Аудиторлық қызметті реттеудің нормативтік – құқықтық деңгейлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Октября 2013 в 11:58, доклад

Краткое описание

Аудиттің халықаралық тәжірибесінде стандарттардың 4 негізгі түрлерін ажыратады: 1) жалпы стандарттар; 2)жұмыс стандарттары; 3)есеп стандарттары; 4) арнайы стандарттар.
Жалпы стандарттар тексерісті кімнің жүргізуі керек екенін анықтап, тәуелсіздік, кәсіби шеберлік, адалдықтың болуын талап етеді. Жалпы стандарттарға аудиттің негізгі принциптері, қаржылық есеп аудитінің мақсаты мен көлемі, аудиторлық білім стандарттары, аудитордың клиенті алдындағы міндеттеме-хаты жатады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Лекц ХАС каз.doc

— 138.50 Кб (Скачать документ)

520-ХАС-ның мақсаты – аудит барысынды талдамалық әрекеттерді қолдану бойынша стандарттарды белгілеу және  аудиторға басшылыққа беру. Аудиторға талдамалық әрекеттерді жоспарлау және аудиттің стадиядасы ретінде жалпы шолу кезінде қолданады. Талдамалық әрекеттер   аудиттің басқа да стадияларында қолданылуы мүмкін.

Талдамалық әрекеттер  – бұл кейінгі өзгерулер мен  өзара байланысты зерттеулерді қоса маңызды коэффициенттер мен тенденцияларды талдау.

Талдамалық әрекеттері  клиенттің қаржылық ақпаратын мыналармен салыстыруды қамтиды :

  • өткен кезеңдегі салыстырылатын ақпаратпен;
  • клиенттің іс - әрекетінің күтілетін нәтижесімен (сметалармен немесе болжамдау кіреді, және де аудиттің болжамымен);
  • сала бойынша ұқсас ақпаратпен.

530-ХАС –ң  мақсаты – аудиторлық іріктеу процедураларын қолдану бойынша және дәлелді жинау мақсатында тестілеуге баптарды іріктеудің басқа да тәсілдерін қолдану бойынша стандартты белгілеу және аудиторларға басшылыққа ұсыну.

 

6.Аудит жүргізуде басқа қызметтерді пайдалану стандарттары

 

600-ХАС-ң мақсаты  –клиенттің қаржылық есептілік құрама бөлімдерінің қаржылық ақпараты бойынша негізгі аудитор басқа аудитордың жұмысын пайдаланған жағдайларда стандартты белгілеу және аудиторға басшылыққа ұсыну. 600-ХАС екі немесе одан көп аудитор жұмысқа бірлесіп тағайындалған жағдайларды қарастырмайды; сол сияқты аудитордың бұрынғы аудитормен қарым-қатынасы жағдайларын қарастырмайды. Негізгі аудитор басқа аудитордың жұмысын пайдаланғанда басқа аудитордың жұмысы аудитке қалай әсер ететінін анықтауы керек.

Негізгі аудитор –  клиенттің қаржылық есебі бойыншааудиторлық  есеп дайындауға жауапты аудитор.

Басқа аудитор- аудитін  негізгі аудитор жүргізген клиенттің  қаржылық есебіне енген құрама бөліктерінің қаржылық ақпараты бойынша есеп жасауға жауапты аудитор.

Құрама бөлігі – бұл  бөлімше, филиал, еншілес кәсіпорын, біріккен кәсіпорын немесе қаржылық ақпараты негізгі аудитордың тексерген  қаржылық есебіне кіретін басқа  клиент.

Аудитор өзінің негізгі  аудитор ретінде қызмет көрсетуіне өзінің қатысуы жеткілікті екендігін анықтауы керек. Ол үшін қарастырылатыны:

        1. аудиті негізгі аудитормен жүргізілген қаржылық есептің бөлігінің маңыздылығы;
        2. клиент бизнесінің құрама бөліктерін негізгі аудитордың білу деңгейі;
        3. клиенттің құрама бөліктерінің аудитін басқа аудитор жүргізген қаржылық есебіндегі маңызды бұрмалаушылықтар тәуекелдігі;
        4. клиенттің басқа аудитор жүргізген құрама бөліктерінің аудитіне қатысты бұндай аудитте негізгі аудитордың көлемді қатысуына әкелетін қосымша әрекеттер жүргізу.

610-ХАС-ң мақсаты  –ішкі аудит қызметін қарастыру кезіндегі стандартты белгілеу және сыртқы аудиторлар үшін нұсқауды аудиторға басшылыққа ұсыну. 610-ХАС ішкі аудит қызметінің сыртқы аудит процедураларын орындау кезінде көрсететін көмегін қарастырмайды. Бұл стандарт қаржылық есеп аудитіне қатысы бар тек ішкі аудиторлық қызметке ғана пайдаланылады. Сыртқы аудиторға ішкі аудит қызметін және оның сыртқы аудиторлық процедураларға әсерін қарастыруы керек.

620-ХАС-ң мақсаты – аудиторлық дәлел ретінде сарапшының қызметін пайдалану бойынша стандартты белгілеу және аудиторға жетекшілікке ұсыну. Сарапшының орындаған жұмысын пайдаланғанда аудитор бұл жұмыстың аудиттің мақсатына сай екендігі туралы дәлел алуы керек.

Сарапшы –бұл  бухгалтерлік есеп пен аудиттен бөлек жекелеген аймақта арнайы білімі мен тәжірибесі (мысалы инженер, технолог, т.б.) бар тұлға немесе фирма. Сарапшы клиентпен немесе аудитормен шақырылуы мүмкін.

 

7.Аудиторлық қорытындыны ұсыну мен тапсыру

 

700-ХАС-ң мақсаты  –қаржылық есептілік аудитінің нәтижесі ретінде жарияланатын аудиторлық есептің үлгісі мен мазмұнына қатысты стандартты белгілеу және аудиторға жетекшілікке ұсыну.

Аудитор қаржылық есеп бойынша  пікір беруге негіз болатын алынған  дәлелдер бойынша шолу жасап, қорытындыны  бағалау керек. Шолу мен бағалауға қаржылық есептің концептуалдық негізге сәйкес жасалғандығын қарастыру жатады.

Аудитордың есебі жалпы  қаржылық есеп бойынша нақты жазбаша  түрде берілген пікір болуы керек. Аудиторлық есеп келесі негізгі эелменттерден  тұрады:

      1. аты ;
      2. адресат;
      3. кіріспе немесе алғы параграф;
    • аудиттелген қаржылық есепті сәйкестендіру;
    • клиент басшылығы мен аудитордың жауапкершілігі туралы мәлімдеу;
      1. параграф – аудиттің ауқымы мен сипатын баяндау;

-ХАС-на немесе ұлттық  стандарттарға сілтеме;

-аудитордың орындаған  жұмысын сипаттау;

      1. параграф-қаржылық есеп бойынша пікір;
    1. есеп уақыты;
    2. аудитордың мекен жайы;
    3. аудитордың қолы.

Аудиторлық есептің  үлгісі мен мазмұнынынң біркелкілігін  сақтау керек. Бұл есепті пайдаланушылардың  түсінуіне көмектеседі.

      1. Аты

Аудиторлық есептің  аты болуы керек. Атында “Тәуелсіз  аудитор” деген  терминді қолдануға  болады.

2) Адресат

 Аудиторлық есеп  келісімнің шартына және  нормативтік  актілерге сәйкес кімге берілетіндігі  көрсетілуі керек. Есеп клиенттің  акционерлеріне немесе директорлар кеңесіне беріледі.

 

8.Арнайы салалар бойынша аудит стандарттары

 

800-ХАС-ң мақсаты  – арнайы тағайындалған аудит келісіміне байланысты стандартты белгілеу және аудиторға жетекшілікке беру.

Арнайы тағайындалған  аудитке жататыны:

  • ХҚЕС –н немесе ұлттық стандарттардан бөлек бухгалтерлік есеп негізіне сәйкес жасалған қаржылық есеп;
  • Мамандандырылған шоттар, шоттар элементі немесе қаржылық есеп баптары;
  • Келісім-шарт міндеттеріне сәйкестік;
  • Қорытындыланған қаржылық есеп.

Арнайы тағайындалған  аудит барысында алынған пікір беруге негіз болған дәлелдер бойынша қорытындыларға шолу жүргізеді және бағалайды. Есеп жазбаша түрде анық берілген пікірді көрсетеді.

Арнайы тағайындалған  аудиттің сипаты, мерзімі мен көлемі жағдайларға байланысты өзгереді.

Арнайы тағайындалған аудитке келісім бойынша аудиторлық есепке келесі элменттер енгізілуі тиіс:

    1. аты;
    2. адрестаы;
    3. кіріспе немесе алғы бөлім;
    • аудиттелген қаржылық есепті сәйкестендіру;
    • клиенттің басшылығының жауапкершілігі және аудитордың жауапкершілігі туралы мәлімдеме;

4) параграф-аудит ауқымы (аудит сипатын сипаттау):

    • ХАС-на сілтеме;
    • Аудитордың орындаған жұмысының сипаттамасы;
    1. параграф-пікір, қаржылық ақпарат бойынша пікір білдіру;
    2. есеп датасы;
    3. аудитордың мекен-жайы;
    4. аудитордың қолы.

Егер есеп беруді өтінген  ақпарат қандай да бір келісімнің шарттарына негізделсе  аудитор клиент басшылығының ақпаратты жасауда келісімнің маңызды түсінідірілімдері жасалған екендігін қарастыруы керек. Аудитор қаржылық ақпаратта ол негізделген қандай да болсын келісімнің талдауы жүргізілгендігін қарастыру керек.

 

9.Аудиттен басқа қызметтер бойынша стандарттар

 

910-ХАС-ң мақсаты  – қаржылық есебін шолу бойынша келісімді қабылдаған жағдайда аудитордың жауапкершілігіне қатысты аудитордың әрекетін анықтау.

910-ХАСқаржылық есепті шолу кезінде  қолданылады, бірақ ол сол сияқты қаржылық немесе басқа да ақпаратты шолуға да қолданылады.  910-ХАС 120-ХАС “ХАС концептуалдық негізі” стандартымен бірге қолдану керек.

Қаржылық есепті шолу мақсаты – бұл аудиторға оның көңілін аударған, аудит кезінде талап етілетін қандай да бір аспектілерді, оған қаржылық есеп барлық маңызды аспектілері бойынша қаржылық есепті берудің концептуалдық негізіне сәйкес жасалмаған деуге негіз болатын барлық дәлелді бермейді.

Аудитор “Кәсіби бухгалтерлердің  этикалық кодексін” сақтау керек. Аудитордың жауапкершілігін анықтайтын этикалық қағидалар:

  1. тәуелсіздік;
  2. адалдық;
  3. әділдік;
  4. кәсіби хабардарлық және қажетті мұқияттылық;
  5. құпиялылық;
  6. кәсіби мінез-құлық;
  7. техникалық стандарттарды сақтау.

 Шолу ауқымы – бұл шолу мақсатына жету үшін орындалуы талап етілетін шолудың қажет әрекеттері. Шолуды жүргізу үшін жасалатын әрекеттерді аудитор –10-ХАС-ң, реттеуші және кәсіби ұйымдардың, заңмен келісімнің шарттарының талаптарын есепке ала отрып анықтайды.

Шолу бойынша келісім шолу жасалған ақпаратта маңызды бұрмалаушылық жоқ екендігіне орта дәрежедегі сенімділікті береді.

920-ХАС-ң мақсаты  –қаржылық ақпаратқа қатысты келісілген процедураларды орындау бойынша келісімді қабылдаған жағдайда  аудиттің жауапкершілігіне қатысты әрекеттерді анықтау, сол сияқты осындай келісімге байланысты аудитордың дайындайтын есептің мазмұны мен үлгісі бойынша.

 


Информация о работе Аудиторлық қызметті реттеудің нормативтік – құқықтық деңгейлері