Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Октября 2013 в 22:05, курсовая работа
Менің өндірістік тәжірибемнің негізгі мақсаты мынада:
«ЦентрКредитБанкі» АҚ негізгі қызметі және оның тарихымен танысу;
«ЦентрКредитБанкі» АҚ заңды және нормативті актілерімен танысу;
Банк құрлымы және оның бөлімшелерімен танысу;
Банктің басқа банктік ұйымдармен, клиенттерімен және жоғарғы ұйымдармен байланыстарын танып, білу;
менің оқу процесінде алған кәсіптік, теориялық білімімді тереңдетіп, оны тәжірибемен ұштастыру;
өндірістік тәжірибесінің есебін жазуға материалдар жинақтап, оларды талдау;
банктің ұйымдық жағдайына әсер ететін ішкі және сыртқы ортаның әсерін, банкті басқарудың ұйымдастырылуын біліп, үйрену.
1. Жалпы бөлім....................................................................................................…4
1.1.Банктің қысқаша сипаттамасы мен қысқаша тарихи анықтамасы…..…4
1.2 Банктің құрылуының ұйымдық-құқықтық негізі.....................................…..5
1.3 Банк органының ұйымдық құрылымы және оны жетілдірудің негізгі бағыттары.....................................................................................................…......6
1.4 Банктің жоғары ұйымдармен, басқа банктермен, құрылтайшылармен, клиенттермен өзара қарым қатынасы..................................................….......…7
2. Банктің операцияларының түрлері...............................................................9
2.1 Есеп айырысу операциялары...........................................................................9
2.2 Несиелік операциялар......................................................................................11
2.3 Депозиттік операциялар................................................................................14
2.4 Кассалық операциялар....................................................................................16
2.5 Халықаралық есеп айырысу және валюталық операциялар.......................18
3. Банктің негізі ақтаратын қызметтері
3.1 Банктің бағалы қағаздармен қызметі..........................................................20
3.2 Банктегі несиелендіру тәртіптері мен жағдайлары.................................21
4. Банктегі маркетинг және банктің нарықтық жағдайдағы қызметін дамыту мәселелері
4.1. Банктегі маркетингті жүзеге асыру..........................................................25
4.2. Банктің нарықтық экономикада даму келешегі…………………………….29
Қорытынды...........................................................................................................30
Пайдаланған әдебиеттер....................................................................
Теңгенің шетел мемлекетінің ақша бірлігіне нақты бағам қатынасы Қазақстан Ұлттық Банкімен салық салу, бухгалтерлік есеп және кедендік төлем мақсатында белгіленеді.
Резидент емес және резиденттер арасындағы төлем операциялары екі жақтың келісімі бойынша келісілген валютада жүзеге асырылады. Ұлттық Банк резиденттердің валютадағы экспорттық операцияға төлемдеріне шек қоюға құқылы.
Резидент емес және резиденттердің ағымдағы валюталық операциялары Банк арқылы атқарылса, оған шек қойылмайды. Егер экспортты-импортты келісімдерді несиелеумен немесе несие беру-алуға байланысты ағымдағы валюталық операциялар міндеттемесі, тиісті келісім-шартқа сәйкес, енген күннен бастап 180 күннің ішінде орындалмаса, онда мұндай валюталық операциялар капиталдың қозғалысына байланысты операциялар болып табылады және лицензиялауға жатады. Капитал қозғалысына байланысты валюталық операцияларды Ұлттық Банк тіркеу тәртібі, 1998 жылғы №204 “капитал қозғалысына байланысты операцияларды тіркеу” Ережесімен реттеледі.
Жеке тұлғалар-резидент емес және резиденттер валюталық операцияларды жүзеге асыру үшін тиісті Банкте валюталық шоттар ашады. Жеке тұлғалар тиісті Банкте шетел валютасында шоттар ашу, енгізу және жабу тәртібі, 1994 жылғы 4 наурызда №61 “Екінші деңгейдегі банктерде банктік шоттарды ашу, енгізу және жабу” Нұсқауына байланысты жүргізеді. Жеке тұлғалардың шетел валютасындағы қаражаттары тиісті Банктегі валюталық шотқа есептелінуі немесе сол шоттан алынуы шектеусіз орындалады.
Егер, жеке тұлға-резидент емес және резиденттер валюталық операциялары 10000 доллардан артық болса, тиісті Банкке керекті құжаттар тапсыруы тиіс. Егер жеке тұлғалардың валюталық операцияларды атқаруға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банктінің лицензиясы немесе тіркеу куәлігі қажет болса, Банкке осы құжаттардың көшірмесі тапсырылуы керек. Банк өткізілген валюталық операцияларға байланысты валюталық заңдылықтарды орындау мақсатында қосымша қажетті мәлімет және құжаттар талап етуі мүмкін. Жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тиісті Банк немесе банктік емес қаржылық ұйымдар арқылы шектеусіз шетел валютасына ие болуға құқылы. «ЦентрКредитБанкі» АҚ жеке тұлғаларға несиені шетел валютасында және ұлттық валюта - теңгеде ұсынады. Банк валюталық құндылықтарды несие бергенде кепіл ретінде ала алады.
Еркін валюталық бағамның енгізілуіне байланысты, жеке тұлғаларға қолма-қол шетел валютасын сатып алуға мемлекеттік кіріске жинақ бағамы 1% орнатылды. Бұл пайыз қолма-қол валютаны сатып алғанда, қолма-қол теңге сомасынан есептелінеді(мысалы, доллардың п-сомасы үшін 10000 теңге төленсе, 100 теңге мемлекетке міндетті төлеу керек).
3. Банктің негізі ақтаратын қызметтері
3.1. Банктің бағалы қағаздармен қызметі
2004 жылы Банк жоғары өтімді бағалы қағаздырға регуляторлы талаптарына сай(2,2рет) тәуекелсіз активтер ретінде салымдарын ұлғайтты. Бағалы қағаздардың отраша жылдық табыстылығы 11,6 пайызды құрап отыр.
Банк активті түрде Қазақстан Республикасының Евробондтарымен сыртқы және ішкі нарықта операциялар жүргізеді.
2004 жылдың қортындысы бойынша Қазақстанның KASE қор биржасының абсолютті лидері ретінде танылып, арнайы дипломмен марапатталды. Биржалық нарықтағы «ЦентрКредитБанкі» АҚ мәміле көлемі, мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша жалпы үлесі 15 пайызды құрады.
Кесте 4.1.
Бағалы қағаздар қоржынының динамикасы (млн.теңге)
Жылдар | |||||||
1.01.2001 |
1.01.2002 |
1.01.2003 |
1.01.2004 |
1.04.2004 |
1.07.2004 |
1.10.2004 |
1.01.2005 |
2 850 |
599 |
1 432 |
7 989 |
8 595 |
11 290 |
10 402 |
17 831 |
Қазақстан Респуликасы Қаржы Министрлігінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бағалы қағаздарын бірінші болып өткізген Бірінші Дилер статусына ие Банк мемлекеттік бағалы қағаздар нарығында келесідей қызмет түрлерін көрсетеді: