Халыкаралык сауда

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Декабря 2013 в 19:44, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін республика үкіметі алдында әлемдік экономика мен халықаралық экономикалық қатынастар саласында білікті мамандар даярлау мәселесі тұрды. Мемлекеттер не үшін саудамен айналысады? Елдер арасындағы сауданың негізін не құрайды? Деген сұраққа ғалымдар барлық тарихи кезеңдерде өз жауаптарын беруге тырысқан. Сол ғалымдардың бірі-ағылшын саяси экономикасының классигі А.Смит «Табиғатты зерттеу және халықтың баю себептері » деген еңбегінде сауда теориясының негізін қалады. Егер кез-келген басқа бір ел, бізді қандай да бір арзан тауармен қамтамасыз ететін болса, онда тауарын сатып алған анағұрылым тиімді болар еді » , - деп атап көрсетті А.Смит өз еңбегінде.

Содержание

КІРІСПЕ..........................................................................................................3
1. Халықаралық сауда теориясы.....................................................................4-8
2.Халықаралық сауданың мәні, ерекшеліктері және формалары..........10-17
3.Халықаралық сауда субьектілері.............................................................18-20
4.Қазақстан Республикасының сыртқы сауда айналымы........................21-24
ҚОРТЫНДЫ...................................................................................................25
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ....................................................................................26

Прикрепленные файлы: 1 файл

Курсовая работа МИКА!!!.doc

— 177.00 Кб (Скачать документ)

          

 

 

 

 

МАЗМҰНЫ

 

 

 

КІРІСПЕ..........................................................................................................3

1. Халықаралық сауда теориясы.....................................................................4-8

2.Халықаралық сауданың мәні, ерекшеліктері және формалары..........10-17

3.Халықаралық сауда субьектілері.............................................................18-20

4.Қазақстан Республикасының сыртқы сауда айналымы........................21-24

ҚОРТЫНДЫ...................................................................................................25

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ....................................................................................26

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін республика үкіметі алдында әлемдік экономика мен халықаралық экономикалық қатынастар саласында білікті мамандар даярлау мәселесі тұрды.

Мемлекеттер не үшін саудамен айналысады? Елдер арасындағы сауданың негізін не құрайды? Деген сұраққа ғалымдар барлық тарихи кезеңдерде өз жауаптарын беруге тырысқан.

Сол ғалымдардың бірі-ағылшын  саяси экономикасының классигі А.Смит «Табиғатты зерттеу және халықтың баю  себептері » деген еңбегінде сауда теориясының негізін қалады. Егер кез-келген басқа бір ел, бізді қандай да бір арзан тауармен қамтамасыз ететін болса, онда тауарын сатып алған анағұрылым тиімді болар еді » , - деп атап көрсетті А.Смит өз еңбегінде.

А.Смит бұл көзқарасы  экономикалық мұрада « Абсолюттік артықшылық теориясы » деп аталып кетті.

Бұл теорияда негізгі идея - еңбек бөлінісі ұлттық байлықтың негізгі, яғни мемлекеттер халықаралық еңбек бөлінісіне белсене қатысуы тиіс екендігі.

1. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ  САУДА ТЕОРИЯСЫ.

 

Халықаралық еңбек бөлінісі өндірістік өнімге мамандануы нәтижесінде  халықаралық сауда шығады десек, мамандануы көптеген варианттарының ішінен қандайын таңдап алу тиімді ? » деген сұрақтар туындайды.

А.Смит Франция, Португалия, Шотландия елдеріндегі шарап  өндірісін мысылға келтіреді. Бұл  мысалда салыстыру құралы ретінде  өндірістің абсолюттік шығыны (бір дана тауарды шығаруға қажетті адам саны) алынады.

Франция мен Португалияда шарап өндіру шығындары аз болғандықтан, Шотландия шарап өндіру тиімсіз  болатындығы анық.

А.Смиттің теориясын  талдау нәтижесінде оның бірқатар артықшылықтары мен кемшіліктері анықталады. Солардың ішіндігі артықшылықтарды атап көрсетейік:

Біріншіден, өндірістің мүмкіндіктері,сол өндірістің жүзеге асырылуының қолайлы жағдайлары табиғи факторлар мен анықталады;

Екіншіден, егер табиғи артықшылықтарға  жаңа технологиялардың жетістіктерін қоссақ, онда теорияның маңызы одан да арта түсер еді.

Сонымен қатар бұл  теорияның кемшіліктері де бар:

Біріншіден, әдістемелік  жолдардың шартты түрде болуы.

Мысалы, А.Смит өз зерттеулерінде екі елді ғана салыстырады,бірақ  та шын мәнәнде тәжірибеде былай болуы мүмкін емес;

Екіншіден, ағылшын саяси  экономикасының классигі ақша айырбасының  моделі емес,тауар айырбасының моделін  қарастырады;

Үшіншіден, абсолюттік артықшылық халықаралық саудаға маңызды  турде әсер ете алмайды,өйткені  тауар өндірісінің альтернативті (балама) құны халықаралық сауданың құрылымына әсер етеді.

А.Смиттің «Абсолюттік  артықшылық» теориясында аталып өтілген кемшіліктерді ағылшын  саяси экономикасының тағы бір классигі Д.Рикардо «Компартивті (салыстырмалы) артықшылық » теориясында жоюға тырысты.

Елдер арасында айырмашылықтың болуы - Рикардо теориясының негізі болып табылады. Осыған сәйкес төмендегідей тұжырым жасалған: кез келген елде оның табиғи-климаттық жағдайларына қарамастан кез келген тауар өндірісін  іске асыруға болады.

Мысалы, Қазақстанда да лимон өсіруге юолады, бірақ Жерорта  теңізі маңызында орналасқан елдермен салыстырғанда Қазақстанда өсіру  өте көп шығынды қажет етеді.

Сондықтан, біз үшін лимонды  Қазақстанда өсіруден көрі, сол елдерден сатып алу өте тиімді болмақ.

Рикардо халықаралық  сауда теорияларын дамытудағы сіңірген еңбегі өте зор.

Мысалы,екі елден (Англия мен Португалия)тұратын қарапайым  экономиканы қарастырайық.Олар пайда  әкелетін екі өнімді (мата мен шарапты) шығарады деп есептейік.

Бірақ, олар бір ғана еңбек факторын қолданады.

Матаны өндіруге қажетті  еңбек мөлшерін А әрпімен, шарап  өндіруге қажетті еңбек мөлшерін Б әрпімен, ал жалпы еңбек ұсынысын В әрпімен белгілеік.

Егер де әрбір елдің  ресурстары шекдеулі болса,сонымен  бірге шығарып жатқан екі тауардың біреуінің қосымша данасын шығаратын болса,онда ол екінші тауарды шығарудан бас тартуға мәжбүр болады.Оны төменгі мына теңсіздікпен көрсетсек:

 

aLV*QV+aLt*Qt   Англия үшін (1)

(2)

a*LV*Q*V+a*Lt*Q*t * Португалия үшін

 

Осы келтірілген теңсіздіктер негізінде өндірістік мүмкіндіктердің  шегін көрсетуге болады,яғни көлбеу сызық матаның құнына тең,ал матаның  құны шараптың мөлшерімен өрнектеледі.

Әрбір елде пайда әкелетін өнімнің қандай мөлшері шығарылатындығын анықтау үшін баға көрсеткішін пайдалану қажет.Әрбір сектор өндірістік фактордың біреуін ғана пайдаландықтан, еркін бәсеке өндіріс факторларының құнына бағалардың тікелей тәуелділігін қамтамасыз етеді.

Сонда әрбір ел үшін тепе-теңдік қамтамасыз етіледі.

 

Pt=aLT*Wt (3)

(4)

PV=aLV*WV

         Автаркия (елдің басқа елдермен байланасының болмауы) кезінде ел екі игілікті де шығаруға мәжбүр болады.

Шараппен салыстырғанда  матанның бағасы әрбір пайда келтіретін дананы шығаруға қажетті еңбек құндары арасындағы арақатынаспен анықталады.

                                                                                            (5)

Басқаша айтқанда,екі  игіліктің салыстырмалы бағаларды  оларды өндіруге қажетті еңбек мөлшерлері арасындағы қатынасқа тең болады.

Мата мен шарап өндірісіне қолданылатын технологиялар арасында белгілі бір айырмашылық болса, онда екі игіліктің салыстырмалы бағалары

әр елде әр түрлі болып  келеді.Автаркияның болмауы- сыртқы сауданың жүргендігінің дәлелі.

Ал мата құнын шарап  құнымен салыстарғанда,Англияда мата арзанырақ екені анықталған, сондықтан  матаны Англиядан сатып алу (импорттау) тиімді.

 

1 кесте – Салыстырмалы  бағалар

 

 

Англия 

Португалия

Мата

Ait=80

a*Lt=120

Шарап

ALV=90

a*LV=100


 

Енді екі игіліктің  салыстырмалы бағаларын талдаған кезде, матаның бір бірлігін өндіру үшін шараптың қанша данасынан бас  тарту керектігі анықталады.

Ол үшін төмендегі  кестені қарастыру керек.

 

2 кесте - Салыстырмалы  бағаларды талдау

 

 

Англия 

Португалия

Матаның бір данасының  шараппен өрнектелген құны


 

Бұл 2 кестеден мынаны байқаймыз, яғни мата өндірісінде Англия салыстырмалы артықшылыққа ие екендігі анықталған.

А.Смит, Д.Рикардо және Милль халықаралық сауданың шығу себептерін тек қана келген экономикада еңбек факторымен бірге басқа да өндірістік факторлар (жер,капитал) қолданылады.

Өндірістік факторлар  жөніндегі ілімдерін зерттеп,1930 жылғы швед ғалымдары Бертиль  Олин және Эли Хекшер Давид Рикардоның теориясын әрі қарай толықтыды.Хекшер мен Олин өндірістің екі факторын- капитал мен еңбекті қолдана отырып, сыртқы сауданың жаңа үлгісін құрастырды.

Бұл үлгіде негізгі тұжырым  төмендегідей жағдайларға әкеледі:

1) жұмысшы күшінің  артық шамасы бар, бірақ капитал мөлшері аз болған елдер еңбекті көп қажет ететін тауар өндірісіне маманданады;

2) капитал мөлшері  артық, бірақ жұмысшы күшінің  шамасы аз болған 

елдер капиталды көп  қажет ететін тауар өндірісіне маманданады.

Егер басқа елдермен салыстырғанда жұмысшы күшінің шамасы артық болса,онда ол мемлекет жұмысшы күшімен мол қамтамсыз етілген деп есептелінеді.

Егер басқа тауарлармен  салыстырғанда жұмысшы күшінің  шығындарының үлесі тауар құнының  құрылымында көп болса, онда ол еңбекті  көп қажет ететін тауар деп есептелінеді.

Хекшер- Олин теориясы бойынша  мынадай қорытынды жасалған: егер тауар өндірісінде онша тапшы  емес өндірістік фактор қолданылса, онда әр мемлекет сол тауарларды экспортқа  шығаруға тырысады.

Хекшер – Олин теориясы бойынша факторларға салыстырмалы баға беру төмендегі үш жағдайға байланысты болады.

Біріншіден, халықаралық  айырбасқа қатысушы елдер тауар  өндірісінде мол тауарлар мен  қызметтерді шетке шығаруға тырысады, ал керісінше кейбір тауарлар бойынша  тапшылық көрініс тапса, онда олар өнімдерді шеттен алуға тырысады.

Екіншіден, халықаралық  сауданыың дамуы «факторлық»  бағалардың, яғни осы фактор иесінің  алатын табысының теңестірілуіне әкеліп соғады;

Үшіншіден, кей жағдайларда  өндіріс факторлары халықаралық  қозғалыс сипатында болуы мүмкін, яғни елдер арасында тауар экспортының орнына сол факторлардың өздерін шығаруға мүмкіндік туады.

1954 жылы американдық  экономист Леонтьев Хекшер- Олин  теориясын іс жүзінде дәлелдеп  көрсетті.Ол АҚШ-тың экспорты  мен импортын зерттейді.Зерттеу құралы ретінде еңбек және капитал шығындарын  қарастырады.Сол кезде дүние жүзі бойынша төмендегідей тұжырымдар қалыптасты:

АҚШ капиталдың мөлшерін көп қажет ететін тауатларды экспортқа  шығарып, ал көбінесе еңбекті көп  қажет ететін тауарларды импорттан  алады.

Бұл жағдайда зерттеу  нәтижесі керісінше болып шықты.

Осыған байланысты Леонтьев еңбегі экономикада «Леотьевтің  парадоксы» деп аталды. Капиталдың салыстырмалы артықшылығы АҚШ-тың  сыртқы саудасына әсер етпейтіндігі анықталған.

Зерттеу нәтижесі келесі жағдайды көрсетті: көп жағдайда АҚШ еңбекті көп қажет ететін тауарларды шетке шығарып, капиталды аз қажет ететін тауарларды шеттен тасымалдайды.Осыған сәйкес Леонтьев өз көзқарасын ұсынады. АҚШ-та пайдаланылатын факторлардың ішіндегі өте тиімдісі – еңбек факторлары болып табылады.

Оған себеп болған нәрсе – АҚШ жұмысшыларының біліктілігінің өте жоғары деңгейде болуы. Бұл жаңа модель түсінігі – «жұмысшы күшінің  біліктілігі» теориясы деп аталады.Бұл  теорияның негізгі түйіні мынада: яғни өндіріске 2 фактор емес, 3 фактор қатысады, атап айтқанда капитал, еңбектің екі түрі – білікті және біліксіз еңбек.

1960 жылғы тағы да  бір топ экономистер экономикалық  әлемге шығады.

Олар «Леонтьев парадоксын»  басқа себептермен, яғни ғылыми-техникалықжетістіктері бойынша түсіндіруге тырысады.Осыған сәйкес «капитал» терминінің мағынасы өзгеріп: «Физикалық капитал» (негізгі қорлар), «білім капиталы», «адамдар капиталы» (білікті мамандар) деген ұғымдар пайда болды.

Осы ұғымдар негізінде  жаңа теориялар туындайды. Ол экономиканың жалпы моделін түсіндіреді.


                        

                         РР




 


              

 

1 сурет – Жалпы  экономикалық модель

 

Ғ- ғылымды көп қажкт  ететін салалар;

К- капиталды көп қажет  ететін салалар;

Ж- жұмыс күшін көп  қажет ететін салалар;

Р- ресурстарды көп  қажет ететін салалар;

Егер жалпы шығындардың  ішінде ғылыми шығындардың үлесі 6- 10 процентке тең болса, онда ол өндіріс  ғылымды көп қажет ететін сала деп аталады.

Осы орайда бір топ  жаңа теориялар пайда болды. Олар «неотехникалық теория» деген ортақ терминмен белгіленеді:

1) технологиялық алшақтық;

2) тауарлардың өмірлік  циклы;

3) өндіріс масштабының  кеңеюінен болған экономия.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.1 Халықаралық  сауданың мәні, ерекшеліктері және формалары

 

Дүниежүзілік шаруашылық байланыстардың күрделі жүйесінде халықаралық сауда ерекше орын алды.

Информация о работе Халыкаралык сауда