Ұлттық шұжықтың адамның денсаулығын сақтаудағы маңызы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2013 в 18:49, реферат

Краткое описание

Бұл жоба қазақ халқының байырғы тағамы – шұжықтың пайдасын зерттеуге арналған. Шұжық – майлы етті турап, тұздап, бұрыштап ішекке тыққан соғым еті. Шұжық негізінен жылқы етінен жасалады. Ал жылқы еті құнды ақуыздарға бай, адам денсаулығына өте пайдалы. Оның құрамында барлық алмастырылмайтын аминқышқылдар бар және олар өте қолайлы қатынаста орналасқан.

Содержание

Кіріспе..........................................................................................................................4
1. Негізгі бөлім
1.1. Қазақтың ұлттық тағамы – шұжықпен танысу. ............................................6
1.2. Ұлттық шұжықтың шығу тарихы...................................................................7
1.3. Ұлттық шұжықтың дайындалу технологиясы. ............................................9
2. Зерттеу бөлімі
2.1.Қазақ ұлттық шұжық жасалатын жылқы етінің құрамы және тағамдық құндылығын зерттеу ...............................................................................................10
2.2. Ұлттық шұжықтың еуропалық шұжықтарға қарағанда адамның денсаулығын сақтаудағы маңызы. ...............................................................11
2.3. Сауалнама алу..................................................................................................14

3. Қорытынды...........................................................................................................17
4. Пайдаланылған әдебиеттер.................................................................................18

Прикрепленные файлы: 1 файл

шұжық.doc

— 3.06 Мб (Скачать документ)

Абай Құнанбаев атындағы орта жалпы білім беру мектебі

 

 

 

 

 

 

 

Зерттеу жұмысы

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы:

Ұлттық шұжықтың адамның денсаулығын сақтаудағы маңызы. 

Жұмыстың ұсынылған бағыты: медициналық, психологиялық. валеологиялық

 

 

                         

 

 

                                                    

                                           Орындаған:

Райымбек Фарида

                                                                                                            7-сынып  оқушысы

 

 

                                        Жетекшісі:

Муханова Ляйля Маданиятқызы 

                  Биология  мұғалімі

 

 

 

 

 

Шарбақты селосы

2013-2014 оқу жылы

Мазмұны

     Кіріспе..........................................................................................................................4

 
  1. Негізгі бөлім
    1. Қазақтың ұлттық тағамы – шұжықпен танысу. ............................................6
    2. Ұлттық шұжықтың шығу тарихы...................................................................7
    3. Ұлттық шұжықтың дайындалу технологиясы. ............................................9
  2. Зерттеу бөлімі

2.1.Қазақ ұлттық шұжық жасалатын жылқы етінің құрамы және тағамдық құндылығын зерттеу ...............................................................................................10

    1. Ұлттық шұжықтың еуропалық шұжықтарға қарағанда адамның денсаулығын сақтаудағы маңызы. ...............................................................11
    2. Сауалнама алу..................................................................................................14

 

 

3.  Қорытынды...........................................................................................................17

 

4.  Пайдаланылған әдебиеттер.................................................................................18

 
   

 

 

 

 

Аңдатпа

Бұл жоба қазақ халқының байырғы тағамы – шұжықтың пайдасын зерттеуге арналған. Шұжық – майлы  етті турап, тұздап, бұрыштап ішекке тыққан соғым еті. Шұжық негізінен жылқы  етінен жасалады. Ал жылқы еті құнды  ақуыздарға бай, адам денсаулығына өте пайдалы.  Оның құрамында барлық алмастырылмайтын аминқышқылдар бар және олар өте қолайлы қатынаста орналасқан.

Бұл жұмыста шұжықты басқа шұжықтармен  қатар Қазақстанның ұлттық бренді ретінде  әлемдік нарыққа шығаруға болатынын  атап кеттім.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 КІРІСПЕ

«Ұлт денсаулығы- біздің табысты болашағымыздың негізі»

Н.Назарбаев 

Ата-бабамыз қадiрiн  сақтап, дәмiн бұзбай бүгiнгi ұрпақтарына  жеткiзген ұлттық тағамдарымызды халық  арасында әлi де кеңiнен насихаттала  түскенi көптік етпейді деген мақсатта осы зерттеу жұмысымызды қолға алдық. Насихаттауға тұрарлық ұлттық тағамдарымыз көп, сондай ұлттық тағамдарымыздың бірі – шұжық. Себебі, шұжық - қазақ елінің мақтанышы мен салтанаты.

Қазақ халқы асты жоғары бағалап, қадірлей білген. Сондықтан  қазақтар  адам қажеттіліктерінің  ішінде тағамды  жоғары қойған. «Астан үлкен емессің», «Ерді қорласаң састырар, асты қорласаң құстырар» деген секілді ескертпе сөздер, мақал - мәтелдер осының дәлелі. Қай заманда, қалай айтылғанына қарамастан, халық асты құрметтеудің жолын, оны әзірлеудің көзін, ретін таба білген.  Ел мен елді татуластыруды, жақсылар мен жайсандарды құрметтеуді, өздерінің мырзалық, мәрттік үлгілі, өнегелі қасиеттері мен артықшылықтарын, ел дәулетін қазақ кең дастарқаны арқылы яғни ас, қонақасы арқылы көрсеткен.

Қазақ халқының аса бағалы тамақтарының бірі –шұжық. Оны барлық малдың етінен жасауға болады. Бірақ  жылқы етінен жасалған шұжыққа ештеңе жетпейді. Шұжықты халық жоғары бағалайды  әрі аса дәмді де кәделі, сый  табақтарға салатын тамақ. Қазақ отбасылары өздерінің сыйлы адамдары мен құдаларына, туыстарына шұжықты сыбаға ретінде сақтайды. Мұндай қатынас туыстар, құдалар, сыйластар арасында татулық пен бірлікті одан әрі бекіте түседі және оны кейінгі ұрпақтарының да құлағына салып отырады. Бұл да қазақи тәрбие мен үлгі-өнегенің бір түріне жатады.

Қазіргі шұжық өнімдерінің  кейбірінде бір түйір ет жоқ десек  сенесіз бе? Соңғы жылдары арық малдың етіне соя ақуызын, өнімнің  сапасын жасанды түрде арттыратын басқа да химиялық заттар қоса салып, әп-әдемі шұжықтардың түр-түрін жасай береді. Дүкен сөресіндегі шұжықтардың іші адам ағзасына өте зиянды соя концентратына, дәмдегіш, салмақ көбейткіш, ет дәмін беретін түрлі химиялық қоспаларға толы. Солай бола тұра, ет өнімін шығарушылар жұрттың бәрін «өнімнің құрамындағы химиялық қоспалар өте аз мөлшерде, зияны жоқ» деп алдайды. Осындай жайттарды есепке ала отырып, тақырыптың өзектілігі, мақсаты туындайды.

Зерттеудің  мақсаты:

Қазіргі кезде өндірілетін шұжықтармен салыстармалы түрде қазақ елінің ұлттық шұжығының пайдасын, құнарлығын мен зиянсыздығын дәлелдеу, ата-бабаларымыздан мұра болып қалған ұлттық мәдениетімізге үлес қосу.

Зерттеудің өзектілігі:

Заманауи технологиялары бойынша өндірілген шұжықтың құрамында  зиянды заттардың бар екендігін  анықтап, қазақтың ұлттық тағамы – шұжықтың пайдасы мен құнарлығын дәлелдеп, өндіріске енгізуді ұсыну. 

Болжам:

Жүргізілген зерттеу  жұмыстары арқылы қазақтың ұлттық  тағамы – шұжықтың, қазіргі өндірілетін  шұжықтармен салыстырғанды пайдасы  мен зиянсыздығына көз жеткізіп, еуропалық шұжықтарға електемей, ұлттық шұжығымыздың өндірісі дамиды.

  Зерттеудің кезеңдері:

  1. Дайындық кезең: тақырыпты анықтау, мақсатын, болжамын айқындау, зерттеу әдіс – тәсілдерін меңгерту;
  2. Теориялық кезең: зерттеу тақырыбы бойынша әр түрлі ғылыми әдебиеттерді жинақтау, оқу, талдау, қажетті деректерді іріктеу;
  3. Қорытынды кезең: жинақталған материалдарды саралау, жүйелеу, ғылыми тұрғыдан зерделеу. Ғылыми жоба сайысына даярлық кезеңі.

 

 

 

 

 

  1. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
    1. Қазақтың ұлттық тағамы – шұжықпен танысу.

Қазақ халқының аса бағалы тамақтарының бірі – шұжық. Оны барлық малдың етінен жасауға болады. Бірақ жылқы етінен жасалған шұжыққа ештеңе жетпейді. Жылқының шикі етін, іш майын турап оған жуа, сарымсақ, тұз, бұрыш қосып, оны жылқы ішегіне тығады, тығыздайды. Ішіне ауа жібермейтіндей етіп, екі жағын мықты жіппен буады да сәл тобарсылтып, көлеңкеге кептіріп алады. Оны ауылдық жерде жазда ұнға салып, сақтайды. Қалада әрине тоңазытқыш, мұздатқышқа сақтағанмен суық сорады. Ал қыста да, жазда да ежелгі қазақ әдіс-тәсілдермен сақталған шұжықтың дәмі өзгермейді, бұзылмайды. Жылқы шұжығы басқа малдың шұжығындай қатып қалмайды, жұмсақ болады. (қосымша-1)

Шұжықты халық жоғары бағалайды  әрі аса дәмді де кәделі, сый  табақтарға салатын тамақ. Қазанда  пісіп жатқанда оның жағымды иісі мұрын жарып, «шақырып», тәбетті ашады. Ет турағанда табақтың бетіне турады және әр адамға жететіндей етіп тастайды. Шұжықты жасау, сақтау және оны пісіруге қолы берекелі қазақ әйелдері өте шебер меңгерген. Қазақ отбасылары өздерінің сыйлы адамдары мен құдаларына, туыстарына шұжықты сыбаға ретінде сақтайды. Оларға әдейі сақтап отырғанын айтып мақтанатыны да жарасымды әдеттердің бірі. Ал, қонақтар болса бұған қатты риза болып, алғыс айтады. Мұндай қатынас туыстар, құдалар, сыйластар арасында татулық пен бірлікті одан әрі бекіте түседі және оны кеййінгі ұрпақтарының да құлағына салып отырады. Бұл да қазақи тәрбие мен үлгі-өнегінің бір түріне жатады.


 

 

 

 

 

 

                                                                          (қосымша-1)

    1. Ұлттық шұжықтың шығу тарихы.

Қазақ халқының дастарханы оның көшпелі тұрмысына, мал шаруашылығына, жаугершілік заманына және елдің  этнографиялық  салтына қарай  қалыптасқан.

Қазіргі кезде өндірілетін шұжықтармен салыстармалы түрде қазақ елінің ұлттық шұжығының пайдасын, құнарлығын мен зиянсыздығын дәлелдеу мақсатында шұжықтың  шығу тарихын зерттедік. Шұжық бұрыннан келе жатқан азық түрі десе де болады.  Бұл өнімнің пайда болуы көшпенді халықтың жорықтарда ұзақ сақтау үшін тапқан айласынан туындаса керек. Шұжық  ата-бабаларымыздан мұра болып қалған ұлттық мәдениетіміз жылқы етінен жасалатындықтан, оның шығу тарихы да тікелей жылқымен байланыстыра айтуға болады.

Қазақтың жылқы тарихы, жылқы мәдениеті ғасырлардың  терең қойнауына кетеді. Ағылшындар жылқыны бұдан бес мың жыл  бұрын алғаш рет қазақтың арғы бабалары қолға үйреткенін дәлелдеп шықты. Оған дәлел - әлемге әйгілі Ботай мәдениеті. Бұл ғажайып қоныс Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданында орналасқан. Біздің ғасырымызға дейінгі V-ІV ғасырларда бұл жерде жылқы өсірушілердің ғажайып қонысы болғаны анықталды. Осы 15 гектар алаңды алып жатқан жерден жүз мыңдаған жылқылардың сүйектері мен қымыз қалдықтары табылды. 133 мыңға жуық жылқы сүйегін зерттей келе, ғалымдар бұлардың жабайы жануарлар емес, қолға үйретілгенін дәлелдеп шықты. Осылайша, қымызды алғаш шығарған да, жылқыны бірінші болып қолға үйретіп, мініске, күш-көлікке пайдаланған да - өзіміздің ата-бабаларымыз екен. Әлем ғалымдары осылай деп отыр. Қымыздың шығу уақытын бұрын Геродоттан бастап келсек, Ботай мәдениеті арқылы оның шығу уақыты 3,5 жылға кеңейді.

Кейбір деректерге жүгінсек, қазақ жерінде үш миллион бір  жүз жетпіс төрт мың жылқы болған екен. Ал 1915-1916 жылдардағы «тықыр қоян», «қазан дүрбелеңінен», 1918 жылғы Павлодар уезіндегі «жылқы жұтынан» соң, 1922 жылғы  санақта жылқы саны бір миллион сегіз жүз тоқсан екі мыңға құлдырап кеткен. Ең өкініштісі, 1933 жылғы санақта қазақ жерінде небәрі үш жүз мың бас жылқы қалған…

Жылқы – тақтұяқтылар отрядының бір тұқымдасы. Жылқы  адамзат өркениетіндегі, әсіресе, дала өркениетіндегі дамудың жарқын да елеулі көрсеткіштерінің бірі болады. Жылқыны қолға үйрете бастау көшпелі шаруашылық пен өркениет дамуының негізін қалады. Қолға үйретілген жылқының шаруашылықта маңызы зор. Ол – ет және қымыз өндіру, салт міну, арбаға не шанаға жегу, әскери және спорттық бағыттарда өсіріледі.

Ежелгі дәуірлерде-ақ қазіргі Қазақстан аумағы жылқының қолға үйретілген мекені болғандығын  археологиялық қазбалар дәлелдейді. Ежелгі Қазақстанда жылқының қолға  үйретіліп қана қоймай, бұл малдың ерекше қастерленіп, әдет-ғұрыптық рәсімдердің ажырамас бір бөлігіне айналғанын көрсетеді.

Қолға үйретілген жылқы  малының арғы тегі жабайы жылқылар – Тарпаң мен Керқұлан деп есептеледі. Бұлар ерте қаманда Орталық Азия және Қазақстанның кең байтақ далларында мың-мыңдап, үйір-үйірімен жайылып жүрген. XVII-XVIII ғасырларда қазақ халқы тарпаңды жылқы үйіріне қосып тұқымын асылдандырып, етін пайдаланғаны жайлы мағлұматтар бар. Біздің тегіміз – түркі, түлігіміз – жылқы. Содан да болар «Жылқы – төрт түліктің төресі» деп атам қазақ бекер айтпаған. Ерте заманда қазақтар кішкентайынан баласын атқа мінгізіп үйреткен. Қазақ халқының тарихының тереңіне үңілсек бабаларымыздың елін-жерін қорғап, ата-жаумен алысқандығы қанды көйлек жолдасы, даңқын аспандатқан кемеңгер қолбасшы Күлтегеннің Боз аты, Қара қыпшақ Қобыландының Тайбуырылы, Алпамыс батырдың Байшұбары, Ер Тарғынның Тарланы жадымызда жатталып қалады.

Мал шаруашылығымен айналысқан ата - бабамыздың негізгі асы - ет пен сүт болған. Қазақ әйелдері тағамдарды жазда да, қыста да бұзбай сақтаудың әдіс-тәсілдерін білген.  Жүгі нарда, қазаны теңде болып көшпелі ғұмыр кешкен қазақ халқы асты өте жоғары бағалап, қастерлей білген. Халқымыз адам өмірінде тамақты тіршілікке қажетті құндылықтардың бәрінен де жоғары қойған. Кез келген қазақы шаңырақтың  дастарханын ет тағамдарынсыз елестету мүмкін емес.

    1. Ұлттық шұжықтың дайындалу технологиясы

Шұжық - жылқы етiнiң деликатесi. Ол үшін майлы жылқы етін  бір-екі  күн салқын жерде сорғытылады. Шұжықтың еті салынатын ішек тұзды суға салынып қойылады. Шұжықты қол мен сан, жон еттерден жасаса дәмді болады. Оған жылқының іш майын да, айналдырудан артылып қалған қазының майы мен етін де пайдаланады. Ет пен майды ұсақтап турап, тұздайды, бұрыштайды, сосын жақсылап тұзын араластырады. Сарымсақ та салады. Осы ет пен майды ішекке тыққан соң екі жағындағы ұшын кішкене істікпен түйреп, жіппен байлайды, (қосымша-2) шұжықты керілген жіпке немесе сырыққа іліп, 3-4 сағат құрғатады. Шұжықты да 50-60 градус температурадағы түтінге ыстап, жылылығы 12 градус жерде екі-үш күн кептіріп алса, тіпті дәмді. Шұжық әр түрлі пайдаланылатын жартылай дайын өнім. Тығындалғаннан 4 сағаттан кейін оны қайнатып (3 сағаттан кем емес) гарнирмен екінші ыстық тағам ретінде қолданып немесе бір апта бойы күн мен желде кептіріп алса болады. Шұжық дайындау үшін қажетті заттар: 5 келі ет, 5 келі іш май, 350 грамм тұз, 10 грамм қара бұрыш, 50 грамм сарымсақ. Шұжықтың шырайын шығару үшін оған мөлшерімен пияз, көк бұршақ немесе аскөк қосатындар да бар.

Информация о работе Ұлттық шұжықтың адамның денсаулығын сақтаудағы маңызы