Жүрек бұлшықеті тінінің қалпына келу мүмкіншілігі. Мезенхимді, эпидермальды және нейральды бұлшықет тіндері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Сентября 2015 в 13:11, реферат

Краткое описание

Жүрек бұлшықет тіні миокардты- жүректің бұлшықет қабыығын құрайды. Қаңқа бұлшықет тінінен айырмашылығы- бұл тін нағыз жасушалардан құралған. Микроқұрылымы бойынша жүрек бұлшықет тіні көлденең жолақты бұлшықет тіндеріне жатады, себебі оның кардиомиоцит деп аталатын жасушаларында көлденең сызылымды миофибрилдері бар. Функциялық ерекшеліктеріне байланысты жүрек бұлшықет тіні еріксіздерге жатады. Себебі, вегетативтік иннервациясына және гуморальды реттелуіне байланысты жүректің жиырылғыш белсенділігі біздің еркімізге бағынбайды.

Содержание

І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім:
а) Жүрек бұлшықет тінінің гистогенезі және құрылысы;
б) Жүрек бұлшыкет тінінің қалпына келу мүмкіншіліктері;
в) Тегіс бұлшықет тіндерінің түрлері және олардың ерекшеліктері.
ІІІ Қорытынды
VІ Пайдаланылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

Тургинбаева Г..docx

— 169.21 Кб (Скачать документ)

«Астана Медицина Университеті» АҚ

Гистология, цитология және эмбриология кафедрасы.

 


 

 

 

Тақырыбы: Жүрек бұлшықеті тінінің қалпына келу мүмкіншілігі. Мезенхимді, эпидермальды және нейральды бұлшықет тіндері.

 

 

 

Орындаған: Тургинбаева Г.

Топ: 219 ЖМ

Қабылдаған: Қожахметова Ұ.А.

 

 

 

 

 

 

 

 

Астана-2014

Жоспар

І Кіріспе

ІІ Негізгі бөлім:

а) Жүрек бұлшықет тінінің гистогенезі және құрылысы;

б) Жүрек бұлшыкет тінінің қалпына келу мүмкіншіліктері;

в) Тегіс бұлшықет тіндерінің түрлері және олардың ерекшеліктері.

ІІІ Қорытынды

VІ Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

        Жүрек бұлшықет тіні миокардты-  жүректің бұлшықет қабыығын құрайды. Қаңқа бұлшықет тінінен айырмашылығы- бұл тін нағыз жасушалардан құралған. Микроқұрылымы бойынша жүрек бұлшықет тіні көлденең жолақты бұлшықет тіндеріне жатады, себебі оның кардиомиоцит  деп аталатын жасушаларында көлденең сызылымды миофибрилдері бар. Функциялық ерекшеліктеріне байланысты жүрек бұлшықет тіні еріксіздерге жатады. Себебі, вегетативтік иннервациясына және гуморальды реттелуіне байланысты жүректің жиырылғыш белсенділігі біздің еркімізге бағынбайды.

       Жүрек  бұлшықет тіні эмбрионның мойын  бөлігінің спланхнотомының висцеральді  жапырақшасынан дамиды. Осы целомдық  астардан (төсегіштен) жұп қатпарлы  қалыңдаулар- миоэпикардиальді табақшалар бөлінеді. Бұл табақшаларды құрайтын кардиомиобласт жасушалары митоз арқылы белсенді бөлініп, кейін жіңішке актинді миофиламенттерді синтездей бастайды. Кардиомиобласттардың аз дифференцияланған кардиомиоциттерге айналуының белгісі- цитоплазмасында жуан миозинді жіптердің пайда болуы. Бір сәтте олардың маңайында актинді жіпшелер гексогенальді буынып-түйінуін бастайды. Осылайша арнайы органеллалар- миофибрилдер пайда болып, бұдан былай жасушалар кардиомиоциттер деп атайды. Кардиомиоциетердің одан әрі дифференциялануы миофибрилдері мен митохондрияларының саны өсуіне, саркоплазмалық торының дамуына байланысты. Жасушалардың арасында конттактар құрылып, ендірме дискілер пайда болады және жетіледі. Олардың көмегімен кардиомиоциттер «ұшымен ұшқа» байланысып, функциялық жүрек бұлшықет талшықтарын қалыптастырады.

Аз дифференцияланған кардиомиоциттер жиырыла алады, бірақ пролиферация мен дифференциялану қабілеттерін сақтайды. Бұдан бұлайғы дивергентті (лат.т. divergere- ажырау) дифференциялануы барысында олардан бес түрлі кардиомиоциттер дамиды:

● жиырылғыш;

● өткізгіш- пейсмекерлік, өтпелі және Пуркинье талшықтары;

● секреторлық.

Жиырылғыш кардиомиоциттер миокардтың негізгі бөлігін, яғни жүрек бұлшықетн құрайды. Жиырылғыш кардиомиоциттерге жиырылғыш және энергетикалық аппаратының жақсы дамуы тән. Сондықтан, олардың негізгі функциясы- жиырылу іс-әрекеті.

Өткішгіш кардиомиоциттер- жүректің өткізгіш жүйесін құрайды.Бұл жүйе электр импульстерін генерациялап, жиырылғыш кардиомиоциттерге табыс ететін қойнау-жүрекше және жүрекше-қарынша түйіндерінен, қойнау-жүрекше Гисс будасы мен оның бұтақтарынан (Пуркинье талшықтары) тұрады. Жүректің өткізгіш жүйесі үш түрлі өткішгіш кардиомиоциттерден құрылған. Олар әртүрлі сандық арақатынастарда жүректің өткізуші жүйесінің жоғарыда аталған бөліктерінің құрамына кіреді. Олардың жұмысшы кардиомиоциттерден айырмашылығы- жиырылғыштығы нашар, бірақ электр импульстерін өткізу қабілеті жоғары.

Пейсмекер жасушалары (ағылш. Pacemaker- ритм, серпіліс тудырғыш; Р-жасушалар) қойнау-жүрекше түйінінің орталық бөлігін құрайды.Олардың негізгі функциясы- жүректің автоматизмін қамтамасыз ететін жиырылтқыш импульстерді генерациялау. Жиырылғыш кардиомиоциттермен салыстырғанда, Р-жасушалардың өлшемдері кішкентай- 10 мкм-ге дейін, пішіні көпбұрышты. Саркоплазмасының перифериясында ретсіз орналасқан аз ғана миофибрилдері бар, гликогені және митохондриялары да аз. Т-түтікшелері жоқ, саркоплазмалық торы нашар дамыған. Пейсмекер жасушаларының мембраналары өздігінен натрий иондарын жасуша ішіне өткізу, калий иондарын- жасушадан шығару қасиетіне ие. Осының арқасында олар спонтанды деполяризацияға және электр импульстерін генерациялауға қабілетті. Сөйтіп, Р-жасушалар жүректің қысқарылуына серпіліс беріп тұратын, жиілігі минутына 60-80 импульстерді өндіреді. Пейсмекер жасушалары вегетативтік қимыл нерв ұштарымен өте жақсы иннервацияланған. Сондықтан, жүрек бұлшықет тіні автоматизмге ие болғанымен, жүректің қысқарылу қарқыны және ырғақтық жиілігі нерв жүйесі тарапынан да бақылауға болады. Пейсмекер жасушаларынан шыққан импульстер жүрекшенің жұмысшы кардиомиоцитеріне және жүрекше-қарынша түйінің өтпелі кардиомиоциттеріне беріледі.

Өтпелі кардиомиоциттер морфологиясы мен локолизациясы бойынша пейсмекер және жиырылғыш кардиомиоциттер арасында аралық сипатқа ие. Олар қойнау-жүрекше және жүрекше-қарынша түйіндерінің құрамына жатады. Өтпелі кардиомиоциттердің функциясы- қозуды Р-жасушалардан Пуркинье талшықтарының жирылғыш кардиомиоциттеріне және өткізуші кардиомиоциттеріне жеткізу. Өтпелі кардиомиоциттердің пішіні ұршық тәрізді, өлшемі Р-жасушалар мен жиырылғыш кардиомиоциттердің арасында. Саркоплазмасындағы бір-біріне бұрыштап орналасқан орташа дамыған миофибрилдері және митохондриялары, саркоплазмалық торының цистерналары, Гольджи комплексінің диктиосомалары бар. Кейбір өтпелі жасушалардың сарколеммалары қысқа Т-түтікшелерді құрайды. Жасушалар бір-бірімен қарапайым контакттар немесе күрделілеу құрылған ендірме дискілер арқылы байланысқан. Өтпелі кардиомиоциттер де электр импульсін өндіруге қабілетті, бірақ олардың жиілігі минутына 30-40. Қалыпты жағдайда ритмнің бұл қосымша көзі тежелінген.

Патологиялық жағдайларда (миокард инфаркты, жүректің ишемиялық ауруы) Р-жасушалар мен өтпелі кардиомиоциттер арасындағы байланыстар бұзылады. Сондықтан, бұл аурулар кезінде жүрек жиырылуының ритміне өтпелі кардиомиоциттер ұйытқы болады. Жиырылудың мұндай ритмі физиологиялық қажеттіліктерге сәйкес келмейді, әсіресе, жұмыс жүктемесі ұлғайған кезде. Мұндай жағдайларда, аурулардың терісінің астына арнайы зерттеп дайындалған, жүрек бұлшықетіне қалыпты ритм беріп тұратын аспап- кардиостимуляторды имплантациялайды.

Өткізуші Пуркинье кардиомиоциттері- жүректің өткізуші жүйесінің соңғы элементтері- Пуркинье талшықтарын құрайды. Өлшемі бойынша олар жиырылғыш кардиомиоциттерден гөрі ірілеу. Ашық түсті сарколеммасында көптеген ұсақ митохондриялары және көп мөлшерде гликогені бар. Жолақты жіңішке миофибрилдері әт түрлі бағытта өтеді, сондықтан жасушада көлденең жолақты сызылымдары жоқ. Өткізуші кардиомиоциттерде саркоплазмалық тор нашар жадыған, Т-түтікшелері мүлде жоқ. Ендірме дискілері де жоқ, жасушалардың түйіскен беттерінің плазмалеммалары 2-8 нм аралыққа дейін жақындасқан. Мұнда десмосомдар және кең саңылаулы конттактар қалыптасқан. Соңғылардың арқасында импульстер Пуркинье талшықтары арқылы қарыншаның жиырылғыш кардиомиоциттеріне өте жоғары жылдамдықпен жетеді.

Секреторлық (эндокриндік) кардиомиоциттер жүрекшелердің бұлшықет тінінің құрамында айқындалады. Өлшемі қарыншаның кардиомиоциттерінен гөрі 2-5 есе төмен. Цитоплазмасында миофибрилдері, митохондриялары және саркоплазмалық торы аз. Т-түтікшелері болмайды, олардың орнына кавеолдары мен пиноцитоздық көбікшелері көп. Секреторлық кардиомиоциттерде синтездік аппараты- грЭПТ және Гольджи комплексі жақсы дамыған. Сонымен тығыз байланысты, іштерінде жүрекшелік натрийурездік фактор гормоны бар, секреторлық гранулдары қалыптасқан. Қан арнасына түсіп, бұл гормон нысана мүшелерге- бүйрекке, бүйрекүсті безге, миға және т.б. жетеді. Нәтижесінде ол диурезді , натрийурезді ынталандырады. Жүрекшелік натрийурездік фактор қан тамырларын кеңейтеді, альдостерон және вазопрессиннің секрециясын тежейді. Осының барлығы, ақыр аяғында қан қысымының төмендеуіне әкеледі. Секреторлық гранулдарда тағы қан ұйығыштығын төмендететін зат бар. Сөйтіп, секреторлық кардиомиоциттердің функциялары: артериялық қысым мен қанның тұтқырлығын реттеу.

   Жүрек бұлшықет тінінің құрылысы. Бұл тіннің жалғыз гистологиялық  элементі- кардиомиоциттер немесе жүрек бұлшықет жасушалары. Олар бір-бірімен көптеген бүйірлік және бойлық анастомоздар және ендірме дискілер аймағында мамандаған жасушааралық қосылыстар құрайды. Осылардың арқасында кардиомиоциттер функциялық жүрек бұлшықет талшықтарының үш өлшемді торына біріктіріледі. Соңғылардың арасында борпылдақ талшықты дәнекер тін орналасқан, мұнда қан тамырлары мен нервтер өтеді.

Кардиомиоциттер- диаметрі 10-20 мкм, ұзындығы 50-120мкм созылған цилиндр пішіндіжасушалар. Жасушаның ортанғы бөлігінде ашық түсті, ірі, сопақ пішінді бір-екі полиплоидты ядролары орналасады. Ядроларының полиплоидтануы жасушаның физикалық жүктемелерге адаптациясын көрсетеді.

Электрондық микроскопиялық зерттеулер кардиомиоциттердің саркоплазмасында органеллалары мен қосындыларын айқындады. Олар қаіқа бұлшықет тініндегідей функциялық аппараттарға біріккен:

● қозуды өткіізу;

● жиырылғыштық;

● тіректік;

● энергетикалық;

● синтездік;

● жасушаішілік қорыту.

Кардиомиоциттердің жиырылғыш аппараты жасушаның перифериясында бойлық орналасқан арнайы органеллалардан- көлденең жолақты миофибрилдерден тұрады. Миофибрилдер саркоплазманың басым бөлігін алып орналасады және көлденең бұлшықет тіндеріне тән құрылысқа ие. Сонымен бірге, кардиомиоциттердің миофибрилдерінің бір қатар өзгеше ерекшеліктері бар:

1) олар қаңқа бұлшықет  тініндей жекеленген цилиндрлік  құрылымдар құрмайды, ал бір-бірімен  бірігіп, бірыңғай құрылым құрайды.

2) олардың жиырылтқыш  актин және миозин ақуыздарының  биохимиясы қаңқа бұлшықет тінінің  сондай ақуыздарынан өзгеше болады. Жұмысшы кардиомиоциттердің жиырылуы  қаңқа бұлшықет талшықтарында  өтетін жиырылу механизміндей  жүзеге асады.

 

Қозуды өткізу аппараты (саркотубулярлы жүйе) қаңқа бұлшықет талшықтарындағы сияқты, саркоплазмалық тордан және Т-түтікшелерден тұрады. Кардиомиоциттерде олар нашарлау дамыған, бұл жүректің автоматизміне, яғни мұнда кардиомиоциттердің жиырылуына қажет импульстерді генерациялайтын ошақтың болуына байланысты.

Саркоплазмалық тор миофибрилдерді муфта (жалғастырғыш) немесе шұлық сияқты қоршайтын жіңішке түтікті цистерналардың ретсіз жүйесінен тұрады. Мұнда қаңқа бұлшықет талшықтарына тән біріккен үлкен терминалдық цистерналар құрылмайды, ал Т-түтікшелерге іргелес терминалдық кеңеюлер қалыптасады. Саркоплазмалық тордың мұндай нашарлау дамуының себебі, қозуға қажетті Са2+ иондары тек одан ғана түспейді, одар Т-түтікшелерінен де және сарколеммасы арқылы да түседі.

Т-түтікшелер саркоплазмасының ішіне қарай миофибрилдердің Z-сызығы тұсында енеді. Олардың диаметрі қаңқа бұлшықет тініндегілерден екі есе үлкендеу болады, себебі плазмолеммамен және базальді мембранамен астарланған. Т-түтікшелерге саркоплазмалық тордың терминальды кеңеюлері жанасады, сондықтан олар триадаларды құрмайды. Т-түтікшелер сарколеммамен бірге Са2+ иондарын жасушааралық кеңістіктен кардиомиоциттердің саркоплазмасына өткізуге қатысады.

Кардиомиоциттердің тіректік аппараты цитоскелеттің элементтерінен, плазмалеммадан және базальді мембранадан құрылған. Оның биохимиялық құрамы, құрылымы және функциялары қаңқа бұлшықет талшығының осындай құрылымдарына ұқсас. Кардиомиоциттердегі тіректік аппараттың ерекшелігі- цитоскелет элементтерінің жасушааралық қосылыстар кешені- ендірме дискілермен байланысуы. Сарколеммасында трансмембраналық гликопротеиндер- интегриндері бар. Осылар арқылы цитоскелеттің элементтері жасушааралық зат құрамдастарымен (ламинин, фибронектин, коллагендермен) байланысады. Плазмолемманың сыртында базальды мембрана орналасқан, оған қоршаған дәнекер тіннің коллаген және ретикулярлық талшықтары қоса өріледі.Барлық бұл құрылымдар миофибрилдердің, кардиомиоциттердің, функциялық жүрек бұлшықет талшықтарының салған жииырылтқыш күштерінің жинақталуын қамтамасыз етеді.

Кардиомиоциттердің энергетикалық аппараты жақсы дамыған митохондриялардан, қосындылардан (май тамшылары, глюкоген гранулдары) және оттегімен  байланысатын миоглобин ақуызынан тұрады. Кардиомиоциттердегі митохондриялардың саны қаңқа бұлшықет талшықтарымен салыстырғанда едәуір көп, жасуша көлемінің 35-38% алады. Олар миофибрилдердің арасында және сарколемманың астында қатпарлар құрылып, ядросының аймағында топталып орналасады. Кардиомиоциттің митохондриялары ірі, кристалары көп, бұо олардың функциялық белсенділігі- АТФ синтезінің деңгейі жоғары екендігін көрсетеді.             

Кардиомиоциттердің маңызды энергетикалық потенциалы- ядросының полюстерінде жинақталған көптеген май тамшылары, миофибрилдері мен миофиламенттері арасында орналасқан гликоген гранулдары. Әсіресе, гемоглобинге ұқсас миоглобин ақуызы көп. Күшті энергетикалық жабдықталғандықтан, жүрек бұлшықет тіні тынымсыз өмір бойы қызмет етеді.

  Кардиомиоциттердің синтездік аппараты ядро жанындағы аймақта орналасқан бос рибосомдардан, полисомдардан, грЭПТ және Гольджи комлексінен тұрады. Олардың даму дәрежесі әр типті кардиомиоциттерде әр түрлі. Кардиомиоциттің синтездік  аппараты жасушаішілік регенерацияны қамтамасыз етеді.

  Жасушаішілік қорыту аппараты лизосомдарды, эндосомдарды және қалдық денелерді қамтиды. Олар әжептеуір жақсы дамыған, бұл сондай-ақ кардиомиоциттерде жасушаішілік регенерацияның қарқынды өтетінін көрсетеді.

Ендірме дискілер жарық микроскопия кезінде функциялық жүрек бұлшықет талшықтарын бір-бірінен біршама арақашықта көлденең немесе қиғаш кесіп өтетін, сатылы немесе ирек, күңгірт түсті жолақтар түрінде көрінеді. Электрондық микроскоп арқылы ендірме диск іргелес екі кардиомиоциттердің ұштары жалғанған жер екендігін анықталды. Онда көлденең және ұзына бойлық бөліктерін ажыратады. Жасушаның ұзын бірлігіне тіке бұрыштап орналасқан көлденең бөліктерінде едәуір интердигитациялар, десмосомдар және жабысқақ жолақтары бар. Олар механикалық функцияны атқарады- қысқарылу кезінде жасушалардың бір-бірінен ажырап кетпейтіндей берік жабысуын қамтамасыз етеді. Ендірме дискілердің көлденең бөліктерінің плазмалеммасында кардиомиоциттердің адгезиясын жүзеге асыратын адгезивтік гликопротеиндер- кадгериндер орналасқан. Кардиомиоциттердің плазмолеммасының ішкі бетінде Z-сызыққа ұқсас Z-жолақ көрінеді, ол арқылы- актинді миофиламенттер плазммалеммаға бекітіледі. Ендірме дискілердің ұзына бойлық бөліктерінде тар өзекшелерден тұратын көптеген саңылаулы қосылыстары- нексустар бар. Бұл өзекшелер арқылы су мен иондар бір жасушадан іргелес жасушаға еркін өтіп тұрады. Демек, нексустар қозудың бір жасушадан екіншісіне берілуін жүзеге асырады. Нәтижесінде қозу жүрек бүкіл бұлшықет жасушаларына тез таралып, миокард біртұтас бүтін ретінде және синхронды қысқарылады. Сөйтіп, ендірме дискілер кардиомиоциттер арасында механикалық, химиялық және функциялық қосылыстарды қамтамасыз етеді.

Информация о работе Жүрек бұлшықеті тінінің қалпына келу мүмкіншілігі. Мезенхимді, эпидермальды және нейральды бұлшықет тіндері