Ірімшік және сүзбе өндіретін цех ашу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2012 в 21:14, практическая работа

Краткое описание

Ағымдағы жылы жалғасып отырған қаржы-экономикалық дағдарысқа қарамастан Қазақстанда қайта өңделген мал шаруашылығы өнімдері өндірісінің өсіп отырғаны байқалады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

бизнес план.docx

— 504.96 Кб (Скачать документ)





Бизнес-жоспар

Ірімшік және сүзбе өндіретін цех ашу

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2012 жыл  

 

 

 

 

 

 

 

 Өнімдер (қызметтер) нарығының сипаттамасы

Ағымдағы жылы жалғасып отырған  қаржы-экономикалық дағдарысқа қарамастан  Қазақстанда қайта өңделген мал  шаруашылығы өнімдері өндірісінің  өсіп отырғаны байқалады.

 

3-кесте – ҚР 2009-2010 жж. 10 айында мал шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу өнімдері өндірісі мен импорты, тонна

Өнімнің атауы

Өндіріс

Импорт

Ішкі тұтыну импортының үлесі.  %

2010

2011

%

2010

2011

%

2010

2011

Шұжық бұйымдары

33 550

34 353

102,4

20 951,4

12 406,2

59,2

38,4

26,5

Ет және ет консервілері

4 511

7 467

165,5

3 329,6

1 699

51

42,9

19,3

Өңделген  сұйық сүт және кілегей

193 438

241 693

124,9

38 819,7

35 259,3

90,8

16,7

12,7

Ұнтақ сүт

2 769

2 294

82,8

10 028,6

11 434,7

114

89,1

83,3

Сары  май

13 048

10 514

80,6

8 825,5

4 578,9

51,9

40,4

30,4

Ірімшік және сүзбе

11 446

12 536

109,5

20 201,3

17 533,2

86,8

66,5

59,5

Қоюлатылған сүт және кілегей

7 978

7 590

95,1

36 132,8

18 645,9

51,6

82,9

72

Қышқыл  сүт өнімдері

80 432

93 236

115,9

29 346,8

21 503,2

73,3

26,8

18,8

Балмұздақ

11 522

13 238

114,9

10 111,3

8 013,2

79,2

47,3

38


 

                 Ақпарат көзі: ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі

Кестедегі деректер бойынша  елде 86,8 % ірімшік және сүзбе, 73,3 % қышқыл сүт өнімдері, 51,9 % шетелде өндірілген май тұтынылады.

 

4-кесте - Қазақстан қалаларындағы әр түрлі өндірушілердің ірімшік пен басқа да сүт өнімдерінің бағалары

Өндіруші ел

Сусындардың атауы

Көлемі

Бағасы

Фирма

Қазақстан

  «Голландский» қатты ірімшігі

1 000 г.

1 600 тг

 

Қазақстан

  «Сметанковый» қатты ірімшігі

1 000 г.

1 400 тг

 

Қазақстан

  «Жаксы» қатты ірімшігі

1 000 г.

1 200 тг

 

Ресей

  «Плавыч» балқытылған ірімшігі

1 000 г.

700 тг

  «Плавыч» ТПК ЖШҚ

Ресей

  «Охотничий» балқытылған ірімшігі

1 000 г.

800 тг.

 

Қазақстан

Қаймақ

500 г.

257 тг.

  «Компания  ФудМастер» АҚ

Қазақстан

Айран

550 г.

153 тг.

«Компания ФудМастер» АҚ

Қазақстан

Дәнді сүзбе

200 г.

199 тг.

А «Компания ФудМастер» АҚ

Қырғызстан

Йогурт

450 г.

140 тг.

«Бишкексут» ААҚ

Қырғызстан

Био - айран

450 г.

126 тг.

«Бишкексут» ААҚ

Қырғызстан

Ряженка

450 г.

151 тг.

  «Бишкексут» ААҚ

Қырғызстан

Сүзбе

200 г.

132 тг.

  «Бишкексут» ААҚ

Қазақстан

Қаймақ

200 г.

91 тг.

  «КМК»  «Нетиже» Сүт фабрикасы ЖШС

Қазақстан

Айран

1 000 г.

137 тг.

  «КМК»  «Нетиже» Сүт фабликасыЖШС

Ресей

Йогурт

400 г.

156 тг.

  «Вимм  – Билль – Данн» ААҚ

Қазақстан

Тәтті қышқыл сүт сусындары

500 г.

112 тг.

  «ДЕП» ЖШС

Қазақстан

Йогуртты қышқыл сүт сусындары

290 г.

134 тг.

  «Danone Berkut» ЖШС


    

   Ақпарат көзі: «МСБ консалтинг» зерттеу ЖШС

Негізінен, Қазақстан дүкендерінің сөрелерінде қазақстандық өндірушілердің өнімдері болады, олардың бағасы өнімді тасымалдаудың қосымша шығыстары  салдарынан  осындай шетелдік өнімнің  бағасынан төмен болады.

2010 жылы Қазақстанда өңделген  сұйық түрінде  тұтыну үшін 241 693 тонна сүт өндірілді.

 

5-кесте - ҚР-ның табыстары әр түрлі халқының  сүт өнімдерін тұтынуы

Өнімнің атауы

Тұтыну, %, халықтың жан басына орташа табысына байланысты, айына мың теңге

 

до 7

от 7 до 20

от 20 до 40

от 40 до 60

от 60 до 80

свыше 80

Таза сүт

98

93

90

88

70

60

Қышқыл сүт өнімдері

65

70

70

70

50

50

Йогурт

10

15

30

35

40

40

Сүзбе

14

15

17

17

18

15

Қаймақ

12

17

17

20

25

35

Ірімшік

2

4

7

13

14

12

Маңыздандырылған

4

8

8

12

13

20

Қоюлатылған сүт пен кілекей

5

6

10

12

14

27

Балмұздақ

1

4

7

12

16

12


 

Ақпарат көзі: ҚР Статистика агенттігі

 

4-кестеде келтірілген  деректер көрсеткеніндей, отбасының  табысы ұлғайған сайын  таза  сүт пен қышқыл сүт өнімдерін   тұтыну азаяды, сүзбені тұтыну өзгеріссіз қалады, қалған барлық сүт өнімдерін тұтыну өседі

Қазақстандықтардың ірімшікті жылдық тұтыну үлесі жалпы сүт өнімдерін тұтыну көлемінің 52 % құрайды. Бұл ретте осы көлемнің  басым бөлігі шетелдік өндірушілердің үлесіне тиеді. Сарапшылар жағдайды қуатты жергілікті сүт-тауар фермаларының жеткіліксіздігімен түсіндіреді.

 Негізгі және әлеуетті бәсекелестер

Кәсіпорынның негізгі  бәсекелесі Жамбыл облысының ірімшік  және сүзбе өндіретін кәсіпорындары болып табылады.

 

6-кесте – Жамбыл облысындағы ірімшік және сүзбе өндіретін негізгі компаниялар

Кәсіпорынның атауы

Өндіріс

Мекенжайы

 «МЕРКЕНСКИЙ СЫРЗАВОД» ЖШС

Ірімшік және қышқыл сүт өнімдері өндірісі

Жамбыл обл., Мерке ауданы, Ойтал кенті, Ленин көшесі, 1

 «ДАНЕГУЛЬ» ЖШС

Қышқыл сүт өнімдері өндірісі

Жамбыл обл., Тараз қаласы, Исатай көшесі, 7б

 «ГАЛЕНИКА» ЖШС

Сүт өнімдері өндірісі

Жамбыл обл., Тараз қаласы, Жұбанышев көшесі, 2

 «АСТАНА САМСОН» ЖШС

Қышқыл сүт өнімдері өндірісі

Жамбыл обл., Тараз қаласы, Панфилов көшесі, 38


 

Ақпарат көзі: Жамбыл облысының  сайты

  • Кәсіпорынның бәсекелестер алдындағы негізгі басымдығы мыналар болып табылады:
  • Өнімнің салыстырмалы төмен бағасы;
  • Өнімнің жоғары сапасы;
  • Өндірісте тек қана таза сүт пен табиғи шикізатты пайдалану;
  • Жартылай фабрикаттар мен басқа да қоспалардың болмауы, бұл өнімнің дәмдік сапасына оң әсер ететін болады.

 Нарықты дамытудың болжамды бағасы, күтілетін өзгерістер

2010 жылдың бірінші жартыжылдығының  қорытындылары бойынша ауыл шаруашылығы  өнімі өндірісінің өсуі 3,1%-ға  негізделген, бұл мал шаруашылығы  көрсеткіштерінің 3,3% ұлғаюына байланысты  болды. Саланың  осылайша өсу  қарқыны  мемлекеттің, соның  ішінде «ҚазАгро» Ұлттық холдингінің  барынша қолдауымен қамтамасыз  етілді.  Ішкі нарықта бағаның  өсуін ұстап тұру және  тиісті  инфляциялық  күтулер үшін  отандық тауар өндірушілер тамақ  өнімдерін өндіру көлемін ұлғайтуда.

Сүт және сүт өнімдері өндірісі әлемде осы жылы 2%-ға ұлғаюы мүмкін ФАО сарапшылары  бірінші жартыжылдықтағы  деректерге жасалған талдаудың негізінде  осындай қорытындыға келіп отыр.  Осы беделді ұйымның шілдедегі  зерттеулеріне сәйкес барынша жоғары өсу Оңтүстік Жер шары  елдерінде,ең алдымен Жаңа Зеландия мен Австралияда  күтілуде. Соңғы жылдары ЕО елдерінде  сүтті қайта өңдеу және  таза сүт пен  қышқыл сүт сусындарын, ірімшікті, қоюлатылған және  ұнтақ сүтті,  майды және т.б. өндірудің өсу қарқыны байқалуда. Шығарылатын қышқыл сүт өнімдерінің түр-түрі  едәуір кеңейді,  олардың сапасының деңгейі артты, өндіру көлемі өсті. Бүгінде Қазақстанда ет-сүт және көкөніс-жеміс өнімдерін шығаратын ауылдық кооператив жұмыс істеуде, үш жылдан кейін олардың саны 450-ге жетеді деп жоспарлануда.

 Маркетинг стратегиясы

Жобаланатын цехтың негізгі  мақсаты нарыққа ену және онда одан әрі тұрақтап қалу болып табылады. Қазақстандағы жоғары сапалы өнім шығарады деп күтілетін ең жоғары технологиялы және  заманауи зауыттардың бірі ретінде  жаңа кәсіпорынды  жайғастыру жоспарлануда.

Жылжытудың негізгі әдісі  ретінде мүдделі нысаналы топтарға тікелей жарнамалауды  пайдалану  қажет.  Бұл үшін мыналарды қолдануға болады:

- зауыт туралы жарнамалық  материалдарды және оның өнімдері  бойынша жарнамалық-техникалық құжаттамаларды  тарату;

- жергілікті және республикалық  маңызы бар арнайы басылымдарда  зауыт өніміне арналған жарнамалық-ақпараттық  мақалалар дайындау.

Бұл ретте компанияның  қабылданған жайғастыруға сәйкес келетін  бейнесін құру  факторының маңызы кем  емес, бұл үшін PR – қажетті қоғамдық пікірді қалыптастыру құралын тиімді пайдалану қажет. Соның ішінде арнайы жарнама басылымдарында  жарнамалық-ақпараттық мақалалар дайындаудың тиімділігі зор.

Мынадай сәттерді ескере келе сұранысты қалыптастыру және өткізуге ынталандыру жоспарлануда:

- Басқалармен салыстырғанда  бағаның салыстырмалы төмен деңгейі; 

- Білікті құрам;

- Қазіргі заманғы жабдықтар;

- Сұранысты ынталандыру  бағдарламаларын іске асыру. 

 Техникалық жоспарлау

 Технологиялық процесс

Ірімшік өндіретін заманауи фабрикаларда жаңа технологиялар пайдаланылады. Технологияны жетілдіру жоғары сапалы, таза өнім алуға мүмкіндік береді.

Ірімшік өндіру технологиясының сипаттамасы

Ірімшік дайындаудың барлық процесін  6 негізгі кезеңге бөлуге болады:

1. Қайнату. Процестің мәні сүтті жоғары температураға дейін қыздыруда. Сол

кезеңде қандай сүттің пайдаланылғанына байланысты ірімшікта өзінің ерекше сипаттамасы пайда болады.

2. Іртуі. Сүт (обрат)  мәйек немесе сүт ұйытқысын  қосу арқылы ірітіледі. Нәтижесінде  қою масса  сұйықтан (сарысудан) бөлінеді.

3. Ағызу. Бұл кезеңде  сарысуды ірімшік массасынан айырады. Кейбір жағдайда процесті тездету үшін ірімшік массасын қыздырады. Нәтижесінде қажетіне қарай массаға болашақ ірімшікке  дәм беретін дәмдеуіштер, қоспалар және басқа да ингредиенттер қосылады. Бұл кезең алынатын ірімшіктің құрылымы мен дәмін қалыптастырады.  .

4. Тығыздау Бұл кезеңде ірімшік арнайы қалыпқа салынады және  тығыздалады.

5. Тұздау. Ірімшік массасын не тұздайды не әсер беру үшін тұзды ерітіндіге салады, 

6. Пісіп жетілуі.  Бұл  кезеңде ірімшікті сақтау орнына немесе пісіп-жетілу үшін басқа да арнайы орын-жайға апарады, сол жерде оны мұқият баптайды. Оны асты-үстіне айналдырады, арасында жуады, шөткемен тазалайды. Ірімшіктің қай түрі дайындалуына байланысты оны ыстау, алкогольмен сүрту,  дәмдеуіштер себу және басқа да әдістер жасауы мүмкін. Ең маңыздысы, орын-жайда осы процесс жүрген кезде белгілі ылғалдылық және температура деңгейі сақталады, өйткені соңғы нәтиже соған байланысты болады.

Сүзбені дайындаған кезде бастапқы шикізат сияқты (екінші сорттан кем емес  және қышқылдығы 21% көп емес  сиыр сүті)  қайта өңдеу өнімдері (сүтті  айыру арқылы майы алынған сүт), сондай-ақ  арнайы өнімдер (таза мәдени сүт қышқылы  стрептококтар,  хлорлы кальций немесе 2-сулы хлорлы калькийлі  ірімшікке арналған ұйытқы) де пайдаланылады. Қосымша өнім ретінде ауыз суды қолданады. Технологиялық процесс  қышқыл сүт тәсілімен жүргізіледі.

Информация о работе Ірімшік және сүзбе өндіретін цех ашу