Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаттарының есебі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Января 2013 в 06:55, реферат

Краткое описание

Нарықтық экономикада кәсіпорындар арасында еңбек құралдары мен заттарын сатып алу, өнімдерді, жұмыстар мен қызметкерді сату жөніндегі мәмілелер тұрақты түрде, жасалып отырады. Есептесу 2 нысанда жүргізіледі:
1. Банк жүйесі арқылы қолма қолсыз ақша аудару жолымен.
2. Қолма-қол ақшамен төлеу түрінде.
Ақшаларды сақтау және қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды жүргізу үшін Қазақстан Республикасының банк мекемелері:
- ҚР Әділет министрлігінде тіркеуден өткен заңды тұлғаларға есеп айырысу шоттарын;

Содержание

І.Негізгі бөлім.
1. Ақша қаражатының жалпы сипаттамасы.
1.1 Есеп айырысудың түрлері.
1.2 Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаттарының есебі.
1.3 Банктегі арнаулы шоттардағы ақша қаражаттарын есепке алу.
2. Ақша қаражаттарын және қатаң есептілік бланктерін түгендеу
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

Реферат №1 .docx

— 43.72 Кб (Скачать документ)

Қайтпайтын (немесе қайтарып алынбайтын) аккредитивте банк-эмитенттің барлық жағдайын орындаған кезде аккредитив бойынша төлем жасауды қатаң түрде өз міндетіне алады. Қайтпайтын аккредитив бенефициардың келісімінсіз өзгертуге немесе жоюға жатпайды.

Бенефициар аккредитивтің  пайдалануын өз мерзімінен бұрын  тоқтата алады, егер де бұндай жағдай шартта қаралса.

Дәлелденген аккредитив – бұл банк-эмитент болып саналмайтын басқа орындаушы банктердің қосымша кепілдігі бар болса ғана жүзеге асатын аккредитив.

Трансферабельдік (аударма) аккредитив – бұл бенефициардың өзінен басқа (екінші бенефициар болып саналатын) бірнеше тұлғаның немесе аккредитивті толық немесе ішінара пайдаланатын мүмкіндігін қарастыратын аккредитив.

Аккредитив тек бір  ғана бенефициармен есеп айырысуға  арнаулы мүмкін. Аккредитив бойынша  есеп айырысу тәртібі және оның мерзімі  бенефициар мен төлеушінің арасындағы келісім-шартта белгіленеді. Сондай-ақ келісімнің ішінде: банк-эмитенттің атауы, аккредитивтің түрі және оны пайдалану  тәсілі, аккредитивтің ашылғаны жөнінде  жабдықтаушыны хабардар ету тәсілі, аккредитив бойынша қаржы алу  үшін бенефициар ұсынған құжаттардың  толық тізімі және нақты сипаттары, тауарларды тиегеннен кейін құжаттарды ұсыну мерзімі, оларды рәсімдеуге қойылатын  талаптар, басқа қажетті құжаттар мен шарттары болуы қажет.

Егер аккредитив қысқа  мерзімге берілген немесе ұзақ мерзімге берілген несиелердің есебінен ұсынылған  болса 3010 " Қысқа мерзімді банктік  қарыздар" шотында, ал егер аккредитив есеп айырысу шотынан ұсынылған  болса 1030 "Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаттары"  шотында аккредитивтің  ашылуы мүмкін, ол кезде жоғарыдағы шоттар (1030) кредиттеледі де 1060 "Өзге ақша қаражаты" шоты дебеттеледі.

Аккредитивтің мерзімінің өтуіне байланысты жабдықтаушыға қызмет көрсететін банктегі аккредитив жабылады. Аккредитивтің  жабылғаны жөнінде атқарушы банк банк-эмитенті хабар етеді. Жабдықтаушыға  қызмет көрсететін банке пайдаланылмаған  сомалар оның көрсетуімен қаржылар алынған шотқа қайтадан аударылады; сатып алушының өзімен тұтастай немесе бөлшектеп кері қайтарылған аккредитивтің  сомаларына банк-эмитенттен мәлімдеме  келіп түскен күні кемітіледі. Аккредитивтің жабылғаны жөнінде банк-эмитентке хабарлама жіберіледі.

1060" Өзге ақша қаражаты " шоты  бойынша есеп айырысу  чек кітапшаларындағы чектер  арқылы есепке алынады.  

Чек – бұл өзінің шот есебінен қаражатты алушының (чек ұстаушы) шотына белгілі бір соманы аудару жөніндегі арнаулы қағазға (бланкке) толтырған клиенттің (чек берушінің) өзіне қызмет көрсететін банкке берген жазбаша тапсырмасы.

1060 "Өзге ақша қаражаты" шотында айрықша сақтауды талап ететін қаражаттар есепке алынады. Бұлар үкіметтің жәрдемі ретінде алынған қаражат, жергілікті бюджеттен мақсатты қаржыландыру, мектепке дейінгі балалар мекемелерін қаржыландыратын кәсіподақ және басқа да ұйымдардың қаражаты, мәдени-ағарту мекемелерінің, демалыс лагерьлері, ата-аналардың балаларын балалар мекемесінде ұстауға жұмсайтын қаражаттары, кәсіпорынның өтініші бойынша жеке шоттан күрделі қаржыны қаржыландыруға шоғырландыратын және жұмсалатын қаражаттар.

1050 " Жинақ шоттардағы  ақша қаражаттары " шотында  субъектінің құрамына кіретін  филиалдардың, құрылымдық бірліктердің  ақша қаражаттары көрініс табады, онда ағымдағы шығыстарын (еңбек  ақы, кейбір шаруашылық шығыстары,  іс сапар шығыстары т.б.) жүзеге  асыру үшін жергілікті банк  мекемелерінде ағымдағы шотын ашады.

 

 

 

 

2. Ақша қаражаттарын және қатаң есептілік бланктерін түгендеу

 

Ақшалай қаражат  козғалысын ішкі бақылау жүйесі – активтерді қорғау; субъектінің қаржылық саясатына болуын қамтамасыз ету; бухгпалтерлік шоттарда көрсетілген мәлеметтердің шүбасыз сенімділігін қамтамасыз ету үшін жасалған саясат пен амалдар.

 Ақшалай қаражатты  онай жасыруға, тасуға болады, оларда  тиістілік белгілері жоқ және  олар айырбасталады. Ұрлық тәуекелі  кейбір адамдардың есеп жүйесіне  қолы жетіп, ақшалай қаражатты  күзетуге рұксат алу мүмкіндігіне  тікелей байланысты.

Кассаны түгендеу кезінде  кассада тұрған ақша белгілері мен  басқа да құндылықтардың нақты бар  болуы тексеріледі. Қатаң есептегі бланкілер де тексеруден өткізіледі. Кассадағы ақша белгілері мен  басқа құндылықтардың нақты бар  болуын есептеу кезінде қолма-қол  ақшалар, құнды қағаздар (акциялар, облигациялар, чектер, вексельдер, коносаменттер  және заңға сәйкес құнды қағаздар ретінде шығарылған басқа да құжаттар) және ақша құжаттары (маркілер, демалыс  үйлеріне және санаторийлерге жолдама, авиабилеттер және т.б.) есепке алынады. Кассадағы қолхаттар есепке алынбайды, яғни олардағы көрсетілген ақшаның  сомасы қалдыққа қосылмайды; кассада  осы кәсіпорынға тиісті емес ақша қаржылары және басқа да құндылықтардың бар болуы жөніндегі кассирдің  мәлімдемесі қабылданбайды.

     Түгелдеу актісінде  ақша қаржысының бар болуы  түгелдеу күні жасалған есепке  алудың мәліметтерімен салыстырылады  және нәтижесі анықталады. Кем  шығу немесе артық шығу табылған  жағдайда актіде оның пайда  болу себебі және сомасы көрсетіледі.

     Кәсіпорын  кассасында сақталатын құнды  қағаздар мен ақша құжаттарын  түгелдеу оларды парақтап қайта  есептеу жолымен жүргізіледі.  Тексеріс құжаттардың жекелеген  түрлері бойынша актіде атауы,  нөмірі, сериясы және нақтылы  бағасы көрсетіліп жүргізіледі.

     Жол үстіндегі  ақша қаражаттарын түгелдеу осы  шотта тұрған сомаларды: банк  мекемелері, байланыс бөлімшелері  берген квитанцияларының деректерімен  бірге түсімді өткізу кезінде,  банк инкоссаторларына түсімді  өткізуге берілетін жолдама тізімдемесінің  көшірмесін өткізу кезінде және  т.с.с; бас кәсіпорынға аударылған  сомалар бойынша немесе керісінше  одан түскен сомалармен қатаң  олардан мерзімі, тапсырманың  нөмірі, сомасы және аударымды  қабылдаған банк мекемесінің  немесе байланыс бөлімшесінің  атауы көрсетіліп, түскен мәлімдеме  деркетерімен бірге салыстырып  тексеру арқылы жүзеге асырылады.

     Банктерде  есеп айырысу (ағымдағы), валюталық  және арнайы шоттарда тұрған  ақша қаражаттарын тізімге алу,  кәсіпорын бухгалтериясының деректері  бойынша берілген деректермен  салыстырып, тексеру арқылы жүзеге  асырылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Сонымен, Ақша қаражатын  сақтау заңды және жеке тұлғалар арасында есеп айырысу үшін Қазақстан Республикасының  банк мекемелері: теңгемен, шетелдік валюталармен жүргізілетін есеп айырысу шоттарын ағымдық және корреспонденциялық шоттарын ашатынын білдік.Ал, корреспонденциялық шоттар – банктің және банктік  емес қаржылық мекемелердің қаржылық шоттары. Олардың ашылуы мен жүргізілуі ұлттық банктің нормативтік актілерімен  белгіленеді.Ағымдағы есеп айырысу  шоттары – заңды тұлғалардың  банктік шоттары.

 Ақша қаражатын есепке  алу міндеттері ақша қаражаттарының  сақталуын және олардың мақсатына  сай лимиттерге, сметаларға сәйкес  пайдаланылуын бақылауды қамтамассыз  ету, ақша қаражаттарының қозғалысы  жөніндегі барлық операцияларды  толық және уақытымен құжаттау, есеп айырысу және қаржы тәртібін  сақтау, талдамалық есепке алуды  толық және дұрыс жүргізу,ақша  қаражатын толық және нақты  түгендеу шараларын жүргізу, төлем  оперрацияларын банк арқылы ақша  қаржысын аудару болып табылады.

 Субъектінің рұксатынсыз  және қолданылып жүрген заңдарда  көзделген басқа жағдайларда  ғана жол берілуі мүмкін.

 Субъектілердің шоттарынан  төлем жасау, егер заңдарда  өзгеше көзделмесе, субъектінің  басшысы белгіленген кезектілікпен  жүзеге асады.

 Қазақстан Республикасының аймағында ақшаны (төлеу мен аударуды жүзеге асыруда келесі әдістерді: қолма-қол ақшаны аударуды; төлем тапсырманы ұсынады; чектерді беруді; вексельдерді немесе олардың индоссаменттері арқылы беруді; төлем карточкасын пайдалануды; тікелей дебеттік банкі шоттарына аударуды; тапсырма-төлемдерін ұсынуды; инкассалық жарлығын ұсынуды; республиканың заң актілерімен белгіленген басқа да әдістерән пайдаланады.

 Ақшасыз есеп айырысудың  негізгі нысандары: төлем тапсырма; чек; вексель; төлем-тапсырма төлемдері;  кеден мен салық қызметінің  органдарың инкассалық жарлықтары  болып табылады.Сонымен бірге,  жалпы есеп айырысу қолма-қол  ақшамен және нақты ақшамен,аударылып  отыратын ақшамен жүргізілуі  мүмкін.

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

1. Радостовец В.К., Ғабдуллин  Т.Ғ. Кәсіпорындағы бухгалтерлік  есеп. Алматы, 2003.

2. Радостовец В.К., Радостовец  В.В. Кәсіпорындағы бухгалтерлік  есеп: Өнделіп және толықтырылып 3-басылуы. Алматы: Қазақстан-аудит  орталығы, 2002.

3. Халықаралық экономикалық  қатынастар,оқу құралы, Н.Қ.Мамыров,- А.: «Санат»,1998 жыл


Информация о работе Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаттарының есебі