Қазақстандағы өндіріс басым болғанда экономиканың бәсекелестігі артады

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Июня 2013 в 00:43, курсовая работа

Краткое описание

Егемендік жылдарында елімізге 30 миллиард АҚШ долларынан астам шетелдік тікелей инвестиция құйылыпты. Бұл республика тұрғындарының жан басына шаққанда ТМД елдері бойынша ең жоғары көрсеткіш. Соған сәйкес, экономика қарқынды дамыды. Соңғы үш жылда отандық өнімнің жылдық өсімі орта есеппен 10,8 пайызды құрады. Турасын айту керек, бұл – еліміз осы мерзім ішінде даму қарқыны жағынан әлем мемлекеттерінің көшбастаушы үштігінің қатарында болды деген сөз. 2004 жылдың қорытындысында ел тұрғындарының жан басына шаққанда отандық өнім өндіруден ТМД елдерінің алдына шықтық. Көптеген көрсеткіштер бойынша көрші Ресей Федерациясын артқа тастадық. Мұнай өндіру еселеп артты, 2015 жылы ол үш есе өсіп, жылына 150 млн. тонна қара алтын өндірмекпіз. Теміржол саласы нығайды.

Содержание

Кіріспе_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _3

Қазақстандағы өндіріс басым болғанда экономиканың бәсекелестігі артады_4

Қайда барсаң Қытайдың киімі..._ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _6

Басты талап - өндірісті үлгілендіру_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ __ _ _ _ __ _ _11

Техникалық жабдықтау өндіріс табысымен байланысты_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 13

Үлгі өзгенікі өндіріс өзіміздікі_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _15

Елдегі нарық еселене ала ма?_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 16

Күріш_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 18

Өнімнің бәрі өзімізден_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 22

Келешегі кемел кәсіпорын_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _24

Қорытынды_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 29

Қолданыған әдебиеттер тізімі_ _ _ _ _ _ _ _ _

Прикрепленные файлы: 1 файл

kurs_4070.doc

— 141.00 Кб (Скачать документ)

Осының бәрі келіп  бүгін жеңіл өнеркәсіпті екінші дағдарысқа ұрындырып отыр. Семейдің, Петропавлдың, Рудныйдың қайта жарақтанған тері зауыттары сапасы шикізаттың кесірінен аяқ киім фабрикаларына қажетті былғары- тері дайындап бере алмауда. Мысалы , Семей зауыты жаңадан италиялық түркілік қондырғы жабдықтар қойды. Жиүаз және аяқ киім өндірісіне қажетті былғарының жаңа түрін шығаруды меңгерді, жұмысшыларын , қызметкерлерін шет елде оқытып әкелді, сөйтіп бір өзі ғана отандық аяқ киім фабрикаларының мұқтажын толығымен өтеуге дайын болып отыр бірақ , фабрикаға келіп түсетін шикізат – терінің сапасыздығы қолды жіпсіз байлап отыр.

Отандық кәсіпорындар алдында  айналмалы қаражаттың кемдігіде  кесе көлденең жатып алған. Жазғы  науқанда жақсы теріні көп етіп жинап  алуға олардың мүмкіндігі келе бермейді. Бұл мақсатқа несие бөлінбейді, соның кесірінен қаржыдан тапшылық көрмейтін қытай түрік саудагерлеріне жақсы тері толассыз келіп жатыр. 2002 жылы жаңадан қабылданған салық кодексі бойынша тері, аяқ киім өнеркәсібіне тиесілі жеңілдетілген қосымша құн салығы алынып тасталғаны да енді бас көтеріп келе жатқан кәсіпорындарға жұдырық болып тиеді. Аяқ киім тігушілер жоғарғыда аталған мәселелер оң шешімін таппаса атап айтқанда тері шикізатына деген экспорттық, дайын өнімге деген импорттық кеден салығы көтерілмесе есесіне өнеркәсіпке қажетті қондырғы, құрал-сайман, станоктарға деген баж салығы қайта қаралмаса аяқ киім кәсіпорнының аяғынан тұрып кетуі екі талай.

 

 

 

 

 

 

Басты талап - өндірісті үлгілендіру.

 

 

Еліміздегі нан және нан өндіретін әзірлеу (пісіру) саласы бүгіндері қандай күй кешуде. Осы бір сауал әрбір саналы азаматты ойландыру керек. Себебі, нанның сапа сыны- бәрімізге ортақ игілік. Бұл реттегі мәселелер қай сәтте де болмасын өміршең.Қалыпты іс-тіршілік үйлестіру үшін отандық кәсіпорындар нендей қолдауды, я болмаса іс-шараны, шешімді қажет етеді? Бұл сауалдың жауабы жан-жақты негіздемелер мен сипатталады. Сонымен ең алдымен мына жайтты алға тарту керек сынды.Қазақстандағы нан индустриясы өкілдері мемлекетіміз бен еліміздегі аралас салаларды өкілдерінің нан пісірушілер проблемасына тек «қызу науқан» кезінде ғана емес, басқа мезгілдерде назар аударуы қажеттігін білдіруде. Өйткені, осы сала мамандары мен жетекшілерінің пайымдауынша, онсызда үздік кезеңнің басынан кешіріп отырмаған нан пісіру саласының Қазақстанның  Бүкілдүниежүзілік Сауда ұйымына өтер тұсында тұйыққа тіреліп қалуы ықтимал. ДСҰ-на енуге дайындық жасау кезінде аталынған сала қандай нақты шешімді қажет етеді? Нан индустриясын дамыту қауымдастығының өкілдері бұл ретте өнімділікті арттыру мен шығынды төмендетудің басты талабы болып өндірісті үлгілендіру мен мамандандыру саналады деген пікірде. Нан зауыттары мамандандырылған желілерде үлкен көлемдегі өнімдер шығаруға бағыт бұруы қажет дейді мамандар.

«Нан» пісіру өндірісі 16-дан  асиам саламен байланысты, ал тауарлар мен қызмет көрсету бағалары, егер өзгерсе әдеттегідей ұлғаю бағытына қарай өзгереді. Сол сәтте барлық аймақтардың атқарушы билігі ұнның, энергоресурстың, транспорттық шығынның қымбаттағанын назарға алмастан, нанның бағасын қатаң реттейді. Бір жағынан өндірісшілер де нан шығару көлемін сақтап қалу мақсатында  бағаның сақталынып тұруына мүдделі, алайда егерде бағаны тұрақты күйде ұстап қалуы мүмкін болмай жатса да «кінәлі» нан пісірушілер болып шыға келеді.

Тәжірибе көрсеткендей нан бағасын әкімшілік-фискальды әдіспен ұстап тұру өте күрделі.

Проблема бағада. Нан  –тоқаш өнімдері  нарығында іс-жүйелеушілер өткен жылы-ақ «Сау-нан» мемлекеттік  кешенді бағдарламасын жасақтау қажеттілігі жөніндегі сауалды  көтерген болатын. Әрине, бұл терең  пайымдасақ, тұтынушы үшін де, өндіруші үшінде игілікті шара. Әсіресе сапалы да сындарлы өнімге деген сұранысы жоғары тұтынушы үшін. Бағдарламада тағамдық және биологиялық құндылығы жоғары нан өндірісін ұлғайту жөніндегі кешенді шаралар анықтала түскен болар еді. Осына ізгі істі өз кәсіпорнында үйлестіріп отырған өндіріс орындарының бірі «Ақсай-нан» нан-тоқаш комбинаты. Комбинаттың жетекші маманының айтуынша кәсіпорында «Здоровье», «Баварская», «Облепиховый», «Алпамыс» сынды денсаулық сақтауға пайдалы нандар нандар өндірісі дұрыс жолға қойылған. Өзіміз білетін «ісімен мамандықтарымен» өндіріс орны, яғни, «Ақсай-нан» нан сорттарын өткізу ісінде ылғы проблемаға кезігіп отырады екен. Әңгіме сол баяғы бағаға қатысты. Бұл ретте нан пісірушілерге мемлекеттің қолдауы қажет. « Сондықтанда біз, аталынған салада мемлекеттік реттеудің деңгейімен сапасын көтеруді ұсынамыз. Атап айтқанда соның нәтижесінде нан зауыттарын емдік бағыттағы өнімдердің нақты көлемі бойынша бюджетке өтетін табыс салығынан босатуды, осы өнім бойынша электроэнергиясына отынға жеңілдік беретін тарифтерді қолдануды сұранамыз» дейді кәсіпорынның басшы маманы. Бұл мәселе де бүгінгі нан өндірісінде шешімін күтіп жүрген сауалдардың бірі.

 

 

 

 

 

 

 

Техникалық жабдықтау  өндіріс табысымен байланысты.

 

 

Үздік технологиялық құрал-жабдықтармен, қамсыздануға ұмтылу тек нан өндірісі ғана емес жалпы көптеген салаларға керек нәрсе. Ал нан тәрізді адамдар үшін өмірлік мән-мәнісі өте жоғары тағам әзірлейтін салаға екібастан қажет шарттылық. Оған  (үздік жабдықпен қамтамасыз етілуге) ұмтылған кәсіпорынды шын мәнінде лайықты бағалауға болады. Дегенмен бұл істе де өзіндік өзекті сауалдар жоқ емес. Мамандардың пайымынша: Қазақстандық нан пісірушілер шетелдік өндірушілермен тек өндірісті техникалық үлгілендірген жағдайда ғана толық бәсекелестікке түсе алады. Алайда аталынған проблема қазіргі кезде бұл сала үшін өте өзекті мәселелердің бірінен саналады. Нан өндірісі кәсіпорындағы құрал-жабдықтардың (көнеруі) орта есеппен 60-80 пайызды құрайды, көптеген агрегаттар мен тұтастай желілер ескірген , өндіріске қажетті режимді қамтамасыз ете алмайды.  Сонымен қатар көптеген кәсіпорындардың жағдайы техникалық қайта жабдықтауды іске асыруға мүмкіндік бермейді. Нан зауыттарының көпшілігінде жаңару коэффициентінің жылына 1 пайыздан аспауы нені білдіретінін  айтқызбай-ақ аңғаруға болатын шығар. Техникалық жабдықталу сауалын шешу нан пісіретін өндірістің табыстылығымен тікелей байланысты, ал біз ұн мен қанттың , транспорттық қызметтің , энерготасымалдаушылардың өзгеріп тұратын бағасына ылғи бейімделуге мәжбүрміз. Мұндай  жағдайда өнімнің өзіндік құнын және кәсіпорынның табысын жоспарлау өте күрделі. Мәселен, сол құрал-жабдықтың өзі де қымбаттап тұрады»- дейді «Ақсай-нан» нан-тоқаш комбинатының өкілі. Осы арадан түйер ой көп. Ең бастысы нақты да сәтті іс жүйелеуге барлық негізі бар отандық өндіріс орындарына мемлекеттің шынайы қолдауы қажет. Себебі өндірісті үлгілендіруді қаржыландыру , құрылымдық қайта құру, жаңа өнімдер шығару технологиясын игеру проблемалары кәсіпорындарымыз үшін өткір мәселе болып отыр. Мұндай бағдарламалар мерзімді және ұзақ мерзімді сипаттамаға ие. Олар кәсіпорынның шектелу өз қаражатымен қаржылана алмайды, өйткені. Ал алдында тұрған проблемадан шығу жолын нан индустриясын дамыту қауымдастығының жетекшілігі мынадай жағдаймен тапқан жөн деген ойда: қауымдастық өкілдері негізгі қорларды жаңартуға кәсіпорынның өз қаржысын нақтылап айтқанда , пайда мен жеделдетілген амортизацияға жасалынатын төлемдердіпайдалануды , импорттық құрал-жабдықтарды сатып алудың қосымша құн салығынан, нан өндіру және сату қаржысының табысынан босатуды ұсынады. Барлық сауалдарды кеңесе отырып шешуді ортаға салып жүрген сала мамандарымен бірге осы мәселелерді неге білесе шешпеске?!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Үлгі өзгенікі өндіріс өзіміздікі.

 

 

Еліміздің автокөліктік нарығы өсу кезеңін өткеруде. Өзімізде автокөлік мәселесі енді нақтыланып, былайша айтқанда жаңадан ойластыра бастаған уақыттарда, әрине нарық негізінен шетелдік өндірушілердің үлесінен толықтырылып келеді. Елдегі автокөліктердің сан жағынан ұлғаюы көптеген жылдар бойы жеңіл көліктер есебінен туындауда. Бір ғана Алматыдағы тіркелген көліктер саны әлдеқашан 300 мыңнан асып кетті. Бұл көрсеткіш кейбір мамандардың пікірінше 2020 жылы 600 мыңнан асады деп дәйектеліп отыр. Ағымдағы жылдың алғашқы жарты жылдығында көлік саласында әрекеттенетін ресми дилерлердің сату көрсеткіші 6200 көлікті құраған. Бұл көрсеткіштің жыл соңына дейін 12 мыңға дейін жету мүмкіндігі де болжануда. Көлік нарығында тек «таза» дилерлер ғана «ойнамайды», көлеңкелі көлік бизнесі де өз хал-қадірінше жұмыс істеуде. Айта кетер бір жәйт, ресми автодилерлер қатары дегенмен кеңейіп келеді. Сонымен еліміздің автокөліктік нарығындағы іс реті қалай қалыптасуда немесе қалай жүргізілуде? Деген сауалға мән беріп көрелік.

Көлікке деген сұраныс үлесінде немістік және жапондық концерндердің басымдығы байқалатынынан тұтынушылардың өздері де хабардар. Ресей нарығына қарағанда Қазақстанда немістер мен жапондардың өндірушілеріне француз автоөнеркәсіпшілері бәсекелестік туындата алмауда.

 

 

 

 

 

 

 

 

Елдегі нарық  еселене ала ма?

 

 

Шетелдік көлік жақсы-ақ, десекте, өркениетке, өсу мен даму жолына түскен әрбір мемлекеттің өз көлігін шығаруға мүдделі екендігі, соған ұмтылатындығы шындық. Ондай ниет-талап бізге де жат емес. Бұл бағытта да іске деген ізденістер көріне бастады. Еуропалық (Чехиялық) автоөндіруші «Шкода-авто» компаниясымен келісілген іс биылғы жылдың тамыз айынан бастап игеріле бастады. Атап айтқанда автоөндіруші компания осы уақыттан бастап өскемендік автоқұрастырушы зауытының  қуатын пайдаоана отырып « Oktavia  Tour» көлік үлгісін жинауға кірісті. Әрине, өз көлігіміз (үлгілік тұрғыдан) болмаса да мұндай бастаманың соңы игілікке астаса түсуі де     ықтимал. Сонымен қазақстандық кәсіпорында биылғы жылдың соңына дейін 500 автокөлік шығарып, оның 350-ін сату жоспарланған.

Өндіріске неліктен « Oktavia  Tour»  үлгісі таңдалынып алынды?  Деген сауалдың да туындап жатуы заңдылық. Олай болатын себебі, аталмыш көліктің (үлгінің) қазақстандық нарық үшін қаншалықты маңыздылығы бар екендігі анықталған. Қазақстанда ұйымдастырылып отырған өндірістік іс

« Oktavia  Tour» үлгісінің біздегі жағдайға бейімделуін (двигательдің қосымша қорғалуын, жанармай жүйесі жұмысының    бейімделуін, біздің жолға лайықталуын) ескерген. Осы 2006 жылы өндіріс көлемін 5000 автокөлікке дейін ұлғайтуды көдеп отырған өндірісшілер ол көлемнің ішіне жаңа үлгілерді игеруді де қосып отыр. Ол үлгілер қатарына «Oktavia Superb»  пен «Oktavia New» жатады. «Oktavia Superb»  автокөлігіне қатысты айтсақ, 2006 жылдың соңына дейін осы үлгідегі 600 автомобильдің құрастырылып-сатылуы жоспарда бар. Ал «Oktavia New» үлгісін шығару келесі жылдың бірінші тоқсанына енгізілген. Осы арада айтар бір жағдай, біздің кәсіпорынның қуаты жылына 45000 автомобиль шығаруға қуатты болғанымен, олардың нарықта сұранысқа қаншалықты ие болатындығы     өзінше бөлек, маңызды сауал. Бұл тұрғыда көптеген қажеттіліктер мен шарттылықтарды игеру қажет. Біздіңше, қазақстандық өндіріс орнына автокөлік құрастырушылар ізденіспен жұмыс жүйелеуде. Кәсіпорын бүгінгі күннің өзінде толықтырушы  бөлшектер өндірісін де қолға алып отыр.

Ауыр көліктердің де кез келген сала үшін қажеттігін түсіндіріп жату артық. Ал осы көліктер нарығы қалайша тыныстар отыр? Дейтін болсақ, ең алдымен көліктердің сатылу көрсеткішін  алға тартқан жөн болар. Бұл ретте  де өсімнің барлығын бірден айта кепекпіз. Камаз» ААҚ –ның  мәліметінше, еліміде осы үлгіні сатудың 6 жылдық көрсеткіші 11 есеге дейін өсіпті. Осы кезең ішінде қосалқы бөлшектер 15 есеге ұлғайған. Қазақстанда бірінші болып үлкен жүк техникасы өндірісін ұйымдастырушылар біліктілік танытқандай. Еліміздегі жүк көліктері автопаркінде «Камаз» 57 пайызға иелік етіп отырғандығын айтсақ жеткілікті шығар. Ең алғаш 2001 жылы  «Іскер» ААҚ алматылық кәсіпопрнының қуатымен іске қосылған бұл орында қазіргі кезде «Камаздың»-дың 8 үлгісі жиналады. Жүк көліктерін қазақ жерінде жинау-құрастыру ісі Көкшетауда да жалғасын тапты. Мұнда «Қазақстан-Инжиниринг» автобустар және жүк көліктерін құрастыратын бірлескен кәсіпорын биыл тұсауын кесті.

Қазақстанда сондай-ақ ресейлік «Газ» үлгілі автокөліктерін өткізу нарығы да тәуір көрсеткіштермен сипатталады екен. Ал ресейліктерге қарағанда Қазақстан нарығына келгендігі жөнінде биыл мәлімдеген украиналықтарға әлі талай істің басын шалу керек. Биылғы жылдың соңына дейін ел нарығына өз өндірісінің 50 автобусын қоюды міндетіне алып отырған компания келесі жылы сату көлемін ұлғайтпақ. Негізінен осы істердің барлығы елімізге көлік өндіруші шетелдік компанияларының ресми дилерлерінің қатынасуының артуы нәтижесінде мүмкін болуда. Сонымен қатар, сұранысы мол еліміздің нарығына әлемдік автоөндірушілер басымдығы үлкен деп қарауда.

 

 

 

Күріш.

 

 

Қазақстандағы күріш  ауыл шаруашылығы саласының қомақты  бөлігін күріш өнімін құрайды. Еліміздің Оңтүстік Қазақстан, Алматы облыстарында аз-аздап күріш егілгенімен, ақ күріштің негізгі отаны – Қызылорда екені анық. Негізінде әлемге атағы жайылып, «ақ күріштің аталған», екі мәрте Еңбек Ері Ыбырай Жақаев есімінің  өзі-ақ Сыр өңірінде күріш егістігіне қаншалықты мәе берілгендігін, жылдар бойы бұл дақылдарды егіп, баптап өсірудің нағыз шеберлері қалыптасқандығын дәлелдейді. Сонау 60-70 жылдардың өзінде-ақ Сыр елінде «Жақаевшылар қозғалысы» қант жайып, өңір жастары жаппай күріш егуге атсалысқан кезеңдерде болды. Сол бір жылдарда осы дақылдарды өсіріп, одан мол өнім алуда небір жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар майталман еңбек адамдарының даңқы көтерілді деуге болады. Сол кезде бірінен соң бірі кеңестер Одағының Еңбек ері атақтарын Ыбырай шәкірттері Зәһира Ержанова, Ұлбала Алтайбаева, Қасым Бөдеев, Салима Жұмабекова, Несіпбай Әпірезов, Ұзақ Еспанов секілді күрішшілер мен шаруашылық басшылары алған болатын.

Облыстағы ауыл шаруашылығы  департаменті алға тартып отырған мәлімет  бойынша, қазір Қызылорда облысында 3,5 миллион гектар ауыл шаруашылығы  мақсатындағы жер болса, соның 215 мың  гектары суармалы жерлерге жатады екен. Ал, соның ішінде 172,5 мың гектар алқаптар инженерлік жүйеге келтірілген күріш тақталықтары. Инженерлік жүйеге келтірілген осы жерлер 340 ауыспалы егіс жүйесін қамтыса керек. Осының 155,9 мың гектар ауыспалы егістігі. Қазір осынша көлемді игеріп, агротехника талаптарына сай тоздырмай, күтіп-баптап, одан жылма-жыл күріш, мал азғындық жоңышқа мен бидай, арпа алып отыру мүмкіндіктерін реттеу Үкімет тарапынан аз жасалып жатқан жоқ. Мемлекет қазір тұқымға, минералдық тыңайтқышқа, гербицид пен жанар-жағармайларға, егістікке су жеткізіп беруге жылма-жыл субсидия бөліп отырған көрінеді. Мұның өзі ауыспалы егіс жүйесін игеріп, ғылыми негіздегі агротехника талаптарын сақтай отырып, күріш егістігін дамыта түсуге септігін тигізіп келеді.

Қазір облыста күріш өндірумен іріленген құрылымдар жақсы нәтижемен жұмыс істеп келеді. Бұл – бір жағынан тиімді. Өйткені, әрқайсысы 50-100 және одан да көп гектар болатын инженерлік жүйеге келтірілген танаптардың су жолдары бас арықтары мен арықшалары, қашыртқылары ортақ болып келеді. Негізінде, бұл жағдай ауыспалы егіс жүйесіне ыңғайлы. Агротехника талабы бойынша екі жыл күріш, екі жыл жоңышқа егіліп, дақылы ауыстырылып отырған жерлер азып-тозбайды. Жоңышқа түбіне фосфор жинап өседі. Ол - әрі жұғымды мал азығы, әрі жерді тыңайтудың тиімді жолы. Сол себепті де бұрынғы  кеңестер одағы кезіндегі күріш шаруашылықтары міндетті түрде ірі-қара малдарын өсіріп, әрқайсысы ет және сүт бағытында жұмыс істеп отырды. Күріштік танаптарына жоңышқа, жүгері және араластырылып егілген бидай мал азығы    үшін таптырмайтын азық екені белгілі. Сонымен қоса, облыста қазір күріш өндірумен 2 мемлекеттік кәсіпорын , 1 акционерлік қоғам, 67 толық және жауапкершіліктері шектеулі серіктестіктер мен өндірістік кооперативтер, 26 жеке қожалық айналысады. Оларда диқан ауылдарының 12 мыңнан астам адамы жұмыс істейді екен. Неге екені белгісіз, осы құрылымдардың барлығында да ірілендірілген ірі қара фермаларын, мүйізді ірі қара, түйе, жылқы, қой мен ешкіні көбейтуге мүмкіндік бола тұра, бұл жұмыс жолға қойылмай тұр. Облыс әкімінің де алғаш келген кездегі мал шаруашылығын, асыл тұқымды мал түрлерін жедел дамытамыз деген ықыласының ыстығы басылып қалған сыңайлы.

Облыстағы күріш шаруашылығын дамытып, жетілдірудің бірден-бір ғылыми орталығы «Арал өңірі агроэкологиясы және ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» өмірге суармалы егіншіліктің нақты ғылыми негізделген прогрестік тәсілдерін енгізумен айналысып келе жатыр. Олар күріш селекциясы мәселесінде де маңызды тірліктер атқарып жатыр. Соңғы біраз жылдан бері облыстағы күріш егісінің 70 пайыздан астамына осы институт ғалымдары шығарған «Ақмаржан» сорты егіліп келеді. Бір қуантарлығы, биылдан бастап күріш өндірісіне дәнінің сапасы жөнінен әлемнің күріш өндірісіндегі кез-келген күріш сортымен тайталаса алатын жаңа «Арал 202» сорты берілді.

Информация о работе Қазақстандағы өндіріс басым болғанда экономиканың бәсекелестігі артады