Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Июня 2013 в 00:43, курсовая работа
Егемендік жылдарында елімізге 30 миллиард АҚШ долларынан астам шетелдік тікелей инвестиция құйылыпты. Бұл республика тұрғындарының жан басына шаққанда ТМД елдері бойынша ең жоғары көрсеткіш. Соған сәйкес, экономика қарқынды дамыды. Соңғы үш жылда отандық өнімнің жылдық өсімі орта есеппен 10,8 пайызды құрады. Турасын айту керек, бұл – еліміз осы мерзім ішінде даму қарқыны жағынан әлем мемлекеттерінің көшбастаушы үштігінің қатарында болды деген сөз. 2004 жылдың қорытындысында ел тұрғындарының жан басына шаққанда отандық өнім өндіруден ТМД елдерінің алдына шықтық. Көптеген көрсеткіштер бойынша көрші Ресей Федерациясын артқа тастадық. Мұнай өндіру еселеп артты, 2015 жылы ол үш есе өсіп, жылына 150 млн. тонна қара алтын өндірмекпіз. Теміржол саласы нығайды.
Кіріспе_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _3
Қазақстандағы өндіріс басым болғанда экономиканың бәсекелестігі артады_4
Қайда барсаң Қытайдың киімі..._ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _6
Басты талап - өндірісті үлгілендіру_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ __ _ _ _ __ _ _11
Техникалық жабдықтау өндіріс табысымен байланысты_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 13
Үлгі өзгенікі өндіріс өзіміздікі_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _15
Елдегі нарық еселене ала ма?_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 16
Күріш_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 18
Өнімнің бәрі өзімізден_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 22
Келешегі кемел кәсіпорын_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _24
Қорытынды_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 29
Қолданыған әдебиеттер тізімі_ _ _ _ _ _ _ _ _
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министірлігі
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті
«Экономикалық теория және мемлекеттік басқару» кафедрасы
«Экономикалық теория» пәнінен
К у р с т ы қ ж ұ м ы с
Тақырыбы:_____________________
______________________________
______________________________
Орындаған: УиА 11-1 оқу
тобының студенті______________
Ғылыми жетекшісі: аға оқытушы, э.ғ.к., ______________________
Қорғауға жіберілді:«____»_____
Қорғалды: «______»___________________
Мазмұны
Кіріспе_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _3
Қазақстандағы өндіріс басым болғанда экономиканың бәсекелестігі артады_4
Қайда барсаң Қытайдың киімі..._ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _6
Басты талап - өндірісті үлгілендіру_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ __ _ _ _ __ _ _11
Техникалық жабдықтау өндіріс табысымен байланысты_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 13
Үлгі өзгенікі өндіріс өзіміздікі_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _15
Елдегі нарық еселене ала ма?_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 16
Күріш_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 18
Өнімнің бәрі өзімізден_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 22
Келешегі кемел кәсіпорын_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _24
Қорытынды_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 29
Қолданыған әдебиеттер тізімі_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 30
Кіріспе
Егемендік жылдарында елімізге 30 миллиард АҚШ долларынан астам шетелдік тікелей инвестиция құйылыпты. Бұл республика тұрғындарының жан басына шаққанда ТМД елдері бойынша ең жоғары көрсеткіш. Соған сәйкес, экономика қарқынды дамыды. Соңғы үш жылда отандық өнімнің жылдық өсімі орта есеппен 10,8 пайызды құрады. Турасын айту керек, бұл – еліміз осы мерзім ішінде даму қарқыны жағынан әлем мемлекеттерінің көшбастаушы үштігінің қатарында болды деген сөз. 2004 жылдың қорытындысында ел тұрғындарының жан басына шаққанда отандық өнім өндіруден ТМД елдерінің алдына шықтық. Көптеген көрсеткіштер бойынша көрші Ресей Федерациясын артқа тастадық. Мұнай өндіру еселеп артты, 2015 жылы ол үш есе өсіп, жылына 150 млн. тонна қара алтын өндірмекпіз. Теміржол саласы нығайды. Электр энергиясын өндіру көлемі өсті. Көмір, темір, алюминий өндіру ұлғайды. Банктер нығайды. Осылардың бәрі ақиқат. Мұны ешкім жоққа шығармайды. Дегенмен осы ақиқатты зерделей түссек тағы бір ақиқатқа тап боламыз.Ол республика тұрғындарының әлеуметтік жағдайының жақсаруы. Қазақстандықтардың әл-ауқаты ТМД елдерінің қай-қайсысынан да жақсарғаны даусыз ақиқат. Кезінде үдере көшкен отандастарымыздың Украина, Белоруссия, Ресей түгіл, Польша мен Германиядан, тіпті Израильден қайта оралып жатуы соның айқын дәлелі.
Дамуымыз негізінен
шикізат экспортының өсімі
Әлі де біразға жететін жер қойнауы байлығымыз
бар. Оларды кәдеге жаратуға тиіспіз, өндіреміз,
сатамыз. Демек, Қазақстанда шикізат өндірісі
жетекші сала болуын алда да біршама уақыт
сақтайды.
Еліміздің нарық жолына
түсіп, әлемдік шаруашылық жүйесіне
қосылуы экономикамыздағы терең өзгерістерді бастап берді.
Осыған сәйкес халықаралық рынок қажет
етіп отырған отандық өнімдерді бере алатын
салалар неғұрлым шапшаң қарқынмен даму
үстінде.
Отандық өндіріс басым болғанда
экономиканың
бәсекелестігі артады.
Әлемдік экономиканың жаһандануына байланысты туындайтын қауіп туралы бүгінгі күні аз айтылып жүрген жоқ. Соған байланысты әлемдегі дамушы елдер өздерінше қам-қарекетсіз кірісіп, сақадай-сай болмаса да, өз жопарланрынша дайындық жүргізіп келеді. Мамандардың айтуынша, Қазақстан әлемдік экономиканың жаһандануы жағдайында бірқатар проблемаларға тап болуы мүмкін. Мәселен, экономиканың шикізаттық бағытталуы, әлемдік экономикамен елеусіз ықпалдастығы, өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымның дамымауы, кәсіпорындардың жалпы техникалық және технологиялық артта қалуы, ғылымның өндіріспен байланысының болмауы, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-жобалық жұмыстарға аз шығын бөлуі. Және осы секілді тағы басқа да бірқатар мәселелер болашақта елімізді экономикасын қыспаққа тіреп қоюы ықтимал. Ал, аталған проблемаларды шешу, оларды алдын алу үшін қандай қарекет керек? Ең алдымен Қазақстанға қоғамдық әл-ауқатты іргетасы бола алатын, білім-ғылымға негізделген, бәсекеге қабілетті экономиканы құру керек. Бұл жайында да осы уақытқа дейін әңгіме айтылған жоқ. Ал экономикамыз бәсекеге қабілетті болу үшін- ұлттық инновациялық даму керек. Болашақтың бағдарламасы атанған Қазақстан республикасының индустриялы-инновациялық дамуының 2003-2005 жылдарға арналған стратегиясы – экономика салаларын әртараптандыруға және дамудың шикізаттық бағытынан кету жолымен елдің тұрақты экономикалық дамуына қол жеткізуге негізделгені белгілі. Осыдан екі жыл бұрын қабылданған бағдарламаға сай 2004 жылы 204 инвестициялық жоба іске асырылса, соның тең жартысы даму институттарының қолдауымен жүзеге асты. 2005 жылдың басынан бері жүргізіліп келе жатқан индустриялық саясаттың шеңберінде 6 жоба пайдалануға берілді. Сонымен қатар, түрліше 169 жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Индустриялық-инновациялық стратегия қолға алынған уақыттың ішінде даму институттары жалпы сомасы 2 миллиард АҚШ долларынан астын 103 инвестициялық жобаны қаржыландыруды мақұлдады. Қазір іс жүзінде 1 миллиард АҚШ доллары сомасындағы 62 жоба қаржыландырылып отыр.
Осындай игі істерге қарап, экономикалық салада біршама жылжу бар деп айта аламыз. Дегенмен де, жаһандану дөңгелегі алға қарай басқан сайын- экономикасы мығым мемлекеттер де қадамдарын алға қарай қарыштатуы заңды құбылыс. Мәселен, екі онжылдықта дамыған елдер жаңа технологияларды енгізудегі нарықтың бәсекелестік басты факторы, әр өндірістің тиімділігін арттыру және тауарлар сапасын жақсартудың негізгі құралы болған- инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау мен белсенді мемлекеттік реттеу саясаты жүргізіліп келеді.
Мемлекет басшысының Үкімет алдына қойған тапсырмасына орай – бәсекеге қабілетті 50 мемлекеттің қатарына кіру үшін, әсіресе, Қытай мен Ресей сияқты әйдік державалардың ортасында экономикалық құлдырау мен әлсіреуге ұшырамау үшін Қазақстанға алдымен инновациялық бағытты қалыптастыру қажет. Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау жөніндегі заң жобасы бойынша Мәжіліс депутаттарының алдында баяндама жасағанда «инновация дегеніміз-зияткерлік меншікті нысаны болып табылатын, қоғамды басқаруға экономикалық тиімді және әлеуметтік, экологиялық маңызды болатын ғылыми, ғылыми-техникалық қызметтің нәтижесі».
Қазіргі уақытта Қазақстанда шет елге экспорттайтын өнім шығаратын ешқандай бизнес немесе кәсіпкерлік орта жоқ. Біз әлі күнге дейін тек шикізатты эксппорттаушы елден аса алмай отырмыз.
Қайда барсаң Қытайдың киімі...
Баспасөз бетінде отандық жеңіл өнеркәсіптің ауыр ахуалы жайлы аз жазылып жатқан жоқ. Сонда да болса «баяғы жартас-бір жартас, қаңқ етер түкті байқамастың» кері келіп тұр. Тіпті одан да жаман. Егер 2002 жыл тоқыма және жеңіл өнеркәсіп жиылып өнеркәсіптің жалпы өндірісінің 1,7 пайызын құраса, былтырғы жылдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 1 пайыз ғана болды. Бұл екі өнеркәсіптің сыртқы сауданың жалпы көлеміндегі үлесі де 1 пайызға жетпейді. Рас, соңғы бір-екі жылда тоқыма өнеркәсібі саласында алға басушылық байқалады, кластерлік жүйе қолға алынып жатыр. Ал, аяқ киім өнеркәсібінің құлдырауы тоқтар емес – бүгін ол ішкі сұраныстың бар жоғы 1 пайызын ғана жауып отыр.
Біз қазір кімдердің шығарған аяқ киімін киіп жүрміз? Әрине ең алдымен Қытайдың. Біз 1991 жылы 53 миллион жұп аяқ киімді немесе сұраныстың 70 пайызын өзіміз шығаратын жағдайда едік. Ол кездегі 11 фабриканың бұл күндері 5-еуі жұмыс істеп тұр. Олардың өзі де Алматыдағы «Жетісу», Ақтаудағы «Ақ бөбек», Қарағандыдағы «Гүлден», Семейдегі «Икар» мен Қостанайдың аяқ киім фабрикасы өндірістік қуатының он пайызын ғана пайдалануға мәжбүр. Және олардың жанын шын мәнінде сақтап қалып отырған өнеркәсіп орындары менен арнайы құрылымдардан түскен аяқ киімге деген мемлекеттік тапсырыс. Өндіріс толық өз күшіне жұмыс істемегендіктен кәсіпорындардағы жұмысшы-қызметкерлер саны қысқаруға мәжбүр. Бұл көрсеткіш 2002 өзінің ең төменгі мағынасына жетіп, 1,3 мың адамды құрады. Одан бері жағдай ептеп болса да түзеліп келеді, 2005 жылдың қорытындысы бойынша ол 1,9 мың адамды көрсетті.
Көпшілікке арнап шығарылатын аяқ киімнен айрылып қалған отандық кәсіпорындар арнаулы аяқ киімдер тапсырысынан да айрылып қалуы мүмкін. Оның өзінің бірнеше себептері бар. Біріншіден, тапсырыс берген арнайы құрылымдар арзан өнімге қарай ұмтылады, ал кәсіпорындар бұл тапсырыстан айрылып қалмас үшін үстінен көретін пайданың көлемін азайтуға мәжбүр де соның салдарынан өндірісті дамытуға тиісті көңіл боле алмай отыр. Тапсырыс берушілердің одан бөлек дайын өнімнің уақтылы ақысын төлемеуі немесе бөліп-бөліп төлеуі секілді еркеліктері аз кездеспейді. Үшіншіден, тендерге қолында ешқандай өндірісі жоқ алаяқтардың кіріп кететіні де ешкімге құпия емес. Осының бәрі келіп қазірдің өзіне жылына миллион жұп арнаулы аяқ киімді шетелдіктердің еншісіне кетуіне апарып соғып отыр. Яғни , отандық кәсіпорындарымыз осынша несібесінен қағылды деген сөз.
Көпшілікке арналған аяқ киімді қажетті мөлшерде шығара алмай отырғанымыздың да себептері тарам-тарам. Ең алдымен бізде кеңес заманының өзінен түрлі аксессуарлар мен фурнитура өндірісінің болмағандығы қол байлау екендігі. Сондай-ақ аяқ киімнің қалыбын шығаратын өндіріс те жоқ бізде. Ең бастысы мемлекет тарапынан отандық кәсіпорынды дамытуға деген нақты көмек жоқ. Ол көмек бәрінен бұрын аяқ киім импортына квота бөлу және кедендік баж салығын көбейту арқылы импорттық тауарға шектеу жасау түрінде көрініс табар еді. Мысалы, Польшада биылғы жылға дейін Қытайдың аяқ киіміне деген жоғары кеден сақталып келді. Соның арқасында 1998 жылы 79,8 миллион жұпқа жеткен қытайдың арзан өнімі 2000 жылы 2,2 миллионға бірақ түсті, поляктар өз өндірісін аяққа тұрғызып алды. Германиядағы шектеу бойынша 900 мың жұп аяқ киімді сырттан әкелуге болады. Көршіміз Ресейде кедендік салық төлемінің үлесі аяқ киімнің бағасының 44-45 пайызын құрап отыр. Бізде ол 15 пайыз ғана. Қосымша 1,4 евро әр жұп аяқ киімге.
Тек осы талаптың өзі кеденде қадағаланбайды. Қадағаланбаған соң орындалмайды. Базардағы қытайдың арзан аяқ киімінің басы бар-жоғы 200-300 теңге болуы осының айғағы. Қазақстан Республикасының жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары қауымдастығының мәліметтері бойынша контрабандалық жолмен жылына елімізге 21 миллион аяқ киім келеді екен.
Жалпы, бүгін таңда отандық өнеркәсіп республика халқының аяқ киімге деген сұранысының 1 пайызын ғана өтеп отыр дедік. 75 пайыз үлес құдай бере салған көршіміз Қытайдың үлесінде. 10 пайызды тағы бір алып көршіміз Ресей еншіленіп отыр. Қалған шамамен 34 елдің үлесіне тиетіні 14 пайыз.2005 жылы күзде Алматыда аяқ киімге арналған 1 халықаралық көрме өтті. Бірақ, оған қатысқан елдерді біздің кедендік және көліктік мәселедегі кейбір түсініксіз тұстарымыз шошытып жіберген сыңайлы, импорттаушы елдер саны көрмеден соң күрт өсе қоймады. Ендеше , Қытайдың киімін кигеніміз-киген.
Олай болатын жөні де бар.Біз көп нәрсенің байыбына бара бермейтін қазақы алаңғасарлығымыздың салдарынан «шоковая терапия» деген бәлеге тап болсақ, бізді жүз мың есе орап алатын алып көрші нарыққа кіруге біз секілді асыққан жоқ. Нарық дегеннің не екенін алдымен елінің қаттырақ дамыған шығыс жақ бөлігінде еркі экономикалық аймақтарда көзбен көріп, қолмен ұстап біліп алды. Таңдайына дәмін татып көрді. Тәжірибесінің терісін қалдырып, оның елінің өзге аймақтарына бірте-бірте ендіре берді. Басқаны айтпағанда Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру үшін Қытай бұл ұйыммен 15 жыл бойы саудаласты. Саудаласып жатып түскен табысын аяқ киім өндірісін техникалық жағынан барынша қайта жарақтап алуға жұмсап жатты. Соның арқасында оның жеңіл өнеркәсіпке арналған машина жасау секілді жаңа, жетілген салаға қолы жетті. Ол сала әлемде бүгін дамыған елдермен еш қиналмай-ақ иық тіресуге жарап отыр.
Аяқ киім өнеркәсібін олар батыстың лицензиясын пайдаланып дамытып алды. Содан соң өзінің туындыларын өмірге әкеле бастады. Алғашқы кезде тәжірибенің жетімсіздігінен тауардың сапасы тым жақсы болмаса да, уақыт өте келе бұл мәселеде де еңбекқор ел зор табыстарға жетті. Соңғы жылдары Еуропа елдеріне аяқ киім өндірісінің көлемі жыл сайын 10-15 пайызға өсіп отырды. Бүгінгі таңда әлемдегі тоқыма матаның 70 пайызын беріп отырған Қытай енді бірер жылдан соң әлемдік аяқ киімнің 80 пайызын беретін болады дейді сарапшылар. Қытайдың арзан жұмыс қолына қызыққан батыс өнеркәсіпшілері осылайша өз қолдарымен өздеріне бәсекелес жасап алды.
Біздің жеңіл өнеркәсібіміздің жағдайын ауырлатып отырған ең бір сорақы жағдай- дамыған мал шаруашылығымыз бола тұра біздің аяқ киімге қажетті тері шикізатын да сырттан әкеліп отырғанымыз. Нағыз парадокс. Елімізден жылына орта есеппен сыртқа 3 миллионнан астам өндірілмеген тері шығарылады. Ол үшін шамамен 7,7 миллион тері жиналады. Ішкі сұранысқа қажетті 1,2 млн. дана тері ғана. Яғни, қалған 3,5 млн тері заңсыз жолмен қыр асып кетеді деген сөз. Әр данасы болмашы ғана ақшаға 300-400 теңгеге сатылған, шетелге асқан тері енді ол жақта өндіріліп қосымша құн салығы, көлік салығы, кеден салығы, барлығы бар бірнеше өскен бағамен өз кәсіпорындарымызға қайтып келеді. Біз соны сатып аламыз. Сатып алуға мәжбүрміз. Оның да тағы бірнеше себебі бар.
Біріншіден, бізге сыртқа шығатын өңделмеген теріге деген кедендік баж көлемі төмен. Бұрын оның әр тоннасына 50 евро алатын болсақ, қазір ол көрсеткіш 200 евроға жетті. Бірібір аз. Мысалы, Ресей мен Белоруста бұл көрсеткіш 500(!) евроға тең.
Екінші мәселе-терінің сапасы. Бұрынғы қаптаған ет комбинаттарынан бүгінде елімізден еш нәрсе қалған жоқ. Базарға түсіп жатқан терінің бәрі үй жағдайында сойылған малдың терісі. Үй жағдайында деген сөз, тері ешқандай қалыпқа (стандартқа) сай келмейтін болып сойылады деген сөз. Өйткені, ет комбинаттарындағы теріні бұзбай іреп, сыпырып алатын сайман құралдар жеке адамның үйінде қайдан болсын. Соның салдарынан тері шұрық тесік күйге енеді. Бұған теріні тиісті дәрежеде өңдейтін түрлі химикаттардың елімізде шығарылмайтынын, шығарылатынының сапасы төмендегенін қосыңыз. Ол аз десеңіз кешегі өтпелі кезеңде академик Скрябин айтқандай (адамды емес , адамзатты емдейтін) ветеринария саласы далада қалды. Малдың түрлі жұқпалы және тері ауруларына ұшырауы жаппай белең алды. Мұның өзі де терінің сапасына кері әсерін тигізбей қалған жоқ.
Информация о работе Қазақстандағы өндіріс басым болғанда экономиканың бәсекелестігі артады