Жасерекшелік физиологиясы және мектеп гигинасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Января 2015 в 14:38, доклад

Краткое описание

Жасерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы пәнінің мақсат-міндеттерін, маңызын, балалар ағзасының жас кезеңдеріне байланысты өсу және даму заңдылықтарын қарастыру.
1. Жасерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы пәні және басқа ғылымдармен байланысы.
2. Балалар мен жасөспірімдер организмінің өсу және даму заңдылықтары туралы түсінік. Акселерация.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Балалар өмірінің режимі және оны ұйымдастыру.DOC

— 394.50 Кб (Скачать документ)

Әсер ететін тііркендіргіштердің физиологиялық табиғатына сәйкес рецепторлары бірнешеге бөлінеді: фонорецепторлар (дыбыс), фоторецепторлар (жарық), механорецепторлар (механикалық), хеморецепторлар (химиялық), барорецепторлар (қысым), терморецепторлар (жылу, суық).

Түйсік пен жауап әсерлерінің сипатына қарай көру, есту, иіс, дененің кеңістіктегі қалпы т.с.с. анализаторларға ажыратылады. Тікелей рецепторлармен жанасатын тітіркендіруді (дәм, ауырсыну, сипап сезу) қабылдайтын мүшелерді - жанасу сезім мүшелері деп атайды.  Тітіркендіруді оның шығу көзінен едәуір қашықтықта қабылдайтын көру, есту, иіс рецепторларының мүшелерін - дистантты сезім мүшелері деп атайды. Сезім мүшелерінің рецепторларының қозғыштығы бірдей болмайды. Ол рецепторалрдың күйіне, Орталық жүйке жүйесінің қызметіне, рефлекторлық доғадағы нейронның күйіне, адам жасына, дене құрылысының жетілуіне, психикалық ұстамдылығынан байланысты. Анализаторларлардың (көру, есту, қимыл т.б.) қызметінің бұзылуы адамды жартылай немесе толық мүгедек етеді. Сондықтан анализаторлардың өзара бірін-бірі алмастыруының маңызы зор. Мысалы, көзі көрмейтін адамда қалыптан тыс ұлғайған есту және қимыл анализаторлары белгілі дәрежеде қоршаған дүниені танып білудегі көру кемістігін толықтырады. Оларда сипап сезу мүшелері жақсы жетіледі. Мұның өзі Брайль әдісімен басылған трафаретті кітапты саусақтарының ұшымен оқуға мүмкіндік береді. Мұнда анализаторлардың қыртысты аймақтары арасында жойылған қызметін ішінара толықтыратын уақытша байланыстар түзіледі. Көру анализаторы көз алмасынан, көру жүйкесінен, қосымша аппараттардан тұрады. Көз алмасы бас сүйектің алдыңғы жағындағы көз шарасының ішінде орналасқан. Көз алмасы 3 қабаттан тұрады: сыртқы ақ қабық немесе склера, ортаңғы - тамырлы қабық, ішкі - торлы қабық. Тамырлы қабықтың алдыңғы бөлігі нұрлы қабық деп аталады. Нұрлы қабықтан кейін екі жағы дөңес мөлдір линза - көз бұршағы орналасқан. Көздің ішкі қуысын шыны тәрізді дене толтырады. Жарық сәулесін сындыратын орта - нұрлы қабық, көз бұршағы, шыны тәрізді дене және торлы қабық (ретина) көздің негізін құрайды. Есту анализаторы орналасуына қарай, атқаратын қызметіне қарай сыртқы, ортаңғы және ішкі құлаққа бөлінеді. Сыртқы құлақ дыбыс толқынын жинақтап ортаңғы құлаққа өткізеді, ортаңғы құлақ ішкі құлақтың қабылдау рецепторларына береді. Ішкі құлақта есту (кортиев) мүшесімен басқа тепе-теңдік аппаратында жатады.   

ҚОЛДАНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР:

1.А.Г.Хрипкова Возрастная  физиология и школьная гигиена. М., 1990

2.Ю. А. Ермолаева Возрастная  физиология. М., 1985.

3.Н.Н. Леонтева, К.Б. Маринова  Анатомия и физиология детского организма. М.,1986.

4.Советов С.Е. Мектеп гигиенасы. А., 1973.

5. Антропова А. А. Основы гигиена учащихся. М.,1982.

6. Белецкая В. И. Школьн.ая гигиена. М., 1983.

7.С. Жұмабаев Жасерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы. А.,1988.

8. Чабовская А. Основы педиатрии и гигиены. М.,1978.

 

 

Дәріс 5.

Дәріс тақырыбы: Тірек-қимыл аппараты, оның жасқа байланысты ерекшеліктері.

Дәріс мақсаты: Тірек-қимыл аппартының құрылысы мен қызметі, олардың жасқа байланысты даму ерекшеліктері, тірек-қимыл аппаратының бұзылуларын алдын алу, жетілдіру жолдарын меңгеру.

Дәріс жоспары мен қысқаша мазмұны:

  1. Тірек-қимыл аппаратының құрылысы мен қызметі.
  2. Балалар қаңқасының өсу ерекшеліктері.
  3. Бұлшық ет жүйесінің жасқа байланысты ерекшеліктері.
  4. Сүйек-ет системасының гигиенасы.

Тірек-қимыл аппараты мүшелердің 3 жүйесінен тұрады: сүйектерден, олардың қосылыстарынан, бұлшықететерден. Сүйек туралы ілім – osteologia, остеология. Қаңқа (sceleton грек тілінде – кептірліген скелет) – механикалық маңызы бар, мезенхимадан дамитын тығыз түзілістердің жиынтығы болып табылады. Олар өзара дәнекер, шеміршек немесе сүйек ұлпаларының көмегімен байланысқан жеке сүйектерден тұрады. Қаңқаның механикалық қызметі тірек, қорғаныш және қозғалысты іске асыру қабілетінен көрінеді. Тірек болу – жұмсақ ұлпалар мен мүшелердің қаңқаның түрлі бөліктеріне бекінуі арқылы іске асады. Қозғалыс жылжымалы бунақтармен қосылған және жүйке жүйесі арқылы басқарылатын бұлшықеттің көмегімен қозғалысқа келтіретін ұзын және қысқа рычагтар түріндегі сүйектердің құрылысы арқасында мүмкін болады. Қорғау қызметі жеке сүйектерден сүйек қуысын, жұлынды қоғайтын омыртқа қуысын, бас миын қорғайтын ми сауытын, көкірек қуысының басты мүшелерін (жүрек, өкпе) қорғайтын көкірек қуысын, түрдің одан әрі сақталуы үшін қажет көбею мүшелерін қорғайтын сүйекті орын – жамбас астау түзу арқылы іске асырылады. Сүйек жүйесінің жалпы функциясы қаңқаның зат алмасуға, әсіресе, минералды алмасуға қатысуына байланысты.

Сүйек заты химиялық заттардың 2 түрінен тұрады: органикалық, бейорганикалық заттардан тұрады. Бала сүйектерінде органикалық заттар көп, сондықтан олардың сүйегі иілгіш, эластикалық болып келеді. Жасы келе минералды заттар артады. Сүйектің құрылымдық бірлігі остеон, яғни тамырлары мен жүйкелер бар, орталық каналды айнала сақиналы орналасқан сүйек пластинкалары жүйесі болып табылады.Остеондар бір-біріне тығыз жабысып жатпайды, олардың арасы аралық сүйек пластинкаларымен толтырылған. Сүйек сүйек қабығы, сүйек ұлпасы, сүйек қызыл майы, қан және лимфа тамырлары мен жүйкелерден тұрады. Сүйек қабығына буындар мен бұлшықеттер бекиді, ішкі қабаты бөлінетін жасушалардан тұрады, бұл клеткалар сүйекті қалыңдатады.

Жас сүйектер ұзына бойы шеміршек көмегімен өседі, сүйек өсуі аяқталғанда шеміршек сүйек ұлпасына айналады. Бала өскен сайын, оның сүйегінде сү азайып, минералды заттар артады. Ер адамда сүйектің дамуы 20-24 жаста аяқталады, әйел 2-3 жыл бұрын аяқталады.

Қаңқаны 2 бөлімге бөледі: білікті (осевой) (бас қаңқасы, омыртқа бағанасы, кеуде сүйектері), қосымша (қол және аяқ сүйектері). 

Қаңқа бөліктері:

  • бас қаңқасы (ми сауыт, бет сүйектері);
  • тұлабой қаңқасы (омыртқа сүйектері, қабырғалар, төстік);
  • қол сүйектері (иық белдеуі – бұғана, жауырын, қол бас сүйектері- тоқпан жілік, шыбық және шынтақ сүйек, білезік сүйектері, алақан, саусақ сүйектері);
  • Аяқ сүйектері (жамбас белдеуі, ортан жілік, асықты жілік, тізе тобығы, табан, башпай сүйектері).

Ересек адам қаңқасына кіретін жекелеген сүйектердің саны 200-ден асады, олардың 36-40 дененің орта сызығы бойымен орналасқан. Сырқы пішіндері жағынан сүйектерді ұзын, қысқа. Жалпақ және аралас деп ажыратады. 

Буындардың құрылысы мен қызметі: қозғалмайтын- сүйек бұдырлары бір-бірімен тігіс тәрізді бекиді (бас сүек), аз қозғалатын – сүйек арасындағы берік шеміршектер жатады (омыртқа сүйектері), қозғалатын – сүйек ұшы гиалинді шеміршекпен жабылған, бұл шеміршек эластикалық, жылтыр, тегіс болып келеді.

Омыртқа бағанасы. Омыртқа бағанасы жоғарғы жағы баспен, төменгі жағы жамбас сүйекпен бекиді. Омыртқа жотасы 5 бөлімнен: мойын омыртқалары – 7, арқа омыртқалары-12, бел омыртқалары – 5, сегізкөз омыртқалары -5, құймышақ 4-5 омыртқа сүйектерден тұрады. Жаңа туған баланың омыртқа жотасының сырттай иілулері байқалмайды.

ҚОЛДАНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР:

1.А.Г.Хрипкова Возрастная  физиология и школьная гигиена. М., 1990

2.Ю. А. Ермолаева Возрастная  физиология. М., 1985.

3.Н.Н. Леонтева, К.Б. Маринова  Анатомия и физиология детского  организма. М.,1986.

4.Советов С.Е. Мектеп гигиенасы. А., 1973.

5. Антропова А. А. Основы гигиена учащихся. М.,1982.

6. Белецкая В. И. Школьн.ая гигиена. М., 1983.

7.С. Жұмабаев Жасерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы. А.,1988.

8. Чабовская А. Основы педиатрии и гигиены. М.,1978.

 

Дәріс 6.

Дәріс тақырыбы: Қан және қан айналу жүйесінің физиологиясы, оның жасқа байланысты ерекшеліктері.

Дәріс мақсаты: Қан, оның құрамы, қызметі, қан топтары, қанның қан тамырлар арқылы қозғалуы, жүрек құрылысы мен қызметі, жүрек-тамыр жүйесінің жасқа байланысты ерекшеліктерін, гигиенасы туралы білімдерін кеңейту.

Дәріс жоспары мен қысқаша мазмұны:

  1. Қан құрамы және топтары.
  2. Жүректің құрылысы мен қызметі.
  3. Қан айналу жолдары.
  4. Жүрек-тамыр жүйесінің гигиенасы.

Қан, лимфа және жасуша аралық сұйықтық организмнің ішкі ортасын құрайды. Қан дегеніміз формалы элементтер (эритоциттер, лейкоциттер, тромбоциттер) мен плазмадан тұратын сұйық. Плазма құрамы күрделі ерітінді болып табылады (тұздар, ақуыздар, зат алмасу өнімдері т.б.). Плазма қан құрамының 52-58 %-іне, қан клеткалары  - 42-48 %-не тең.

Жаңа туған баланың организміндегі Қан дене салмағының 14,75% құрайды, 15 жастағы балада - 8,25,% ал ересек адамда салмағының 8,3 %құрайды.

Қан әртүрлі қызмет атқарады: зат алмасу мен сыртқы тыныс алу процесіне белсене қатысады, барлық организм мен ұлпаларды оттегімен қамтамасыз етіп, көмір қышқыл газын шығарады, организмде қышқыл-сілті тепе-теңдігін сақтайды, организмді инфекциядан қорғайды, қоректік заттарды ұлпаларға жеткізіп, одан зат алмасу өнімдерін алып кетеді, дене температурасын тұрақты сақтайды.

Гомеостаз деп қан көлемі мен құрамының және физикалық, химиялық, биологиялық қасиеттерінің тұрақтылығын, яғни барлық биологиялық константаларды (артериялық қан қысымы, дене температурасы) айтады.  Бұл терминді 1929 жылы америка физиологі В. Кэннон ұсынған.

Эритроциттер - (грекше eritros - қызыл, cytos- клетка) қанның қызыл түйіршіктері. Бұл формасы жағынан екіге бүктелген дискаға ұқсас қанның ядросыз клеткасы, олардың құрамы гемоглобин ерітіндісі мен оның қосындылары арқылы көрсетілген. Жаңа туған нәрестеде орта есеппен эритроциттер 1 мл кубте 7,2 млн., 5-6 айлықта 4-4,5 млн болады. Бір жастан кейін олар кәмелетке толғанға дейін бірте-бірте көбейе береді де ересектердегі секілді 1 куб. мл-де 4,5-5 млн-ға жетеді. Олар 30 күннен 120 күнг дейін өмір сүреді. Организмнен тыс кездің өзінде белгілі бір жағдайда олар бір айдан кем өмір сүрмейді. Гемоглобин - құрамында темір бар белок тектес зат Ол эритроциттер мен қанға қызыл түс береді. Гемоглобин 1 молекула глобиннен, 4 гем молекуласынан тұрады.  Әрбір гем молекуласында екі валентті темір атомы бар. Гемоглобиннің бір молекуласы оттегінің 4 молекуласымен әрекеттеседі. Гемоглобин өкпеде оттегімн байланысып, тұрақсыз қосылысты - оксигемоглобинді құрайды, ал ұлпаларда оттегінің шамалы бөлігін беріп көмір қышқыл газымен байланысып карбогемоглобинге айналады. Организмде ол тыныс алу қызметін атқарады. Мектеп жасына дейінгі балалардың қанында гемоглобин құрамы 80-81%, 10-11 жастағыларда ересектердегі сияқты 85 % дейін болады. Құрамы 100 болғанда 100 мл қанда 17,3 г гемоглобин болады. Оның мөлшерінің 70 төмен болуы (100 мл қанда 14г) қан азайғандық немесе анемия деп аталатын ауруды көрсетеді. Егер пробиркаға құйылған қанға ұйытпайтын зат қосса, біраз уақыттан соң эритроциттер шөге бастайды - бұл қызмет эритроциттер тұну жылдамдығы деп аталады. Ер адамдарда - 1-10 мм/сағ., әйел адамдарда - 2-15 мм/сағ., жаңа туған балаларда - 1-2 мм/сағ., 3 жаста - 2-17 мм/сағ., 7-12 жаста 12 мм/сағ. Бұл медициналық практикада ауруды анықтау үшін қолданылады, өйткені көптеген аурулар кезінде ЭТЖ жылдам жүреді.

Эритроцит функциясының маңызы:

  1. тыныс алу;
  2. қан реакцияларының тұрақтылығын қамтамасыз етеді;
  3. осмостық буфер;

Лекоциттер. Бір литр қанда 4,5 - 9*10 лекоцит болады. Лейкоцит () қанның ақ клеткасы, ядросы бар, дм 12 мкм, амеба сияқты протоплазмасынан жалған аяқтарын шығарып (псевдоподий) қозғалады.      Қанда лейкоцит санының көбеюі лейкоцитоз деп, азаюы лейкоцитопения деп аталады. Лейкоцит саны сау адамда да ауырған адамда да өзгеріп отырады.

Лейкоцит түрлері:

  1. гранулоцит немесе түйіршікті лейкоцит
  2. агронулоцит немесе түйіршіксіз лейкоцит.

Гранулоцит  түрлері: эозинофиль, базофиль, нейтрофиль, ал агронулоцит лимфоцит, моноцит деп ажыратылады. Бір куб мм жас балалар қанында 7-10 мың, ересектерде 6-8 мың лейкоцит болады. Лейкоцит қорғаныш қызметін атқарады. Олар организмге еніп кеткен бөгде заттар мен микроптарды сіңіріп жоюға қабілетті, оны фагоциоз деп атайды. (И. И. Мечников).

Қанның түзілуі. Қан ұрықтық дамудың 2-ші айының аяғына дейін уыздық қапшықтағы капиллярлық тамыр қабырғаларында жасалады. Алғашқы түзілген клеткаларында пигмент болмайды, біраздан соң гемоглобині бар алғашқы эритроциттер түзіледі. Бұл кезеңге дейін лейкоциттердің түзілуі жүрмейді. 2-ші айдың аяғынан бастап, қан түзілуінің бауырлық кезеңі басталады: бауырда ядролы және ядросыз эритроциттер жасалады. Лейкоциттер мен тромбоциттер де бауырда жасалады, бірақ қарқыны баяу болады. 2 айлық эмбрионда көкбауыр мен лимфа түйіндерінінің түзілуі басталады. Бұларда 3 айдан бастап эритроциттер мен дәнді лейкоциттер жасалады.  Сүйек кемігінің түзілуі де ұрықтық дамудың 2 айында басталады, 4-5 айда бұлар қан жасай бастайды. Сүйек кемігінің бұл қызметі өмір бойы сақталады. Бауырдың қан жасау қызметі ұрықтық дамудың 5-6 айында баяулайды да, бұл туғаннан кейін соң бір жылдан кейін тоқталады. Көкбауырдың дәнсіз лейкоциттер жасауы ұрықтық дамудың 3-ші айынан басталып, туғаннан кейін де жалғаса береді.Бала ауруға шалдықса, онда оның ұрықтық кезіндегі қан жасаушы ағзалары бұрынғы қызметіне қайта көшеді, сонымен қатар айырша без, бүйрек, ішек  т.б. ағзалар қатысады. Қан түзілу жүйкелік және гуморалдық жолмен реттеледі, оған сытқы және ішкі факторлар әсер етеді.

Қан топтары.  Жарақаттанып қаны азайған адамға қан құйып, ағып кеткен қанның орнын толтырады. Эритроциттердің желімденуін Прага университетінің профессоры Ян Янский ашты. Ол адам қанында эритроциттің мембранасында 2 түрлі (А және В) агглютиноген, ал плазмада агглютинин желімдейтін альфа және бетта болатынын анықтады. А- агглютиногені бар эритроцитті плазмалық - агглютинин жабыстырса, В агглютиногені бар эритроциттерді - агглютинин жабыстырады. Қан араластырған кезде аттас агглютиноген мен агглютинин бір-бірімен кездес қалса, эритроциттер бір-бірімен желімденіп, үйме-агрегат құрады. Желімделген эритроцит жарылып, оның ішіндегі гемоглобин плазмаға шығып, сөйтіп осыдан эритроцит гемолизге ұшырайды. Осыған сәйкес адамның қанын 4 топқа бөледі.

Информация о работе Жасерекшелік физиологиясы және мектеп гигинасы