Туракты даму стратегиялары мен принциптери

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Марта 2014 в 08:14, реферат

Краткое описание

Менеджмент ағылшын тілінен аударғанда «басқару» деген мағынаны білдіреді. Менеджмент- бұл кәсіп орынды ұйымдастыру туралы, оны дамытудың стратегиясы ретінде қызметтерді іріктеу туралы және олардың жұмысын оңтайландыру туралы тиімді басқару.
Менеджмент тарихы бірнеше мың жылдықтардан құралған. Осынау ұзақ жылдық тарихы қоғамдық, экономикалық, әлеуметтік экономикалық қатынастар жүйесіндегі үзіліссіз тәжірибелердің жинақталуына байланысты дамыған.

Прикрепленные файлы: 1 файл

СОӨЖ Шарапханова Е.docx

— 70.72 Кб (Скачать документ)

- басшы өз ісіне  сенімді болуы, батыл мақсат қойғыш, табанды болуы және осы қасиеттерін  қол астындағыларға көрсете білуі  тиіс;

- басшы қуғындаушы  болмауы тиіс, нағыз басшы қарамағындағыларды  баулып алға тартады;

- басшы ұйымдастыру  және басқару туралы ғылымды  жетік білуі тиіс;

- басшы қатал, әрі  талап қойғыш болуы тиіс;

- сынды қабылдай  білуі, өзі де әділ сынай білуі  тиіс;

- басшы жылы шырайлы, әдепті болуы тиіс;

- әзілдей білуі  және әзіл-қалжыңды түсіне білуі  тиіс, адамдардың көңіл-күйі жақсы  болса, еңбек өнімділігі артады;

- табандылық пен  өжеттілік;

- тәуекел етуге  дайын тұру (біреуге жалтақтамай  іске бел шешіп кірісу);

- болып жатқан  өзгерістерді жіті қадағалау;

- байланыс орнатуға  қабілеттілік (коммуникабельность).

Осы аталған талаптармен қоса басшы қоғам мүддесін өз мүддесімен қатар қоятын адал, жаны таза, парасатты адам болуы тиіс. Мысалы республикада нарықтық экономикаға өту кезінде шаруашылықтарды жекешелендіру процесі көбінесе кейбір шенеуніктердің шешімі арқылы жүзеге асып, мемлекет байлығы ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетіп, ұйым мүшелеріне шаруашылықтың дамуы үшін айтарлықтай ештеңе қалмады.

Бұл жағдай басшылардың қоғам игілігінен гөрі өзінің жеке басының мүддесін ойлайтын, тәрбиелілігі, адамгершілігі төмендігінен болып отыр. Кейбір даңғой басшылар «астымдағы тағым – басымдағы бағым», деп түсінеді де кәсіпорынныңжұмысын өркендетуден гөрі, бар қаражатты өзінің жеке басының пайдасына жұмсап, ұйымды күйретеді.

Әрбір кәсіпорын өркендеп, дамуы үшін ең бірінші оның басшысы жан-жақты білімді, өндіріс технологиясын жақсы білетін, алдағыны болжай алатын, қарамағындағы адамдармен, әріптестермен іскерлік қарым-қатынас орната алатын, жан-дүниесі таза, өзіне өзі есеп бере алатын адам болуы керек.

Нарықтық экономикаға дейін республикаға белгілі ғалымдар менеджменттерминін қолданбай, барлық жағдайда басқару, басқаруды ұйымдастыру деп келді. Оның себебі, социалистік қоғамда «Менеджер» деген сөз капиталистік ұғым болып саналды. К.Маркс өзінің «Капиталында»: «Менеджер дегеніміз – жалдамалы қызметкер» - деген. Ал қызметкерді жалдау деген, қанаумен тең болды.

Менеджердің міндеттері:

1. Басшы қызметкерлерді  іріктеп, жұмысты жүйелеп бөліп, әрқайсысының міндеттерін анықтайды;

2. Әрбір қызметкерлердің  ролін белгілеп, ұйымның құрылымын  құрады;

3. Еңбек ақы құрылымын  анықтап, қызметкерлердің штаттық  кестесін белгілейді;

4. Жұмыс барысын  бақылау арқылы мақтау немесе  жазалау шараларын қолданады;

5. Еңбек нәтижесіне  байланысты жоғарылату, төмендету  және жұмыстан босату шараларын  қолданады.

Менеджер осы аталған міндеттерді орындай отырып, басқару ісінде, адамдармен қарым-қатынаста өзінің аса бағалы қасиеттерін көрсете білуі керек

 


Информация о работе Туракты даму стратегиялары мен принциптери