Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Декабря 2014 в 11:00, курсовая работа
Мен өзімнің курстық жұмыс арқылы дайын өнімнің есебінің түрлерін , міндеттемелерін , мерзімдерін , тәртібін ; тауардың есебің ;дайын өнім мен тауарлардың арасындағы айымашылығын , қатынасын , ерекшеліктерін айтып беремін.
Және де сол жұмыс арқылы тауарды , дайын өнімнің есебі мен олармен сатудан байланысты шығындардың жалпы құрамын ; жүйесін түсіндіріп жеткізу .Яғни тауарларды сатумен байланысты кепілдік міндеттемелерінің есебін жүргізу , қалай тауарларға жөндеуге кепілдеме беру ; тауарлар тегін беру кезінде болатын операциялардың есебің жүргізу,көтерме саудасындағы тауарлардың операцияларының есебін және тауарларды сатып алған кезде бухгалтерияда қандай құжаттар толтырылады және қандай корреспонденциялар ашылатының қарастыру .
1 Кіріспе
1.Дайын өнімнің есебі
1.2 Сатып алынған тауарлардың есебі мен бағалауы
1.3 Тауарды сатумен байланысты кепілдік міндеттемелердің есебі
1.4 Комиссиондық магазиндердегі тауардың операциясын есептеудің ерекшеліктері
1.5 Сатылған тауарды қайтарып берудың, бағадан да және сатудан да жасалған жеңілдіктердің есебі
1.6 Тауарды сатумен байланысты шығыстардың есебі
Тәжірибе бөлім
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиет
Ол мынадай есептеу жолымен шығарылады:
Сатылған Жұмыс күніңің Сатып алынған Жұмыс соңында
тауардың құны = басына сатып + бағасы бойынша - сатып алынған
сатып алынған алынаған бағасы түскен тауарлардың бағасы бойынша
бағасы бойынша бойынша тауардың құны қалған тауардың
Бұл кезде қалдықтың деңгейін тұрақты түрде түгелдеуің көмегімен анықтауға тура келеді, ал ол көп уақытты қажет етеді. Басқадай жағдайда, қалдықтың деңгейін анықтау мүмкін емес.
Көптеген бөлшек сауда кәсіпорындарында тауар есебін ұйымдастырудың күрделі жағдайынан алшақ болу үшін тауардың сату бағасы бойынша есеп әдісін пайдаланады. Өйткені ол сатылған тауардың есептік бағасы бойынша сомасын жеңіл аңықтауға мүмкіндік береді, ол үшін бүкіл сомадан чек бойынша жиынтық сомасын алып тастаса, айырмасы саудадан түскен түсім болып саналады. Осы жағдайда, тауардың да қалдығын кез келген кезеңге анықтау мүмкіндігі туады. Бұл тәсіл тек қана көтерме саудаға тән деп ойлауға болмайды, оны бөлшек саудамен айналысатын кәсіпорындар да штрих кодтарының көмегімен жүзеге асыруына болады. Штрихтық кодтар , әдетте, он үш саннан тұрады, оның алғашқы екеуі өнімді-дайындау (немесе өнімді-сатушы) мемлекетін көрсетеді; келесі бесеуі - өнімді әзірлеуші-кәсіпорынды, одан кейінгі бесеуі – тауарға сипатама береді және ең соңғы біреуі - бақылаушы болып саналады.
Магазинге тауар келіп түскен кезде оның атауы, айрықша белгісі , саны және сатып алынған бағасы тураыл ақпарат көшірме қондырғысының арқасында компьютердің жадындасақталады. Одан әрі қарай тауарды сату кезінде компьютер қандай тауардың қандай санда (мөлшерде) сатылған туралы мәлімет тіркейді, осының негізінде, сатылған тауардың сатып алынған құның анықтайды. Тауардың есептен шығарылғаны туралы ақпараттар, егер олар ресми құжаттармасы немесе компьютерде тіркелмес, онда ол туралы мәліметті түгелдеудің көмегімен алынады.
Кейбір тауарлар өзінің техникалық себептері бойынша штрихтық кодтауға жатпайды (қалам, қаламсап т.б.), онда олардың сатып алу бағасын формула бойынша анықтайды.
Есептік құнын таңдау – алынған құны бойынша немесе сату құны бойынша мәселенің шаруашылық жүргізуші субъекті үшін де маңызды зор. Осы мақсатта бухгалтерлік есеп стандартында төрт әдіс қарастырылған:
Бұл аталған әдістердің қолдану тәртібі жоғарыда “Тауарлы-материалдық құндылықтардың есебі” деген тарауда толығымен қарастырылған болаты Қазақстан Республикасында әрекет етіп тұрған заңмен сәйкес, бухгалтерлік есепте де, салық есебінде де есептеу әдіс пайдаланады, соңғы сәйкес тауар сатып алушыға босатылмасымен, оның төлем мерзіміне қарамастан, тауардың сатылған кезеңі болып саналады. Ал бөлшек сауда кәсіпорындардында тауардың сатлыған кезеңі болып, қолма – қол ақша түскен кезең саналады, өйткені онсыз тауар босатылмайды. Сонымен, бухгалтерлік есепте тауардың сатылған кезеңі, магазиннің бас қассасына ақшаның келіп түскен кезеңнен бастап 1010 шоттың дебетінде, 6010 және 3130 шоттардың кредитінде көрініс табады. Тауардың есептен шығару сатушының есеп беруінің негізінде жасалады, онда тауардың сатылған құнының біріңғай қағидасына сай етіп көрсетіледі. Енді сатылған тауардың сатып алынған бағасын көрсету үшін, әдетте, тауар бағасында сатылған ҚҚС сәйкес және сатылған сауда үстемесіне ай соңында бөлшек сауда кәсіпорындарныда есебі шығарылады.
Көтерме саудасындағы тауарлардың операциясының есебі. Көтерме саудасындағы кәсіпорындардың бөлшек сауда кәсіпорындарынан айырмашылығы: онда тауардың есебі сатып алынған бағасы бойынша жүреді. Көтерме сауда кәсіпорында тауардың аналитикалық есебі оның қоймасы мен бухгалтериясында жүреді.
Олардың есебінің бөлшек сауда кәсіпорындарының есебінен айтарлықтай ерекшелегі жоқ, тек қана құжаттау тәсәләнде (рәсімдеуіне) болуы мүмкін. Көтерме сауда кәсіпорындары негізінен ақшасыз есеп айырысу жүйесімен жұмыс істейді, сондықтан босатылған тауарды қуаттайтын құжаты болып накладнойы саналады, бақылау-кассалық машина чектері емес. Көтерме сауданың екі түрі бар: қоймадан (қоймалық айналым) және транзиттік (транзиттік айналым).Сауда ұйымының қоймасынан тауар сатылған жағдайда өзі жабдықташымен есептеседі, тауарды қабылдап алады, тауарды өз қоймасынан сатып алушыға жөнелетеді және одан өзі төлемін өндіріп алады. Транзиттік жолымен тауарды сатқан кезде тауар сауда кәсіпорынның қоймасына түспейді, ол тікелей соңғы сатып алушыға бағытталады. Транзиттік жолымен есеп айырысуға көтерме кәсіпорны қатысуы да, қатыспауы да мүмкін. Бірінші жағдайда, көтерме сауда кәсіпорны өзі жабдықтаушылармен тауар үшін өзі есептесіп және сатып алушылардан төлемін өзі өндіріп алады. Ал екінші, яғни, көтерме кәсіпорны қатыспаған жағдайда, көтерме кәсіпорны тауарды ең соңғы сатып алушыға жеткізкп беруді ғана ұйымдастырады, ал олардың есеп айырысуы жабдықтаушылардың және тікелей тауарды алушылардың арасында жүреді. Көтерме сауда кәсіпорынан, әдетте, тауарды сатып алушыға жөнелту жазба келісім-шартының негізінде жүзеге асырылады, онда жеткізіп берудің барлық жағдайлары айтылады (саны, сапасы, тауар бағасы, тасымалдау жағдайы т.б) сондай – ақ сатушыдан сатып алушыға өтетін меншік құқығының кезеңі де ҚазақстанРеспубликасының Азаматтық кодексіннің 238 бабына сәйкес мүліктің берілген кезеңінен бастап келісім-шарт бойынша мүлікті алушыға меншік құқығы өтеді, егер де заң актілерінде немесе келісім –шартта басқаша жағдайлар қарастырылмаса. Алушыға мүлікті беру кезінде танылады, ал алушыға жөнелту үшін почтаға өткізумен тең, егер де заңда немесе келісім-шартта басқаша жағдайлар қарастырылмаса( Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 239 бабы)
Бартерлік мәміле тәртібінде сатылған өнімнің есебі. Ақшасы тауардың тауарға меншік құқығымен бірге берілетін (ауысатын)тауар айырбастау операциясын бартерлік мәмілі деп түсінеміз.
Уақытша шығарылған және уақытша әкелінген тауардың есебі. Тауарлар Қазақстан территориясынан (аймағынан) уақытша шығарылуы немесе уақытша әкелінуі мүмкін. Бұл кезде ол тауарлар сол өзінің бастапқы қалпын өзгертпей иелеріне қайтарылуы тиіс, бірақ олардың табиғи тозуы, сақтау және тасымалдау шығындары болуы мүмкін. Уақытша шығарылатын немесе уақытша әкелінетін тауарға рұқсатты кеден органдары береді. Олардың мерзімін де, яғни мақсатына және басқа да жағдайына(көрмеге т.б.)қарап, сол органдар белгілейді, бірақ ол екі жылдан аспауы керек (кейбір тауарлар үшін ол өте қысқа, ал кейбір тауарлар үшін ұзаққа созылуы мүмкін).Белгіленген мерзімі өткеннен кейін, уақытша шығарылған (әкелінген) тауар қайтарылмаса, онда басқаша кедендік тәртібіне мәлімделуі тиіс, не Қазаөстан Республикасының кеден органдарының қоймасына уақытша орналастырылуы керек.Уақытша шығарылған және уақытша әкелінетін тауар кәсіпорынның 1350 “Өзге қорлар” шотында есептелінеді, онда: “Уақытша шығарылған тауарлар” және “Уақытша әкелінген тауарлар” деген екі субшоты ашылады. Уақытша әкелінетін тауарлар келіп түскен кезде 1330 шотының “Уақытша әкелінген тауарлар” субшоты дебеттеліп,3440 шоты кредиттеледі, ал олар қайтарылған кезде 1350 шоты кредиттеліп, 3440 дебеттеледі.Егер тауарлар объективті себептер бойынша қайтарылмаса, онда 1350 шоты кредитттеліп, 1330 шоты дебеттеледі. Ал жабдықтаушыға қайтарылмаған тауардың құны өтеледі (3440 шотының дебетінде, 1030 шотының кредитінде көрініс табады) және ҚҚС бойынша есеп айырысу жасалады. Ал уақытша шығарылған тауарға 1330 шоты кредиттеледі де, 1350 шотының “Өзге қорлар” субшоты дебеттіледі, ал егер де ол тауарлар қайтарылмаса, онда оған керісіше операциялар жасалынады, яғни1330 шоты дебеттіліп және 1350 шоты кредиттеледі.Егер де тауарлар иесіне қайтарылмаса, онда ондай тауарлардың есебі өз өнімінің сатуға жасалатын операциялар бойынша жүргізіледі.
Тауарлар тегін беру кезінде болатын операциялардың есебі. Тегін берілген тауарға қосылған құн салығы (ҚҚС) салынады, ол тегін берілген күніндегі қалыптасқан бағасынан алынады .
Тегін берілген дайын өнім материалдардың басқа да активтері сияқты жоғарыда келтірілген операцияға ұқсас жаалынады. Келісім-шарт бойынша берілген тапсырмаладың операцияларының есебі. Келісім-шарт бойынша бір жағы өз атынан операция жасаса, ал екінші жағы операция өз атынан заңды екендігін анықтайды. Мәміле бойынша сенетін жақтың жасаған құқыға мен міндеттемесі тікелей сенімділіктің жағдайынан шығады. Сенген жақ сенімді білдірген жақтың оған берген тапсырмасына сәйкес барлық міндеттемені орындауы тиіс, ол міндеттімен нақты, зиянды және жүзеге асырылатын болып келгені жөн. Сенген жақ сенім берген тапсырмасынан ауытқыған жағдайда, міндетті түрде сенім білдірген жаққа хабарлауы керек; ол егер де сенім білдірген жақтың мүддесіне қайшы келмесе, онда ол оның ондай әрекетіне қарсылық білдірмеуі мүмкін . Сенген жақ басқа үшінші жаққа сенім артуына болады, бірақ ол үшін бірінші сенім берген жақтың жазбаша түрінде берілген келісімі болуы керек.
Сенім берген жақ сенген жағына оның жасаған шығының және марапаттау төлемін жасайды.
1.3 Тауарларды сатумен байланысты
кепілдік міндеттемелердің
Бөлшек сауда кәсіпорындарында тауарды сату бойынша сауда ережесіне сәйкес кепілдік міндеттемелер пайда болуы мүмкін.
Кепілділікті берілген мерзімінің ішінде немесе жарамдылық мерзімінде, ал олар жоқ болған жағдайда тауардың сапасына қарап келісім-шарт негізінде белгілеуіне болады. Сондықтан келісім-шартта айтылған немесе алдын ала белгіліенген жағдайда тұтынушы талап ете алады:
-сатып алу бағасы азайтуды;
-тауардың кемістігін тегін
-кемістігін орнына келтіруге жасаған шығысын өтеуді;
-тиісті сапасы бар тауарға айырбастауды;
-зиянды өтегеннен кейін
Кепілдік мерзімі нормативтік құжаттарында белгіленеді және ол сатылған күнінен бастап есептеліне бастайды. Егер де бұндай нормативтік құжаттары болмаса, онда ол келісім-шарттың негізінде анықталады.егер де тұтынушы тауарды пайдаланудан бас тартса, бірақ жөлделгеннен кейін алатын болып ниет білдірсе, онда тауардын кемістігіне кепілдік мерзім беруші кәсіпорынның есебінен тауарды жөндеу жұмыстары жасалынады. Кепілдік мерзім негізгі бұйыммен қатар олардың құрастырушы бұйымдарына да қатычты болады.
Сатып алынған тауардың кемістігі табылған жағдайда 14 күннің ішінде сол тауарды сатушы кәсіпорынға хабарлауы тиіс, сатып алынған күнін есептемегенде, ал егер де оның ашық дефектісі бар болған кезде және оны эксперт (сараптаушы) қуаттаған жағдайда, оның хабарлау мерзімі алты айға дейін күшін жоймайды.
Енді біз кепілдік міндеттемесінің орындалу жағдайының әртүрлі көрінісін бухгалтерлік есепте көрсетеміз.
Гарантиялы жөндеу (жөндеуге кепілдеме беру немесе тауар кемістігін тегін қалпына келтіру). Гарантиялы жөндеу бойынша шығыс сатып алушы мен сатушының арасында және сатушы сауда ұйымымен және өндіруші.
Кәсіпорынның арасында жасалатын келісім – шартта міндетті шыгыс ретінде көрсетіледі және ол сатушы ұйымның шығысы болып табылады. Әдетте, сатушы ұйым өз бетінше сатылған ( сатылатын ) бұйымның кемістігіне кепілдік бола алмайды. Болашақта пайда болатын кепілдік міндеттемелерді орындау үшін , сатушы ұйым тауарды өндіруші кәсіпорынмен қосымша келісім- шартқа отырады , тек жазбаша келісім болған жағдайда ғана ол іске асады.
Жыл сонында тауарды сатумен және жалпы және әкімшілік шығыстарымен байланысты барлық жұмсалған шығыстарын жинақтап, олардың улес салмағын және келесі жылға жасалатын сауда үстемесінің орташа деңгейін анықтап, кәсіпорынның болашақ шығыстарын барынша дәлдік тұрғысында жоспарланған.
Егер де тауардың кемістіктері тұтынушылардың кінәсінен болса, атап айтқанда, тасымалдау, сақтау және пайдалану ережелерін бузса, онда тұтынушылардың талабы қанағаттандырылмайды.
Тауар айырбастау. Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы заңға және бөлшек сауда ережелеріне сәйкес, тұтынушының талап еткен сапасына немесе басқа да қасиетіне сәйкес, тұтынушының талап еткен сапасына немесе басқа да қасиетіне сәйкес келмеген жағдайда тауарды айырбастап беруін талап етуге құқысы бар. Тұтынушыдан алынған ( яғни, қайтарылған) тауарға екі дана етіп накладной жазылады, ол тұтыншыың басқа тауарды алуына немесе оның төлеген ақшасын алуына негіз бола алады, сонымен қоса тұтынушы касса чегін бірге қосып береді, бұл соңғы тауардың тап осы магазиннен сатып алынғандығын қуаттайды.
Келісім-шартты бұзу. Келісім-шартты бұзу, негізінен, бағаның өсуінен, не төмендеуінен болуы мүмкін. Келісім-шарт бұзылғанда жазылатын бухгалтерлік жазу тауар айырбастау кезінде жазылатын жазуға ұқсас болып келеді, тек келсім-шарт бұзылғандар тауар орнына тауар алынбайды, от тек ақшалай өтеледі. Бұл кезде 3370 шоты дебеттеліп , 1010 шот кредиттеледі.
Сатып алу бағасын азайткан кезде (сатып алушының шығысын өтеу) бухгалтерлік есептің келесі шоттары корреспонденцияланады, бірақ ол тауардың кемшілігі кепілдік мерзімнің ішінде анықталса ғана жүзеге асады.
Бұл арады атап өтетін бір жайт, ол кепілдік мерзімінің ішінде тиісті құжаттары бар болған жағдайда ғана сатып алушылардың шығысы өтеледі, яғни кемшіліктер тұтынушылардың кінәсінен болмаса болмаған. Сапаның тиісті болмауы сатылатын тауардың бағасын өзгертуі мүмкін, бірақ оны тек кәсіпорынның басшысы ғана өзгерте алады.
1. 4 Комиссиондық магазиндердегі тауардың операциясын есептеудің ерекшеліктері.
Комиссиндық магазиндер, әдетті, жеке тұлғалардан комиссиялық жағдайда алынған тауарларды сатумен айналысады. Бұл кезде комитент пен комиссионерлердің арасында комиссиондық келісім-шарт жасалынады. Мүлікті комиссияға қабылдау кезінде өткізуші жеке төл құжатын ұсынады. Егер азамат жеке еңбек қызметімен шұғылданатын болса, онда төлқұжатпен бірге патентін де ұсынады. Комиссияға өткізілген мүліктің бағасы өткізушімен келісіп жасалынады. Ескіден келе жатқан (антикварлық) мүліктерді эксперт-мамандардың қатысуаымен бағалайды. Конфискацияланған мүліктердің бағасын анықтау үшін де эксперт-мамандар шақырылады.
Мүлікті комиссияға қабылдаған кезде тауартану маманы екі данада жазылған түбіршегің береді, оған тауартану маманы пен комитент қол қояды. Мүліктің бір ғана түрін қабылдаған кезде ол теқ түбіршекпен және комитенттіқ карточкамен рәсімделеді. Оның кері жағына сатуға қабылданған мүліктің атауы мен саны көрсетіледі.