Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Июня 2014 в 10:39, реферат
1. Бухгалтерлік есеп оның экономикадағы рөлі
2. Бухгалтерлік есептегі құжаттау
3. Бухгалтерлік есептегі нормативтік құжаттау
4. Бухгалтерлік есептегі синтетикалық және аналитикалық шоттар
5. Бухгалтерлік есептегі активтер
Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық колледжі
«Бухгалтерлік есеп» пәні бойынша оқу тәжірибесінің есебі
1.Бухгалтерлік есеп оның экономикадағы рөлі
Бухгалтерлік есеп — заңды тұлғалардың қорлары мен қор көздерін және қаржы айналысын, шаруашылық операцияларының мазмұнын нақты құжаттар негізінде үздіксіз және өзара байланысын сақтай отырып, арнайы өлшеу бірлігімен тіркеп отыру. Бухгалтерлік есеп жүргізу құжаттау мен түгелдеу, есепшоттар мен екіжақты жазу, бағалау мен өзіндік құнын шығару, баланс пен қорытынды есеп әдістеріне негізделген.
1997 жылдан бастап Қазақстанда Бухгалтерлі
Тиісті заң актілері мен нормативтік материалдардың және есеп стандарттарының талабына сай, Бухгалтерлік есеп объектілерінде қолданылатын бірнеше әдістер ішінен заңды тұлғалардың өзіне ыңғайлы жолын таңдап алуы есеп саясатын көрсетсе, кең көлемде қолданылатын Бухгалтерлік есепке тән ережелер жүйесі (екіжақтылық, консервативтік, автономиялық, сәйкестікке келтіру, сату, т.б.) есеп принципіне жатады.
Бухгалтерлік есеп жүргізудегі басты құрал — есепшоттар жүйесі. Онда заңды тұлғалардың әрбір есепшоты нөмірленген. Бухгалтерлік есеп көрсеткіштері (мәліметтері) бухгалтерлік баланс жасау арқылы қорытындыланады.
Бухгалтерлік есеп–есеп теориясы, қаржы
мен өндірістік есеп, салықтық есеп болып
бөлінеді. Бухгалтерлік есеп теориясы–
бұл бухгалтерлік есеп жүйесін ұйымдастырудың
теориялық, әдістемелік және практикалық
негіздері. Қаржылық есеп– бұл шаруашылық
операцияларын бухгалтерлік жағынан ретке
келтіріп, тіркеуді қамтамасыз ететін
есептік ақпаратты жинастыру жүйесі. Қаржылық
есеп шаруашылық жүргізуші субъектінің
мүлкі мен міндеттемелері туралы ақпаратты
топтастырады (материалдық және материалдық
емес активтер, жалға алынған мүліктер,
қаржылай және заттай салынған жарна,
ағымдағы активтер (ТМЗ), субъектінің міндеттері
несие, дебиторлық және кредиторлық берешектер,
ақша қаражаты, меншікті капитал, бөлінбеген
табыс (шығын) және т.б. Қаржылық есептің
деректерін шаруашылық жүргізуші субъект
ішінде әртүрлі деңгейдегі басшылар мен
сыртқы пайдаланушылар пайдаланады (қазіргі
және болашақтағы инвесторлар, кредиторлар,
банктер, салық және қаржы ұйымдары).
2.Бухгалтерлік есептегі құжаттау
Бухгалтерлік құжат (латынша
documentum дәлелдеу,куәлік)дегеніміз-
Кәсіпорынның қаржы- шаруашылық қызметі сан алуан және әр түрлі шаруашылық әрекеттерін орындау мен бірге жүреді. Өз кезегінде әрбір шаруашылық әрекеті міндетті түрде орындалған шаруашылық әрекетері немесе оларды орындауға құқық туралы алғашқы мәліметтері бар есеп құжаттарымен ресімделеді. Өндіріс және сату процестері,сонымен өатар кәсіпорынның өз ішіндегі және одан тыс жеке бөлімшелері мен әр түрлі қарылық,шаруашылық, есеп айырысу қатынастары есеп құжаттарының объектілері болып табылады.
Құжаттармен құжаттандыру, бір ізге салу, стандарттау және құжат айналымы сияқты ұғымдар тығыз байланысты.
Құжаттандыру - шаруашылық құралдарын, міндеттемелер мен шаруашылық әрекеттерін бухгалтерлік құжаттармен рәсімдеу әдісі.Әекет есепте оны растайтын тиісті құжаттарсыз көрсетілуі мүмкін емес. Сондықтан барлық шаруашылық әрекеттерін дұрыс және уақытын ресімдеу бухгалтерлік есептің алғашқы кезеңі болып табылады.
Құжаттарды бір ізге салу- бұл меншік нысанына және ведомстволық бағыныштылығынан байланыссыз әр түрлі кәсіпорындарда ұқсас әрекеттерді рәсімдеу кезінде пайдалану үшін құжаттардың үлгі нысандарын дайындау. Бір ізге салу құжаттарды ықшамдайды және қысқартады, сонымен қатар оларды автоматты өндеуге дайындайды: бір реттік құжаттарды жинақтау құжаттарымен алмастыру, құжаттарда бар артық көрсеткіштерді жою, бірнеше жеке құжаттарды біріктіру және т.б.
Құжаттарды стандарттау- бұл құжатттарды басу кезінде қағазды тимді пайдалануға мүмкіндік беретін бір типтік құжаттар бланкілерінің бірдей(стандартты) мөлшерлерін жасау. Сонымен стандарттау құжаттаардың бухгалтерлік өнделуін және олардың мұрағатта сақталуын жеңілдетеді.
Толтыру әдісі бойынша құжаттарды қолмен жасалған және есептік техниканың көмегімен жасалған құжттарға жіктеуге болады.
Әрбір бухгалтерлік құжат онда
орындалған
Көптеген құжаттарда кездесетін негізгі үлгі болады,оның ішінде олар ақпараттары қағаз және электронды түрдегі құжаттарда міндетті болып табылатын деректемелер бар
Міндетті
реквизиттердің қатарына
Осы деректемелердің бірінің болмауы немесе дұрыс көрсетілмеуі есеп мәліметтерінің алғашқы көзі ретінде құжаттарды пайдалануды қиындатады, ал кейбір жағдайда құжатты оның күшінен айырады.
Міндетті деректемелерден басқа құжаттарда қосымша деректемелер де орын алуы мүмкін, олар әрекеттердің ерекшеліктеріне байланысты арнайы мәліметтерден түрады.
Құжатардың
құрылуынан немес басқа
Құжат айналымының негізгі кезеңдері болып мыналар табылады:
Онда міндеті түрде мыналарды қарастыру керек:
Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп құжаттары мен құжат айналымы кестесін құруды кәсіпорынның бас бухгалтері ұйымдастырады. Құжат айналымының кестесі кәсіпорын басшысының бұйрығымен бекітеді. Кесте немесе тәсім (схема) құру, тексеру және талдау жөніндегі жұмыстар тізбесі түрінде рәсімделуі мүмкін. Оларды барлық құрылымдық бөлімшелермен орындаушылардың өзара байланысы және жұмыстың орындалу мерзімі көрсетілуі керек. Кәсіпорынның есепке қатысы бар қызметкерлері өздерінің саласына қатысты құжаттарды құжат айналымы кестесіне сәйкес жасайды және ұсынады. Ол үшін әрбір орындаушыға кестеден көшірмесі беріледі. Көшірмеде орындаушының саласына қатысты құжаттар аталып, олардың орындалу мерзімі жазылады. Осы кестенің сақталуын ұйымның бас бухгалтері қадағалап отыруға тиіс. Сонымен қатар кәсіпорынның бас бухгалтері кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп жұмысының дұрыс және уақтылы жүргізуіне жауапты болып табылады. Құжаттар кестеде көрсетілген уақытты бухгалтерияға өткізілуі тиіс. Құжаттарды қабылдау кезінде бухгалтер құжаттардың белгілі талаптарға сай, дұрыс ресімделуін тексеру керек. Ережеге сай ресімделмеген құжаттар жауапты адамға, яғни оны жасаған (толтырған) адамға қайта өңдеу үшін қайтарылуы қажет.
Бухгалтер құжатты қабылдау барысында ең біріншіден мазмұны бойынша тексереді, яғни жүргізілген жұмыстардың заңдылығын анықтайды. Олардың нормативтік актілер мен қолданылып жүрген нұсқауларға қайшы келмейтіндігін қадағалайды. Содан кейін оның деректемелерінің (реквизиттерінің) толық толтырылуын, тиісті лауазымды адамдардың қолтаңбаларының болуын, сомалардың нақты көрсетілуі мен операциялардың құрылымын тексереді. Бұдан кейін бухгалтер арифметикалық тексеру жүргізеді, яғни құжаттарды таксалаудың дұрыстығын тексереді.
Барлық орындалған есеп құжаттары мұрағатта сақталады. Мұрағатқа тапсыруға жататын құжаттар алдын ала іздегенде тезірек табылатын ыңғайлы жерлерде орналастырылады және ілініп қойылады немесе істер деп аталатын ерекше папкаларда түптелінеді. Құжаттардың істерде орналастырылуы олардың сипаты мен мақсатына байланысты мынандай белгілер бойынша жүргізіледі:
Информация о работе Бухгалтерлік есеп» пәні бойынша оқу тәжірибесінің есебі