Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2013 в 19:02, реферат
Алдыңғы дақыл сапалы астық өндіруде үлкен рөл атқарып отыр. Масақтық астық өндіруде егістіктерге сапалы дән егілсе гектарына 3-4 центнерден артық өнім алынатындығы ғылыми зерттеулердің нәтижелері, алдыңғы қатарлы шаруашылықтардың деректерімен дәлелденген мәселе.
Бір сортты ұзақ жылдар бойы егу тұқымның сапасын төмендетуге әкеліп соғады, себебі ол механикалық зақымданады және биологиялық ластануы мүмкін. Агротехникалық шаралардың толық орындалмауы да дәннің сапасын төмендетеді. Қазіргі уақытта ғылыми-зерттеу мекемелерінің шығарған жоғары өнімді және сапалы сорттары өндіріске қарқынды енгізілуде.
Кіріспе
1. Шаруашылық туралы жалпы мағұлмат
2. Топырақ, ауа-райы, табиғат жағдайы
3. Жоңышқаның халық шаруашылығындағы маңызы
4. Жоңышқаның ботаникалық сипаттамасы және биологиялық ерекшеліктері. Сорттары
5. Жоңышқаның өсіру технологиясы, себу мерзімі, тәсілі мен мөлшері
6. Топырақты өңдеу, тыңайтқыштарды қолдану және арамшөптермен күресудің жүйесі
7. Еңбекті қорғау
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Жоғары қабаттарының көлемдiк массасы 1,2-1,25 г/см3, метрлiк қабаттан соң оның шамасы күрт жоғарылайды. Осыған байланысты жоғарғы қабаттарының жалпы қуаттылығы бiршама жоғары 53-54 %-ды құрайды, қабаттың тығыз дамуы 80 см кейiн басталды (кесте 7). Жоғарғы қабаттың далалық шектi су сыйымдылығы 25-27 %, төмендеген сайын оның мөлшерi 21 % төмендейдi (кесте 8). Су өткiзгiштiк көрсеткiштерiнiң мәлiметтерi топырақ механикалық құрамының ауырлығына қарамастан ылғал сiңiру жылдамдығы қанағаттанарлық екендiгiн көрсетедi. Су сiңiруiнiң орташа коэффициентi 0,9 мм/мин, бұл көрсеткіш макроагрегаттық құнарлылығының жоғарылығын байқатады.
Тәжірибе жүргізілген шабынды қара-қоңыр топырақтың агрохимиялық көрсеткіштері 12 кестеде көрсетілген.
кесте 12
Тәжірибе танабы шабынды қара-қоңыр топырағының агрохимиялық көрсеткіштері
Тереңдігі, см |
Агрохимиялық көрсеткіштері | ||||||
жалпы түрі, % |
жылжымалы түрі, мг/кг | ||||||
қарашірін |
азот |
Фосфор |
Nж.ы. |
N-NO3 |
Р2О5 |
К2О | |
0-25 |
4 |
0,258 |
0,211 |
137 |
25 |
22 |
308 |
25-46 |
4,67 |
0,248 |
0,205 |
109 |
36 |
13 |
293 |
46-58 |
3,25 |
0,214 |
0,158 |
78 |
58 |
13 |
275 |
58-76 |
1,86 |
0,117 |
0,135 |
63 |
26 |
15 |
269 |
Бұл топырағының құрамында (0-25 см қабаты) қарашiрiндi мөлшерi 4,58%, жалпы азот – 0,258, фосфор мөлшері 0,211% шамасында. Бұл топырақтың жартылай қабатында жылжымалы қоректік элементтік мөлшері: жеңіл ыдырайтын азот 137мг/кг, нитратты азот 25 мг/кг, жылжымалы фосфор 22,0 мг/кг және алмаспалы калий 308 мг/кг құрайды.
Кесте 13 Негізгі дақылдарды тыңайту жүйесі
Дақылдар |
Тыңайтқыш түрлері |
Берілуі |
Беру әдісі және қолданылатын машиналар маркасы | |
Мөлшері ц/г |
Мерзімі | |||
Күздік бидай Майбұршақ Майкене Рапс Жүгері Көп жылдық.ш |
NPK NPK NPK NPK NPK NPK |
4/5/2 30/60/45 40/60 5/6/3 4/6/1 4/2 |
Қырқ,сәуір Қырқ,сәуір ---------- ---------- --------- |
РУМ-10 РУМ-10 КРН-4,2 КРН-4,2, РУМ-10 КРН-4,2 |
Агроуниверситет ОТШ өсірілген дақылдарға минералдық тыңайтқыштар беру жақсы деңгейде жүргізілмейді. Кестеде дақылдардан жоғары өнім алу үшін берілетін тыңайтқыштардың мөлшеі келтірілген.
Кесте 14 Тұқымның егістік қасиеттері
Егістік дақылдар сорттары |
Тұқымның |
100 дәннің салмағы |
Класы |
Себу мөлшері | |||
Тазалығы % |
Өнгіштігі % |
Егуге жарамд. % |
Кг/га |
Млн Дана/га | |||
Күздік б. |
99,7 |
98 |
96 |
42,1 |
1 |
210 |
4,5 |
Арпа |
98,1 |
97 |
94 |
38,3 |
1 |
190 |
4,0 |
Жүгері |
99,0 |
98 |
97 |
70,4 |
1 |
40 |
3,7 |
Көп ж.ш |
75,0 |
78,0 |
70,1 |
32,5 |
1 |
10 |
5,5 |
Майбұр. |
98 |
98 |
95 |
48,6 |
1 |
25 |
4,3 |
Рапс |
96 |
94 |
93 |
44,2 |
1 |
30 |
4,1 |
Жоңышқаның халық шаруашылығындағы маңызы
Жоңышқа – көп жылдық бұршақ тұқымдастарына жататын, мал организмнің дұрыс өсіп, жетілуі үшін қажетті каротинге және басқа витаминдерге бай өсімдік. Сонымен қатар жоңышқаның көк шөбінің құрамында 20 процент, ал пішенінде 28 процент протеин бар, яғни жоңышқа өте бағалы мал азықтық дақыл. Жалпы қоректілігі жағынан жоңышқа астық тұқымдас шөптерден 2-3 есеге дейін жоғары. Жоңышқа пішенінің 100 кг 50-60 а.ө бар.
Ол пішен, пішендеме, шөп ұны, құрама жемшөп және басқа мал азықтық өнімдер алу үшін өсіріледі. Бір сөзбен айтқанда мал шаруашылығы үшін берік жемшөп қорын жасауда жоңышқаның алатын орны ерекше.
Топырақ құнарлылығын арттыруда жоңышқа үлкен роль атқарады. Ол өзінен кейін танапта органикалық заттарды көп қалдырады. Мысалы, жоңышқа, егілген танап үшінші жылдың аяғында 16 тоннаға дейін тамыр қалдығын жинайды. Осының арқасында топырақтың физикалық және химиялық қасиеттері жақсарып, оның су сиымдылығы артады. Сонымен бірге жоңышқа топырақты азотпен байытады. Ол әр гектарға 130-140 кг дейін азот жинайды.
Егіншілік шаруашылығында көптеген дақылдарға жақсы алғы дақыл болып есептеледі.
Жоңышқа Қазақстанның барлық облыстарында өсіріледі. Оның 2012 жылғы егіс көлемі 1035,7 мың гектарға жетті.
Осы жылы суарылмайтын жердің әр гектарынан 110,0 центнер, ал суармалы жерден 195,7 центнер көк балауса жиналды.
Республиканың суармалы жерлерінде жоңышқа 3-4 рет шауып алған кезде ол әр гектардан 150-200 центнер жұғымды пішен береді.
Қазақстанда жоңышқаның үш түрі кең тараған, көк гүлді жоңышқа (суармалы егіншілікте), сары бас жоңышқа (қызыл-қоңыр топырақты қуаңшылықты далалық және шөлейт аймақтарда) және будан жоңышқасы (орманды-далалық аймақта). Солардың 1991 жылы Береке, Иртышская, Карабалыкская-18, Капчагайская-80, Кара-гандинская-1, Көкше, Красноводоподская-8, Семиречинская местная, Смуглянка-83, Ташкентская-1, Уральская синяя, Шортандинская-2, Ярославна сорттары аудандастырыльга өсірілді.
Жоңышқаның ботаникалық және биологиялық ерекшеліктері
Жоңышқа бұршақ тұқымдас, көпжылдық шөп. Тамыр жүйесі күшті дамыған. Ортлық кіндік тамыры тереңге бойлап өседіжеңіл топырақты жерлерде 10-12 метрге дейін жетеді. Тамырының негізгімассасы(55-60%) топырақ бетінің жыртуқабатында (0-35см) орналасқан. Ауадан азот қабылдап, топырақты байытатын бактерия түйнектері негізінен жоңышқаның жіңішке бүйір тамырларында байланысады.
Жоңышқаның сабағының тамырға өтетін жерінде сабақтың жуандау «тамыр тәжі» деген бөлігі орналасады. Түптену аймағы қалыптасқан осы жерде бүршіктер байланысады. Жоңышқаның түріне қарай түптену аймағы- топырақтың 1,5- 10см тереңдігінде орналасады.
Сабақтары шөптесінді, 10-20 буынаралықтан тұрады,іші қуыс немесе негізгі ұлпамен толған. Жапырақтары күрделі, үштік, торта жапырақшасы ұзынырақ сағаққа орналасады. Жапырақшаларының пішіні әртүрлі-элипс, керісінше, жұмыртқа тәріздес, жіңішке ланцетті немесе дөңгелектенген, жоғарғы жағы ара тісті келеді. Суармалы жерлерде әр гектарға келетін жапырақ алақанының ауданы 80-110 мың шаршы метрге жетеді, тәлімі жерлерде 40-60 мың м3/га шамасында.
Гүлшоғыры- шашақгүл, 12-16 гүлден тұрады, сабақтар ұшында немесе бұтақтарында орналасады. Гүлдерінің күлшесі әрі түсі: көк, сары, көгілдір, қара-көк, шұбар, ақшыл.
Жемісі орақ тәрізді немесе 2-4 айналым жасап ширтылған, көп тұқымды бұршаққап. Тұқымының пішігі бүйрек тәріздес, түсі сары немесе қоңыр сары. 1000тұқымның салмағы 1,5-2,7.
Жоңышқаның транспирациялық коэффициенті 650-850-ге тең.
Жоңышқа ұзақ күннің өсімдігі, жарық сүйгі. Ол жазда ыстыққа, қыста суыққа жақсы шыдайды. Тұқымы +1-2 0С жылылықта өне бастайды.Өскіні -6-80С үсікке шыдайды. Көктемде көктеуі +5-80С жылылықта басталады. Жоңышқа алғаш өсу кезеңінде фосфор тапшылығына сезімтал, қара-қоңыр, сұр топырақтарда жақсы өседі. Жоңышқа үшін топырақ реакциясының бейтарап немесе сәл сілтілі болғаны қолайлы.
ӨСІРУДІҢ ИНТЕНСИВТІК ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Суармалы егіншілікте жоңышқаны буркемелі дақыл ретінде күздік бидаймен немесе жаздық арпамен бірге себеді. Өйткені таза сепсе жоңышқаның арам шөптер басып кетуі мүмкін, ал жауын-шашыны тапшы суарылмайтын жерлерде оны таза күйінде себеді. Ауыспалы егістерде жоңышқаның алғы дақылын дүрыс таңдай білген жөн. Жоңышқаны негізінен арам шөптерден таза, ылғалы мол танаптарға сепкен дүрыс. Осы түрғыдан алып қарағанда жоңышқаның жақсы алғы дақылы ретінде отамалы дақыл-дарды (жүгері, мақта), пардан кейінгі дәнді дақылдарды атауға болады. Республиканың оңтүстік-шығыс аймақтарында таулы және тау бөктеріндегі суғармалы жерлерде өсіреді. Алдымен танапты сыдыра жыртады, содан кейін танапты 25-30 см тереңлікте аудара жыртады. Жырту қабаты қалың болмаса сол қабатта ғана жыртады.
Жел эрозиясы қаупі бар жерлерді тереңдете сыдыра жыртады. Қыс кезінде танаптарда қар тоқтатады, ал суғармалы жерлерде күз мезгілінде қанықтырып суғарады.
Көктемгі жер өңдеу жұмысы сүдігерді тырмалаудан басталады. Тұқым себер алдында жер өңдеуге құрама агрегаттарды(РВК-3,6 т.б) қолданылады.
Суғармалы жерлерде жоңышқаны жамылғымен себеді. Ол үшін бір жылдық дақылдар(судан шөбі, итқонақ, тары, сұлы, арпа) пайдалынады.
.
Тыңайту және тыңайтқыш беру
Зерттеулер бойынша жоңышқа жылма-жыл топырақтан 253 кг азот, 157 кг фосфор жөне 146 кг калий сіңіреді. Демек жоңышқадан мол өнім алу үшін топыраққа белгілі бір мөлшерде минералдық тыңайтқыштар енгізіп тұру қажет.
Жоңышқа азотты ауадан алып, оны түйнек бактерияларымен бекітіп отырғанымен әр гектарға тұқым себу алдындағы өңдеу кезінде 30 кг (әсер етуші заттарымен) мөлшерінде азот енгізу қажет. Жоңышқа фосфор тыңайтқыштарына ерекше талап қояды. Негізгі жыртылған жерге 4-5 центнер суперфосфат енгізген жөн. Фосфор тыңайтқыштарын жоңышқаның одан кейінгі өсу жылдарында көк-темгі кезде үстеп қоректендіру ретінде енгізіп отырған дүрыс.
Суармалы жерлерде әр жыл сайын бір гектарға фосфор тыңайтқыштарының 90 кг әсер етуші заттарын енгізу жылына кемінде қосымша 30 центнер пішен алуға мүмкіндік береді.
Жоңышқадан мол өнім алу үшін топырақты негізгі және тұқым себер алдында өңдеу қажет.
Жоғарыда көрсетілгендей республиканың суармалы жерлерінде жоңышқа бүркемелі дақыл ретінде себіледі. Сондыңтан топырақты негізгі және тұқым себер алдында өңдеу бүркеуші дақылдарға дайындалады.
Ал жоңышқаны таза күйінде сепкен жағдайда, күзде алғы дақылды жинап алғаннан кейін жерді 28-30 см тереңдікте сүдігерге жыртады, ал жел эрозиясы қаупі бар жерлерде, топырақты жазық табанды КПГ-250 типтес сыдыра жыртқыштармен 25-27 см тереңдікте өңдейді. Топырақты тұқым себу алдында өңдеу шарасы ерте көктемгі тырмалау мен жерді мұқият тегістеу үшін катоктармен нығыздаудан құралады.
Тұқым себуге әзірлеу және себу
Жоңышқаны себудің ең жақсы мерзімі — ерте көктем. Республиканың оңтүстік-шығыс облыстарының суармалы жерлерінде жоңышқаны екпе пардан немесе дәнді дақылдарды жинағаннан кейін жазда себу тиімді. Себер алдында жоңышқаның тұқымын дәрілейді және себерден бір күн бұрын түйнек бактерияларымен өңдейді(16-18кг тұқымға 1кг нитрагин).
Түқым себу мөлшері мынандай: республиканың суармалы жерлерінде әр гектарға 16-18 кг, ылғалмен жартылай қамтамасыз етілген тәлімі жерлерде —14-16 кг, ал ылғалмен қамтамасыз етілмеген тәлімі жерлерде —10-12 кг. Қазақстанның солтүстік облыстарында әр гектарға 6-12 кг тұқым себіледі. Жоңышқаны шөп алу үшін СЗТ-3,6, СЗ-3,6, СЗП-3,6, т.б сеялкаларымен, өсімдіктердің ара қашықтығын 15 см етіп кәдімгі жай қатарлы әдіспен, ал тұқым үшін қатар аралығын 30 см қашықтықта себеді.
Тұңым сіңіру тереңдігі топырақтың механикалық құрамына, оның үстіңгі қабатының ылғалдылығына, себу мерзіміне байланысты. Тұқым ерте себілсе 3-4 см, ал кешірек себілгенде 4-5 см тереңдікке сіңіріледі.