Көтерілістің алғышарттары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2013 в 14:18, лекция

Краткое описание

Ұлт-азаттық қозғалысының тарихында XIX ғасырдағы ең ірі 1837-1847 жылдардағы көтеріліс ерекше орын алады. Өзінің құлаш сілтемі, Россия саясатына әсер етуі, халықты қамтуы, ұзаққа сөзылыу және табындылығы жөнінен ол қазақ халқының бұрынғы және өзінен кейінгі қимылдарынан едәуір ерекшеленеді.
XIX ғасырдың 20-30 жылдарында Қөқан бектері мен Хиуа хандары Қазақстанның оңтустігіндеғі қазақтарды билігінде ұстап, оларды алым-салықпен және тонаумен қинады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

лекция 5.docx

— 35.56 Кб (Скачать документ)

 

Қоныс аударушылар Россияның  Европалық бөлігінен ғана емес, сондай-ақ басқа облыстардан да келді. Мәселен, 1900 жылғы халық санағы бойынша  тек Қазақстанның бес облысында (Ақмола, Орал, Төрғай, Семей, Жетісу) ғана 3463598 адам болса, оның ішінде европалық  Россиядан келгендер 247 мыңдай адам, Сібірден – 42119, Орта Азиядан – 23530, Польшадан – 1191, Кавказдан – 1672, Финляндиядан – 72, басқа жерлерден 3557 адам келді. Сөйтіп, 1900 жылы 5 облыс  бойынша сырттан келушілер өлкенің  барлық халқының 10,5 процентін қамтыды. Оларға 44 миллион гектар жер таратылды.

 

Сөйтіп, патша самодержавиесінің  Қазақстан территориясын отарлауға  бағытталған және дамып келе жатқан Россия капитализмнің мүдделерін бейнелеген аграрлық саясаты XIX ғасырдың екінші жартасында осылайша жүзеге асырылды.

 

4. Қазақстанда капиталистік  қатынастардың дамуы (XIX ғ. 2-ші  жартысы).

 

Тау – кен өндірісі. 

 

XIX ғасырдың екінші  жартасында Европа мемлекеттерінде  дамыған капиталистік қатынас  Россияға әсер етпей қоймады.  Осымен байланысты Россияның  капиталистік өнеркәсібі мен  Қазақстандағы ауыл шаруашылық  өндірісі арасындағы қатынас  күшейді. Сауда және өсімқорлық  капиталы Россияның орталық губерниялары мен Қазақстан арасындағы ғана емес, сонымен бірге өлкенің өз ішінде де товар айналысының өсуін шапшаңдатты. Өлкеде үстем болған натуралды шаруашылық біржіндеп ыдырай бастады.

 

Бұл кезде Қазақстан  экономикасында натуралды шаруашылықтың  көлемі қысқарды, өлке өнеркәсіп товарларын өткізу рыногы және бағалы ауыл шаруашылығы  шикізатының қайнар қөзі ретікде  капиталистік Россияға барынша тәуелді  болып шықты.

 

XIX ғасырдың ортасы  – қазақ жеріне капиталистік  қатынастардың тарала бастауының  көріністері айқын байқалды:

 

- Отырықшы мал шаруашылығы  мен екіншіліктің дамуы. 

 

- Жеке меншік жерді  иеленудің кең таралуы. 

 

- Жылқы санының азайып, ірі қара малдың көбеюі.

 

XIX ғасырдың 60 жылдарынан  россиялық кәсіпкерлер қаражаттарын  қазба байлықтары мол қазақ  аймақтарында өндіріс салуға  жұмсады. 

 

Түсті металдар және тас  көмір өндіретін тұңғыш кен орындары Шығыс, Орталық Қазақстанда ашылды. 300-400 жұмысшылары бар ірі өнеркәсіп  өрындары - Спасск мыс қорыту заводы (1857 ж.), Успен кеніші, Қарағанды көмір  алабы, Екібастұз, Риддер кәсіпшілігі.

 

1898 жыл – Семей  облысының Павлодар уезінде Воскресенск  Кен - өнеркәсіп қоғамы құрылды. 

 

Кен кәсіпшілігінің орталығы – Қарқаралы уезі.

 

Химия өнеркәсібінің  бастамасы – Шымкент сантонин заводы (1822 ж.)

 

Алтын өнеркәсібіндегі  жұмысшы әйелдер саны – 1873 жылы 12%, ал 1893 жылы 17% болды. Қазақстанның кен  орындарында балалар еңбегі XIX ғ. 90 жылдырыңда кеңінен пайдаланылды.

 

Темір жол.

 

1893-1895 жылдары Сібір  темір жолы (ұзындығы 3138 км) салынды.  Оның 178 шақырымы қазақ жерін басып  өтті.

 

1893-1897 жылдар – Рязань  – Орал темір жолы салынды.  Оның 194 шақырымы қазақ өлкесінің  батысы арқылы өтті.

 

1899-1905 жылдар – Орынбор  – Ташкент темір жолы (ұз.1656 км) салынды. 1905 ж. қаңтарда іске қосылды. 

 

Патша үкіметінің темір  жолдар салудағы кездеген мақсаты:

1. Жалпы россиялық  жаңа шаруашылық қатынастар жүйесіне  Қазақстанда тартуды тездету. 

2. Өлкенің шикізатын  кеңінен пайдалану. 

3. Қазақстан мен Орта  Азияны Россия өнеркәсіп орталықтарымен  байланыстару.

4. Қазақ халқының ұлт-азаттық  күресі күшейген жағдайда Россиядан  қарулы күштерді тез жеткізу. 

 

Ұсақ – товарлы  өндіріс. 

 

Балық аулау кәсіпшілігі  – Ертіс, Жайық, Каспий теңізі, Зайсан маңында дамыды.

 

Тұз өндіру – батыс, солтустік-шығыс  аймақтағы тұзды көлдер.

 

1875, 1900 жылдар – Верныйда  темекі кәсіпорындары ашылды.

 

Арал теңізі, Қарабас  көлі (Павлодар уезі) – тұз өдіру  орны ашылды.

 

Жыл сайын Екатеринбург, Томск, Тобол уездеріне қазақ  өлкесінен 300 мың пут тұз әкетілді.

 

Мал шаруашылығы шигізатын  өңдеу жөніндегі алғашқы кәсіпорындардың  негізгі ошақтары – Ақмола және Семей облыстары.

 

Семей облысында 13 былғары, 9 сабын қайнататын, 1 шарап ашытатып, 1 май қорытатын, 2 сыра ашытатын, 23 кірпіш заводы болды (1898 ж.).

 

Көкпекті, Семей, Павлодарда 13 май қорытатын, балауыз, 23 былғары, 5 тон заводы жұмыс істеді (1890 ж.)

 

Төрғай облысында 42 былғары, тоң май қорыту, сабын қайнату  заводы, 202 диірмен, май шайқау заводы болды (1898 ж.)

 

Сауда.

 

XIX ғасырдың II жартысында  капиталистік қатынастардың дамуына  байланысты Қазақстанда сауда  дамый бастады. Шаруашылықтың  типіне сәйкес Қазақстанда сауданың  негізгі үш түрі: көшпелі аудандарда  – тасымалды сауда, шаруашылық  типі жартылай отырықшы аудандарда  – жәрменке саудасы, отырықшы  шаруашылықтары басым аудандарда  – тұрақты сауда (магазиндер, қоймалар, дүкендер) болды. 

 

Қазақстанда тасымал  сауда неғурлым кеңінен тарады. Тасымал  саудасы, әсіресе алыс ауылдарда  ашықтан-ашық тонау сипатында болды.

 

Россия саудагерлері Қазақстанға сауданың жаңа түрін  – жәрмеңкелік сауданы енгізіді. Халқы сирек, ұшы-қиырсыз жері бар, қатынас жолы дамымаған, халқының дені көшпелі өлкенде жәрмеңкелер  ірі сауданың қолайлы түрі болды. Қазақстандағы туңғыш жәрменке 1832 жылы Бөкей ордасында хан ордасы жанынан  ашылды. Кейіннен (1855 ж.) Семейде екі  қалалық жәрмеңкелер ашылды. Ақмола облысы Тайыншакөл, Константиновск, Петровск (Атбасарда) және 50-ден астам ұсақ және орташа жәрмеңкелер жұмыс істеді. 1848 жылы Қарқаралы уезіндегі Қоянды жәрмеңкесі, ал кейіннен Шар (Семей  облысы), Қарқара (Жетісу), Әулиеата (Сырдария облысы), Ойыл, Темір (Орал облысы) жәрмеңкелер  жұмыс істеді.

 

Жәрмеңкелер товар –  рынок қатынастарын дамытуға жәрдемдесті, мал шаруашылығының товарлығын арттыруға  ынта туғызды. Жәрмеңкелер қазақ  шаруашылығың капиталистік экономикасы  мен байланысын нығайтты. Натуралды  шаруашылықтың ыдырауын тездетті.

 

Сонымен, Қазақстанда  капиталистік қатынастардың дамуы  өлкеде негізінен мал шаруашылығымен айналысқан көшпелі және жартылай көшпелі  халықтың патриархалдық-феодалдық  қатынастарының ыдырау процесін жеделдетті. Елде өнеркәсіптің жаңа салаларын туындатып, қоғамдық еңбек бөлісіне және жұмысшы  табы кадрларының шығуына себебін  тигізді. Қазақстанды жалпы россиялық  рынокқа тартты.

 

Тақырып бойынша сұрақтар:

1. 1837-1847 жылдардағы Кенесары  бастаған қозғалыстың басты мақсаты. 

2. Кенесарының басты  тіректері кімдер болды? 

3. XIX ғ. 20 жылдары Қоқан  билігінде болған қазақ жерлерін  атаңыз.

4. 1844 жылы Кенесары  мен патша үкіметі арасындағы  келіссөздер неліктен тоқталды?

5. Кенесары құрған  хандықтың ең басты саяси ерекшелігі.

6. Ұзынағаш шайқасының  тарихи маңызы.

7. Түркістанды орыс  әскерлері қашан алды?

8. Қазақстанның Россияға  қосылуы қашан аяқталды?

9. 1867-1868 жылдардағы реформалардың  мақсатын тұсіндіріңіз.

10. 1867-1868 жылдардағы реформалар  сот құрылысына қандай өзгеріс  енгізді? 

11. Қазақ жеріне орыс-казак  шаруаларын жаппай қоныстандыру  қашан жүргізілді?

12. 1868 жылы қабылданған  «Жетісуға шаруаларды» қоныстандыру  туралы ұақытша Ереженің авторы  кім? 

13. Қазақ даласында  капиталистік қатынастар қашан  дами бастады? 

14. Орынбор-Ташкент темір  жолы қашан іске қосылды. 

15. 1867-1868 жылдардағы реформалардың  ең басты ауыртпалығы немен  байланысты болды? 

16. Қазақстанда сауданың  қандай түрлері дамыды, атаңыз.

17.1871-1897 жж. аралығында  Қазақстанға қоныс аударғандар  саны-атаңыз.

18. XIX ғасырда кредиттік  мекемелер ең көп қай жер  болды?


Информация о работе Көтерілістің алғышарттары