Қазақстандағы өндіріс басым болғанда экономиканың бәсекелестігі артады

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Июня 2013 в 00:43, курсовая работа

Краткое описание

Егемендік жылдарында елімізге 30 миллиард АҚШ долларынан астам шетелдік тікелей инвестиция құйылыпты. Бұл республика тұрғындарының жан басына шаққанда ТМД елдері бойынша ең жоғары көрсеткіш. Соған сәйкес, экономика қарқынды дамыды. Соңғы үш жылда отандық өнімнің жылдық өсімі орта есеппен 10,8 пайызды құрады. Турасын айту керек, бұл – еліміз осы мерзім ішінде даму қарқыны жағынан әлем мемлекеттерінің көшбастаушы үштігінің қатарында болды деген сөз. 2004 жылдың қорытындысында ел тұрғындарының жан басына шаққанда отандық өнім өндіруден ТМД елдерінің алдына шықтық. Көптеген көрсеткіштер бойынша көрші Ресей Федерациясын артқа тастадық. Мұнай өндіру еселеп артты, 2015 жылы ол үш есе өсіп, жылына 150 млн. тонна қара алтын өндірмекпіз. Теміржол саласы нығайды.

Содержание

Кіріспе_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _3

Қазақстандағы өндіріс басым болғанда экономиканың бәсекелестігі артады_4

Қайда барсаң Қытайдың киімі..._ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _6

Басты талап - өндірісті үлгілендіру_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ __ _ _ _ __ _ _11

Техникалық жабдықтау өндіріс табысымен байланысты_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 13

Үлгі өзгенікі өндіріс өзіміздікі_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _15

Елдегі нарық еселене ала ма?_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 16

Күріш_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 18

Өнімнің бәрі өзімізден_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 22

Келешегі кемел кәсіпорын_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _24

Қорытынды_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 29

Қолданыған әдебиеттер тізімі_ _ _ _ _ _ _ _ _

Прикрепленные файлы: 1 файл

kurs_4070.doc

— 141.00 Кб (Скачать документ)

Осыған дейін, облыста  тұқымдық күріш өсіретін шаруашылықтар  жүйесі де қалыптасты. Қазір «Түгіскен», «Қарауылтөбе», республикалық мемлекеттік  кәсіпорындары мен «111 Интернационал» ЖШС-і секілді шаруашылықтар айналысады. Бұларда күріштің элита, суперэлита тұқымдары көбейтіліп, осы жоғары репродукциялы тұқымдар облыс шаруашылықтарының сұраныстарын қанағаттандырады. Осы орайда айта кетер тағы бір мәселе, облыстағы ауыл шаруашылығы саласын дамытуға соңғы 3 жылда жылына республикалық бюджеттен 1 миллиард 396 мың теңге, ал облыс бюджетінен 130 миллион теңге қаржы бөлінген екен. Сондай-ақ, бұл салаға инвестиция тарту көлемі де ұлғайып келеді. Әсіресе, күріш саласына тартылған инвесторлар қаржысы көп болды. Солар арқылы, күріш шаруашылықтары соңғы үш жылда жаңадан 104 трактор, 124 комбайн, 186 әр түрлі ауыл шаруашылығы техникалар алынған екен. Оған қоса, шаруашылықтардың өздері лизингімен 15 трактор, 8 комбайн, 4 басқа да техникалар алды. Мұның өзі күріш егу, оны күту мен жинаудың жыл өткен сайын техника күші арқылы сапалы деңгейге көтеріліп келе жатқанын көрсетеді. Сол арқылы әрбір гектардың түсімі де арта түсуде. Қазір Қызылорда күрішін Ресей, Тәжікістан мен Қырғызстан мемлекеттері және Қазақстанның ішкі рыногы алады. Алыс шетелдерден Түркия мен Италия Қызылорда күрішіне қызығушылық танытып отыр. Ал, 2004 жылы күріш экспорты 74 мың тоннаны  құраған екен. Қазір облыста күріш өңдеумен 4 ірі зауыт айналысады. Олар тәулігіне 450-500 тоннаға дейін күріш салысын ақтап, өңдеп шығарып отырады. Осы зауыттардың екеуі халықаралық ИСО-9000 стандарттарына сәйкес, сапа менеджменті жүйесін ендіру жұмыстарын бастап жүргізіп жатыр. Ол биылғы жылдың соңына дейін аяқталады деп күтілуде.

Қорыта келгенде, Елбасының  Қазақстан халқына арналған Жолдауында атап көрсетілгендей , Қазақстанның аграрлық өнеркәсіптік кешенін дамытудың  негізгі бағыты  аграрлық секторды индустрияландыру және шаруашылығы  шикізатын өндіру мен қайта өңдеудің кластерлік әдістері негізінде оның бәсекелестік қабілетін арттыру күн тәртібінде тұр. Бұған облыстың күріш өндірісі саласында қаланған негіз бар. Оны тек жылдағы қаражаяу ағыммен жылжытпай, мемлекеттік дәрежеде назар аударып, ғылымға негіздеп, мол қаражатымен дамыту – кезек күттірмейтін іс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өнімнің бәрі өзімізден.

 

 

Елбасы Қазақстанның әрбір азаматы төрт құбыласы түгел  бай болса екен дейді. Қандай салаларды  көтеру керектігін жыл сайынғы халыққа  Жолдауында атап көрсетеді. Әрине, оның ішінде мың салсаң бір баспайтын арық ат секілді жылда жүгі ауып қала беретін ауыл шаруашылығы басты назарда. Шаруаларға жыл сайын миллиардатаған қаржы бердім деп үкімет айтқанымен бүйірім шықты деп жатқан диқандар жоқ. әйтеуір, жыл басында егіске қаржы таппай қапылып жатады. Пермьер-Министр Даниал Ахметов оңтүстікке келген сапарында диқандармен арнайы кездесті. Соның бірінде ол «сіздер ұсақ шаруашылық болғандықтан өздеріңізге тиесілі қыруар қаржыны мығым технологиясы бар мақта зауыттары арқылы беріп келеміз. Одан сіздердің ұтып жатпағандықтарыңызды ішіміз сезеді. Сол қаржы өздеріңізге тікелей түссін десеңіздер, бір-біріңізбен бірігіп, іріленіңіздер» деген сыңайда әңгіме  айтқан. Яғни, дақылын егу мен жинаудан арғығы көзі жетпей жүрген диқандарға өнімді ұқсатудың өлмес жолын нұсқағандай еді.

Осы бағытта кімнен үлгі аламыз десек, селолық тұтынушылар  одағының оңтүстіктегі жұмысы  алдымен  көзге түседі. Бұрынғы құрылым  негізінде барлық аудандарда филиалдарын  сақтап қалған тұтынушылар одағы  ауыл шаруашылығын дамытудың локомотиві іспетті. Бұған олардың бүгінгі таңдағы жұмыстарын зерделеу бағытында көзіміз жете түскен.

Селолық тұтынушылар  одағы ауыл шаруашылығының барлық саласына қазығын қағып, тамырын тереңге  жіберіп жатыр. Малшыларға қой жүнін  өткізу бір мұң болып қалып  еді, бүгінде Шардарада киіз басу цехы жұмысқа қосылған. Сұраныс бар. Сайрамда «Сайрам сүт» серіктестігі 4 миллион теңгеге 112 тонна  сүт өнімдерінен 22 түрін өндіріске шығарып жатыр. Әзірге ресейдің бұрынғы технологиясын тұтынып отырған зауыт күніне жеті тоннадан астам сүтті өңдей алады.

Оңтүстік Қазақстан  облыстық Тұтынушылар одағының басқарма төрағасы мейлінше іскер адам. Одақтың өз қаржысы есебінен, қала берді несие алып алуан шаруашылықтың керегесін кеңейтіп келеді. өзінде барды ұқсатып, өндірісті тұралаған шаруашылықтардың иесіз қалған ғимараттарын сатып алып, жаңа шаруашылықтар ашып жатыр.

Тұтынушылар одағы ұйымдастыра  білсе орасан күш екендігі белгілі. Күні ертең БСҰ-ға өткен диқан  таяғына сүйеніп қалмас үшін ауыл шаруашылығын реформалаудың жаңа бағыттарына  кірісті. Облыс мақта кластеріне байланысты еркін экономикалық аймаққа кіретін болғандықтан облтұтынуодағы мақта өңдеп , жіп иіру, дайын өнімге жету жолдарын қарастыруда. Жаңа жіп  иіру-мата фабрикасы түрік ағайындардың инвестициясы арқылы жүзеге асырылмақ. Бұл салада «Қазақ-Орыс Альянсы секілді алып кәсіпорындар бар болғанымен облтұтынуодағына өзіндік жұмыс жетеді.       

«Бизнес Шымкент КООП»  серіктестігінде істелініп жатқан жұмыстарды көріп көз қуанады, көңіл  тоғаяды. Шетелге жақтамай-ақ өз жігіттеріміздің ауыл шаруашылығы өнімін өңдеуге кірісіп жатқаны ертеңгі  күнге деген нық сенім.

Конвейер сартылдап , қияр банкіге жабылып жатыр. Банкі  – Жамбыл облысының зауытынікі. Қақпақ та – Жамбылдан.  Яғни, барлығы  Қазақстандық . Бұрын түйме екеш түйменің өзін шығаратын фабрикамыздың болмағаны мына жұмыстарды көргенде көз қуанады.

 

 

 

 

 

 

Келешегі кемел  кәсіпорын.

 

 

Қостанай ел қамбасының үштен бірін толтырып отырған  астықты аймақ қана емес , шекара асып , сыртқа кететін экспорт эшелонына  елеулі жүк қосатын кенді өлке. Бұған осы өлкеден шығатын Құмұрындағы көмір мен Рудныйдағы темір, Жітіқарадағы асбест пен алтын куә. Солардың ішінде облыс бюджетінің 60-70 пайызын бір өзі ғана құйып отырған Соколов – Сарыбай тау кен өндірістік бірлестігінің орны ерекше. Өкініштісі, өткен жылы аталмыш кәсіпорын өз өнімін тікелей тұтынушылардың бірі Магнитогорскі металлургия комбинатымен арадағы баға барысындағы түсінбеушіліктен бірлестік белгіленген межеден шыға алмаған еді. Алайда қос ел президенттері бірнеше мәрте бас қосып, бұл мәселе бүгінгі таңда шешімін тапқан сыңайлы. Оны, Қостанайлық кәсіпорынның ағымдағы жылға жоспар еткен жұмыстарынан да аңғаруға болады. Экономикалық шығынға ұшырауына қарамастан отандық өнімнің құнын түсірмеуге, бағасын арзандатпауға тырысқан және соған қол жеткізген. Магнитогорскілік металургия комбинатымен қазір қалыпты хал-ахуалда жұмыс жасап жатыр. Қазір 1 айдың өзінде 1 миллион 600 мың шикізатты шетелге шығарады. Бұл комбинат тарихында бұрын-соңды болмаған көрсеткіш. Әлгі айтқан металургия комбинатына ғана 1 млн .100 мың тонна шикізат аттандырмақ. Ал, Қытайға келісім бойынша  ай сайын 400 мың тонна жөнелтеді.

Әлемдік шикізат саласын  саралап отыратын аналитиктердің мәліметі бойынша, енді екі-үш жылдан кейін дүниежүзілік нарықта темір өнімдері шикізаты шектен тыс көбеюіне орай баға   құлдырайды деген байламдар жасап бағуда.

Комбинат президентінің  айтуынша , дәл осы күні комбинат үшін үлкен ықылас білдіріп отырған  ел – Қытай. Стратегиялық маңызды  нысан саналатын қытайлық тұтынушылар  жыл сайын 300 миллион тонна темір руда концентратын сатып алып, одан Қытай металлургия кәсіпорындары 10-12 миллион тонна темір жасап шығарады екен. Демек, былтырғы жылы қостанайлық кәсіпорын 2 млн. 300 мың тонна өнім берсе, ағымдағы жылы оның көлемін ең кемі 5 млн. тоннаға жеткізу көзделуде. Нәтижесінде, алып өнеркәсіпті елдің 5-6 млн. тоннаға пара-пар  сұранысына ие болу басты мақсат.Үздіксіз тасымалды дайын өніммен қамтамасыз етіп отыру ең бірінші кезекте техникалық мүмкіндікке байланысты.     

 

Қазақстан Қытайдан қиыршық тас (шебень) импорттайды екен.  
Нағыз салғырттық қой бұл. Сіз айтып отырған қиыршық тас қолданылмайтын сала жоқ деуге болар. Бір қызығы, қиыршық тас дайындау технологиясының жаңа түрін Қазақ көлік және коммуникациялар академиясындағы ғалымдар тобы жасап шығарып, ол Жамбыл облысында өндіріске енгізіледі. Жаңа отандық технология импорт тектесінен әлдеқайда өнімді. Шикізат Қазақстанда бар, технологиямыз да дайын, сұраныс та жеткілікті. Ендеше, сол қиыршық тасты импорттау іс жүйесін білгендік пе?! Кеңестік дәуірде Құрылыс материалдары өнеркәсібі  шыны-әйнектен басқа материалды түгелдей дерлік Қазақстанда шығарған. Барлық облыстарда қиыршық тас өндірілетін, цементіміз де жеткілікті болған. Линолеумді де сырттан алдырмайтынбыз. Ондағы құрылыс ауқымы қазіргіден кем болған жоқ.Жарайды, 90-жылдардағы экономикалық дағдарыс ол кәсіпорындарды жауып тынды дейік. Енді экономикалық өрлеу басталған сәтте-ақ құрылыс компаниялары соларды қалпына келтіріп алуға болатын еді ғой. Жасыратыны жоқ, елімізде тамаша ғимараттар тұрғыза алатын құрылыс компаниялары пайда болды. Бірақ солар құрылыстарын отандық материалдардан салуға құлықсыз болып келеді. Неге? Меніңше, олар үшін кімнің материалынан болса да ғимарат салса болғаны. Бұл үшін оларды кінәлауға да қақымыз жоқ. Дегенмен осы отандық материалдар өндірісіне, әсіресе, импорталмастырғыш материалдар өндірісіне құлықсыздық ең соңғы нәтиженің, яғни салынған ғимараттың шаршы метрінің өзіндік құнының шарықтауын туғызып отырғанын ойлағанда еріксіз қынжыласың. Қазіргі кезде қалың көпшіліктің қалтасы көтеретін пәтерлер құрылысы салынбай тұрғаны соның салдары. Тіпті Президенттік бағдарлама бойынша салынып жатқан шаршы метрі 350 долларлық пәтерлерді ипотекамен алғанда бұл пәтердің бағасы кемі екі есеге өсіп шығатыны тағы белгілі. Бұдан шығатын қорытынды – макроэкономика дамып, микроэкономика қалыс қалғанда халықтың қалың бөлігі қыспақтан құтылмайды деген ащы ақиқат. Керісінше, микроэкономика дамып, макроэкономика солардың қолдауына сүйенген елдерде 60-70 пайыздай орташа қалыптасады. Ал бізде әлі күнге дейін орташа қалыптасып болған жоқ. Орташа деп жүргендеріміз – табысы тамағына жететіндер ғана. Дамыған елдерді айтпағанның өзінде, нарық мемлекеттерінің бәрінде дерлік орташаға табысы тамағынан әлдеқайда көп мөлшерде артылатындар, банктердегі депозиттері жұмыссыз қалғанның өзінде біршамаға жететіндер жатқызылады. Олар негізінен халықтың басым бөлігін құрайды.

Өмірімізге ене бастаған кластерлік жүйе микроэкономиканы дамытудың бірден-біржолыда, үміті де осы кластерде жатыр. Әзірге жеті кластерге басымдық берілген ғой. Мәселен, мұнай, газ кластерін алайықшы. Осы уақытқа дейін шикі мұнай экспорттап келдік. Енді соның бір бөлігін химиялық жолмен тереңдете өңдеп сатамыз деп жатырмыз. Осы тереңдете өңделген соңғы бұйымға дейінгі жұмысқа бірнеше шағын және орта кәсіпкерліктің ат салысары сөзсіз. Мәселен, полипропилен, полиэтилен, полистирол секілді химиялық жаңа өнім түрін алу үшін реакцияны ұйытқыш, жеделдеткіш қоспалар пайдаланылады. Бұл басқа кен орындарынан алынатын шикізат. Соңғы тауарды сатуға шығару үшін қаптауыштар (упоковочные материалы) қажет болады. Демек, қағаз, шыны шығаратын кәсіпорындар бой көтереді. Жасанды каучук өндірісі де өмірге келеді. Қысқасы, кемі 4-5 сала шағын кәсіпкерліктің дамуына осы кластердің өз ұйытқы болады. Жоғарыда әңгіме еткен құрылыс материалдары өндірісіндегі шағын кәсіпкерліктің дамуына да кластерлік жүйе оң ықпал етеді.Айта кетейін, енді 4-5 жылдан кейін құрылыс материалдарының басым бөлігі өзімізде өндіріле бастайды. Бұл пәтерлердің өзіндік құнын арзандатуға оң әсер ететін болмақ. Тек аяғынан нық тұрып кеткенше шағын және орта кәсіпкерлік мемлекеттік қолдау жеңілдігін пайдалануы тиіс. 
              Несін жасырамыз, осы уақытқа дейін бізде екі кемшілік шағын және орта кәсіпкерліктің аяғына тұсау болды. Екеуінде де білімсіздік немесе мүдделер қайшылығы деген теңеуді қолдануға болар еді, бірақ солай айтып, біреуді кінәлағаннан пайда жоқ. Сондықтан тек сол кемшіліктерді көрсетіп, оларды жою жолдарын ғана айтайық. Біріншіден, салық ауыртпалығы шағын және орта кәсіпкерліктің өндірістік саласының дамуына тұсау болды. Ойлаңызшы, тұтыну тауары импортына белгіленген тариф мөлшері сол тауарды елімізде өндіру үшін технология импортына қойылған тарифтен төмен болды. Мұндайда жергілікті өндіріс дамымайды, дайын тауар тасушы саудагер қорланады. Оның үстіне макроэкономикаға салық микроэкономикаға салықтан әлдеқайда төмен болды. Яғни орта және шағын кәсіпкерлікті дамытудың орнына тұншықтырып келдік. Міне, ең алдымен осы әділетсіздік жойылуы тиіс. Тіпті мүмкін болып жатса, салық жеңілдіктері арқылы микроэкономикаға қолдау көрсетіп, басымдық берілуі керек.Бұл-бір кемшілік.

Екінші кемшілігіміз мүлде күлкі туғызады. Қарапайым  халық біле бермейтін, ал кәсіпкерлер  бүгінгі таңда тіреліп тұрған тұйық – қарапайым сантехниктердің, электрмен, газбен дәнекерлеушілердің, слесарь, токарь, фрезерші мамандардың қаттығы. Қазір 40-50 мың теңге жалақыға сантехник таба алмайсыз. Күлкілі ме? Күлкілі. Өйткені мемлекет қаржысына оқып, диплом алған экономистер мен заңгерлер, агрономдар, мал дәрігерлері жұмыс таба алмай көше тоздырып жүр. Ал сантехникті табу маядан ине іздегеннен де ауыр. Бұған не деуге болады? Білім және ғылым министрлігі, Елбасымыз ғылым-білімді тікелей өндіріспен байланыстыру керектігі жайлы еліміз егемендік алғаннан бері айтып келе жатса да осы уақытқа дейін өмір мен оқуды байланыстыра алмағанының бір көрінісі бұл. Кәсіптік-техникалық оқу орындары қамқорлықсыз қалды ғой. Енді соның салқынынан тиген дерт қашан кетері белгісіз. Екінші кемшілігіміз – осы. Бұдан шығудың жолы – кәсіби бастапқы білім буынын жедел және баса қаржыландыру. Өйткені мен жоғарыда атаған мамандық иелері экономика түгіл, өмірдің барлық саласына күнделікті қажет буын. Сөз жоқ, алда ондаған мың шағын және орта өндіріс орындары ашылады. Ал оларға жүздеген мың сантехник қажет болады. Жұмысшы мамандықтарының басқа түрлері де соншалықты қажет. Демек, "жүздеген жоғары оқу орындарын мемлекеттік грантпен қамтамасыз ету керек пе, әлде..." деген сұрақ өзінен-өзі туындайды. Мәселен, шет елдерде жоғары білімді дәрігерге отыздай орта буын – медицина маманы қажет екен. Дәл осы шаманы жоғары білімді инженерлерге де қолдануға болар. Ал бізде әзірге керісінше болып тұр, жоғары оқу орындары көп те, орта буын жұмысшы мамандар даярлайтын оқу орындары сұранысты өтей алмай тұр.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды:

 

 

Біздің еліміздің даму теңдігін қамтамасыз етуші осындай  әлемдік екі ірі орталықтың нақ  ортасында орналасуы әлі іске толық қосылмаған өндірістік, соның  ішінде жер ресурстық мүмкіндіктерімізді ашудың сенімді факторы. Елбасы осыдан бірнеше жыл бұрын жариялаған "Қазақстан-2030" стратегиясында: "Осындай тоғыз жолдың торабында орналасқандықтан, шекараларымыздың өн бойында отандық өнімімізді өткізудің аса ірі нарықтарының орасан зор әлеуетіне ие болып отырмыз. Таяу жатқан сыйымдылығы 2 миллиард адамға жуық нарықтардың бірен-сараны болмаса, қалған кез келгені Қазақстан өнімін, әлбетте, оның бәсекелестік қабілеттілігі болған және тиісті көлік арналары дамыған жағдайда жұтып қоюға қабілетті", деп атап көрсеткен болатын. Ел жағдайының қиындау кезінде қабылданған 2030 стратегиясы сол тұста көп адам үшін қиял секілді көрінген еді.Қазір бұл нақты өмір шындығына айналып,іс-қимыл әрекеттерімізбен біте қабысуда. Сондықтан Қазақстан ауылшаруашылығы өнімдерінің Елбасы айтқанындай, олардың бәсекеге қабілеті болған жағдайда, бізге таяу рыноктардан өз орындарын табатындығына сеніммен қарауға болады.. Егер біз осы 2 миллиард халықтан тұратын рыноктың тым құрығанда 1-2 пайызын ғана отандық өз өнімдерімізбен қамту мүмкіндігіне ие болсақ,онда аграрлық өндіріс көлемін қазіргіден екі-үш есе арттыра алады екенбіз.  
Оның үстіне,Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласының болашағынан үлкен үміт күттіретін ең үлкен фактордың бірі еліміздің жалпы экономикалық жағдайының тұрақтануымен және қарқынды түрде алға басуымен байланысты болып отыр. "Сабыр түбі - сары алтын, сарғайған жетер мұратқа", дейді халқымыз.Халықтың сабырымен, Елбасының сара саясатының арқасында көптеген қиындықтарды артқа тастадық.

 

- -


Информация о работе Қазақстандағы өндіріс басым болғанда экономиканың бәсекелестігі артады