Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Июня 2014 в 10:39, реферат
1. Бухгалтерлік есеп оның экономикадағы рөлі
2. Бухгалтерлік есептегі құжаттау
3. Бухгалтерлік есептегі нормативтік құжаттау
4. Бухгалтерлік есептегі синтетикалық және аналитикалық шоттар
5. Бухгалтерлік есептегі активтер
Ұзақ мерзімді активтер: материалдық(негізгі құралдар және аяқтлмаған күрделі құрылыс);материалдық емес; басқа да ұзақ мерзімді активтер; ұзақ мерзімді дебиторлық берешек(өтілу мерзімі бір жылдан артық) болып бөлінеді.Материалдық емес активтер- бұлар натуралдық - физикалық формасы жоқ,алайда «болмашы құндылығы бар» соған сәйкес субъектіге ұзақ уақыттар бойында немесе үнемі қосымша табыс түсіретін активтер. Оның үстіне материалдық емес активтер алынып қосылу қабілетін де ие болуға тиіс. Материалдық емес активерге тауар белгілері (қызме қөрсету белгілері), тауарлардың шығаралатын тіркеулі жерлері, гудвилл, потенттер мен өнеркәсіп үлгілері, лицензиялар, интеллектуалды меншік пен ұйымдастыру шығындары, табиғи ресурстарды пайдалану құқығы, ЭВМ-мен бағдарламалық қамтамассыз ету және басқалары жатқызылады.
Нарықтық экономиканың дамуына қарай материалдық емес активтердің субъектілер мүліктеріндегі маңызы мен үлгісі ұлғая түседі, мұның өзі техника мен технологияның дамуымен, ақпараттың таралуымен,экономикалық қатнасардың дамуымен сабақтас.
Негізгі құралдар- материалдық активтер ұзақ уақыттар бойында(бір жылдан астам) материалдық өндірісте де, өндірістік емес салада да еңбек құрал-жабдықтары ретінде қызмет атқарады.
Негізгі құрал-жабдықтарға: тұрақты мүліктер(жер учаскісі, ғимараттар, құрылғылар, көп жылғы екпе өсімдіктер және жерге тығыз байланысты, басқа орынға көшіру оның әуелгі мақсатына нұқсан келтірмей қоймайтын басқа да объектілер); транспорт құралдары; құрал-жабдықтар; балық аулау саймандары; өндірістік және шаруашылық мүліктері; ересек жұмысшы және өнімді мол; құрал –саймандар мен басқа да негізгі құралдар жатады.
Алыну мақсатына қарай материалдық активтер есеп жұмысында негізгі құралдардың, қосалқы тауар материалдың, қаржылық инвестицияның құрамында көрсетіледі. Мысалы, субъектінің шаруашылық мақсат үшін сатып алған автомобилі негізгі – құра жабдықтар құрамында, ал қайыра сатып жіберу үшін алынған автомобиль қосалқы тауар-материал құрамында көрсетіледі. Субъектінің тек өзі пайдалану үшін емес, ұзақ уақыт кезіңінде қаржы алу үшін алған жер учаскесі мен ғимараттары қаржылық инвестиция ретінде көрсетіледі. Субъектінің қолындағы негізгі құралдар алынған сәтінен бастап үнемі пайдаланыла бермейді, өйткені олар резерв ретінде қоймада жатуы мүмкін немесе белгілі бір тәртіп бойынша сақталынып қойылуы, әйтпесе жалға берілуі ықтимал.
Материалдық және материалдық емес активтерді негізгі құралдар объектілері ретінде тану сәтінде бағалаудың біріңғай жолы қажетті шарт болып табылады.
Бұлар кіріске алынған сәтте бухгалтерлік есепте алғашқы құны бойынша көрсетіледі. Оған негізгі құралдар объектілерін және материалдық емес активтер объектілерін салу немесе алу бойынш жұмсалған шын мәніндегі бүкіл шығын, соның ішіндегі сатып алу кезінде төленген қайтарылмайтын салықтар мен төлемдер. жеткізу, монтаждау, орнату, пайдалануға беру жөніндегі шығындар,несие проценттері және активті жұмы жағдайына кетіруге қатысты басқа да тікелей шығындар жатқызылады. Аяқталмаған құрылыс түсінікті қажет етпейді. Ұзақ мерзімді материалдық активтер тобына ондай-ақ аяқталмаған күрделі құрылыстар және басқа да ұзақ мерзімді активтер жатады. Бұлардан басқа ұзақ мерзімді активтер:ұзақ мерзімді инвестиция ;ұзақ мерзімді дебиторлық берешек(өтеліну мерзімі бір жылдай астам) ;алдағы кезеңдердің шығындары(өтеліну мерзімі бір жылдан астам) болып табылады. Ұзақ мерзімді инвестиция- бұл еншіліс серіктестіктер активтеріне ;тәуелдік заңдық ұйымдарға ,бірлесіп бақылатын заңды тұлғаларға берілетін инвестиция ,онда бұлардың ағымдағы құны көрсетіліп беріледі, егер олардың құнынан өзгешелігі болса. Ұзақ мерзімді дебиторлық берешек – бұл алыныс есеп шоты; алынған вексельдер; шаруашылық ішіндік операциялар нәтижесінде негізгі шаруашылық серіктестіктері мен олардың еншілес серіктестікері арасында туындағын дебиторлық берешек және т.б.
Субъектінің ағымдағы активтері:
«Қосалқы тауар материалдардың есебі» деп аталатын № 7 бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес қосалқы тауар материалдар қорына өткізілуге дайын тұрған тауарлар, сондай-ақ шикізаттар мен материалдар және аяқталмаған өндірістің өндіріс аяқталғаннан кейін өткізілуге жататын өнімдерді кіреді. Сөйтіп, ағымдағы активтер өндірістік емес саларда болсын үнемі айналыста жүреді. Өндіріс саласында ағымдағы активтер құрамына аяқталмаған өндірістің қосымша шикізаттары және дайын өнімдер қоры, есептегі активтер қосылады.
Бұған жататындар: ағымдағы активтерді сатып алу үшін жұмсалатын аванстық төлемдер; тиеп жіберілген тауарлар үшін алынған есепшот;алынған вексельдер және басқа да дебиторлық берешек. Коммерциялық салада ағымдағы активтер құрамына кіретіндер:
Коммерциялық сауда фирмалары мен көтерме сауда кәсіпорындарының қоймаларында өткізілу үшін жатқан қосалқы тауар-материалдық қорлары; қолма-қол ақша; инвестиция бойынша дебиторлық берешек және т.б. Ағымдағы активтердің басты құрамдас бөлігі қосалқы тауар-материалдар қоры сату-сатып алу заттары болып табылады. Тауар қорына әдетте сауда фирмаларындағы қаржы ресурстарының неғұрлым үлкен бөлігі салынады. Тауарларға жұмсалған қаржы ресурстарының жалпы жиынтығы тауар қорының өзіндік құны аталынады. Ол қолдағы тауарлардың сатып алу құнының сомасына тең. Бұлар: сатып алу бағасы, тасып әкелуге төленген алым, делдалдық сыйақы, транспорт-даярлау шығындары және басқа да шығындар.
Информация о работе Бухгалтерлік есеп» пәні бойынша оқу тәжірибесінің есебі