерлік қызметке жатпайтын шараларды жүргізумен байланысты болса;
- тұрғын-үй қорларындағы
ғимараттар болса, қонақүй
- жеңіл автомобиль, негізгі құрал ретінде алынған болса;
- тегін алынған мүліктер (тауарлар, жұмыстар, қызметтер).
Есептік кезең өткеннен кейін, ҚҚС бойынша зачетқа рұқсат етілген сомасы, 1420 шоттың кредитінен 4320 шоттың дебетіне есептен шығарылады. Бұрындары зачетқа жатқызылған ҚҚС сомасы зачеттан шығарып тасталады, ол кезде, 4320 шотының дебетінде және 1420 шотының кредитінде көрініс табады, бірақ қызыл жазумен жазылады. Бұл жағдайда, 1420 шотында ҚҚС сомасы не өндіріс, не тауардың құнына есептен шығарылады.
Есептелінген проценттер 2170 "Есептелінген проценттер" шотында есепке алынады. Бұл шотта есептелінген проценттер бойынша дебиторлык қарыздар жөніндегі ақпараттарды табуға болады (ұсынылған заемдар, вексельдер, негізгі кұралды жалға алу және т.б.).
Алынуға тиісті проценттік үстеме төлем 2170 "Есептелінген проценттер" шотының дебеті және 6120 "Акциялар бойынша дивиденттер және процент түріндегі табыстар" шотының кредитінде көрсетіледі.
Есептелінген проценттердің төленуі 1040 "Есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақша", 1010 "Кассадағы ұлттық валюта түріндегі қолма-қол ақша", 1050 "Ел ішіндегі валюталық шотындағы қолма-қол ақша" және т.б. шоттардың дебеті және 2170 "Есептелінген проценттер" шотының кредиті бойынша көрсетіледі.
2170 "Есептелінген проценттер" шоты бойынша аналитикалық есеп - қарыз (займ) алушы, вексель ұстаушы, жалға алушы және т.с.с. кәсіпорындар бойынша және уақыттың өтуімен туындаған проценттік қарыздары бойынша айналым ведомосында немесе соған ұксас машинограммасында жүргізіледі.
2150 "Жұмыскерлердің және басқа тұлғалардың қарыздар" шотында дебиторлық қарыздардың келесі түрлері есепке алынады: есеп беруші тұлғалармен есеп айырысу бойынша; жұмыс істеушілерге кредитке сатылған тауарлары бойынша ұсынылған заемдар; материалдық шығынды өтеуі бойынша.
1.5 Дебиторлық берешекті мойындау мен өлшеу
Дебиторлық берешек үш топқа бөлінеді: алынуға тиісті шоттар, алынған вексельдер және басқалар.
Алынуға тиісті шоттарға: ақшалай қаражатқа, тауарға, көрсеткен қызметке және субъектілердің ақшалай емес активтеріне деген тілек-талаптары кіреді. Дебиторлық берешек алынуға тиісті шоттарды төлеу мерзіміне немесе борышты өтеу күтілетін күніне қарай ағымдық және ұзақ мерзімді болады. Әдетте дебиторлық берешек шот-фактуралармен расталады. «Алынған вексельдер» бабы ресми борыштық міндетемелермен расталады.
Қолма-қол ақшасыз
есеп айырысулар жүйесінде дебиторлық
берешектің пайда болуы субъектінің
шаруашыльлқ іс-эрекетіндегі объективті
процесс болып саналады. Дебиторлық
берешек пайда болу сипатына қарай
қалыпты және ақталмайтын делініп бөлінеді.
Субъектінің өндірістік-шаруашылық іс-эрекетінің
барысында, сондай-ақ есеп айырысудың
қолданыста жүрген нысандарымен пайда
болғандары қалыптыға жатады. Мысалы,
субъектіге шартқа сэйкес орындалған
жұмыс үшін 156700 теңге сомасында, ҚҚС сомасы
- 25072 теңге шот үсьшылады. Бухгалтерлік
есепте бұл операция мынадай жазбалармен
көрсетіледі:
1. Орындалған жұмыстардың
келісім-шарттық құнына:
2110 «Алынуға тиісті шоттар» шот дебеті.
6010 «Өнімді (тауарды, жұмысты, қызметті) өткізуден түскен табыс» шот кредиті - 156700.
2. ҚҚС сомасына:
2110 «Алынуға тиісті шоттар» шот дебеті 3130 «ҚҚС» шот кредиті - 25072.
3. Шотты төлеу келісім-шартқа сәйкес 30 күннен соң:
1040 «Ағымдық корреспонденттік шоттардағы ұлттық валютадағы ақша» шот дебеті. 2110 «Алынуға тиісті шоттар» шот кредиті - 181772.
Мерзімінде төленбеген дебиторлық берешек ақталмайтын болып саналады. Ол есеп жэне қаржы тәртібін бұрмалаушылықтар, ұйымдағы және бухгалтерлік есеп жүргізудегі кемшіліктер, тауарлық-материалдық қорларды жіберуді бақылаудағы босаңсулар салдарынан пайда болады.
Қазақстан Республикасындағы
барлық шаруашылық субъектілеріндегі
табысты есептеу тәсілімен
1.6 Күмәнді дебиторлық берешек пен оны бағалау
Салық кодексіне сәйкес күмәнді талаптар - Қазақстан Республикасының заңды және жеке кәсіпкерлері - резиденттеріне, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы іс-әрекет жасайтын заңды тұлғалар-резидент еместерге тауар өткізу, жұмыс орындау, қызмет көрсету нәтижесінде пайда болған және талап пайда болр сәттен бастағанда үш жыл ішінде қанағаттандырылмаған талаптар; сонымен қатар өткізілген тауарлар, орындалған жұмыс, көрсетілген қызметтер бойынша пайда болған және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес салық төлеуші-дебиторды банкрот деп тануға байланысты қанағаттандырылмаған талаптар да күмәнді деп танылады.