Аудиторлық қызметті реттеудің нормативтік – құқықтық деңгейлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Октября 2013 в 11:58, доклад

Краткое описание

Аудиттің халықаралық тәжірибесінде стандарттардың 4 негізгі түрлерін ажыратады: 1) жалпы стандарттар; 2)жұмыс стандарттары; 3)есеп стандарттары; 4) арнайы стандарттар.
Жалпы стандарттар тексерісті кімнің жүргізуі керек екенін анықтап, тәуелсіздік, кәсіби шеберлік, адалдықтың болуын талап етеді. Жалпы стандарттарға аудиттің негізгі принциптері, қаржылық есеп аудитінің мақсаты мен көлемі, аудиторлық білім стандарттары, аудитордың клиенті алдындағы міндеттеме-хаты жатады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Лекц ХАС каз.doc

— 138.50 Кб (Скачать документ)

1.Аудиторлық қызметті реттеудің нормативтік – құқықтық деңгейлері

 

Аудиттің халықаралық тәжірибесінде  стандарттардың 4 негізгі түрлерін ажыратады: 1) жалпы стандарттар; 2)жұмыс  стандарттары; 3)есеп стандарттары; 4) арнайы стандарттар.

Жалпы стандарттар тексерісті кімнің жүргізуі керек екенін анықтап, тәуелсіздік, кәсіби шеберлік, адалдықтың болуын талап етеді. Жалпы стандарттарға аудиттің негізгі принциптері, қаржылық есеп аудитінің мақсаты мен көлемі, аудиторлық білім стандарттары, аудитордың клиенті алдындағы міндеттеме-хаты жатады.

Жұмыс стандарттары тексерістің жоспарлануын, аудиторлық топқа қатысушылардың жұмысын бақылауды, ішкі бақылау жүйесін зерттеуді, қорытындыны жеткілікті дәйектеп, соның негізінде дәлелді тұжырым жасауды талап етеді. Жұмыс стандарттарына аудиторлық жұмысты жоспарлау, аудиторлық дәлелдемелер (түрлері, қайнар көзі және алу тәсілі), қателерді және бұрмалаушылықтардыайқындаған кездегі аудитордың іс әрекеті, аудитор жұмысының сапасын бақылау және басқалары жатады.

Есеп стандарттарына қаржылық есепті тексергендігі туралы аудитордың есебі, аудиторлық есе түрлері, балансты құрғаннан кейінгі, аудиторлық есепке қол қойылғаннан кейінгі оқиғалар жатады. Бұл стандарттардың талабы бойынша аудитордың есебінде аудиторлық тексеріс тің сипаты және аудитордың жауапкершілік дәрежесі  туралы нақты мәліметтердің болуын талап етеді.

Жекелеген іс әрекеттер, қызмет аймақтарының аудитында қолданылатын арнайы стандарттарға банк, қамсыздандыру қызметтері аудитінің арнайы стандарттары жатады. Аудиттің халықаралық стандарттары туралы толығырақ 2 бөлімде айтылған.

 

Аудиторлық қызмет - ол мекемелердің қаржылық есептілігінің  дұрыстығын тексеріп, ресми аудиторлық қорытынды дайындау.

Аудиторлық тексеріс міндетті немесе ерікті болуы мүмкін.

Жылдағы міндетті аудиторлық тексерістен өтуі қажет мекемелер шеңбері “Аудиторлық қызмет туарлы ” ҚР заңының 4 бабында келтірілген (ондай ұйымдардың толық тізімі оқулықың 2 бөлімінде берілген).

Ерікті аудит тексерілетін ұйымның еркімен жүргізіледі.

Аудиторлық тексеріспен  қатар аудиторлық ұйымдар аудитқа қосымша қызмет те көрсете алады. Қосымша қызмет деп аудиторлық ұйымдардың аудиторлық тексерістен басқа жүзеге асыратын кәсіпкерлік қызметін айтады. Олардың түрі “Аудиторлық қызмет туарлы ” ҚР заңының 2 бабымен қатаң белгіленген. Аудиторларға және аудиторлық ұйымдарға бұл бапта көрсетілгеннен басқа іс әрекет түрлерімен айналысуға тиым салынған.

 

ҚР “Аудиторлық  қызмет туралы” заңының 6 бабына сәйкес аудиторлық фирманың жұмыс жасауының 4 міндетті шарты бар:

бірінші  - аудиторлық фирма құрамында аудиторлар саны (ҚР аудиторының біліктілік куәлігі бар) 2 адамнан кем болмауы керек;

екінші - жарғылық капиталда аудиторлардың немесе басқа аудиторлық мекемелердің үлесі 51% кем болмауы керек;

үшінші  – аудиторлық фирманың басшысында ҚР аудиторының біліктілік  куәлігі міндетті түрде болуы керек;

төртінші  –ҚР қаржы министрлігі берген лицензияның болуы (банктік және сақтандыру аудиті үшін ҚР Ұлттық банкі берген).

Қазақстанда аудиторлық қызметті нормативтік реттеу жүйесі жасалған деуге болады. 1993 жылдың 18 қазанында «ҚР аудиторлық қызмет туралы» бірінші заң қабылданған. Бес жылдан кейін 1998 ж. 20 қарашада «Аудиторлық қызмет туралы» ҚР екінші заңы қабылданды. Аудиторлық заңға 18.12.2000 ж., 15.01.01ж., 02.03.01ж., 26.12.02 ж., 16.05.03 ж., 11.06.03 ж. және соңғы 05.07.12 ж. № 30-V жылдары өзгерістер мен қосымшалар енгізілді. Бұл Заң аудиторлық қызметті реттейтін құжаттардың бірінші деңгейіне жатады.

Заң (ҚР аудиторлық қызметті атқару үрдісінде) мемлекеттік ұйымдар, жеке және заңды тұлғалардың, аудитрлар мен аудиторлық ұйымдардың арасында пайда болатын қатынастарды реттейді.

«ҚР аудиторлық қызмет туралы» 20.11. 1998 ж. № 304-I қабылданған заңның құрылымы мен мазмұны 6 бөлім және 25 баптан тұрады.

Соңғы 05.07.12 ж. № 30-V «ҚР аудиторлық қызмет туралы» (20.11. 1998 ж. № 304-I) заңда 30  бап және өзгерістер қарастырылған.

Екінші  деңгейдегі құжаттарға ҚР аудиттің халықаралық стандарттары жатады. ҚР аудиторлар Палатасының 2000 ж. наурыз айында болған бесінші Республикалық конференциясында ҚР аудиттің халықаралық стандарттарға көшуі және оларды ұлттық ретінде қабылдау туралы шешім қабылданды.

Аудиттің халықаралық  стандарттарын Бухгалтерлердің  Халықаралық федерациясы (IFAC) шығарады; оның штаб – пәтері Нью – Йоркте, АҚШта орналасқан. Қазіргі уақытта IFAC – қа 92 елден 129 ұлттық бухгалтерлік ұйым кіреді. 2000 жылдан бастап Қазақстанда IFAC мүше болды.

Қазіргі уақытта аудиттің халықаралық стандарттар жүйесі 9 топқа бөлінген 36 стандарттан және 10 топқа кіретін 10 ережеден тұрады.

Сонымен 01.01.2002 жылы аудиттің 46 стандарты бар. Аталған 9 топ:

  1. «Кіріспе аспектілер»;
  2. «Жауапкершілік»;
  3. «Жоспарлау»;
  4. «Ішкі бақылау»;
  5. «Аудиторлық дәлелдемелер»;
  6. «Басқалардың жұмысын пайдалану»;
  7. «Аудиторлық қорытынды және есеп беру»;
  8. «Мамандандырылған аймақтар»;
  9. «Қосымша қызметтер»;

Үшінші  деңгей – аудиторлық қызметтің ішкі фирмалық стандарттары; оларды аудит тәжірибесі негізінде аудиторлық фирмалар жасайды. Бұл деңгейдің құжаттары жоғары деңгей құжаттарын бөліп, айқындай түседі. Бұндай құжаттардың мазмұны мен үлгісі аудиторлық қызмет нарығы нығайып және кеңіген сайын жетіле береді.

Қазақстандағы аудиторлық қызметті реттеу үрдісіне келесі мемлекеттік  ұйымдар тікелей қатысады:

    1. ҚР Қаржы министрлігінің бухгалтерлік есеп және аудиттің әдістемелікғ департаменті;
    2. ҚР Ұлттық банкі;
    3. ҚР аудиторлар Палатасы;
    4. Аудиторларды аттестациялау бойынша Біліктілік комиссиясы;

 

ҚР Қаржы министрлігінің бухгалтерлік есеп және аудиттің әдістемелік  департаменті (әрі қарай – Департамент) ҚР Үкіметі тағайындаған негізгі өкілетті мемлекеттік ұйым. Департамент аудиторлық қызметті лицензиялау жолымен аудиторлар және аудиторлық мекемелер қызметіне бақылау жүргізеді, яғни лицензияны беру, тоқтату, қайтарып алу арқылы.

Департаменттің негізгі  функциялары:

  • өз құзырының шегінде аудиторлық қызметті реттейтін нормативтік – құқықтық актілер шығару;
  • аудиторлық қызмет стандарттарын бекіту;
  • ҚР Заңымен тағайындалған тәртіпте аудиторлық қызметті лицензиялау жүйесін ұйымдастыру;
  • аудиторлық мекемелер мен аудиторлардың лицензиялық талап пен шарттарын орындауды қадағалау жүйесін ұйымдастыру;
  • аудиторларға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту;
  • аудиторлық мекемелер және аудиторлардың аудиторлық қызмет стандарттарын орындауын бақылау;
  • аудиторлар мен аудитрлық мекемелер реестрін жүргізу;
  • бұқаралық ақпарат құралдарында лицензияның берілгенін, қайтарып алынғанын және қызметінің тоқтатылғанын жариялау;
  • аудиторлық қызмет жасауға байланысты аудиторлардың, аудиторлық мекемелердің және тексерілген мекемелердің өтініштерін қарау;

ҚР Ұлттық банкінің негізгі  функциясы банк және қамсыздандыру қызметтеріне аудит жүргізуге лицензия беру.

ҚР аудиторлар Палатасы коммерциялық емес кәсіби мекеме; олар өз өкілеттілік шеңберінде аудиторлар мен аудиторлық мекемелер қызметін реттейді. Аудиторлар Палатасы ерікті негізде аудиторлар мен аудиторлық мекемелерді біріктіреді және мүшелік жарна, тағы басқа да ҚР заңымен тыйым салынбаған қайнар көзден қаржыландырылады.

Республикада аймақтық және Республикалық аудиторлар палатасы жұмыс істейді.

Аймақтық аудиторлар палатасынң негізгі функциясы:

  • аудиттің дамуына оның тиімділігінің артуына, аудиторлар мен аудиторлық мекемелердің қызметін ұйымдастыру және реттеу;

- аудиторлар мен аудиторлық  мекемелердің аудит стандарттарының  талабын сақтауын қамтамасыз  ету;

  • аудиторлық қызметті жүргізуге байланысты аудиторлар мен аудиторлық мекемелер және аудиттелетін мекемелердің келіспеушіліктерін қарастыру;
  • аудиторлар мен аудиторлық мекемелердің (азаматтық – құқықтық жауапкершілікті міндетті қауіпсіздендіру) келісім – шартын жасаудан бас тарту фактілері анықталған жағдайда және азаматтық – құқықтық жауапкершіліктерді міндетті қауіпсіздендіру туралы ҚР заңдары талабын бұзған жағдайда өкілетті мемлекеттік ұйымға ақпарат береді;
  • аудиторлық қызметке байланысты ҚР заң актілері және әдістемелік құжаттарымен аудиторларды және аудиторлық мекемелерді қамтамасыз ету;
  • аудиторлар мен аудиторлық мекемелердің жұмыс тәжірибесін талдап, қорытындылау және тарату;
    • мемлекеттік, қоғамдық, шетелдік және халықаралық ұйымдарда аудиторлар мен аудиторлық мекемелердің мүддесін қорғау;
    • заңға және халықаралық келісім – шарттарға қайшы келмейтін басқа да қызмет жасау;

Республикалық аудиторлар Палатасы аймақтық палатасының барлық тізілген функцияларын атқарады, қосымша  жасайтыны:

    • аймақтық аудиторлар палатасының қызметін реттеуді жүзеге асыру;
    • халықаралық тәжірибе негізінде аудит стандарттарын жасау;
    • аудиторлыққа стандарттарды оқыту мен дайындауды және оқытуды ұйымдастыру, кәсіби оқу аудиторлар мен бсқа мамандардың біліктілігін көтеру;

 

Аудиторларды  аттестациялау бойынша біліктілік комиссиясы аудиторлар палатасының республикалық онференциясында мекемелік (коммерциялық емес мекеме) ұйымдастыру – құқықтық түрінде ұйымдастырылады. Біліктілік комиссиясының құрамына кіретіндер:

    • жалпы санының 2/3 көп емес - әр аудиторлар палатасынан өкілдер;
    • жалпы санының 1/3 бөлігінен кем емес ҚР Үкіметі анықтаған мемлекеттік ұйымдар өкілдері;

Біліктілік комиссиясының  негізгі функциясы:

          • Біліктілік талабы негізінде емтихандар өткізу жолымен аудиторлыққа кандидаттардың біліктілік деңгейін анықтау;
          • «аудитор» біліктілігін куәлік және аудитордың жеке мөрін беру арқылы «аудитор» біліктілігін беру жөнінде шешім қабылдау;
          • Біліктілік куәлігін жою туралы шешім қабылдау және ол шешім туралы Департамент және ҚР Ұлттық банкке ақпарат жеткізу;

 

 

2.Аудиттін кіріспе стандарттары

 

Бухгалтерлердің халықаралық федерациясының  (БХФ) Кеңесі Халықаралық аудит тәжірибесі бойынша комитет  (ХАТК) орнатты.  ХАТК міндетіне БХФ Кеңесі атынан аудит және жалғас, ілеспелі  қызметтің стандарттары мен ережесін жасау және енгізу жатады. Стандарттар мен ережелерді қабылдау аудит тәжірибесін барлық әлем бойынша бір үлгіге түсіруге мүмкіндік береді. ХАТК жұмысының әдістері мен талаптарын, сол сияқты олардың жасаған құжаттарының құқықтық ауқымын  түсіну үшін БХФ Кеңесі Халықаралық аудит стандарттарына  және жалғас, ілеспелі  жұмыстарға стандарт түріндегі (100-ХАС) алғысөзді бекітті.

100-ХАС –та аудиттің  халықаралық стандарттарын жасау  және бекіту кезеңдерінің кезегі  мен әдістері сипатталады:

1 кезең

 

 

2 кезең 

 

 

 

 

3 кезең

 

 

4 кезең

 

5 кезең

ХАТК тәуелді комитеті аудит стандарттарының жобасын жасау үшін тақырыптар іріктеуді жүргізеді

 

Тәуелді комитет БХФ мүше елдердің шығарған бастапқы ақпаратты (ережелер, ұсыныстар, зерттеулер немесе стандарттар) зерттеп, ХАТК қарауы үшін стандарт жобасын  дайындайды.

 

Стандарт жобасын ХАТК бекіткеннен кейін ол танысу және  түзетулер алу үшін БХФ мүшелеріне жіберіледі.

 

Түзетулерді қарап, енгізгеннен кейін  стандарт жобасы бекітуге жіберіледі.

 

ХАТК өз отырысында комиттетің 10 мүшесінің ¾ дауысымен стандартты бекітеді, ХАС ретінде жарыққа  шығарады және ол көрсетілген мезгілде күшіне енеді.


120-ХАС мақсаты - аудиттің  және қосарлас қызметтің концептуалдық  негіздерін сипаттау. Бұл стандартта  сенімділік деңгейі, аудит пен  қосарлас қызметтің қысқаша сипаттамасы,  сол сияқты клиенттің қаржылық  ақпаратына байланысты аудитордың жауапкершілігі баяндалған. Қаржылық есеп жыл сайын дайындалып есеп беріледі. Ол пайдаланушылардың ақпаратқа деген қажеттілігін қанағаттандыруға арналған.

 

Жауапкершілік стандарттары

200-ХАС-ң мақсаты – қаржылық есеп аудитін реттеубің мақсаты мен жалпы принциптеріне қатысты стандарттарды тағайындау. 200-ХАС 120-ХАС “Аудиттің халықаралық стандарттарының концептуалдық негіздері” стандартымен тығыз байланысты.

Қаржылық есеп аудитінің мақсаты – қаржылық есеп өзінің барлық маңызды жақтарынан қаржылық есепті берудің концептуалдық негіздеріне сәйкес жасалғанына қатысты аудитордың өз пікірін білдіруге мүмкіндік беру.

Информация о работе Аудиторлық қызметті реттеудің нормативтік – құқықтық деңгейлері