Туракты даму стратегиялары мен принциптери

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Марта 2014 в 08:14, реферат

Краткое описание

Менеджмент ағылшын тілінен аударғанда «басқару» деген мағынаны білдіреді. Менеджмент- бұл кәсіп орынды ұйымдастыру туралы, оны дамытудың стратегиясы ретінде қызметтерді іріктеу туралы және олардың жұмысын оңтайландыру туралы тиімді басқару.
Менеджмент тарихы бірнеше мың жылдықтардан құралған. Осынау ұзақ жылдық тарихы қоғамдық, экономикалық, әлеуметтік экономикалық қатынастар жүйесіндегі үзіліссіз тәжірибелердің жинақталуына байланысты дамыған.

Прикрепленные файлы: 1 файл

СОӨЖ Шарапханова Е.docx

— 70.72 Кб (Скачать документ)

Шешім қабылдау- бұл жетекшінің басқаруда нені қалай жоспарлаудың, ұйымдастырудың,  ынталандырудың, бақылаудың бірнеше нұсқауларын таңдауы.

Қарым- қатынас- бұл адамдар арасындағы ақпараттар алмасуы. Өндірісте өзге де тұлғалармен жақсы қарым- қатынаста болу өте қажет.

Басқару процесі бірізді дұрыс қарым- қатынас орнату және дұрыс шешім қабулдауда.

Өндіріс объектісін таңдауда және қолдануда әмбебап құрылымдық менеджментті қолдану. Жүйелі тәсіл ХХ ғасырдың екінші жартысында қалыптасты. Ғылыми- техникалық өркендеу өндірістерді автоматтандыруға әкеліп соқты. Ең маңызды болып- кибернетика теорисы, ол физика және биологиядағы автоматтандыру заңдылықтарын түсіндірді. Әлеуметтік- экономикалық басқару ұйымдарда бұл тәсілдерді кеңінен қолданды. Ресейде басқару жүйесін автоматтандыру (БЖА-АСУ) бастапқыда қолданыла бастап, қалыптастырылды. Ресейде бұл тәсілдің менеджменттің әмбебап құралы ретінде қалыптасуына мына ғалымдар есімдері Р.Джонсон, Ф.Каста, Д.Розенцвейла, С.Оптнера, С.Янга, Дж. Риггса, М.Х.Мескона атаққа ие болды. Жүйелілік тәсіл ойлау және ғылыми талдау методологиясы басқарудың ерекше тәсілі болып қалыптасты.

Бұл тәсілдің мәні- ұйымдарды жүйе ретінде қарастыруда. Өнім өндіруде өнімнің артық өндірілуі, оның сапасыздығы т.б сияқты кемшіліктер туындамас үшін, жопарлауды жүйелі түрде ұйымдастыру.

Дәстүрлі басқару мектептері ғылыми негізді қалыптастырды. Жұмыс тәжірибелерінде ғылыми теориялырды тиімді пайдалану өнер деп саналды. Ситуациялық тәсілдің маңызы- нақты ситуациялар мен жағдайлардың теориялық негіздерін еше отырып басқару.

Ситуациялық тәсіл ХХ ғасырдың 60- шы жылдарында менеджментте жаңа бағытта қалыптасты. Әр түрлі жағдайды қарастырудың басты ерекшелігі әрбір ұйымдық басқарушылық мәселені шешуді нақты қалыптасқан жағдай мен байланыстыруды талап етеді.  Өзінің зерттеу негізінде бұл мектеп кәсіп орын ұйымының жұмыстарын қарастыруын, олардың белгілі нақты жағдайда жұмыс атқаруын ескереді.

Ситуациялық мектеп жүйелі мектептің логикалық жалғасы. Ситуациялық тәсіл жоғарыдағы тәсілдердің ең маңызды тәсілдерін біріктіре отырып, қазіргі заманда кеңінен қолданыста. Ситуациялық мектепті өндіріс тиімділігін арттыруда ең тиімді әдіс ретінде қарастырылуда.

Қорыта айтқанда, менеджментте әр түрлі мектпетірдің негізерінің қалыптасып, дамуы менеджменттің одан әр дамып, өркендеуіне әсер етті. Жоғарыда аталаған  мкептер тәсілдері қазіргі заманда өзгерістерге ұщырап, оларға жаңа заманға сай жаңашылдықтар енігізіліп келуде. Менеджментте қазірге дейін осы мектептердің тәсілдері қолдануда. Болашақты болжауда нарықтақ экономиканың тұрақсыздығы менеджменттің жан- жанқты дамуына әкеп соғуда.

Менеджмент нарықтық экономикалық қажеттіліктері мен жағдайларды толығырақ жауап беретін басқару типі, болғандықтан тиімді ұйымдастыруды қажет етеді. Менеджмент еркін кәсіпкерлік, бәсекелестік, экономиаклық мотвация жағдайында туған нақты басқарудың тұжырымдамасында пайда болып рәсімделді.

Қазіргі таңда менеджмен аса кәсіпқой деңгейде іске асырылуды. Өйткені, Қазақстанда инвесторлық қызметтің қарқынды дамуы себеп болуда

Менеджменттің мәні және даму қағидалары.

Өндірістің экономикалық тиімділігін арттыру, прогресшіл техника мен технологияны енгізу, түрлі ресурстарды ұтымды пайдалану есебінен түсімді арттыру және көздеген мақсаттарға жету жолында «Менеджмент» курсы зор ықпал етеді. Менеджменттің ғылым ретінде қалыптасуы және даму кезеңдерін анықтайды. Сонымен қатар Қазақстанда менеджмент теориясы мен практикасының қалыптасуы туралы қарастырылған.

Негізгі терминдер: ғылыми менеджмент, бихевиористік мектеп, топ менеджмент, ловер менджмент, мугле менеджмент

Дәрісте қарастырылатын сұрақтар:

1.     Менеджменттің даму кезеңдері

2.     Басқарудың негізгі мектептері

3.     Қазақстанда менеджменттің дамуы 

 

1.     Менеджменттің даму кезеңдері 

 

Басқару өнері және басқару туралы ғылым адамдардың топ болып жұмыс істеу жағдайында және қоғамның үш саласында – саяси, экономикалық және сыртқы қауіптен қорғану кезінде қолданылған.

Ертеден-ақ адамдар тобын шоғырландырып, белгілі бір бағытта жұмыс орындауға жетекшілік ететін ерекше қабілеті бар адамдар қажет болған. Мысалы, египет пирамидаларын салу соншалық көп адамдарды ұйымдастыру, басқару шеберлігін талап еткені белгілі.

Менеджменттің теориясы мен практикасының дамуы бірнеше кезеңдерге бөлінеді:

І кезең – ежелгі кезең. Алғашқы қауымдық құрылыста ру басшысының, қауымдық жетекшінің көмегімен, басшылығымен бірігіп тіршілік еткен. Б.э. дейінгі басқару принципінің жан-жақтылығын зерттеп сипаттама берген адам Сократ (470-439 жж.) болды. Платон (б.э. дейінгі 428-348 жж.) мемлекеттік басқарудың түрлерін талдаумен бірге басқару органдарының фугкцияларын анықтаған, ал Александр Македонский (б.э.дейінгі 356-323 жж.) әскерді басқарудың теориясы мен практикасын дамытты.

ІІ кезең – индустрияның даму кезеңі (1776-1890 жж.). Бұл кезеңде мемлекеттік басқарудағы еңбек бөлінісінің әртүрлі формаларын анықтап, мемлекет пен мемлекет басшысының міндеттеріне сипаттама берген ғалым – Адам Смит.

ІІІ кезең – басқаруды бір жүйеге (систематизация) келтіру кезеңі (1856-1960 жж.) Басқару ғылымы үнемі даму үстінде. Сондықтан басқару бағыттары, мектептері өзгеріп, жетіліп отырады. Қазіргі менеджмент ХІХ ғасырдағы өнеркәсіп революциясы кезінде туындаған. Өндірістің алғашқы түрлерінде, фабрикаларда адамдарды жұмыспен қамту және оларды біріктіріп, жұмысқа бағыттау қажеттілігі туындаған. Міне сондай жағдайда қабілетті жұмысшыны үйретіп, оқытып, кәсіпорын иесінің мақсатын орындау үшін пайдаланған. Олар – алғашқы менеджерлер болатын.

ІV кезең – ақпараттар кезеңі (1960 ж. – қазіргі уақытқа дейін).

2.     Басқарудың негізгі мектептері

Менеджмент саласындағы алғашқы зерттеулер классикалық мектепарқылы жүргізілген. Алғашқы менеджерлердің көңіл аударған келелі мәселелерінің бірі өндірістің тиімділігі болды. Өндірістің тиімділігі жұмыс орнының ыңғайлылығына, жұмысшының бейімділігі мен шеберлігіне, әртүрлі жұмыстарға жұмсалатын шығындарға тікелей байланысты. Менеджменттің классикалық мектебінің өкілдері осындай мәселелерді шешу жолдарын қарастырды. Сол кездегі ғылыми ізденушілердің көзқарасы бойыншаменеджмент дегеніміз өнер деп санады, себебі кез-келген адам жетекшілік, басшылық қызметін атқара алмауы мүмкін.

Жоғарғы дәрежедегі нағыз менеджерлердің мінез-құлқының өзіне тән ерекшеліктері мен қабілеті болуы тиіс. Мінез құлық белгілерінің концепциясын қарастыру сәтінде «Менеджмент ғылым ба?» - деген сұрақ туындайды.

Менеджментті ғылым ретінде қарастырып, ғылыми басқарудың негізін салған Ф.Тейлор (1856-1915 жж.) ғылыми басқару мектебінің дамуына жол ашты.

Өзінің «Управление фабрикой» (1903 ж.), «Принципы научного управления» (1911 ж.) деген еңбектерінде Ф.Тейлор еңбектің түрлерін сараптап, жұмысшылардың еңбегіне хронометраж жасап, тиімділігін арттыру арқылы еңбекті ғылыми ұйымдастыру шараларын жүзеге асырды. Сөйтіп Ф.Тейлор менеджмент саласында революцтя жасап, менеджменттің ғылыми мектебі пайда болды.

Басқарудың класикалық мектебінің енді бір түрі әкімшілік басқару мектебіболып саналады. Әкімшілік басқару мектебі менеджердің ролі мен қызметі жөніндегі мәселелерді зерттеген. Бұл идеяның негізін қалаған француз ғалымы А.Файоль (1841-1925 жж.) Ол менеджменттің қазіргі кездегі қолданылып жүрген мынадай функцияларын анықтаған: жоспарлау, ұйымдастыру, мотивация және бақылау.

Классикалық мектептің негізгі белгісі өндірістің тиімділігін арттырудың ең қолайлы жолын іздеу болып табылады.Классикалық мектеп әлемдік басқару ғылымының алғашқы іргетасын қалады.

30-шы жылдары  менеджмент саласында адамдардың қарым-қатынасы мектебі пайда болды.Оның негізін қалағандар психологтар мен социологтар. Бұл жағдайда ең басты көңіл аударатын мәселе, жұмысшының орындайтын міндеті емес, оның өзінің жеке басы, мінез-құлқы, көңіл-күйі болып табылады.

Өндіріс тиімділігін арттыруда жұмысшының жеке басына қамқорлық, оның көңіл-күйі, демалысы, еңбек ақысының мөлшері де үлкен роль атқарады. Адамдардың жеке басына көңіл аударған бірінші ғалым Р.Оуэн болды. Басқа ғалымдармен бірге М.П.Фоллет те осы бағыттағы ғылымды дамыта отырып, басшылық стилін талдап, оның түрлерін анықтады.

Адамның жеке басының қажеттілігін қанағаттандыру еңбек мотивациясына ықпал ететіндігін, мотивация теориясының құрылымынанықтаған А.Маслоу. Ол адамдарда кездесетін қажеттілік иерархиясын ашып көрсетті.

Ал ақпараттар кезеңінде, яғни басқарудың дамыған мерзімінде математика мен компьютерді, электронды есептеу техникасын кеңінен қолдану арқылы басқаруды жетілдіруде мүмкіндік туды.

Басқару шешімдерін қабылдау, оңтайлы шешімдерді анықтау, есептеулер мен салыстыру арқылы және математикалық әдістерді қолдану арқылы жүзеге асырылатын болды. Басқаруда мәліметтер мен ақпараттарды қолдану кезеңісандық мектеп өкілдері теориясымен дамыды. Сандық мектеп теорияшыларының ойынша басқарудың концепциясын дайындау, жоспарлау математикалық талдаулардың нәтижесі арқылы ғана жүзеге асады. Шын мәнінде қазіргі заманда әрбір өркениетті елдің табыстарға жетуі математикалық-техникалық прогрестің көмегі екендігіне сөз жоқ.

3. Қазақстандағы  менеджменттің дамуы

Менеджмент туралы сөз болғанда біз ең бірінші Әбу Нәсір Әл-Фарабиді еске аламыз. Әбу Нәсір Әл-Фараби (870-950 жж.) ғылымның әр алуан саласында аса маңызды, құнды пікірлер, тұжырымдар қалдырған кемеңгер ғалым, данышпан ойшыл, энциклопедист адам болған.

Әл-Фараби басқару мен патшалық құруға, яғни жоғары өкіметтің негізі болып табылатын басқару саясатына зор мән берген. Ұлы ойшыл басқару екі түрлі болады деген: «Егер басқару әділеттік бағытқа жеткізетін әрекеттерді, мінез-құлықтарды, ер қасиеттерін нығайтса, ол – қайырлы басқару. Оған мойын ұсынатын қалалар мен халықтар – қайырлы қалалар мен халықтар» - дейді ол. Ұлы ойшылдың ойынша бұл принциппен қабыспайтын басқару қиялдағы бақытқа ғана жеткізеді. Шындығында ол бақыт бола алмайды. Өйткені ол қаладағы теріс әрекеттер мен жаман қасиеттерді нығайтады, сондықтан ондай басқару – надандық басқару болып саналады.

Әбу Нәсір Әл-Фараби азаматтық ғылым туралы еңбектерінде саясат пен этиканың арасындағы өзара тығыз байланысты талдай отырып, мемлекеттік қайраткерлердің алдына қойған мақсатын жүзеге асыруда және бақытқа жетуде қажетті жағдайлар жасауда өз көрінісін табатын «мемлекетті басқару өнеріне» баса назар аударды. Ол бұл мәселені өзінің саяси идеясына сай нақтылайды. Оның ойынша басқару өнерінің басты бір ерекшелігі – адамдпр мен әлеуметтік топтардың үйлесімдігіне жету, яғни олардың мұң-мүддесін ескеру. Бұл мәселе қазіргі біз өмір сүріп отырған тарихи кезеңдегі қоғамда, атап айтқанда, аса ірі әрі ауқымды экономикалық және әлеуметтік өзгерістер болып жатқан еліміз үшін өте маңызды.

Еліміз өркениетті ел қатарына жету үшін халықты азық-түлікпен, киіммен қамтамасыз ететін, кәсіпорындарды шикізатпен қамтамасыз ететін ауыл шаруашылығы өндірісін тиімді басқара білу өзекті мәселелердің ең бастысы екеніне сөз жоқ.

Қазақстанда менеджмент негіздеріне арналған оқу құралын ең бірінші 1992 жылы ағылшын ғалымдарының теориясын негізге ала отырып, Орал ауыл шаруашылығы институтының профессоры К.Ғ.Ахметов жазып шығарды. Осыдан кейін басқару академиясының профессоры К.Б.Бердалиевтің басшылығымен «Басқару негіздері» оқулығы баспадан шықты.

Қазіргі жағдайда республиканың мектептерінен бастап, барлық жоғары және орта білім беретін оқу орындарында менеджмент негіздерін оқытып, үйрету бағдарламаға енгізілді. Оның себебі нарықтық экономикада өндірістің тиімділігін арттырып, өнім өндіріп, оны сатып, пайда келтіру үшін, тұтынушылардың сұранысынан шығатындай тауар және қызмет ұсыну тек қана кәсіпорынды басқарудың барлық қыр-сырын толық білген жағдайда ғана мүмкін. Сондықтан да елімізде менеджмент теорияларын жан-жақты меңгеріп, оны өмірде қолдана білу кездескен жағдайларға байланысты шешім қабылдауға бейімделіп, менеджментті дамыта түсу әрбір басшының міндеті.

Осы уақытқа дейін менеджменттің бірнеше анықтамалары белгілі. Ғылым ретінде менеджменттің теориялық негізін қалаушы ағылшын ғалымы Ф.Тейлордың анықтамасы бойынша «Менеджмент дегеніміз – ережелер мен принциптерге (қағидаларға) негізделген шынайы, іргелі ғылым». Осы ереженің дәлелі ретінде Ф.Тейлордың алғаш рет менеджментті ғылым ретінде талдай келе, өзінің ғылыми еңбегін жазды («Управление фабрикой», 1903 г.). Мұнда ол фабрикада жұмысшылардың еңбегін мамандандыру, мөлшерлеу, жұмыс мөлшеріне қарай еңбек ақы төлеу, т.б. басқаруды ғылыми негіздеу жолдарын айқындапберді. Тейлор ілімін көрнекті зерттеушілер жалғастырып, өмірдегі пайдасын атап көрсетті.

Республикамыздың нарықтық экономикаға өтуіне байланысты барлық кәсіпорындарда «менеджер» қызметі пайда болып, қазіргі менеджерлер, бұрынғы жоғарыдан бұйрық арқылы ғана өз міндетін орындайтын басшы емес, әр істің басы-қасында болып, ұйымның барлық деңгейіндегі іс-әрекеттерге қанық, іс жүзінде болып жатқан жағдайларды талдау арқылы шешім қабылдап, оны жүзеге асырушы маман, қызметкерлер. Ондай қызметкерлер менеджмент негідерін толық меңгерген, менеджерге қойылатын талаптарды нақты білетін, басқаруда бар теориялармен ғана шектелмей, ой-өрісі жоғары, жаңашыл, кез-келген тұйықтан шығатын, тапқырлық қасиеті мол, жедел шешім қабылдауға қабілетті адамдар болуы тиіс.

Кәсіпорын жұмысының нәтижесі ондағы әр саланы басқаратын менеджерлердің біліктілігіне, іс-тәжірибесіне, сөйлеу шеберлігіне тікелей байланысты болғандықтан, ұйым мүшелерінің де көзқарасы, көңіл-күйі өзгеріп отырады.

Америка менеджмент мектебі менеджерге мынадай талаптар қояды:

Информация о работе Туракты даму стратегиялары мен принциптери