Ашытқы саңырауқұлақтар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Января 2014 в 22:28, дипломная работа

Краткое описание

Бұл дипломдық жобада аналитикалық шолуда қысқаша мәліметтер, нан ашытқысын алу технологиясы, ашытқы өндірісінде қолданылатын шикізаттар туралы мәлімет жасалды. Жобаның өзектілігі. Қазақстан Республикасының президентінің жолдауын қолдап елу елдің қатарына кіруге ұмтылып, экономиканы теңдестіре дамыту қажеттігіне сай келетін аумақтық даму, сондай-ақ өңірлердің ұтымды экономикалық мамандануын қалыптастыруға бағытталған осы заманғы жаңа аумақтық даму стратегиясы қажет. ҚР президентінің жолдауында біздің еліміз дүние жүзінде 50 дамыған мемлекеттің қатарына кіруді алға қойған, сол себептен өндірістің қазіргі заманға сай дамыған нан ашытқысы өндірісін дамыту қарастырылған.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-Ашытқы-саңырауқұлақтарын.doc

— 3.94 Мб (Скачать документ)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2 Жобаланатын өндірісті техникалық – экономикалық негіздеу

 

1.2.1 Құрылыс ауданын және орнын таңдау

 

Құрылыс орны ретінде кеңес өкіметі кезіндегі гидролиз зауытының орнын таңдадық. Ол құрылыс тұрғызуға қолайлы болып отыр, себебі нан ашытқысы өндірнісі үшін темір жолға жақын.

Нан ашытқысының шикізаты меласса Джамбулдың қант зауытының үлкен цестерналармен әкелінеді, қалған қоректік орта үшін қолданылатын тұздар қаптара қапталып булып түйілген күйінде әкелінеді.

Бұрынғы гидролиз зауыты Шымкент қаласының ішінде орналасқан темір жол станциясының оңтүстік шығысында орналасқан, темір жолдың үш бұрышының қиылысынан 435 м қашықтықта тұрады.

Зауыттың аумағының рельефі қолайлы және жоғарғы дәрежеде, жоғарғы белгісі 542,0 – 545,0 м жетеді. Орман топырағынан жалаған 30 м тереңдікте.

Зауыттың өндіріс аумағында негізгі және көмекші өндірістер және қызметкерлерге және көмекшілерге  қызмет орындары тұрғызылған. Құрылыс ауданының климаты – континенті, жазда құрғақ ыстық және қыста суық, қар аз мөлшерде жауады. Ауаның орташа жылдық температурасы +120С. Ауаның ең төменгі температурасы –26-340С. Ауаның ең жоғарғы температурасы +440С. Температуралық белгілері бойынша алаң 28 климаттық ауданға жатады. Есептелген затқа ауа темпертурасы +170С. Жылына аязды күн 305 күн бөлінген жылына. Желдің бағыты шығысқа және оңтүстік-шығысқа бағытталған. 28 м/сек жылдамдығы. Құрылысшы алаңының сейсмикалық қабілеттілігі – 7балл СНИИП бойынша . Орташа жылдық шықтың мөлшері – 173 мм. Шықтың негізгі бөлігі көктемде түседі. Алаңның топырағы саздақ және қиыршық тасты. Ауыз суды артизан суын алады. Құрылыс тұрғызылған жердің топырағы 3-ші категорияға жатады. Жер судың тереңдігі 16,5 м. Топырақтың қолданатын қысымы 1,5кг/см2 анықталған. Зауыттың алаңы 18 га орналасқан.

1. Басты корпусы - гидролиз цехы.

Басты корпусы  зауыттың ортасына орналасқан және зауыттың фиксирленген жоғарғы орталығы болып саналады. Құрылыс орны 11923 м3 құрылыс кубатурасы 20510,5 м3.

2. Ашытқы цехы басты корпустан 50 м қашықтықтан орналасқан ашытқы өндірісінің құрал - жабдықтары орналасқан ауданы 900 м2 .

Ашытқы цехы ашытқы кептіргіш бөліміне жатады (оның алып жатқан құрылыс ауданы 540 м2) және буып түю бөлімі (оның алып жатқан құрылыс ауданы 144 м2).

3. Көмекші корпус (тұздарды дайындау) және материалдар тұратын қойма темір жолға көлденең басты корпустың батыс жағында орналасқан, арасы 2,5 м платформамен бірге 1930 м3 алып жатыр.

4. Механикалық  жөндеу цехы ген жоспардың геометриялық орталығында орналасқан және ғимараттың басты фасаты, зауыттың басты автожолында тұр. Цехтың тұрғызылған ауданы 400 м2 .

5. Дайын өнім қоймасы зауыттың солтүстік батыс жағында темір жолмен көлденең қиылыса орналасқан. Дайын өнімнің қоймасының ауданы 325 м2.

6. Насос станциясы зауыттың өндіріс ауданындағы оңтүстік батыс бөлігінде кселит цехынан 50 м2 қашықтықта орналасқан. Құрылыстың ауданы 140 м2.

7. Ген жоспарда  электр цехының ғимараты қарастырылған.

Электро ұстахана зауыттың ауданында орналасқан, көмірқышқыл газы цехы қарастырылған.

Зауыттың өндіріс аумағында под станция транспорматор цехы орналасқан (алып жатқан құрылыс аумағы 108 м2).

ГСМ қоймасының ауданы 54,6м2, гараждың ауданы 338м2, администрация-шаруашылық корпустың ауданы 587 м2, асхананың ауданы 680м2.

Зауыттың территориясы шлакоблоктан қаланып қоршалған. Қоршаудың биіктігі 2,5 м.

Жұмысшы жобаның келесі аймақтарын тұрғызу қарастырылған: От жағатын орталық, газ реттеуші пункт (ГРП) артизан скважинасымен суды қамтамасыз етеді. Алаңның ішін жылумен және технлогиялық сетпен ВиК, автожолмен қамтамасыз етеді.

Аумағы бойынша жоспарлаушы белгі: 537,10м; ГРП-536,60м, артизан скважинасы 538,60 см және 539,30 м. өндірісті қайта өңдеуде келесі аумақтық жұмысы анықталады, ауданы 1095 м3, биіктігі 203 м3 .

Жобаланатын аймақ  сантехниктік жұмысты қарастырады,газ құбырларына, су құбырларына , мазут құбырларына, кабельді сетке проклатка технологиясы қарастырылған сонымен қатар эстакадты қолданады. Су құбыры үшін және канализацияға  жер асты проклатка қарастырылған.

 

2 кесте - Ген жоспардың негізгі көрсеткіштері

 

Көрсеткіштің аталуы

Өлшем бірлігі

саны

1

Зауытқа  қарайтын территорияның ауданы

га

16

2

Жұмыс істеп тұрған зауыттың ауданы

га

4,4

3

Тұрғызылған зауыттың құрылысының  тығыздығы

%

27,5

4

Жұмыс істеп тұрған зауыттың сооружениямен жобаланған құрылысының ауданы

га

4,80

5

Жұмыс істелетін зауыттың сооружениямен жобаланған құрылысының ауданы

%

30,0


 

Нан ашытқы зауытының  негізгі шикізаты болып қызылшаның мелассасы және қоректік тұздар саналады.

Зауыттың территориясында орналасқан артизан скважинасы  қамтамасыз етеді. Скважина ұзындығы 30 м.

Суды тұтыну 13732 л/тәу құрайды. Құрылысының ауданы 140 м2. Зауыттың цехтарын және канализациясын үздіксіз қамтамасыз етіп отырады.

Зауыттың сумен артизан скважина суы қамтамасыз етеді. Артизан суын жалпы қолдану 406,6 м3/сағ. құрайды.

Зауытты энергиямен қамтамасыз ету, ТЭЦ – жүйесі «Южгазэнерго» зауыттан 1,5 км қашықтықта орналасқан қамтамасыз етеді. Энергияны екі кабельмен қамтамасыз етеді, біреуі қор ретінде резервте тұрады. Зауыттың территориясында трансфортердің подстанциясы 108 м2 трансфортер орналасқан.

Зауытта келесі электр қондырғылары бар:

1. Трансформатор  күші   ТМ – 1000/6-6 дана

2. Трансформатор  күші   ТМ – 500/6-2 дана

3. Трансформатор  күші   ТМ – 108/6-2 дана

 

Зауытты жылумен  қамтамасыз ету жобамен келісіліп  ТЭЦ1 «Южгазэнерго» 900 м құбыр өткізгішпен тартылған қысымы жоғары бу 250 мм құбыр өткізгішпен тасымалданады. Қысымы төмен бу 300 мм құбыр өткізгішпен тасымалданады. Жоба бойынша  қысыммен буды құбыр өткізгішпен өткізу қабілеттілігі 16 т/сағ.

Зауыттың нан ашытқысын негізінде  қолданатындар негізінде жекеменшік наубайханалар.

Нан ашытқысын  нан пісіруде, әртүрлі қамыр жасауда, сонымен қатар кондитер заттарын шығаруда және консерв өндірісінде қолданылады.

Одан басқа  да оларды витамин өндірісінде Д, В2 витаминдерінде шикізат ретінде, медицинада бірқатар дәрілік препараттар алуда, нуклеин қышқылын және әртүрлі фермент алуда, микробиологиялық өндірісінде қоректік орта үшін қолданылады.

Қазіргі кезде  зауытқа ОҚМУ микробиолог  және басқада  жұмысшыларды дайындайды.

Осыған байланысты жоғарыда айтылғандарға қарап құрылыс орнын таңдау  қолайлы деп білуге болады, себебі энергиямен, сумен, шикізатпен қамтамасыз ету зауыт тұрған территориясы және дайын өнімді тұтыну қанағаттандырылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

1.3 Тәжірибелік бөлімі

 

1.3.1 Жұмыстың мақсаты

 

   Жұмыстың мақсаты - нан пісіру ашытқысын кептіруге жаңа технологияларды пайдалана отырып өндіріс технологиясын жасау.

Ашытқыларда ылғал мөлшері 70 – 75 %, ылғалдың 15 – 20 % жасуша ішінде және 50 %-ке жуығы жасуша сыртында болады. Жасуша ішіндегі ылғал бос немесе байланысқан формада болады. Жасуша коллондының құрамына кіретін байланысқан су еріткіш болып табылмайды, нашар қатады, қиын буланады. Бос су жасуша шырынының құрғақ заттарының еріткіші  болып табылады.

 

3 кесте - Ашытқылардың құрғақ заттарының элемент құрамы

 

Элемент

Құрамы, ашытқы, ҚЗ %

Орташа мөлшері %

Көміртек

Сутегі 

Оттегі

Азот

Зола

Фосфор (Р2О5)

Калий (К2О)

Кальций (СаО)

Магний (Мg)

Алюминий (Аl2О3)

Күкірт (SO3)

Хлор

Темір (Ғе2О3)

Кремний (SiO2)

45,0-49,0

5-7

30-35

7,1-10,8

4,7-10,5

1,9-5,5

1,4-4,3

0,005-0,2

0,1-0,7

0,02-0,2

0,01-0,05

0,004-0,1

0,005-0,012

0,02-0,2

47,0

6,0

32,5

8,5

6,0

2,6

2,5

0,05

0,4

0,05

0,03

0,02

0,007

0,8


 

Нан  ашытқыларының органикалық заттарының құрамы төмендегідей %:

 

жалпы азот                6,0-8,0

ақуыздық заттар       37-50

май                             1,5-2,5

азот емес заттар        35-45

күл                               6-10

 

Ашытқылардың азотты заттарының құрамы %:

 

ақуыздар                                   63,8

нуклеинді заттар                     26,1

амидтер және петтондар        10,1

 

1.3.2 Ашытқыны культиврилеуде қосылатын қоспалардың құрамын зерттеу

 

Ауылшаруашылық өнімі қызылшаны өңдеу технологиясының  өзгеруі мелассадағы аминқышқылдың және витаминдердің құрамын төмендетеді. Осыған байланысты өсетін заттардың  жаңа қайнар көзі болып табылатын үлкен өзекті мәселе болып отыр, өйткені ашытқы оны синтездемейді.

Биотин өсімдіктің жер асты бөлігінде жиналады. Мұндай культураны  өңдеудегі қалдық биотиннің арзан көзі болып саналады. Тамақтың, витаминнің және басқа өндіріс сааласының көптеген қалдықтары, витаминді және амин қышқылын құрайды. Бірқатар қалдықтың құрамы ашытқы өндірісінде қолдану үшін оларды дайындаудың әдісі жасалған.

Картоптан крахмал  алуда, витаминдердің комплексі толығымен судың құрамына өтеді. Картоп шырынының булау әдісімен қою немесе жартылай майлы қоңырлау иісі бар өнімді алу Ресейдің микробиология институтында жасалды. өнім 1200С температурада бір сағат мерзімде ұсталады, реакция қышқыл рН 4,3-5,6.

Картоп шырыны витаминдердің құрамы бойынша жүгері экстрактіне біраз орын береді, оған қарамастан бұл өнім нан ашытқы өндірісі үшін ашытқының өсу белсенділігін арттырушы зат ретінде тиімді қоспа болып табылады.

 

4 кесте - Буланған картоп шырынының химиялық құрамы

 

рН

ҚЗ, %

РВ, %

Азот %

Ақуызды зат, %

 Биотин мг/кг

5,7

38,0

7,30

5,52

34,50

1,32

4,3

40,3

0,64

5,40

33,75

1,58

5,5

18,5

16,0

1,54

9,62

2,15


 

Мелассаны өңдеуде ашытқы шығымы биотиннің аз мөлшерінен 9 % жетеді. Нан ашытқысында Д2 витаминді алуда витаминнің барлық В тобы қалдық түрінде В-комплекс деп аталатын және сілтілі экстрактке сәйкес келетін қалықта кездеседі.

Д2 – витаминін өндірумен айналысатын ірі зауыттардың қалдығы болып саналатын В – комплекстің құрамына биотиннен және бірқатар амин қышқылы кіреді (глицин, алапнин, лейцин, серин, треонин, глутамин, лизин, цистейн, тирозин, триптофан). Бұл комплекстің ерекшелігі оның құрамында 700 мкг/кг дейін қоректік орта өсетін ашытқының қайнар көзі болып табылатын биотин кездеседі.

Бұл өндірістің келесі қалдығы болып саналатын  сілтілі эктракттың құрамында биотиннің  көлемі сәл аздау 120-550 мкг/кг. Оған қарамастан сілтілі экстракты ашытқыны егу кезінде мелассаның массасына 10 % көлемінде қосады, өйткені ол мол өнім алумен қатар оны ұзақ сақтауға мүмкіндік жасайды.

Республика  көлеміндегі ашытқы өндірісінде  В – комнлексімен сілтілі эктракты пайдалануға мүмкіншілік жоқ, өйткені Д2 витаминін өндіретін өндіріс орындары тек көршілес Ресейде орналасқан.

 

5 кесте - Д2 витамині өндірісінің қалдығының химиялық құрамы

 

Информация о работе Ашытқы саңырауқұлақтар