Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Января 2015 в 14:38, доклад
Жасерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы пәнінің мақсат-міндеттерін, маңызын, балалар ағзасының жас кезеңдеріне байланысты өсу және даму заңдылықтарын қарастыру.
1. Жасерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы пәні және басқа ғылымдармен байланысы.
2. Балалар мен жасөспірімдер организмінің өсу және даму заңдылықтары туралы түсінік. Акселерация.
Сонымен ішек-қарын гастроинтестиналдық гормондары:
Асқорыту түтігінің қабырғасы күрделі 3 қабаттан тұрады: ішкі- шырышты, ортаңғы-етті, сыртқы –дәнекер ұлпасы, ір қабаты.
Тамақтану- адамның қалыпты тіршілік қызметтері мен дамуы үшін қажет бірден-бір әлеументтік және биологиялық фактор болып табылады. Рационалды тамақтану – ол ғылыми негізінде құрылған, ағзаның өсуі мен қалыптасуын, денсаулықты сақтау мен жұмыс қабілетін арттыруын қамтамасыз етеді. Тамаққа қойылатын гигиеналық талаптар:
Тамақтану – зат алмасуы мен энергия алмасуының физиологиялық негізі. Сапасыз немесе жеткіліксіз тамақтану организмнің тіршілік қызметін бұзу мүмкін: өсудің кешеуілдеуі, жұмысқа қабілеттілігінің нашарлауы, түрлі ауруларға деген қарсылығының кемуі, қоршаған ортаның зиянды әсерлері алдындағы организмнің төзімділігінің төмендеуі.
ҚОЛДАНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР:
1.А.Г.Хрипкова Возрастная физиология и школьная гигиена. М., 1990
2.Ю. А. Ермолаева Возрастная физиология. М., 1985.
3.Н.Н. Леонтева, К.Б. Маринова Анатомия и физиология детского организма. М.,1986.
4.Советов С.Е. Мектеп гигиенасы. А., 1973.
5. Антропова А. А. Основы гигиена учащихся. М.,1982.
6. Белецкая В. И. Школьн.ая гигиена. М., 1983.
7.С. Жұмабаев Жасерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы. А.,1988.
8. Чабовская А. Основы педиатрии и гигиены. М.,1978.
Дәріс 9.
Дәріс тақырыбы: Зәр шығару жүйелері, оның жасқа байланысты ерекшеліктері.
Дәріс мақсаты: Зәр шығару жүйесінің құрылысы мен қызметі, оның жасқа байланысты ерекшеліктері, гигиенасын қарастыру.
Дәріс жоспары мен қысқаша мазмұны:
Адам организімінде зат алмасу үздіксіз жүреді. Оның барысында түзілген өнімдердің кейбірін организм пайдаланбайды, сондықтанда олар сыртқа шығарылуы керек. Сыртқа шығару мүшелері: бүйрек, тер бездері, өкпе, асқорыту түтігі. Экскрециялық мүшелердің негізгі қызметі – денедегі зат алмасудың соңғы өнімдерін өзге текті басқа заттарды, мысалы, дәрі – дәрмектерді сыртқа шығарып отыру. Гомеостаздық – қан құрамы мен қасиеттерін лимфаның интерстициялық сұйық пен ликвар құрамының тұрақтылығын сақтайды.
Сыртқа шығару ағзаларының қан құрамындағы және денедегі басқа сұйықтар құрамындағы иондар концетрациясының тұрақтылығын (изоиония) және қан мен басқа биологиялық сұйықтықтардың осмостық қысымының тұрақтылығын (изоосмия). Денедегі қышқылдар мен негіздер тепе-теңдігінің тұрақтылығын (изогидрия) қамтамасыз етеді. Экскрециялық ағзалар денедегі басы артық қышқылдар мен сілтілерді сыртқа шығарып отырады. Мұнымен қатар жасуша ішіндегі және сыртқы сұйықтармен әрдайым алмасып тұратын қанның тамырдағы көлемдік тұрақтылығын (изоволемия) сақтайды. Денедегі белгілі бір жағдайда су мен тұздар тепе-теңдігін (балансын) қамтамасыз етіп олардың артығын организмнен шығарады. Тері бездері дене температурасын тұрақтылығын сақтауға (изотермия) қатысады.
Бүйрек. Бүйректің негізгі қызметі – несеп түзу. Несеп түзілуі, оны сыртқа шығару үрдісі диурез (несеп шығарушы) деп аталады. Қалыпты жағдайда тәуліктік диурез мөлшері сыртқы қоршаған ортаның температурасына, желінген тамақтың құрамына, мөлшеріне және ішкен су мөлшеріне байланысты. Ересек адамда тәулігінде 1000-1800 мл несеп түзіледі. Ауруға шалдыққан кезде кейде тіпті сау адамда да диурез өзгеріп отырады. Физиологиялық жағдайда оның 3 түрін байқауға болады: алигурия – тәуліктік диурездің азаюы; полиурия – тәуліктік диурездің көбеюі; анурия – несеп түзілуінің тоқтайы. Ауруға шалдыққан кезде туатын өзгерістер – энурез (түнде несеп ұстамау), никтурия (түнде несептің шектен тыс көп болып түзілуі).
Бүйрек жұп мүше, салмағы 120 – 200 г. Бүйректің негізгі морфофункционалдық құрылымы – нефрон, ол мальпигий шумақтары мен бүйрек түтікшелерінен тұрады. Әрбір бүйректе 1 млн – ға жуық нефрон бар. Олар қан, лимфа тамырларымен жиі торланған және араларында интерстицияльдық сұйықтық болады. Нефрон құрылысы - өте күрделі. Ол Шумлянский – Боумен капсуласымен, артериялық капилляр шумағынан, яғни Мальпигий шумағынан және түтікшелерден тұрады. Нефронның шумақтық бөлігі гиомерулалық бөлім деп аталады. Шумлянский – Боумен капсуласы бүйрек түтікшелеріне айналады (нефронның түтікше бөлігі деп аталады). Бұл құрамында (проксималь) және (дисталь) ирек түтікшелері бар, бүйректің құрылысты бөлімінде, ал гекле ілмешегі және несеп жиналатын түтікшелер ми бөлімінде болады. Бүйрекке ағып келетін қанның 85% -ке жуығы, бүйректің қыртыс қабатындағы қан тамырларында. Қанды алып келуші артериялы тамыры қабырғасында, оның шумаққа кіретін жерінде микроэпителиялық жасушадан пайда болатын тығыз түйін. Оны юкстагломеруларлық (шумақ қасы) аппарат деп аталады. Егер де бүйректің қанмен қамтамасыз етілуі нашарласа, бұл аппарат ренин бөледі. Ренин артерия қан қысымын реттеп, қандағы электролиттың мөлшерін қалыпты жағдайға келтіреді.
Бүйректің қан әкелуші тамыры бүйрек артериясынан басталады. Бүйрек артериясы іш қалқасының бір бұтағы. Мальпигий шумағы капиллярында қан қысымы жоғары (с.б.б. 78-80 мм). Бүйректің қан әкелуші тамырына қарағанда қан әкетуші тамырының дм екі есе тар. Нефрон түтікшелерінің ұзындығы 35 – 50 см, ал бүйректің жалпы барлық түтікшелерінің ұзындығы 70 – 100 см. Нефрон түтікшелерінің құрылымдық ерекшелігі , оның жоғарғы бөлімі цилиндр тәрізді эпителийден тұрады, олардың ішкі бетінде микробүрлер, яғни кері сіңіру қабілеті күшті протоплазмалық өсінділер бар. Кейін эпителилердің пішіні өзгеріп куб тәрізді болады. Микробүрлер бүйрек аппаратын түтікшелерінің ішкі ауданының көлемін бірнеше рет ұлғайтады. Ферменттік жүйелер түтікше эпителиінің әр бөлімінде әркелкі орналасады: гексокиназа жоғары иірім түтікшелерінде көбірек болады, сукцинатдегидроза негізінен гекле ілмешегінің жоғарғы бөлімі эпителиінде көбірек, ал төменгі бөлігінде өте аз шоғырланған. Гиалуронидаза ферменті көбіне көп мөлшерде жинайтын түтіктің эпителиінде орналасады. Бұл айтылған ерекшеліктер несеп түзілу нефронның қай бөлімінде болса да өте күрделі үрдіс екенін көрсетеді.
Алғашқы (провизорлық) несеп пен соңғы (дефинитив) несеп айырмашылықтары:
Зәр - өзіне тән иісі бар, сарғыш түсті сұйық. Оның меншікті салмағы 1,010- 1,025, реакциясы әлсіз қышқылды. Оның құрамында 98 – 99 % су және 150 түрлі химиялық заттар болады. Зәрдің құрамында белок алмасуының өнімдері (мочевина, несеп қышқылы, креатин), минеар тұздар (ас тұзы), пигменттер (урохром,уробилин) болады. Тәуліктік зәрдің мөлшері 1,5 л.
Зәрдің түзілуі.Бүйректе зәрдің түзілуі 2 фазада өтеді. Алғаш 1-ші фазада алғашқы зәр, 2-де соңғы зәр түзіледі. Алғашқы зәр нефронда пайда болады. Капсуладағы тамырлар шоғырында қан қысымы жоғары, сондықтан қанның сұйық бөлімі капсула ішіне сүзіледі. Капсула қуысына сүзілген сұйықтықты алғашқы зәр деп атайды. Ересек адамда тәулік ішінде нефрондық тамырлар шумағы арқылы 2000 л қан өтеді де, 150 – 180 л жуық алғашқы зәр түзіледі. Екінші фазада каналдарындағы алғашқы зәрдің құрамындағы организмге қажетті су, глюкоза, амин қышқылы, минералдық тұздар қанға сіңеді. Организмге қажетсіз мочевина, несеп қышқылы, сульфат т.б. кері сіңбейді. Кері сіңу каналдар қабырғасындағы эпителий клетканың қызметіне байланысты, нәтижесінде соңғы зәр түзіледі.
Зәрдің сыртқа шығарылуы. Соңғы зәр жинағыш каналдарға, одан ағыс жолдарына өтіп емізікшелерге, одан тостағаншаға, одан бүйрек түбегіне, бұдан несепағар арқылы қуыққа жиналады. Несепағар ұзындығы 30 см жуық түтік. Зәр жолы арқылы қуықтағы зәр сыртқа шығады. Зәр жолы түтігінің ұзындығы әйелдерде 3-4 см, ал ер адамдарда 18 см шамасында. Қуықтың зәр жолы басталар жерінде оны сақина тәрізді қоршап тұратын 2 сфинктер бар. Қалыпты жағдайда олар зәр жолын жауып тұрады. Бұл сфинктер ашылған кезде қуықтағы сұйық зәр шығару жолына ағады. Нефрон мен оның каналының қан тамыры нерв талшықтарын мол жабдықталған, Симпатикалық нерв зәрдің түзілуін күшейтеді. Зәрдің түзілуіне гумаральдық әсерлер бар: нейрогипофиздік антидуретикалық гормон, бүйрек үсті бездің қыртыс қабат гормоны - минералокортиноид зәр түзілуін азайтады, ал бүйрек үсті безінің ми қабаты гормоны – адреналин оны көбейтеді.
Жаңа туған баларда бүйректің массасы 11-12г, 1 жаста 36-37г, 3 жаста 55-56г. Бүйрек өсуінің алғашқы 3 жыл ішінде, жыныстық жетілуі кезеңінде және 20-30 жас аралығында байқалады. Жаңа туған балаларды бүйректің сыртқы беті бөлікті болып келеді. 2 жаста балаларда бөліктер едәуір тегістеледі, 5 жасар балаларда мүлде байқалмайды. Бүйректің қыртыс қабатының қалыңдығы жаңа туған балаларда 2 мм-ге тең, ал ми қабатының қалыңдығы 8 мм. Жаңа туған балалардың бүйрегінде нефрондар көп, бірақ майда, каналдардың иірімделуі аз. Иірім каналдарының өсуі 1-ші жылы қарқынды жүреді, 3-4 жаста саңылаулар кеңдігі, канал қабырғасының клеткалары құрылысы мен қызметі ересектерге ұқсас.
ҚОЛДАНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР:
1.А.Г.Хрипкова Возрастная физиология и школьная гигиена. М., 1990
2.Ю. А. Ермолаева Возрастная физиология. М., 1985.
3.Н.Н. Леонтева, К.Б. Маринова
Анатомия и физиология
4.Советов С.Е. Мектеп гигиенасы. А., 1973.
5. Антропова А. А. Основы гигиена учащихся. М.,1982.
6. Белецкая В. И. Школьн.ая гигиена. М., 1983.
7.С. Жұмабаев Жасерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы. А.,1988.
8. Чабовская А. Основы педиатрии и гигиены. М.,1978.
Дәріс 10.
Дәріс тақырыбы: Ішкі секреция бездерінің физиологиясы.
Дәріс мақсаты: Ішкі секреция бездері, олардың қызметі, бөлетін гормондарының ағза тигізетін әсерін, жыныстық жетілу және жыныстық тәрбие беруді қарастыру.
Дәріс жоспары мен қысқаша мазмұны:
Ішкі секрециялы бездердің сыртқы секрециялы бездерден айырмашылығы, олардың бөлген сұйықтығын шығаратын түтікшелері болмайды. Сол себептен сұйықтығын тікелей ішкі ортаға қанға, лимфаға бөледі.Олар өте қан тамырлы келеді. Ішкі секрециялық бездердің қанға бөліп отыратын сұйықтығын гормон деп атайды. Гормондар организмдегі түрлі тіршілік процестеріне (зат алмасу, даму, өсу, жыныстық жетілуне т.б.) қатты әсер етеді.Оларды не үдетіп, не тежеп отырады. Осы гормондар арқылы организмге тигізетін химиялық әсерін гуморальдық реттеу деп аталады.
Эндокриндік бездердің (гр.endon – ішкі, crineo - бөлемін немесе шығарамын) сөлін шығаратын өзегі жоқ, без жасушалары қан және лимфа капиллярымен өте жиі торланған, сондықтан без өнімдері тікелей осы тамырларға өтеді. Экзокринді бездердің өзегі бар, әрі ол өзек белгілі бір ағзаға ашылып, өз өнімдерін сол мүшеге шығарады.
Ішкі сөлініс бездеріне гипофиз, эпифиз, қалқанша, қалқанша серік бездері, айырша без, бүйрекүсті безі, ұйқы және жыныс бездері жатады. Ұйқы және жыныс бездері – аралас бездерге жатады. Гормондар қан мен лимфа тамырларына еніп барлық ұлпалар мен мүшелерге және бүкіл организмге әсер ете алады:
Информация о работе Жасерекшелік физиологиясы және мектеп гигинасы