Жүрек бұлшықеті тінінің қалпына келу мүмкіншілігі. Мезенхимді, эпидермальды және нейральды бұлшықет тіндері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Сентября 2015 в 13:11, реферат

Краткое описание

Жүрек бұлшықет тіні миокардты- жүректің бұлшықет қабыығын құрайды. Қаңқа бұлшықет тінінен айырмашылығы- бұл тін нағыз жасушалардан құралған. Микроқұрылымы бойынша жүрек бұлшықет тіні көлденең жолақты бұлшықет тіндеріне жатады, себебі оның кардиомиоцит деп аталатын жасушаларында көлденең сызылымды миофибрилдері бар. Функциялық ерекшеліктеріне байланысты жүрек бұлшықет тіні еріксіздерге жатады. Себебі, вегетативтік иннервациясына және гуморальды реттелуіне байланысты жүректің жиырылғыш белсенділігі біздің еркімізге бағынбайды.

Содержание

І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім:
а) Жүрек бұлшықет тінінің гистогенезі және құрылысы;
б) Жүрек бұлшыкет тінінің қалпына келу мүмкіншіліктері;
в) Тегіс бұлшықет тіндерінің түрлері және олардың ерекшеліктері.
ІІІ Қорытынды
VІ Пайдаланылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

Тургинбаева Г..docx

— 169.21 Кб (Скачать документ)

Тегіс бұлшықет жасушаларында миофибрилдер құрылмайды, себебі оларда миофиламенттер ретсіз орналасқан және бұған қосымша, миозинді миофиламенттері тұрақсыз, яғни қысқарылу алдында ғана пайда болып,  одан кейін жойылып отырады. Осы себептерден  тегіс бұлшықет тіндерінің гистологиялық элементтерінде көлденең жолақты сызылым болмайды.  

Жүрек бұлшықет тінінің гистологиялық элементі- кардиомиоциттер немесе жүрек бұлшықет жасушалары болып табылады. Дифференциялану барысында кардиомиоциттердің көбею (пролиферация) жылдамдылығы бірте-бірте басылады. Кейбір жасушалар эмбриондық кезеңінде-ақ митоздық циклден қайтымсыз шығып кетіп, жасушалық циклдің G0 фазасында тоқтап қалады. Гистогенезінің соңында кардиомиоциттердің ядролары полиплоидизацияға ұшырайды- эндомитоз (аяқталмаған митоздар) арқылы олар екі немесе көп ядролары болады. Туылу қарсаңында немесе өмірінің бірінші айларында кардиомиоциттердің толық митоздары енді байқалмайды, жасушалардың 50% көбі полиплоидты (тетра және октиплоидты) болады. Полиплоидизацияның биологиялық маңызы- жасушаның функциялық белсенділігін күшейту.Сөйтіп, жүрек бұлшықет тіні гистогенезінің ерекшелігі: 1) камбиалды жасушаларының болмауы; 2) миоэпикардиальды табақшалар жасуларының симпластқа бірікпеуі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер.

С.А. Ажаев, Т.Ж. Үмбетов- Жалпы гистология, Түркістан-2010

Аяпова Ж.О.- Гистология, Алматы «Кітап» баспасы- 2005

Белоусова Т.А., Бобылев В.П., Крутых Е.Г., Ноздрин В.И.- Экспресс гистология,2005

 


Информация о работе Жүрек бұлшықеті тінінің қалпына келу мүмкіншілігі. Мезенхимді, эпидермальды және нейральды бұлшықет тіндері