Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2013 в 18:49, реферат
Бұл жоба қазақ халқының байырғы тағамы – шұжықтың пайдасын зерттеуге арналған. Шұжық – майлы етті турап, тұздап, бұрыштап ішекке тыққан соғым еті. Шұжық негізінен жылқы етінен жасалады. Ал жылқы еті құнды ақуыздарға бай, адам денсаулығына өте пайдалы. Оның құрамында барлық алмастырылмайтын аминқышқылдар бар және олар өте қолайлы қатынаста орналасқан.
Кіріспе..........................................................................................................................4
1. Негізгі бөлім
1.1. Қазақтың ұлттық тағамы – шұжықпен танысу. ............................................6
1.2. Ұлттық шұжықтың шығу тарихы...................................................................7
1.3. Ұлттық шұжықтың дайындалу технологиясы. ............................................9
2. Зерттеу бөлімі
2.1.Қазақ ұлттық шұжық жасалатын жылқы етінің құрамы және тағамдық құндылығын зерттеу ...............................................................................................10
2.2. Ұлттық шұжықтың еуропалық шұжықтарға қарағанда адамның денсаулығын сақтаудағы маңызы. ...............................................................11
2.3. Сауалнама алу..................................................................................................14
3. Қорытынды...........................................................................................................17
4. Пайдаланылған әдебиеттер.................................................................................18
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында жылқы етінің өндірісіне айтарлықтай көңіл бөлінеді. Жылқы еті құнды ақуыздар бойынша сиыр етінен кем болмайтыны анықталған. Оның құрамында барлық алмастырылмайтын аминқышқылдар бар және олар өте қолайлы қатынаста орналасқан.
Ірі қара мал етімен салыстырғанда жылқы етінде триптофан, гистидин, тирозин, фенилаланин және метионин мөлшері көбірек. Жылқы малының ифекциялық және инвазионды ауруларды қабылдамайтын қасиетин,сонымен қатар ,жылқы етинде темір мөлшерінің көптігі (100г етке 8 мг) пайдалана отырып. Франция және Италия медиктері жылқы етін шикі күйінде туберкулез және анемиямен ауратын адамдары жеуге ұсынады. Диеталық өнім ретінде жылқы етін анемия ауруына қарсы, жалпы әлсіздікке қарсы, өсу процесі баяу болған кезде және жақсы тамақтанбағандықтан азайған ақуыздар қорын толтыру ушін кеңінен қолданылады. Жылқы етінің құрамында көп қанықпаған май қышқылдарының мөлшері көп болғандықтан қан тамырлардың қабырғаларында холестерин жиналмайды, мұның нәтижесінде тамырлардың кабырғалары әктелмейді және де қанда холестирин мөлшері көбеймейді. Сөтіп, жылқы еті адам ағзасына жақсы әсер етеді.
Ет кұрамында дәнекер тіні аз болған сайын, оның тағамдық құндылығы жоғары болатындағы мәлім. Бірақ, жылқы етінің құрамында миофибриллярлы ақуыз мөлшері аз және көмірсу мөлшері көп болғандықтан, бұл етті ұзақ ферменттелетін өнімдерде қолдануға мәжбүр етеді. Жылқы етінің құрамындағы минералды заттар бұлшықет тіні ішкі ұлпаларының ақуыздарына әсер етеді. Яғни, ақуыздарының ісіну және еру дәрежесі минералды заттардың мөлшеріне тәуелді болады, мг: мыс-0,456; қорғасын -0,287; алюминий-0,114; никель-0,114. Бұл сиыр және қой құрамындағы заттарға сәйкес, жылқы етінің аминқышқылдық құрамы сапалық жағынан да сандық жағынан да біртекті.
Майлардың биологиялық
құндылығы олардың майда еритін
витаминдердің сіңірілуіне
Жас жылқы малымен салыстырғанда ересек жылқы малының құрамында В тобының дәрумендері және каратиноидтар мөлшері көбірек. Олардың мөлшері малды күту жағдайына байланысты. Мысалы табындық жылқыда максималды болып келді, сондықтан майдың түсі янтарлыдан ақ түске дейін өзгереді.
Жас құлын еті, әсіресе биологиялық құнды заттарға бай.
2.2.Ұлттық шұжықтың
еуропалық шұжықтарға
Ұлттық шұжық дайындау үшін қажетті заттар: 5 келі ет, 5 келі іш май, 350 грамм тұз, 10 грамм қара бұрыш, 50 грамм сарымсақ. Шұжықтың шырайын шығару үшін оған мөлшерімен пияз, көк бұршақ немесе аскөк қосатындар да бар.
Қазақстан еттiң негiзгi көлемiн шет елдерден импорттайды екен. Десек те, мамандар шет елден келген мал етiне қарағанда, жергiлiктi климатқа бейiм жағдайда өскен малдың етi ағзаға әлдеқайда пайдалы екенiн бiрауыздан айтады. Қазақстан тұрғындары жергiлiктi климатқа бейiм жағдайда өскен малдың етi экологиялық таза өнiм болып келедi. Бiздiң малымыз гендiк модификациялауға ұшырамаған. Жайлауда, құнарлы жерлерде жайылады. Сол себептен денсаулыққа еш қандай қауіп төндірмейді. (қосымша-3)
(қосымша-3)
Жіңішке шұжықтың (сосиска)
құрамында: 25 пайызы – соя ақуыз,
15 % – құс еті, 7 % – мал еті, 5
% – крахмал ұны, ал 45 % – малдың
терісі, тарамыс-тамырлары мен бүйрек-
Полимерлі қаптамадағы шұжықшаның құрамы:
45% – эмyльсия;
25% – соя ақуызы;
15% – құс еті;
7% – ет;
5% – ұн/крахмал;
3% – дәмдеуіштер;
Эмульсия – тері, ет
өндірісіндегі қалдықтар. Мұның
барлығы ақшыл сұр түске
Құс еті – әдетте қоймаға
қорапқа салынып
Ет – төрт түлік малдың еті, кейбіреулері шошқа еті.
Ұн/крахмал – жүгері мен картоп ұны және крахмал.
Дәмдеуіштер – бояғыш заттар, еттің дәмін кіргізетін қоспалар, тұз, қант, бұрыш.
Қазақ ұлттық шұжық пен Еуропалық шұжық құрамын салыстыру кестесі (қосымша-4).
Ұлттық шұжық құрамы |
Еуропалық шұжық құрамы |
Жылқы еті; жылқы іш майы; тұз; қара бұрыш; сарымсақ; |
эмyльсия; соя ақуызы; құс еті; ет; ұн/крахмал; дәмдеуіштер; |
Азық-түлік сатып алған
кезде өнімнің тауар
Шұжық сатып аларда, абай болыңыздар. Өйткені оның дленсаулыққа тигізер пайдасынан зияны көп.
2.3. Сауалнама алу.
Қазір не көп, көшеде әр бұрышта тұратын дүңгіршектерде белгісіз тағам көп. Бүгінгі жас, ертеңгі үлгі тұтар азаматтардың күнделікті тұтынып жүрген тағамдары қандай? Әртүрлі пайдасы аз, зияны мол белгісіз майлы еуропалық шұжықтар сияқты «ішім-жемге» сұраныс көбейіп кетті. Осы сәтте біздің жастар ұлттық тағамдарды қаншалықты тұтынып жүр деген сауал еріксіз туындайды (қосымша-5). Бұл сауалды біз өзіміздің мектебімізде оқып жүрген жоғарғы сынып оқушылары мен ұстаздар арасында жүргіздік.
| ||
Иә - 55% |
Жоқ – 15% |
Білмеймін – 30% |
Жастар арасында ата-бабаларымыз азық еткен ұлттық тағамдарды қорек ету деңгейі төмен екенін көрсетеді.
| |
дамып жатыр – 26% |
дамымай жатыр – 74% |
Ендігі жерде ұлттық тағамдар жасауға іскер азаматтарымыздың бетін бұру керектігін бұл сауалнама дәлелдеп отыр.
| ||
Бар -97% |
Жоқ -0 |
Білмеймін-3% |
Ұлттық шұжықтың адамның денсаулығын сақтаудағы маңызы бар деп көпшілік сауалнамаға қатысқандары қолдау көрсетті.
| |
Ұлттық шұжық -100% |
Еуропалық шұжық-0 |
Бұл сауалнама қоырытындысы бойынша ұлттық шұжық денсаулыққа еш бір зиян келтірмейді.
Қорытынды.
Елбасымыз Жолдауында халықтың денсаулық жағдайын бақылаудың ұлттық бағдарламалары кешенін енгізу, аурудың алдын алуға шындап кірісуіміз керек. Бірінші кезекте, олар балалар, жас-өспірімдер, бала туу жасындағы әйелдер деп атап көрсетті. Кез–келген елдің болашағы оның ден-саулығына байланысты екендігі даусыз. Денсаулық- қоғамдық байлық. Олай болса әр адам өзінің денсаулығын сақтауды азаматтық парызы деп түсінуі тиіс.
Қазақтың әрбір ас-мәзірі үлкен мәнге, тәрбиеге ие болуымен қатар, денсаулыққа пайдалы. Ата-бабаларымыз медициналық ілімі болмаса да тамақты талғап жеу арқылы-ақ өзін-өзі емдеп жаза білген. Ұлттық сусындар ішіп, құнарлы тағамдар жеуге жеткізуі керек. Бұл халқымыздың денсаулығын жақсартуына, өмір жасын ұзартуына септігін тигізеді. Сергек жүретін ұлт қашан да көп жетістікке жетеді. Әлемге жақсы қырынан танылуымызға да, артықшылығымызды насихаттауға да ұлттық тағамдар көмектесе алады.
Ұлттық тағамдар – қай елде де ұлт мақтанышы. Айталық, елімізде алғаш рет қолға алынған халал тағамдарын шығару дұрыс бастама болғанын осы өнімдерге деген сұраныстың өскендігінен байқауға болады. Ендігі жерде ұлттық тағамдар жасауға іскер азаматтарымыздың бетін бұру керектігін өмірдің өзі дәлелдеп отыр.
Қорыта айтсақ, әртүрлі пайдасы аз, зияны мол белгісіз майлы еуропалық шұжықтарға қарағанда, ұлттық тағам өндірісін қолға алып, оларды насихаттап, дәріптеп отыруымыз қажет.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Б.Садықов, И.Сарыев, А.Отарбаев «Ақ дастарқан» Алматы «Қайнар» 1987
2. Қ.Бозымов «Жылқы және түйе шаруашылығы» Алматы «Қайнар» 1993
3. Кенжеахметұлы С, «Қазақтың дарқан дастарханы» Алматы кітап 2007
4. «Пищевая технология и сервис» 2011 №2
5. Қ. Бегманов. «Халқы мықтының – салты мықты». Алматы. «Өлке» 2010
Информация о работе Ұлттық шұжықтың адамның денсаулығын сақтаудағы маңызы