Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2013 в 17:25, реферат
Мутация (латын тілінде mutatіo – өзгеру) – табиғи жағдайда кенеттен болатын немесе қолдан жасалатын генетикалық материалдың өзгеруі. Соның нәтижесінде ағзаның белгілері мен қасиеттері тұқым қуалайтын өзгергіштікке ұшырайды. Ғылымға мутация терминін 1901 ж. голланд ғалымы Х. де Фриз (1848 – 1935) енгізді. Генетикалық аппараттың өзгеруіне байланысты мутацияның: геномдық, хромосомалық, гендік немесе нүктелік деген түрлері бар.
Мутация (mutation) — жасушаның генетикалық материалының өзгеруі, бұл кейінгі ұрпаққа да беріледі. Бұл тосыннан, кейде сыртқы факторлардың әсерінен болуы мүмкін ( Мутагендер). Генетикалық кодты анықтайтын жүйедегі бір азоттық негіздің орнын басқа біреу алмастырса немесе бір немесе одан да көп негіздер генге енгенде немесе геннен жоғалғанда гендік мутация пайда болады. Мутациялардың көбі зиянсыз, оларды үнемі қалыпты доминанттық ген жауып тұрады.
1.Өзгергіштік, типтері мен түрлері.
2.Фенотиптік өзгергіштік.
3.Генотиптік өзгергіштік, анықтамасы, жіктелуі:
3.1 комбинативтік өзгергіштік
3.2 мутациялық өзгергіштік
4.Мутагендік факторлар.
4.1Физикалық мутаген
4.2Химиялық мутаген
4.3Биологиялық мутаген
5. Мутациялардың жіктелінуі.
5.1 Пайда болу себептеріне байланысты:
• Спонтандық немесе табиғи мутациялар
• Индукциялық немесе жасанды мутациялар
5.2 Пайда болу орнына байланысты:
• Сомалық мутациялар – сома (дене)
• Генеративті мутациялар
5.3 Ағзаның тіршілік қабілетіне әсер етуіне байланысты :
• Зиянды мутациялар
• летальдық мутациялар
• сублетальды мутациялар
• Нейтральды мутациялар
• Пайдалы мутациялар
5.4 Генетикалық материалдың өзгеруіне байланысты
• Геномдық мутациялар
• Хромосомалық мутациялар (абберациялар)
• Гендік мутациялар (нүктелік немесе трансгенациялар)
6. Пайдаланылған әдебиеттер