Халыкаралык сауда

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Декабря 2013 в 19:44, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін республика үкіметі алдында әлемдік экономика мен халықаралық экономикалық қатынастар саласында білікті мамандар даярлау мәселесі тұрды. Мемлекеттер не үшін саудамен айналысады? Елдер арасындағы сауданың негізін не құрайды? Деген сұраққа ғалымдар барлық тарихи кезеңдерде өз жауаптарын беруге тырысқан. Сол ғалымдардың бірі-ағылшын саяси экономикасының классигі А.Смит «Табиғатты зерттеу және халықтың баю себептері » деген еңбегінде сауда теориясының негізін қалады. Егер кез-келген басқа бір ел, бізді қандай да бір арзан тауармен қамтамасыз ететін болса, онда тауарын сатып алған анағұрылым тиімді болар еді » , - деп атап көрсетті А.Смит өз еңбегінде.

Содержание

КІРІСПЕ..........................................................................................................3
1. Халықаралық сауда теориясы.....................................................................4-8
2.Халықаралық сауданың мәні, ерекшеліктері және формалары..........10-17
3.Халықаралық сауда субьектілері.............................................................18-20
4.Қазақстан Республикасының сыртқы сауда айналымы........................21-24
ҚОРТЫНДЫ...................................................................................................25
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ....................................................................................26

Прикрепленные файлы: 1 файл

Курсовая работа МИКА!!!.doc

— 177.00 Кб (Скачать документ)

Осы уақытқа дейін  тауарларды шетке шығару халықаралық  экономикалық қатынастардың негізгі  формасы болып есептелген еді, ал қазіргі кезде шетелдік иевестициялау (атап айтқанда трансферті) халықаралық экономикалық қатынастардың жетекші формасы болып санслады.

Осыған қарамастан, халықаралық  сауда өзінің масштабы мен функциялары  бойынща халықаралық экономикалық қатынастардың жалпы комплексінде маңызды орынға ие болып отыр, яғни басқаша айтқанда, есептеулер бойынша халықаралық жалпы көлемінің 80 процент үлесін алып отыр.

Халықаралық сауда- әр түрлі  елдердегі тауар өндірушілер  арасындағы байланыс формасы болып  табылады, яғни ол халықаралық еңбек  бөлінісі негізінде қалыптасады  және елдердің өзара тәуелділігін көрсетеді.

Ғылыми- техникалық революцияның, өнеркәсіптік өндіріс специализациясы  мен корпорациясы әсәрінен елдер  экономикасында болып жатқан құрылымдық өзгерістер ұлттық экономикалардың  өзара әсерлесуін күшейтеді.

Ұлттық экономикадағы  ұлттық нарықтардың жиынтығы – дүниежүзілік нарықты құрайды.

Дүниежүзілік нарық  әлемдегі тауар- ақша қатынастарының даму процесі кезінде қалыптаса бастады, яғни XVI дүниежүзілік нарық деген түсінік пайда бола бастады.

Жалпы алғанда, дүниежүзілік нарық күрделі түсінік болып табылады.

Бұл түсінікті терең  зерттеу үшін оны екі аспектіде  қарастыру керек:

  • біріншіден, дүниежүзілік нарық абстрактылық түсінік болып табылады, яғни ол кеңістік аспектіде қарастырылады;
  • екіншіден, дүниежүзілік нарық заттық аспектіде қарастырылады.

Осыған сәйкес дүниежүзілік нарықтың қарастырылу аспектілеріне  жеке-жеке тоқталып өтейік.

Дүние жүзінде халықаралық  экономикалық қатынастар жүйесіне қатыспаған елдер жоқтың қасы деген тұжырым  жасауға болады.

Дүниежүзілік нарықтың мәнін, құрылымын және әрбір элементінің автономиялылығын түсіну үшін графикалық әдістерді пайдалану өте тиімді болып табылады.

Мысалы, А, В, С деген  үш мемлекетті жеке-дара қарастырайық (а-сурет), сонымен бірге олардың  өзара экономикалық қарым-қатынасын, яғни өзара байланысын да көрсетейік (ә-сурет):

 

 

 

 

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

а-сурет                                                                                 ә-сурет

 

Осы қарастырылып отырған  үш ұлттық нарық дүниежүзілік нарықты  құрайды.

Міне, осыдан дүниежүзілік нарықтың абстрактылы түсінік екенін байқаймыз.

Бірақ, суреттен көріп  отырғанымыздай, ұлттық нарық дүниежүзілік нарықтың қажетті элементі болып  табылады.

Жеке алғанда, әрбір  ұлттық нарық та күрделі құбылыс  болып табылады.

Ұлттық нарық – бұл халықаралық еңбек бөлінісі негізінде елдің ішкі және сыртқы сауда операцияларын жүзеге асыратын сфера.

Сонымен, А ұлттық нарығы екі элементтен тұрады.Яғни ішкі сауда және  сыртқы сауда .

 

          Ұлттық нарық

Сыртқы сауда дегеніміз  – белгілі бір елдің басқа  елдермен сауда жасауы.

Сонда барлық  елдердің сыртқы сауда операциясын жүзеге асратын сфера – халықаралық  нарық деп аталады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 сурет – Халықаралық  нарық

 

Сыртқы сауда операцияларының 4 негізгі түрі бар:

  • экспорттық операция – шетке шығу арқылы шет елдік контрагенттік тауарды сату;
  • импорттық операция – шеттен әкелу арқылы шет елдік контрагенттен тауарды сатып алу;
  • реэкспорттық операция – бұрын импортталған және қайта өңдеуден өтпеген тауарларды шетке шығару арқылы сату;
  • реимпорттық операция – бұрын экспортталған және қайта өңдеуден өтпеген тауарларды шеттен әкелу арқылы сатып алу.

Ұлттық нарық пен  халықаралық нарық бір-бірімен  тығыз байланысты, бірақ олардың  өзара айырмашылықтары да бар.

И.П.Фаминский өз кітабында  ұлттық нарықтар мен халықаралық  нарықтар арасындағы айырмашылықтарды жазбаша түрде атап өткен. Енді біз сол айырмашылықтарды бір жүйеге келтіріп, кесте түрінде көрсетелік:

 

3 кесте. Ұлттық және  халықаралық нарық арасындағы  айырмашылықтар

 

Ұлттық нарық

Халықаралық нарық

1. Тауарлар қозғалысына экономикалық  факторлар (елдің кәсіпорындары  мен аудандары арасындағы өндірістік  байланыстар) ғана әсер етеді.

1. Тауарлар қозғалысына мемлекеттер арасындағы шекаралық және жекелеген мемлекеттердің сыртқы экономикалық саясаты әсер етеді.

2. Ұлттық шаруашылықтар арасындағы  тауар қозғалысы шектеулі болады.

2. Жекелеген елдерде өндірілген  кейбір тауарлар дүниежүзілік  тауар айналымына мүлдем түспей қалады, яғни бұл нарықтардағы тауар қозғалысы өте шектеулі болады.

3. Ұлттық нарықтарда ұлттық бағалар  белгіленеді.

3. Бұл нарықта «дүниежүзілік  бағалар» деген ерекше баға  жүйесі белгіленеді.

4. Ұлттық нарықтардың монополизациялану  мүмкіндіктері бар.

4. Халықаралық нарықта  монополизациялану  мүмкіндігі төмен дәрежеде болады.


 

 




 


 

 

 

 

 



 

 

 

 


 


 

 

4 сурет - Дүниежүзілік  нарықтың түрлері

 

 

Халықаралық сауданың формалары

 

Халықаралық сауда –  бұл халықаралық тауар-ақша қатынастарының сферасы, дүние жүзіндегі барлық елдердің саудасының жиынтығы.

Халықаралық сауданың мәнін  ашу үшін оның формаларын 1-схемадан көруге болады.

Халықаралық сауданың формалары  төмендегідей жіктеледі:

  1. аукциондар және аукциондық сауда;
  2. биржалық сауда;
  3. халықаралық көрмелер мен жәрменкелер;
  4. машиналар мен құрал-жабдықтардың арендасы;
  5. қарама-қарсы сауда;
  6. шекаралық сауда.

Енді осы формалардың  әрқайсысына сипаттама берейік:

Аукцион дегеніміз алдын  ала көруге қойылған таурларды белгілі  бір уақытта, белгіленген орында сату формасы.

 

 

 

 

 

 


 




 



 

 


 

 

 

 

 


 

 

 

 

5 сурет - Тауарлық нарықтың  тауарлық-салалық классификациясы

 

Аукцион белгілі бір  тауар түрлері бойынша өтеді, мысалы, бағалы аң терісі, жүн, өнер туындылары, антикварлық және кейбір бірегей  тауарлар.

Аукционның ерекшелігі сатушының тауар сапсына жауапкершілігінің  шектеулілігі.

Акциондық сауда – нарықтық сауданың түрі, мұнда сатушы барынша пайда табу мақсатында акционға қатысқан бірнеше немесе көптеген сатып алушылардың тікелей бәсекесін пайдаланады.

Аукциондық сауда кезінде  сатушы тауардың бастапқы бағасын белгілейді, бұл баға аукцион барысында сатып алушылардың төлем қабілетінің негізінде өзінің ең жоғары денгейіне дейін көтеріледі.

Мысалы,Санкт-Петербургте бағалы аң терісінің аукционы бар. Осы аукцион басқа елдердің сатышуларынан да комиссияға тауар қабалдайды. Бағалы аң терілерін сатіп алушылар – ірі капиталистік және өтпелі социалистік елдердің өте ірі көтерме сауда фирмалары.

Сонымен бірге Мәскеуде, Дондағы Ростов, Пятигорск сияқты қалаларда асыл тұқымды жылқылардың  аукционы жүргізіледі.

Акциондық сауда айналым  шығындарын қысқарта отырып, әлемдік бағаларға жақын бағалармен сатуды қамтамасыз ете алады. Сонымен бірге тауарлардың өте көп мөлшерін сату және көптеген бәсекелес сатып алушыларды қатыстыру арқылы сатушы мен сатып алушыға өте қолайлы жағдай жасайды.

Тауар өндірісінің дамуы  халықаралық айырбасқа көптеген тауар массаларын қатыстырды, осының нәтижесінде шикізаттың жекелеген түрлері бойынша тұрақты нарықтар стихиялы түрде пайда бола бастады.

Сауда процесінің жетілдірілуі бұл нарықтарды халықаралық биржаларға айналдырды, олардың ең алғашқылары XVII ғасырда Еуропада пайда болды.

Өндіріс пен нарықтың монополизациялануына байланысты еркін  бәсеке кезінде шырқау шегіне жеткен биржалар өз мәнін жоғалта бастады. Биржалардың гүлденуі кезінде оларда тауарлардың 200 түрі айналыста жүрді, ал қазіргі кезде 60 түрі ғана айналыста жүр. Биржаларда астық, қант, кофе, какао сияқты ауыл шаруашылық тауарларының саудасы жүргізіледі, сонымен бірге оларда шикізат саудасының 20%-ке жуығы іске асырылды. Биржалық емес саудадағы бағалар биржалық бағаларға сәйкес түрде бейнеленеді.

Сонымен, биржалық сауда  – биржалардың қатысуымен тауарлар мен бағалы қағаздардың сатылуы.

Негізінен биржалар коммерциялық делдалдар болып табылады, олар келісімдерге қатыспайды, бірақ олардың бекітілуіне  ықпал етеді.

Биржалардың бірнеше түрі бар:

1) тауар биржасы;

2) қор биржасы ;

3) еңбек биржасы; 

4) валюта биржасы;

Тауар биржасы – сапасы жағынан стандартқа толықтай сай  келетін белгілі бір тауарларды сатып алу мен сату үшін ұйымдасқан нарықты қамтамасыз ететін сауда.

Мұнда сатуға келісілген тауарлар биржаға әкелінбейді. Бұл тауарлардың бар екенін олардың саны мен сапасын көрсеттін құжаттар куәландырады.

Қор биржасы – таза іскерлік принципінде  жұмыс істейді (Лондон, Нью-Йорк биржалары). АҚШ-та 10-нан астам қор биржасы  бар, олардың ең ірісі - Нью-Йорк биржасы. Амстердам, Мадрид, Брюссель, Копенгаген, Лиссабон қор биржасы Халықаралық қор биржасы болып табылады.

Валюта биржасы – бұл валюта нарығы. Мысалы,Токиода валюта опрециясының  72%-і «доллар-марка» мәмілесінің  үлесіне тиеді.

Еңбек биржасы – жұмыс күшін  жалдау кезінде кәсіпкер мен қызметкерлер арасындағы делдалдықты жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме.

Халықаралық көрмелер мен жәрмеңкелер  – тауар үлгілерін көрсету  нарығы, бұл жерде іскерлік келіссөздер  жүргізіліп, контактыларға қол қойылады.

Жәрмеңке – бір орында, белгілі  бір мерзімде оқтын-оқтын өтіп тұратын  нарықтың түрі.

Машиналар мен құрал-жабдықтардың арендасы .Аренда бұл жалгерлік шаруашылықты жүргізудің формасы .Мұнда жалға  беруші мен жалгер арасында шарт негізінде жалгерге жерді ,табиғат қорларын ,кәсіпорындарды,олардың бөлімшгелерін уақытша пайдалануға,сондай-ақ дербес шаруашылықты жүргізуге қажетті басқа да мүліктерді белгілі мерзімге  тиісті ақысын төлетіп,иеленуге және пайдалануға береді.

Жалгерлікке халық шаруашылығының барлық саласында рұқсат беріледі және мүлік жөнінде меншіктің барлық формалары мен түрлерінде қолданылады.    

              Жалға берушілер – меншік иелері  атынан мүлікті жалға беруге  өкілетті орындар мен ұйымдар  болуы мүмкін.

              Жалгерлер – заңды құқықтық мекемелер және кәсіпорындар,шетелдік  мемлекеттер , халықаралық  ұйымдардың  қатысуымен  құрылған  ұйымдар  мен  бірлестіктер  және  т.б.

            Халықаралық  саудада  аренданың   үш  түрі  қолданылады: 

            1) Лизинг – ұзақ мерзімдік аренда (1 жылдан көп мерзімге дейін);

2) Хайринг - орта мерзімдік аренда (бірнеше айдан бір жылға дейінгі                                             

мерзімге );

3) Рейтинг – қысқа мерзімдік  аренда (бірнеше күннен бірнеше  айға 

дейінгі мерзімге)

Халықаралық тәжірибеде ұзақ мерзімдік аренда, яғни лизинг өте көп қолданылады. Лизинг құралдарына  жататындар: кеңселік, құрылыс-монтаждық  және технологиялық құрал-жабдықтар.

Сонымен бірге лизингке бүтіндей өнеркәсіптік кәсіпорындар берілуі мүмкін.

Лизингтік операцияның  өте қарапайым тәсілін қарастырайық. Жалға беруші жалгермен арендалық  келісім-шартына қол қояды. Өндіруші дайындайды және жалгерге аренда құралын  береді.

Лизингтік компания банктен  несие алады да, өндірушімен есеп айырысады және арендалық төлемдерден несиені өтейді.

Лизинг кезінде сақтандыру мен техникалық қызмет көрсетуді  негізінен жалгер өзі жүзеге асырады.

Халықаралық тәжірибеде орта мерзімдік арендаға контрактылар көп бекітіледі.

Хайринг құралдарына  транспорттық құралдар, жол-құрылыс машиналары, монтаждық құрал-жабдықтар, ауыл шаруашылығы машиналары жатады.

Орта мерзімдік арендалар  сұраныс пен ұсыныс әсерінен қалыптасады. Келісімге байланысты сақтандыру мен  техникалық қызмет көрсетуді жалға  беруші немесе жалгер жүргізеді.

Информация о работе Халыкаралык сауда