Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Октября 2013 в 20:14, курсовая работа
Қарыз капиталының қозғалысын несиелеу — ол пайыз (процент) турінде қарызға төлем ақы ретінде қайтарылатын капитал.
Несиенің объективтік қажеттілігі ең алдымен өнеркәсіп пен сауда капиталының айналымдық зандылығымен байланысты.
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Банктер мен банктен тыс мекемелердің несиелерін есепке алу
2. Салық міндеттемесінін есебі. Міндеттеме төсілімен табыс салығының есебі.
3. Корпоративтік табыс салығы.
4. Жинак зейнеткерлік корға төленетін міндетті зейнеткерлік жарнасының есебі.
5. Алынған аванс бойынша есеп айырысу есебі
6. Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу есебі
7. Есептеу мен басқа да кредиторлық қарыздариен есептесулердің есебі
8. Дивиденттер бойынша есеп айырысу есебі
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Салык салынатын табысты аныктаған кезде жылдык жиынтык табыстан келесі шығыстар шегеруге жатпайды:
- жылдык жиынтык табысты алумен байланысты емес шығыстар;
- күрделі сипаттағы шығыстар, яғни тіркелген активтерді салуға және сатып алуға кеткен шығыстар;
- мемлекеттік бюджетке төленетін айыппұлдар мен өсімдер;
- жылдық жиынтык табысты алумен байланысты болса да, бірак Салык Кодексінің белгіленген нормасынан артық болса, онда ол шегерімге жаткызылмайды;
Қазакстан Республикасының заң актісімен белгіленген, нормадан жоғары, төлеуге (төленуге) жататын міндетті бюджет төлемдерінің баска да сомасы;
- кәсіпкерлік қызметте пайдаланбайтын, құрылыс объектілерін салу, пайдалану және күтіп-ұстау шығыстары;
- тегін берілген мүліктердің, жұмыстардың, қызметтердің құны.
Кәсіпкерлік кызметтен тартқан зияндар (егер шегерім түзетілген жылдық жиынтық табыстан асып кетсе), сондай-ак салық төлеушінің кәсіпкерлік қызметінде пайдаланған ғимараттардан, кондырғылардан тарткан зияны салық төлеушінің келешектегі табысының есебінен өтеу үшін үш жылға дейін төлеу мерзімі кейінге калдырыладьг.
Бағалы кағаздарды сатқан кезде шеккен зияны олардың кұнын есірудің есебінен өтеледі, бұл шара мүмкін болмаған жағдайда оның өтелу мерзімі үш жылға дейін кейінге калдырылуы мүмкін.
Кейінге қалдырылған табыс салығы және сонымен байланысты есеп айырысулар. Кейінге қалдырылған салықтың есебі үшін 4310 "Кейінге калдырылған табыс салығы" шоты арналған. Бұл шотта бухгалтерлік және салык есебінің талаптарындағы айырманын нәтижесінде пайда болған уақытша сомалары көрсетіледі.
Бухгалтерлік есепте табыс пен зиян есеп саясатында каралған және есеп стандарттармен қарастырылған кағидасы бойынша қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесі анықталады. Салықтық емепте табыс пен зиянның сомасы бухгалтерлік есепте көрсетілген сомамен салыстырылып, солардың арасындағы айырмасына тиісті түзетулердің көмегімен аныкталады.
Бүл арада мынаны ескерген жөн: салық (жедел) есебінде жиынтық жылдық табыстан (негізгі құрал-жабдықтарды амортизациялау, негізгіқұүрал-жабдықтарды жөндеу, проценттер және тағы басқалары бойынша) ұстап қалулар (жеңілдіктер) туралы, сондай-ақ табыстар туралы (үйлерді, ғимараттарды) сату кезіндегі күнның, сондай-ақ акша құнсыздануына түзетулерді есепке ала отырып амортизациялауға жатпайтын алашақтардың өсуі; кәсіпкерлік кызметті шектеуге келіскені және кәсіпорынды жапқаны үшін тағы басқалары жөнінде хабарлама қалыптасады; бұл хабарламада салық салынатын табыс сомалары және бюджетке төленуге тиісті заңды тұлғалардан алынатын табыс салығының сомалары туралы бухгалтерлік әрі салық есебі деректері арасындағы алшақтыққа әкеп соғады.
Бухгалтерлік және салық есебі арасындағы мәліметтердің тендігін сақтау оңай шара емес, өйткені олардың арасында тұрақты және уақытша сипаттағы айырмашылықтары болады.
Осының нәтижесінде уақытша және тұрақты айырмашылықтар, сондай-ак уақытша айырмашылықтардан салықтык тиімділік туындайды.
Тұрақты айырмашылықтар -- бұл ағымдағы есепті кезеңде туындайтын және бұдан кейінгі есепті кезеңдерде жойылмайтын (бухгалтерлік есеп деректері мен занды тұлғалардан алынатын табыс салығы жөніндегі мағлұмдамада көрініс табатын деректер арасындағы айырмашылыктар) салық салынатын және бухгалтерлік табыстар арасындағы айырмашылықтар.
Тұракты айырма ретінде келесі мысалды келтіруге болады:
- жылдық жиынтық табыспен де, шаруашылык жүргізуші субъектінің кәсіпкерлік қызметімен де байланысты емес шығыстар (демалыс үйлеріне жолдама алу, бассейінге абономенттерді алу, спорт құрал-жабдықтарын алу және т.б.), бұл аталған шығыстар бухгалтерлік есепте шығысқа жатқызылады, ал салық есебінде олар шегерім ретінде танылмайды;
Уақытша айырма бухгалтерлік табысты
есептеген кезде кейбір табыс пен шығыс
баптарының бір бөлігі бір есептік кезеңде,
ал салық салынатын табысты есептеген
кезде баска есептік кезенде есептелінеді.
Сондықтан біріңде болған айырма, екіншіде
жойылады. Мысалға:
Бухгалтерлік есепте амортизациялық аударымдар үшін әртүрлі тәсілдер мен нормалар пайдаланылады және ондағы есептелген сома шығын ретінде қабылданады. Салық есебіндетек калдығын азайту тәсілі пайдаланылады. Сондай-ак екі есептің пайдаланатын нормасы да әрқилы болуы мүмкін, нәтижесінде салық есебі бойынша объекті толық амортизациялануы мүмкін, ал бухгалтерлік есепте ол жалғасуы мүмкін.
Айырма сомасы негізінен шектеудің салдарынан пайда болады, ал ол келесі салықтық кезендердің іздестіру барсында компенсацияланады. Құрылыс салуға алған несие (қарыз) бойынша бағамның теріс айырмасы оны жүргізудің кезеңдік төлеміне байланысты пайда болады және салық есебінде оның объективтік құны ескерілсе, бухгалтерлік есепте ол шығыс ретінде танылады;
Тұрақты және уақытша айырма шаруашылық жүргізуші субъектінің есеп саясатына бухгалтерлік есептің де, салық есебінің де енгізген өзгерістерінің (түзетулерінің) салдарынан болуы мүмкін. Бұл арада тұрақты айырманы келесі есептік кезеңде жоюга болмайды, ал уақытша айырма жойылады. Тұрақты айырманы да, уақытша айырманы да өте жеңіл түрде табуға болады, егер де тиесілі бухгалтерлік регистрлеріне салықтық есеп қағидасының зерттеулерін жүргізсе. Уакытша айырма сомасынан салықтық эффектіні бухгалтерлік есепте көрсету және анықтау жолымен оның уақытша айырмасын табады. Салық эффектісі төлеуге жататын немесе кейінге қалдырылатын төлем болып саналады.
Халықаралық практикада жалпы қабылданған пікір бойынша табыстан алынатын салықты сол табысты табу үшін жасалатын шығыс деп санайды, ал ол шығыс есептеу қағидасына сөйкес, өз кезеңіне қарап, тиесілі пайда болған табыстармен бірге танылады.
Есептік кезеңде уақытша айырманың салдарынан пайда болған салық эффектісі 4310 "Кейінге қалдырылған табыс салығы" шотында көрініс табады.
Салықтық төлем міндеттемесінің әдісіне сәйкес, олар кезең барысыңда, өзіне мынаны енгізеді:
- салық салынатын табыстан төлеуге жататын табыс салығын, ал ол әрекет етіп тұрған заңға сәйкес есептелінеді, оның деңгейі былайша аныкталады:
Бухгалтерлік
тұрақты
уақытша
Табыс айырмасы айырмасы
- уақытша айырманың салықтык эффектісі сол есептік кезеңде не төленеді, не жойылады, оның мөлшерін ағымдағы кезеңнің салықтық мөлшерлемесі бойынша жалпы уақытша айырманың сомасынан аныктайды. Егер де келесі жылға корпоративтік табыс салығының мөлшерлемесі өзгеретін болса, онда ол сол өзгерген мөлшерлемесі бойынша алынады.
- кейінге қалдырылған салықтарды осы есептік кезеңге сәйкес келетіндей етіп түзетеді. Түзету сомасы 4310 шотта көрініс табады.
Мысалы. Кәсіпорын 2002 жылғы нәтижесі бойынша келесі нәтижені алды делік:
Бухгалтерлік есеп мәліметі |
Жылдық жиынтық табыс туралы деклорацияның мәліметі және жасалған шегерімдер | ||
Көрсеткіштер атауы |
Сомасы, мың теңге |
Көрсеткіштер атауы |
Сомасы, мың теңге |
1 |
2 |
3 |
4 |
1. өнімді (жұмысты, қызметті) сатқаннан түскен табыс |
10200 |
1. жылдық табыс, оның ішінде: - өнімді (жұмысты қызметті) сатқаннан түскен табыс |
10400 10200 200 |
2. сатылған өнімнің (жұмыстың, қызметі) өзіндік құны, соның ішінде -7312 негізгі құралдардың амортизациясы -7313 жөндеуге кеткен шығыстары |
7015 217 94 |
2. тауарды (қызметті, жұмысты) сатымен байланысты шығыстары 7620 теңге (7015-217-94+916) |
7620 |
3. кезең шығыстары жалпы және әкімшілік шығыстары, оған кіретіндер: -7314 басқару және шаруашылық шығыстары -7315 бюджетке төленетін, айыппұл санкциялары -7316 нормадан жоғары жасалған іс-сапарының шығыстары -7317 кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес шығыстары (мүшелді тойларына сыйлық тарту, бассейн абономенттерін өтеу т.б) -7318 салықты есептеу 3.2. пайызды төлеуге байланысты шығыстар (шетел валютасында резидент еместерден 03.01.02 ж. 10000 доллар немесе 1506000 теңге 2 жылға несие алған, 9% жылдық пайызда үстеме төлейтін болып, яғни 135540 теңге (1506000х9%)) |
|
3. марапаттау (Лондон банкаралық мөлшерлемесі бойынша, несиені алған күні оның деңгейі 2,455 құраған): - бірінші шектеу кезіндегі марапаттау сомасы (Лондон банкаралық нарығының 2-еселенген мөлшерлемесі пайдаланған: 73945 теңге (150600х(2,455х2)%) - қосымша шектеуді ескеріп, есептелген марапаттау сомасы: 0+135540х15/30=67770 теңге |
67,77 |
4. бағамның теріс айырмасы (200-бағамының оң айырмасы; 900,23-салық салынатын табыс, оң да, теріс те бағамы ескерілмей есептелген; енді осы соңғының 50% аламыз ((200+50%х900,23)>400 т. Бұл толық колемде шегерімге жатады, өйткені ол бағамның теріс айырмасына қойылған шектеуден аспаған) |
400 | ||
5. салықтар (оның 500 мың теңгесі осы кезеңде, 50 мың теңгесі - откен кезеңде төленген) |
550 |
Төлем көзінен ұсталатын салықтар. Төлем көзінен ұсталатын салықтар 15% мөлшерлемесі бойынша ұсталады, сондай-ақ ол Қазақстанда жұмыс істейтін резидент еместердің де табысынан үсталады. 15% мөлшерлемесі бойынша төлем көзінен ұсталатын табыстардың қатарына:
- дивиденттер;
- депозиттер бойынша марапаттаулар (жеке тұлғалардың банкке және ұйымдарға салған салымдары бойынша төленетін депозиттері және ҚР ҰБ лицензиясын алып банктің кейбір операцияларын жүзеге асырғаны үшін төленетін депозиттері кірмейді);
- ұтыс;
- занды тұлғалардың төлейтін марапаттау сомасы (банк-резидент, зейнетақы жинақтау қоры, төлейтін марапаттау сомасы кірмейді);
- бағалы кағаздарды шығарғаны үшін төленетін марапаттау сомасы.
Егер де ұтыстардан, марапаттаудан табыс салығы ұсталса жөне оларды растайтын құжаттары болса, онда олар корпоративтік табыс салығынын зачетына жатқызылады.
Резидент емес занды түлғалардың таза табысынан 15% мөлшерлемесінде салық ұсталынады. Олардың таза табысы салық салынатын табыс пен корпоративтік салық сомасының айырмасынан шығады.
Резидент еместердің Қазақстан Республикасының көзінен алатын табыс түрлерінің катарына мыналар жатады:
- өнімді, жұмысты, кызметті сатқаннан алынған табыстары;
- басқару, қаржылық, аудиторлық, маркетингтік т.б. көрсеткен қызметтерінен алынған табысы;
- мүліктердің құнының өсімінің арқасында алынған табыстары;
- талап ету құқына жеңілдік жасаудың арқасында алынған табыстары;
- айыппұл және өсімдерден түскен табысы, бүл айыппұлдар мен өсімдер өз міндеттемесін тиісті орындамаған резиденттерге де, резидент еместерге де салынады;
- дивиденд түрінде алынған табыстары және үлестік қатысудан алған табыстары;
- роялти нысанында алынған табыстары;
- жалға беруден алған табыстары;
- халықаралык тасымалдау процесінде транспорттық қызмет көрсетуден алған табысы;
- резиденттердің төлеген ұтыстары;
- тегін алынған мүліктерден түсетін табысы;
- баска да қызметтерден түсетін табыстары.
Резидент емес заңды тұлгалардың табысына салынатын салықтың тәртібі Қазақстан Республикасындагы тұрақты ұйымдардың қызметі арқылы жүзеге асады. Резидент емес заңды тұлғалардың табысына тұрақты ұйымдардың қызметімен байланысты барлық табыс түрі жатады.
Информация о работе Банктер мен банктен тыс мекемелердің несиелерін есепке алу