Халыкаралык сауда

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Декабря 2013 в 19:44, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін республика үкіметі алдында әлемдік экономика мен халықаралық экономикалық қатынастар саласында білікті мамандар даярлау мәселесі тұрды. Мемлекеттер не үшін саудамен айналысады? Елдер арасындағы сауданың негізін не құрайды? Деген сұраққа ғалымдар барлық тарихи кезеңдерде өз жауаптарын беруге тырысқан. Сол ғалымдардың бірі-ағылшын саяси экономикасының классигі А.Смит «Табиғатты зерттеу және халықтың баю себептері » деген еңбегінде сауда теориясының негізін қалады. Егер кез-келген басқа бір ел, бізді қандай да бір арзан тауармен қамтамасыз ететін болса, онда тауарын сатып алған анағұрылым тиімді болар еді » , - деп атап көрсетті А.Смит өз еңбегінде.

Содержание

КІРІСПЕ..........................................................................................................3
1. Халықаралық сауда теориясы.....................................................................4-8
2.Халықаралық сауданың мәні, ерекшеліктері және формалары..........10-17
3.Халықаралық сауда субьектілері.............................................................18-20
4.Қазақстан Республикасының сыртқы сауда айналымы........................21-24
ҚОРТЫНДЫ...................................................................................................25
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ....................................................................................26

Прикрепленные файлы: 1 файл

Курсовая работа МИКА!!!.doc

— 177.00 Кб (Скачать документ)

г) халықаралық сауда  қағидалары мен тараған принцептердің негізінде әр түрлі келіспеушіліктерді реттеу;

ғ) халықаралық сауда  ауқымында болып жатқан хабарлар базасын қолдану мүмкіншілігі.

Халықаралық сауда орталығы ауқымында компьторлік торды  қолданумен, өнімнің кодын кіргізу  арқылы, осы өнімді экспортқа және импортқа шығарушылар туралы анықтаманың, сондай-ақ тұтынушылар мен импортерлер жөнінде хабарлар бере алады.Қазіргі жағдайда дүниежүзілік сауда ұйымына кірмей халықаралық еңбек бөлінісінің пайдасын толық қолдану емес және шаруашылық субьектеріне әлемдік нарыққа кіруде шелелдік бәсекелесуге тең жағдай жасау мүмкіншілігі жоқ.Одан басқа, ДСҰ-ға мүше болып кірудің басқа да елдермен сауда-экономикалық келісім құруды жеңілдетеді.Ал, бұл келісімдердің әрқайсысына көптеген қаржы керек болар еді.

Халықаралық сауда жүйесінде қауымдастық процесінде сауда саясатының негізгі мақсаттарының аспектілері төмендегідей:

  • Орта Азия мемлекеттерінің халықының гүлденуіне жету мақсатында өзара пайда және тең құқықты сақтау және ашықтықты қамтамасыз ету;
  • Сауда тәртібінің мейіленше бейтараптығына қол жеткізу;
  • Республикалардың халықаралық сауда ұйымына толық құқықты мүше болуына жетуі.

Осы жетістерге жетуде республикалар  алдына сауда саясатын ұстауда мынадай  міндеттер жүктейді:

  • Сыртқа және ішкі сауданы одан әрі либерализациялау (босату);
  • Халықаралық нарықтың жан-жақты дамыған аймақтық сауда жүйесінде кіргізудегі белсенділігін арттыру;
  • Экспорттық салалардың даму жолында экономиканың құрылымын қайта құруды мүлде жетілдіру;
  • Сауданы реттеуде қолданылып жүрген халықаралық құқық нормаларын ары қарай жетілдіру;
  • Сыртқы және ішкі сауданы дамытуда шетел инвестициясын және несиесін кіргізу;
  • Сауда инфрақұрылымының негізгі элементтерін қалыптастыру;
  • Экспорттық қадағалау күшейту.

 

Халықаралық саудадағы  мемлекеттің рөлі сауда барысындағы  тиімді және ашық үш жағдайға байлысты:

    • Ұлттық экономиканың дамуы және оны басқару;
    • Күнделікті ресми қадағалауды жүргізу;
    • өнім мен қызмет көрсетуде ірі кәсіпорындарды басқару.

 

Қазіргі кезде Қазақстан  Республикасы ХЭҚ-та өзінің бағыттарын кеңейтуде.Оған себеп болушы бірнеше факторлар ықпал етті.Негізгі экономикалық макрокөрсеткіштер (1997 жылдың 1 қаңтары) төмендегі 4 кестеде көрсетілген.

 

4 кесте . Макрокөрсеткіштер

 

Көрсеткіштер

 

1.Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ)

1,1

2.ЖІӨ, адам басына  шаққанда (млн.$)

1275

3. Экспорт, млн.$ (ТМД елдерінен)

6230 (3472)

4.Импорт, млн.$ (ТМД елдерінен)

4261 (2964)

5. Импорт ЖІӨ-ге % есебінде

-20,2

6. Экспорт ЖІӨ-ге % есебінде

29,6

7. Сауда сальдосы, млн.$

1969

8. Төлем балансына  дефицит

-1,8

9. Инфляция

30

10. Жұмсысыздық деңгейі, %

4,1

11. Орташа жалаққы (АҚШ  $-ы)

101,8


 

Қазақстанның басқа  елдерде экспортының үлес саламғы 5 кестеде көрсетілген.

 

5 кесте. Экспорт үлесі

 

 

1994

1995

1996

Барлығы (млн.$)

3230,7

4974,4

6230,4

Оның ішінде ТМД

1905,2

2801,3

3671,6

%-тік қатысы

58,97

56,31

58,93

Дамушы елдер

635,5

949,4

1226,4

 

19,67

19,09

19,68

Дамыған елдер

690

1223,7

1332,4

 

21,36

24,6

21,39


 

Таблицадан көріп отырғанымыздай ТМД елдердің үлес мөлшері көпшілік орынды алады, яғни 1996 ж. 58,93%.1997 жылы көбейіп  келеді (62% құрайды.)

Қазақстан Республикасынының  жалпы сырқы сауда айналымы 1996 ж. 10491,7 млн. $ (1995 жылғы деңгейлермен салыстырғандағы 120%), оның ішінде экспорт  – 6230,4 млн. $ (125%), импорт – 4261,3 млн. $ (113%). Оның ішінде негізгісауда серіктестері Россия (49%), Украина (3%), Өзбекстан (3%).

Ал алыс шетелдердің  сырқы сауда айналымындағы үлес салмағы мынадай: Еуропа елдері 23%, Германия (4%), Нидерланды (35%), Ұлыбритания (3%), Қытай (5%), Оңтүстік Корея (2,5%).

Ал дамыған капиталистік елдер мен экспорттың үлесі 1996 ж. 21,39%-тен аспай отыр. Бұл елдермен сыртқы саудабайланыстары қалыптасу үстінде. Импорттың құрылымында тұтыну өнімдері және оларды өндіруге кететін шикізаттар басым. Ал, экспорттық саясат көбінше шикізат және жартылай шикізат шығаруға негізделіп отыр. Жақын жылдардағы республика тарапынан экспортты және импортты реттеумәсалесі маңызды және кезек күттірмейтін саясатқа айналуы тиіс. Экспорт пен импорттың гографисына қарап мемлекеттік реттеудің басқару әдістерінің әлсіз екенін байқауға болады, ол өздігінен республика экономикасына зиянын тигізеді. Бақылаудығ нәтижесінде Қазақстан қуатының дамуына және валюта құраладарының ағылуына төмендегідей экономикалық проблемалар мен қиындықтар кедергілер жасайды.

1. Батыс пен Шығыс  транспорттық тораптарының болмауы.

 Барлық транспорт  торабының Россия арқылы өтуі.

 Қазақстанның негізгі  шикізат ресурстарынан тұтынатын  Еуропа елдері болып отыр, ал  оған жеткізу жолдары қымбатқа  түсуде.

2. Қазақстан дүниежүзілік  нарықта экспорттық өнімдердің  маркетингтік зерттеулер жүргізе алмауында, сондықтан да дүниежүзілік нарықтың конкъюнктурасына бағынышты болып өзінің толық бағытта экспорттық саясатын жасай алмай отыр.

3. Өндірістің дайын  бұымдары өздерінің төмен деңгейімен  және технологиялық нашар дамуымен  дүниежүзілік нарықта бәсекеге түсе алмайды. Сондықтан әлемдік дайын бұйымдар нарығында өздерінің алатын орнын табу қиын болып отыр.

4. Қазақстан сыртқы  экономикалық қызметті ұымдастыру  тәжірибесінің аздығы, сондықтан  да көптеген қателіктер   жіберуінде. Қолға не түссе соны арзанға сата беру экспорттық саясат емес. Экспортер өзіне ұзақ мерзімге және сенімді серіктес іздеуі қажет. Жасалған контрактілер ұзақ мерзімге және әлемдік нарықта болашақ конъюнктурасына сай болуы керек.

5. Қазақстанның әлемдік  нарықта бет-бейнесі әлі қалыптасқан жоқ. Қазіргі кезде фирмалар артық төлеуге дайын, бірақ өнім шығарушы нақты, тұрақты, сапалы өнімнен қамтамасыз етуі қажет. Ал, Қазақстан ондай мүмкіншілігі қазірше жоқ.

6. Қазақстан дүниежүзілік  нарықта өнімнің кей түрлерінен  монополиялық жағдайда тұрғанымен, сол салалар айтарлықтай дамымаған. Соған байланысты күрделі валюталық операциялар түспейді.

7. Әлемдік шикізат  нарығы өндірушілер арасында  бөлініп алынған, онда бос «сәкі»  жоқ.Бұрынғы Одақ елдері өздерінің  экономикасын қайта құрып жатқанда, тауар өндірушілер дүниежүзілік нарықта өздерінің орнын алып алған.Қазір жаңа орын іздеу, оның жолын табу керек. Ол өте күрделі міндет.

8. Қазіргі технологиялық  процесстер алғашқы шикізатты  пайдалануды қысқартып келеді, сондықтан  да шикізат нарығына сұраныс азайып келеді.

9. Қазақстан технологиясы  артта деген атақ қалыптасып  қалған, сондықтан да жаңа технологияның  өзі әлімдік нарықта арзан  болуы мүмкін.

10. Қазазстан сауда  және тариф жөніндегі бас ассоцияға  (ГАТТ) және басқа Халықаралық  сауда ұымдарына мүше емес, сондықтан да бірқатар жеңілдіктер жоқ. Әлемдік нарық халықаралық транссұлтық кооперацияларға бөлінген, олар басқа жақтан келген «саудагерлерді» кіргізбеуге тырысады, олардың бар, оны білу және бағыну қажет.

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

    Алдағы ұзақ  жылдар болжамында Батыс серіктестер Қазақстан  экспортындағы әдеттегі өнімдерінің экспорттындағы қызығушылығы осы қалыпта болады деп айту қиын. Себебі ондай шикізаттар өздерінде де жеткілікті (мысалы, көмір, қара, металл, астық т.б.).

      Ал Шығыс  серіктестерге келсек, олар керісінше болашақта Қазақстанның әдеттегі экспорттық өнімдерін алуға қызығушылығы артады, себебі бұл аймақта индустриализацияның сондай сатысында тұр. Оларға құрылыс материалдары, отын, металл, т.б. ресурстар қажет. Бірақ бұл жерде де транспорт проблемалары тұр. Импорттық саясат тек халықтың күнделікті қажатін өтеу және өндірістің қызметін бақылау ғана емес, сондай-ақ экономиканы күшейту, оның тиімділігін және бәсекелесу қабілеттілігін арттыру. Жақын жылдардағы импортты ұтымды ауыстыру бағыттары, импортты айырбастау өндірістерін ұйымдастыру (жартылай шикізат, басқа да материал түрлері). Ол өнімдер импорт өнімдерінің бағасына қарағанда аз шығындармен өндірулері тиіс.       

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 




Информация о работе Халыкаралык сауда