«ЦентрКредитБанкі» ЖШС

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Октября 2013 в 22:05, курсовая работа

Краткое описание

Менің өндірістік тәжірибемнің негізгі мақсаты мынада:
«ЦентрКредитБанкі» АҚ негізгі қызметі және оның тарихымен танысу;
«ЦентрКредитБанкі» АҚ заңды және нормативті актілерімен танысу;
Банк құрлымы және оның бөлімшелерімен танысу;
Банктің басқа банктік ұйымдармен, клиенттерімен және жоғарғы ұйымдармен байланыстарын танып, білу;
менің оқу процесінде алған кәсіптік, теориялық білімімді тереңдетіп, оны тәжірибемен ұштастыру;
өндірістік тәжірибесінің есебін жазуға материалдар жинақтап, оларды талдау;
банктің ұйымдық жағдайына әсер ететін ішкі және сыртқы ортаның әсерін, банкті басқарудың ұйымдастырылуын біліп, үйрену.

Содержание

1. Жалпы бөлім....................................................................................................…4
1.1.Банктің қысқаша сипаттамасы мен қысқаша тарихи анықтамасы…..…4
1.2 Банктің құрылуының ұйымдық-құқықтық негізі.....................................…..5
1.3 Банк органының ұйымдық құрылымы және оны жетілдірудің негізгі бағыттары.....................................................................................................…......6
1.4 Банктің жоғары ұйымдармен, басқа банктермен, құрылтайшылармен, клиенттермен өзара қарым қатынасы..................................................….......…7
2. Банктің операцияларының түрлері...............................................................9
2.1 Есеп айырысу операциялары...........................................................................9
2.2 Несиелік операциялар......................................................................................11
2.3 Депозиттік операциялар................................................................................14
2.4 Кассалық операциялар....................................................................................16
2.5 Халықаралық есеп айырысу және валюталық операциялар.......................18
3. Банктің негізі ақтаратын қызметтері
3.1 Банктің бағалы қағаздармен қызметі..........................................................20
3.2 Банктегі несиелендіру тәртіптері мен жағдайлары.................................21
4. Банктегі маркетинг және банктің нарықтық жағдайдағы қызметін дамыту мәселелері
4.1. Банктегі маркетингті жүзеге асыру..........................................................25
4.2. Банктің нарықтық экономикада даму келешегі…………………………….29
Қорытынды...........................................................................................................30
Пайдаланған әдебиеттер....................................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

отчет ЦентрКредит банк 2007 ж.doc

— 337.00 Кб (Скачать документ)

Клиенттерге несие сызығын (кредитная линия) ұсыну тәжірибесі үлкен дамуға ие. Банкпен таңдалған  несиелеудің бұл формасы несие  сызығы шегінде несие алуға құжаттарды тез қарқынды дайындайды және сол  уақытта несие алушының қаржылық жағдайын анықтайды. Тәуекел диверсификациясы жағынан, несиелік қоржын несиелеудің мерзімі мен сомасы жақсы балансталған болуы тиіс. 2004 жылы несиелік салымның негізгі бөлігі кәсіпорындардың бөлшек және көтерме саудаға тиіп отыр. Себебі сауда компанияларының қызметіне сұраныс көп, сауда операцияларының жобасы тиімді және айналым мерзімі қысқа.

Өнеркәсіп өндірісін  дамытуға бағытталған несие үлесі  – 25%, көтерме саудаға – 27%, бөлшек  саудаға – 5%, ауыл шаруашылығы және тамақ өнеркәсібіне – 14%  құрады. Ал қалғандары жеңіл және қайта өңдеу өнеркәсібі, медицина, геология, мәдениет және өнер, тағы да басқа экономика салаларына бағытталды.

Банктің берілген қарыздар құрлымында операциядан аз тәуекелді  қамтамасыз ететін және көбірек пайда  түсіретін қысқа мерзімді несиелер орын алуда. Бірақ тартылған қаражаттардың ұзақ мерзімдігіне байланысты орта және ұзақ мерзімді негізде қаржылық жобалар көзделіп отыр.

Несие саясат стратегиясының дұрыс таңдалуы Банктің жоғарғы  сенімді несие қоржынындағы несиелеу көлемінің өсуіне себеп болды. Банктің “қарызды жоғалту мүмкіндік резерві” барлық қарыздар қоржынындағы ықтимал шығындарды толығымен Халықаралық Бухгалтерлік есеп Стандарттарына сай жаба алады. 

 

2.3. Депозит  операциялары

 

 

Депозит – клиент ақшасын  сақтауға қабылдау. Депозиттер екіге  бөлінеді:

  • Талап етілгенге дейінгі (сақтау мерзімі белгіленбеген, клиент әр уақытта ақшасын ала-алады, сый ақы аударылмайды).
  • Мерзімді депозиттер.

«ЦентрКредитБанкі» АҚ депозит салымдарының теңгелей және валюта түріндегі бірнеше түрін ұсынады:

  • талап етілгенге дейін;
  • базис – максималды стандартталған депозит түрі;
  • гарантия – міндеттемелерді орындауға қамтамасыз ету депозиті;
  • формула успеха – ай сайынғы сый ақы төлемі;
  • прогрессия – жалпы сақтау мерзімі белгіленбеген, қаншалықты көп болса, соншалықты сыйақы пайызы көп болады;
  • копилка – депозит сомасы көлемін ұлғайту мүмкіндігі;
  • люкс –сыйақы сомасын мерзім басында төлеу;
  • корпоративті – депозит ірі сома көлеміне арналған;
  • балаларға арналған;
  • зейнеткерлік;
  • жыл мезгіліне арналған депозиттер (зимушка-зима, золотая осень, солнышко, радуга);
  • платинум, т.б.

2004 жылы республикада жалпы депозит базасының өсуіне мынадай факторлар әсер етті: активті жарнама компанияларының өткізілуі, клиенттерді тартудағы қосымша акциялар – сыйлықтар ұтысын өткізу, PR-акциялар, ұсынылған депозиттер спектрін өсіру, т.б.

Депозит базасының өсіміне  ірі қазақстан банктерінің жеке тұлғалар салымдарын кепілдеме (фонд гарантирования вкладов физ.лиц.) Қоры (сақтандыру)   арқылы тартымды депозит саясатын ұсынып отыр.  Осы факт салымшылар жағынан  сенімді банк ретінде банктік құрлымға жағымды әсер етті, ал бұл банк таңдау кезінде басты критерии болып табылады. ААҚ «ЦентрКредитБанкі» АҚ жеке тұлғалар салымдарын кепілдеу (сақтандыру) жүйесінің бірінші қатысушысы болды. Маңызды факторлардың бірі елдегі экономикалық тұрақтылық (инфляцияның төмен деңгейі) осыған үлкен әсер етеді.

«ЦентрКредитБанкі» АҚ өз клиенттеріне шетелдік және ұлттық валюталарда, ағымдағы және мерзімді (әртүрлі мерзімді),  тұрғындардың тұтыну жағдайларын ескере отырып, әртүрлі жағдайда кең көлемде салым түрлерін ұсынады.

   Салымдар жағдайының  әртүрлілігі, салымшылар қызығушылығын  ескере отырып және шоттың  қолайлы қызмет ету режимін,  пайыздар есептеуді қамтамасыз  ету Банкке тұрақты ресурстар  көзін өсіруге жағдай жасап  отыр. Банк тартылған депозиттердің пайыздық саясатын анықтағанда тұрғындардың  табыс деңгейінің статистикалық мәліметтерін, әлеуметтік және маркетингтік зерттеулерді, бәсекелес банктердің депозит салымдарына ұсынып отырған сыйақы мөлшерінің мәліметтерін және Қазақстан Республикасындағы экономикалық жағдайдын толығымен ескереді.

Мерзімді депозиттерге қарыз 2004жылы 29,984млн.теңгеге немесе 2003 жылмен салыстырғанда 2,2 есе өскен және 2004 жылдың 31 желтоқсанында 54,519 млн. теңгені құраған (31.12.2003ж. – 24,535млн. теңге).

Талап етілгенге дейінгі қаражаттар 2003 жылдың 31желтоқсанына қарағанда 1,4есе өсіп, 22,398млн.теңгені құраған, 2004жылы олардың көлемі 4,091млн. теңгеге өскен (1,2есе).

Кесте 2.3.1.

Млн. теңге

1.01.2003ж.

1.01.2004ж.

1.01.2005ж.

Клиенттерден депозит:

БАРЛЫҒЫ

 

28 224

 

46 933

 

81 008

Соның ішінде:

Клиенттерге ағымдағы міндеттеме

15 730

22 398

26 489

Клиенттерге мерзімді міндеттеме

12 494

24 535

54 519

Соның ішінде:

Корпоративті

19 623

27 574

45 096

Бөлшек

8 601

19 359

35 912


 

2004 жылы тұрғындар депозиттері 2003 жылмен салыстырғанда 16,553млн.теңгеге өсіп, 35,912млн.теңгені құраған. 2004 жылдың аяғында Банкте Қазақстан Республикасы тұрғындарының барлық депозиттерінің 21,6 пайызы жинақталған. Жинақталған тәжірибе 70 пайыз тұрғындар салымдары ұзақ мерзімді уақытта сақталатынын көрсетеді. Тарихи, берілген шоттар арзан, қысқамерзімді қаржыландыру  көзі болып табылады.

 

 

 

Кесте 2.3.2.

Республикадағы  депозит нарығындағы 

жетекші банктер  үлесі, 1.01.2005ж.

«ЦентрКредитБанкі» АҚ

Қазкоммерцбанк

ҚХЖБ

ABN AMRO

Т.б. банктер

21,7%

21,4%

20,2%

4,8%

31,9%


 

Мөлшеріне байланысты екінші филиалды желі, банктік секторде консалидация процесін жалғастырушы, осы облыста  позициясын кеңейтуші -   бөлшек депозиттердің  тартымды жағдайы. Банк депозиттерді тартуда  ұзақ жылдар бойы осы екінші позицияны ұстанды, ал 2004 жылы бірінші позицияға көшті.

2.4.  Кассалық операциялар

Қолма-қол-ақшалай  айналым жалпы ақша айналымының 20% құрайды. Кәсіпорындар, ұйымдар, түрлі  мекемелер тұрғындармен, тұрғындардың белгілі–бір тобымен және кәсіпорындар өзара қолма-қол ақшалай түрде есеп айырысады.

Қолма-қолсыз айналымға қарағанда  қолма-қол ақша айналым көлемінің  аздығына қарамастан, шаруашылықтағы қалыпты экономикалық қатынастағы  ұйымдық маңызы айтарлықтай.

Қолма-қол-ақша айналымы ортасында  халық шаруашылығында өндірілген тауарлар өткізіледі және қоғамдық өндіріс пен жеке тұтынушы арасында тауар сапасы анықталады. Сондықтан шаруашылықтағы қалыпты ақша айналымы және сатып алушы қабілетінің тұрақтылығы осы қолма-қол-ақша айналымының жағдайына тікелей байланысты.

Коммерциялық банктер  клиенттермен қатынастарын, соның ішінде кассалық қызмет көрсетуді инструктивті материалдарды, ҚР ҰБ басқа да реттеуші материалдарын және “ҚР Банктер  және банктік қызмет туралы” Заңды  басшылыққа ала отырып, келісім шарт негізінде жүзеге асырады. Қазақстан Республикасындағы кассалық операцияларды енгізу Тәртібіне сәйкес, Банк қолма-қол ақшамен есеп айырысуды жүзеге асыру үшін касса орындарында сигнализация құралдарымен және біріңғай талаптарға сай техникалық бекітілген. Кәсіпорындардың тұрғындармен қолма-қол ақшалай есеп айырысуын қабылдағанда Банк міндетті түрде бақылау-кассалық машиналарын қолданады. Кәсіпорындар басшыларының келісімімен өздерінің кассаларында қолма-қол ақшаны банкпен бекітілген лимит шегінде сақтай алады.

Қолма-қол ақшаны күндізгі және кешкі банк кассаларына, инкассаторларға және банкке тапсыратын кәсіпорындағы бірлескен кассаға, және де банк шотына аударуға келісім-шартқа отырған кәсіпорындарға тапсыруға болады.

Әр коммерциялық банкте түскен қолма-қол ақшаны кірістеу және шығыс операцияларын орындауға байланысты айналыс кассасы болады. Және айналыс кассасынан қолма-қол ақша беру жүзеге асырылады. Банк қолма-қол ақшаны клиенттердің өздерінің қатысуымен, және инкассаторлардан қабылдайды.

Көп жағдайда кіріс кассалары ақшаны қолма-қол ақша салымы хабарландыруы арқылы қабылдайды. Хабарландыру 3 бөлімнен: хабарлама, квитанция, ақша салымшысының өзімен толтырылатын ордерден тұрады. 

Кассалық шығыс операциялар  жауапты атқарушылармен орындалады және жұмыс орны мүмкіндігінше кассаға жақын орналасқан орталықтандырылған бақылаушымен бақыланады. Бұл бақылаушы кассалық шығыс журналын жүргізеді. Шығыс операцияларының бақылауы мына мүмкіндіктерге жол берілмеу үшін ұйымдастырылуы керек:

  1. дұрыс емес толтырылған құжаттарға төлем, қолы және мөрі арыз нұсқасына сәйкес келмейтін  чектерге төлем, берілген клиентке тиісті емес чек кітапшасы жазбаларының төлемі;
  2. тиісті операция қызметкерлермен және банк бақылаушысымен тексерілмей кассаға чектардың және басқа да кассалық шығыс құжаттарының түсуі.

Хабарландыру  бойынша кассаға ақша салымы түскенде операциялық қызметкерлер құжаттың дұрыс толтырылғандығын тексереді  және өз қолдарын қойып, осы ақша операцияларына байланысты барлық кассалық кіріс журналына енгізеді. Кассалық шығыс журналы 0482054 және 0482056 бланктарында, тиісті екі нұсқада толтырылады.

Бақылаушымен кассалық шығыс  құжаттарын кассаға төлемге жолдау тәртібі – тарату кітабында немесе кассалық журналда кассирдің қолхатымен – банктің бас бухгалтерімен тағайындалады.

Егер кассалық шығыс журналы  көшірмемен екі нұсқада жүргізілсе, шығыс құжаттарын кассаға кассирдің  қолхатымен журналдың бірінші нұсқасын тапсыруға болады. Шығыс құжаттарын осындай тәртіпте кассаға тапсырғанда кассалық журналдың екінші нұсқасы, бірінші нұсқаға түзетулер мен енгізулерді тексеретін, бақылаушы қызметкерде болады.

Егер кассалық шығыс операциясын  бақылаушы тұлғаның жұмыс орны кассаның қасында немесе кассамен біріктірілген жерде болса, банк басқарушысының ұйғарымымен кассалық шығыс құжаттарын бақылаушының кассирге, оның қолхатынсыз тапсыру тәртібі орнатылуы мүмкін. 

Кіріс касса операцияларының  құжат айналымдылығы клиенттерге  квитанцияны беру және олардың шотына ақшаны есептеу тек қана ақша кассаға келіп түскеннен кейін есептелінуге ұйымдастырылуы керек, азаматтардың салымын есептемегенде, себебі олар салымшының жеке шотына ақша қабылдар алдында есептелінеді. 

Кассалық кіріс  құжаты жауапты орындаушымен қабылданғанда немесе толтырылғанда, оның қолы қойылып, ДЭЕМ(ПЭВМ)-да құрастырылған кассалық журналға енгізіліп, квитанция және жауапты орындаушының қолымен кассаға жіберіледі. Банк қызметкерінен банкішілік шотқа есептеуге ақша қабылданғанда кассалық кіріс ордері біреуін квитанция алмастыратын екі нұсқада жазылады.

Кассадан 0402001 бланктар комплектіндегі ордер кассирдің  қолымен қайтарылғанда, жауапты  орындаушы ордердегі кассир қолын  үлгісімен салыстырып, кассалық журналда құжаттың қайтарылғандығы туралы белгі қояды және бухгалтерлік есеп операциясында көрсетуге өңдеуге жібереді немесе жеке шотқа тапсырады.

Кіріс операцияларының  кешкі кассалық журналын есеп машинасында  толтырылған бір парақ қағазда  екі нұсқада жеке шоттар қортындысы және журналдың жалпы қортындысын шығаруға рұқсат етілген. Ленталарға бөлінген журналдың екінші нұсқасында жазбалар тексерілген соң, жеке шоттармен бірге кешкі кассаға ақша салымына хабарлама ордерлері кірістіріледі.

Бұл ордерлердің  дұрыс толтырылғандығы кешкі  кассаның бухгалтер-бақылаушымен тексеріледі, ал кассалық аппараттарды қолданғанда келесі күннің ертесіне жауапты атқарушыларға жүктеледі. Хабарлама 0402001 ордерінің тексерілгендігінің куәсі болып, бухгалтер-бақылаушы немесе жауапты атқарушының қолы табылады.         

Кассир клиенттен  ақша қабылдағанда әрбетті санап  алады. Барлық банктер, соның ішінде ЦКБ АК арнайы ақша санау машиналарымен  жабдықталған. Егер салымшы біршама  құжаттармен әртүрлі шоттарға ақша салғанда, кассир ақшаны әр құжатқа  бөлек-бөлек қабылдауы керек.

Операциялық күнде  қабылданған ақшаларды кассир саралап, кіріс құжаттары және мәліметті  анықтамалармен (сводная справка) бірге  касса меңгерушісіне қабылданған  және берілген ақшалар кітабына қолхатымен тапсырады.

Операциялық күннің аяғына дейінгі түскен барлық қолма-қол ақшалар банктің операциялық кассасында кірістеліп, сол жұмыс күнінің тиісті баланс шотына есептелінуі тиіс.

 

2.5 Халықаралық  есеп айырысу және валюталық  операциялар

 

Валюталық реттеу мемлекеттің қаржылық қызметінің басты  бағыттарының бірі болып табылады. ҚР резидент және резидент емес тұлғалар валюталық операцияларды банктер және кейбір банктік операцияларды жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүргізеді.

Резиденттер арасындағы төлем операциялары Қазақстан Республикасының  ұлттық валютасы – теңгемен (ҰБ нормативті-құқықтық актілері, валюталық, салықтық және кедендік заңдылықтардың кейбір жағдайларынан басқа) жүзеге асырылуы тиіс.

Информация о работе «ЦентрКредитБанкі» ЖШС