Мутация

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2013 в 17:25, реферат

Краткое описание

Мутация (латын тілінде mutatіo – өзгеру) – табиғи жағдайда кенеттен болатын немесе қолдан жасалатын генетикалық материалдың өзгеруі. Соның нәтижесінде ағзаның белгілері мен қасиеттері тұқым қуалайтын өзгергіштікке ұшырайды. Ғылымға мутация терминін 1901 ж. голланд ғалымы Х. де Фриз (1848 – 1935) енгізді. Генетикалық аппараттың өзгеруіне байланысты мутацияның: геномдық, хромосомалық, гендік немесе нүктелік деген түрлері бар.
Мутация (mutation) — жасушаның генетикалық материалының өзгеруі, бұл кейінгі ұрпаққа да беріледі. Бұл тосыннан, кейде сыртқы факторлардың әсерінен болуы мүмкін ( Мутагендер). Генетикалық кодты анықтайтын жүйедегі бір азоттық негіздің орнын басқа біреу алмастырса немесе бір немесе одан да көп негіздер генге енгенде немесе геннен жоғалғанда гендік мутация пайда болады. Мутациялардың көбі зиянсыз, оларды үнемі қалыпты доминанттық ген жауып тұрады.

Содержание

1.Өзгергіштік, типтері мен түрлері.
2.Фенотиптік өзгергіштік.
3.Генотиптік өзгергіштік, анықтамасы, жіктелуі:
3.1 комбинативтік өзгергіштік
3.2 мутациялық өзгергіштік
4.Мутагендік факторлар.
4.1Физикалық мутаген
4.2Химиялық мутаген
4.3Биологиялық мутаген
5. Мутациялардың жіктелінуі.
5.1 Пайда болу себептеріне байланысты:
• Спонтандық немесе табиғи мутациялар
• Индукциялық немесе жасанды мутациялар
5.2 Пайда болу орнына байланысты:
• Сомалық мутациялар – сома (дене)
• Генеративті мутациялар
5.3 Ағзаның тіршілік қабілетіне әсер етуіне байланысты :
• Зиянды мутациялар
• летальдық мутациялар
• сублетальды мутациялар
• Нейтральды мутациялар
• Пайдалы мутациялар
5.4 Генетикалық материалдың өзгеруіне байланысты
• Геномдық мутациялар
• Хромосомалық мутациялар (абберациялар)
• Гендік мутациялар (нүктелік немесе трансгенациялар)
6. Пайдаланылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

Мутация.doc

— 155.00 Кб (Скачать документ)

Мутацияның себептері  өте көп, кейбірі толық зерттелген жоқ. Оның - сыртқы (қоршаған орта күйі), сондай-ақ ішкі (ағзадағы күйдің өзгеруі) ая сипатта болуы мүмкін.

1.2Хромосомалық мутация.

Хромосомалық мутация  – микроскоп арқылы көрінетін  хромосома құрылымындағы өзгеріс. Бұл өзгеріс хромосоманың кей  бөлімінің үзіліп қалуына (делеция), қосарланып кетуіне (дупликация) немесе оның басқа бір бөліміне ауысуына (транслокация) байланысты.

Хромосомалық мутация гендік мутацияға  ұқсас болады. Мұнда тек бірнеше  нуклеотидтер ғана емес, бірнеше гендерді қосып алатың әлдекайда үлкен үлескі өзгерістерге ұшырайтындығымен ғана ерекшеленеді. Гендердің хромосомада дұрыс орналасуын әліпбидегі әріптер түрінде көзге елестетейік, мұндағы әрбір әріп ген бөлігіне немесе тұтас қалпына сәйкес келеді: АБВГДЕ. Осы мысал бойынша мутацияның түрліше типтері қалай болатынын көрнекі көрсетейік:

  1. Бөліну (делеция) - тапшылық. Хромосоманың қандай болса да бір үлескісінің жоғалуы. Мысалы: АВГЕ - қос делеция, Б және Д үзіктерінің шығып калуы.
  2. Дупликация - үлескінің еселенуі. Мысалы: АББВГДЕ.
  3. Инверсия (орын ауыстыру, төңкерілу) - үлескінің 180°-қа төңкеруі. Мысалы: АДГВБЕ.
  4. Транслокация - сәйкес емес екі хромосомалар арасындағы үлескілердің алмасуы. Мысалы: AESYLE.

Хромосомалар қайта орналасуының барлығы міндетті түрде фенотипті өзгертеді, алайда олар нүктелі мутациядан анағұрлым сирек кездеседі. Олардың жиынтықты болуы, яғни делецияны да, транслокацияны да өзінде қамтуы мүмкін. Бұған шимпанзе мен адамның бірінші жұп хромосомасы мысал бола алады.

 

1.1Гендік мутация

 

ДНҚ молекуласының ултрафиолет  сәуленің әсерінен өзгеріске ұшырауы

 

ДНҚ молекуласының ултрафиолет  сәуленің әсерінен өзгеріске ұшырауы. Гендік немесе нүктелік мутация деп ДНҚ молекуласының белгілі бір бөлігінде нуклеотидтердің қатар тізбегінің өзгеруін айтады. Ол молекулалық деңгейде өтеді,микроскоп арқылы көрінбейді. Мутация нәтижесінде ағза биохимиялық, физиологиялық, морфологиялық өзгерістерге ұшырайды. Организмдегі бұл өзгерістер бірден немесе біраз уақыттан кейін біртіндеп байқала бастайды. Полиплоидты мутанттардың клеткалары мен органдарының көлемі ұлғайып, хромосома жиынтығы жұп болса, оның ұрпақ беру қабілеті сақталады, ал тақ болса бұл қабілеті сақталмайды. Гендік мутация кезінде ағза үлкен өзгеріске ұшырайды. Кейде бір геннің өзгеруінен ағзаның бірнеше белгі-қасиеттері өзгереді (плейотропия). Гендік мутация доминантты (басыңқы),жартылай доминантты және рецессивті (басылыңқы) болады. Хромосомалық және гендік мутациялардың себебі көпке дейін белгісіз болып келді. Бұл өзгерістер ағзаға әр түрлі физикалық, химиялық факторлар – мутагендердің әсер етуінен пайда болады. Мысалы, радий сәулелерінің саңырауқұлақта тұқым қуалайтын өзгеріс тудыратындығын 1925 ж. орыс ғалымдары Г.А. Надсон (1867 – 1940) мен Г.С. Филлипов ашты. 1927 ж. АҚШ ғалымы Г.Меллер (1890 – 1967) жасанды мутацияның рентген сәулелерінің әсерінен болатынын тәжірибе жүзінде дәлелдеді. АҚШ генетигі С.Райт (1889 – 1988), орыс ғалымы С.С. Четвериков (1880 – 1959), ағылшын биологі Дж. Холдейн (1892 – 1964) қазіргі популяциялық генетиканың негізін салып, мутацияның эволюциялық мәнін ашты. Мутация көпшілік жағдайда ағза үшін зиянды болып келеді. Түрлі тұқым қуалайтын аурулар мен кемістіктерді тудырып, кейде тіпті өлімге душар етеді. Сонымен қатар кейбір мутациялар ағзаға пайдалы өзгерістер де алып келеді. Мысалы, гендік мутация (табиғи және қолдан сұрыптауға қажетті негізгі материал береді) өсімдіктер, жануарлар және микроазғаларды сұрыптау жолымен жаңа түрін алғанда кейбір қасиеттерін жақсартады.

Сөйтіп гендік мутация  мыналарды қамтиды:

  1. Нуклеотидтің сусуы. Тұтас ген бір нуклеотидке жылжып қысқарады. Осындай өзгеріс нәтижесінде бүкіл код ауысады да есептеу шеңберінен сусып жылжиды.
  2. Нуклеотидтердің еселенуі (дупликация) - жаңа гендердің пайда болуында маңызды рөл атқаратын үдеріс. Мұнда нуклеотидтің сусуы кезіндегі әрекет қайталанады, яғни есептеу шеңбері сусып жылжиды.
  3. Ендірме нуклеотид. Генетикалық код жазбасында аналық ДНҚ-ға тән емес артық нуклеотидтың пайда болуы. Бұл - еселену формаларының бірі.
  4. Алмасу - бір нуклеотидтің екіншісімен алмасуына байланысты өзгеру.

Пайда болу дәрежесі бойынша алмасу да 3 топқа бөлінеді:

  1. Мәнсіз мутациялар. Нуклеотидтің алмасуы нәтижесінде нәруыздағы аминқышқыл сол

мөлшерінде қалады. Мысалы,фенилаланинді кодқа түсіретін AAA триплетінде соңы нуклеотид аденин гуанинге алмасады. Түзілген ААГ триплеті де фенилаланин аминқышқылын кодқа жазады, яғни нәруыз бұрынғы қалпында қалады.

  1. Ағат мутациялар (миссенс-мутация) - аминқышқылдарды алмастыратын өзгерістер. Егер ААА-ның орнына ГАА триплеті түзілетін болса, онда нәруызда фенилаланиннің орнына лейцин аминқышқылы тұрады.
  2. Ерсі мутациялар (нонсенс-мутация) - аминқышқылдардың орнына тоқтатқыш триплет код (стоп-кодон) тұрған кездегі өзгерістер, яғни нәруыз үзіледі. Мысалы, ААА-ның орнына АТТ тұрады, өйткені РНҚ-да АТТ орнына УАА тұрады.

Мутациялық  өзгергіштіктің   маңызы

  • Эволюциялық  маңызы -  жаңа  түрлердің,  сорттардың,  тұқымдардың  пайда  болуы.
  • Адам  популяцияларының  полиморфизмі  мутацияларға  байланысты: мұрын,  құлақ  пішіні  және  т.б.
  • Мутациялар  нәтижесінде  тұқым  қуалайтын  аурулар  дамиды. Дәрігерге  тұқым  қуалайтын  аурулардың себебін білу 
  • емдеу  жолын  дұрыс  таңдауға;
  • Жанұяда ауру   балалардың туылу  мүмкіндігін  анықтауға  мүмкіндік  береді.

Пайдаланған әдебиет

  1. ↑ Вирусология, иммунология, генетика, молекулалық биология. Орысша-қазақша сөздік. –Алматы. 1993. ISBN 5-630-0283-X
  2. ↑ Қазақстан энциклопедиясы, VI-том
  3. Интернет желісі.

Информация о работе Мутация