Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2013 в 14:18, лекция
Ұлт-азаттық қозғалысының тарихында XIX ғасырдағы ең ірі 1837-1847 жылдардағы көтеріліс ерекше орын алады. Өзінің құлаш сілтемі, Россия саясатына әсер етуі, халықты қамтуы, ұзаққа сөзылыу және табындылығы жөнінен ол қазақ халқының бұрынғы және өзінен кейінгі қимылдарынан едәуір ерекшеленеді.
XIX ғасырдың 20-30 жылдарында Қөқан бектері мен Хиуа хандары Қазақстанның оңтустігіндеғі қазақтарды билігінде ұстап, оларды алым-салықпен және тонаумен қинады.
1851 жылы 7 шілдеде подполковник
Карбышев отряды Қоқан
1853 жылы – Ақмешіт
қаласының Россияның қоластына
қаратылуы орыс әскерлерінің
Іле бойымен жылжуына жол ашты.
Осы кезден бастан Ақмешіт
бекінісі Перовск деп аталды.
1853 жылы 2 сәуірде Батыс Сібір
генерал-губернаторы
1854 жылы көктемде пристав
М.Д. Перемышельский отряды
1856 жылы Верныйда Орталық
Россия губернияларынан,
XIX ғасырдың екінші
жартасында Верный қаласында
П.П.Семенов-Тянь-Шаньский, Н.М.Пржевальский,
Ш.Уәлиханов сияқты ірі
Верный бекінісінің салынуы XIX ғ. 50-жылдарында Қазақ елінің Оңтүстіқ аудандады мен қырғыз жерінің Россияға қосылуын тездетті.
Қазақстанның Россияға қосылуының аяқталуы.
Патша үкіметі Оңтүстіқ Қазақстан өңірінен Қоқан хандығын ығыстырып, өз бақылауына алу үшін әскери қимылдарын көбірек ұйымдастыра бастады.
1859 жылы Ұлы жүзде
тұрғызылған Қастек бекінісі
Россияның тірегі саналып,
1863 жылы Қоңырат 4 мыңға
жуық, бестаңбалы руынын 5 мыңға жуық
шаңырағы Россия билігін
1864 жылы қөктемде Қоқан
хандығына қарсы жіберілген
1866 жылы Бухар хандығын
орыс әскерлері жаулап, 1867 жылы
хандық иеліктері Түркістан
Сөйтіп, XIX ғасырдың 30 жылдарынан басталып, 1,5 ғасырға созылған қазақ елінің Россия құрамына қосылу процесі – Ұлы жүздің Россия империясының құрамына енуімен аяқталды. XIX ғасырдың 60 жылдарында қазақ жері түгелдей Россия отарына айналды.
Бұл оқиғаның прогресті жағы:
1. Саяси, қоғамдық
қатынаста феодалдық –
2. Феодалдық – көшпелі
шаруашылықтан капиталистік
3. Қазақстан жалпы россиялық рынокқа тартылды.
4. Патшалық билік қысымының күшеюі ұлттық сананың оянуына әсер етті.
3. Қазақстанда XIX ғ. 60-90
жылдарында жүргізілген
1867-1868 жж. реформалар.
XIX ғасырдың 60 жылдарының
орта шенінде Қазақстанның
Патша – өкіметі қазақ даласын тупкілікті билеу үшін әуелі әр түрлі реформалар жүргізіп, қазақтың елдік этникалық ұйтқысын ірітіп, ұлыстарды бөлшектеп, оларды губернияларға, округтерге теліп, ұлтанды елді тұтастықтан айырды. Рас, олар мұның бәрінің бірден жүзеге асыра қойған жоқ, патша өкіметі оны кезең – кезеңімен іске асырды.
Оның алғашқысы – 1731 жылдан 1822 жылға дейін созылған ел билеу, жүйесіндегі протектораттық дәуір (кезең), яғни күшті мемлекеттің әлсіз мемлекетке формальды түрде болса да қамқорлық жасау саясатын жүргізу болды. Бұл кезде патша өкіметі ел билеудің бұрынғы хандық жуйесін сақтап, оның ішкі тірлігіне араласпай, қазақ елін өзіне жағынып бағынышты болған хандар арқылы басқарды.
Патша өкіметінің қазақ елінің басына тәуелділік ноқтасын біржолата кигізуі 1822 жылдан 1867 жылға дейін созылды. Сөйтіп, патша өкіметінің отаршылдық саясатының екінші кезеңі басталды. Бұл кезде ол әскер күші арқылы елдің ішкі тірлігіне араласып, жергілікті шаруаларды қонысынан қуа бастады. Олардың орнына ішкі Россиядан жоқшылыққа ұшыраған орыс босқындарын әкеп орналастырды.
Отарлаудың осы әскери - әкімшілік кезеңінде әскери бекіністердің іргесі қалана бастады. Оларды тұрақтандыру үшін шекаралық белгілермен бөлді. Біртіндеп бекіністер Қазақстанның ішкі аймақтарына тамыр жайды.
Бұдан кейін (үшінші кезең) отарлау саясатының ежелден қалыптасқан ескі тәсілдерінің бірі – отарлаушы елдің ішкі қуат көзі – этникалық тұтастығынан айырып, қандас, бауырластар арасына іріткі салу мақсатымен патша өкіметі енді қазақ даласын билеудің аға сұлтандық жүйесін жойып, оның орнына сатылап бағындыру жүйесіне негізделген мемлекет аппарат құрды. Бұл мақсатты патша өкіметі 1867-1868 жылдардағы реформалар арқылы жүзеге асырды.
Хандық билікті іс жүзінде жойған 1822 және 1824 жылғы Жарғылар капиталистік қатынастар өрістей бастаған кезде өлкенің шаруашылық даму талабына сай болмады.
XIX ғасырдың 60-жылдары
қазақтардың басқару жүйесін
өзгерту үшін И.И. Бутков
1865 жылы Ішкі істер
министрлігі кеңесінің мүшесі
Гирс басқарған Дала
1865 жылы 5 маусымда II Александр
бұйрығымен қазақ жерін
Әкімшілік басқару жүйесін құру ісіне Ш.Уәлиханов өз пікірлерін ұсынды:
- Халықтың өзін-өзі басқаруы негізінде құру.
- Әлеуметтіқ – экономикалық жаңалықтар енгізу.
- Алайда Ш.Уәлиханов
усыныстары қабылданбай,
1867 жылғы 11 шілдеде
– «Сырдария мен Жетісу
1868 жылы 21 қазан – «Төрғай, Орал, Ақмола, Семей облыстарын басқару туралы уақытша ереже» бекітілді.
Реформа нәтижесі.
1) Өлкенің табиғи байлықтарын
игеруге қолайлы жағдайлар
2) Феодалдық – патриархалдық
қатынасты әлсіреткен
3) Таптық жіктелу салдарын
жатақтар қалыптаса бастады (
4) Отарлық басқару күшейді.
5) Қазақ жері Россия үкіметінің меншігі болды.
6) Орыс шаруаларын жаппай қоныстандыру басталды.
1886 – 1891 жж. реформалар
бойынша әкімшілік және сот
құрылысына енгізілген
1867-1868 жылдардағы реформалар
екі жыл мерзімге тәжірибе
түрінде уақытша енгізілген
1886 жылы 2 маусымда «Түркістан
өлкесін басқару туралы ереже»,
1891 жылы 25 наурызда «Ақмола, Семей,
Жетісу, Орал және Төрғай облыстарын
басқару туралы ереже»
Түркістан өлкесі жерінің құрамына Ферғана, Самарканд және Сырдария облыстары кірді. Орталығы Ташкент қаласы болды. Сырдария облысы 5 уезден, Ферғана - 5, Самарканд - 4 уезден турды. 1891 жылғы «Ереже» бойынша Орынбор және Батыс Сібір генерал– губернаторлықтарының орнына орталығы Омбы болған Далалық (Степной) генерал– губернаторлығы құрылды. Оның құрамына Ақмола, Семей, Орал, Төрғай және Жетісу облыстары кірді. Жетісу облысы 1897 жылы қайтадан Түркістан генерал – губернаторлығының қарауына берілді.
Өлке шеңберінде генерал – губернаторға шексіз билік берілді. Басқару аппараты – кеңсе, әскери губернаторлар өздеріне бағынышты облыстық басқармаларымен қоса генерал – губернаторға бағынды, ал облыстық басқармаларға жалпы жиналыс және кеңсе кірді. 1891 жылғы «Ереже» бойынша Ірі облыстық орталықтарда (Верный, Орал, Петропавл, Семей) полиция басқармасы құрылды, ал уездік қалаларда полициялық пристав құрылды. Болыстық басқарушылар мен ауыл старшындарын бекіту әскери- –губернатор құзырында болды.
Сот құрылысы. XIX ғасырдың аяқ кезіндегі Қазақстанда 1886 және 1891 жылдардағы Түркістан және Дала өлкелерін басқару туралы «Ережелер» бойынша жүзеге асырылды. Түркістан және Далалық өлкелерінде жалпы империялық соттар жүйесі - әлемдік (мировой) судьялар, облыстық соттар және жоғарғы (сенат) сот инстанциясы қалыптасты. Соттардың төтенше съезі әскери губернатордың рұқсатымен шақырылды және өлкелік құқығы берілген орыс чиновнигінің қатысумен өткізілді.
Төменгі сот буыны – халықтық сот болды. Халықтық сот – империялық сотқа қосалқы, өз бетінше мәселені шеше алмайтын тәуелді буын.
Сонымен 1886-1891 жылдардағы сот ісіндегі өзгерістер «Ережелерде» әкімшілік, сот істерінің жүйесі бекітілді. 1891 жылғы «Ережеде» сот істері 17 баптан құрылды. Сот жүйелері Россиядағы үлгімен құрылды. Халық (билер) соты үстем тап өкілдерінің мүддесін қорғайтың, жергілікті мұсылмандардың ісін қарайтын ең төменгі сот буыны болды.
Патша өкіметінің отарына айналған еңбекші қазақ халқы оған ақшалай алым-салық төледі. Олардың мөлшері әр турлі болып өзгеріп отырды. Мысалы, 1844 жылғы «Ереже» бойынша әр түтіннен 1,5 сом жиналса, 1891 жылғы «Ереже» бойынша 4 сомға жетті.
Тұтас алғанда 1886-1891 жылдардағы реформалар отаршылдық және феодалдық езгіні күшейте түсуге бағытталған еді.
Патша өкіметінің қоныстандыру саясаты.
Патша өкіметінің аграрлық
саясатының ажырамас бөлігі қоныстандыру
саясаты болды. Помещиктер мен империалистік
буржуазияның мүдделеріне сай келген
қоныс аудару мәселесіне патша өкіметі
XIX ғ. екінші жартысынан бастап қатты
назар аударды. Өйткені, Россияда басыбайлықтың
(крепостниктік) жойылуы және әлеуметтік-әкімшілік
жөніндегі реформалар аграрлық мәселені
толық шешкен жоқ, Россияның орталық
аудандарында шаруалардың толқулары
тоқмады. Осындай жағдайда патша
өкіметі шаруалардың назарын
революциялық қозғалыстан аудару үшін
бірқатар шаралар қолданды. Қоңыс
аудары саясаты сол шаралардың бірі
еді. Сібірді, Қазақстанның солтустік,
батыс, орталық және оңтустік шығыс
аудандарын отарлау арқылы патша
өкіметі Орталық Россиядан
Әскери-әкімшілік отарлау
саясаты Россиядан шаруалардың
қазақ жеріне ағылып келуіне жол
ашты. Қазақ даласын отарлау саясатын
іске асыру жолында Жетісудың
бірінші әскери-губернаторы Г.
1883 жылы Жетісу облысының
Дала генерал-губернаторлығына
Патша өкіметі 1889 жылғы 13 шілдеде «Село тұрғындары мен мещандарының қазыналық жерлерге өз еркімен қоныс аударуы және бұрынғы қоныс аударғандар жағдайын қарастыру» туралы арнаулы ереже бекітті. Бұл ережеде жерді бекітіп берудің тияқты мөлшері белгіленген жоқ, жергілікті өкімет орындарына оның өз қалауынша белгілеуге ерік берілді. «Ережеде» ішкі істер және мемлекеттік мүліктер министрлері алдын ала рұқсат еткен жағдайда ғана қоныс аударуға болатыны көзделді. Қоныс аударатын басты аймақтар – Жетісу, Ақмола, Семей, Тобыл, Томск губерниялары ңақтылы белгіленді.
Сонымен, «Село тұрғандары
мен мещандардың өз еркімен қоныс
аударуы туралы» 1889 жылғы ереже
Россияның орталық
Аграрлық саясатты жүзеге
асырушылардың бірі-Сібір
Тек 1885 жылдан 1893 жылға дейін Ақмола облысының жергілікті халқынан 251779 десятина жер тартып алынып, 10940 халқы бар 24 жаңа селолар пайда болды. Семей облысында бұл кезде қазақ шаруаларынан 33064 десятина егістік жер тартып алынды. 1884-1891 жыл аралығында мұнда 3324 отбасы қоныстанды. Шеттен шаруаларды әкеліп қоныстандыру Сырдария облысын, Шымкент, Ташкент және Әулиеата уездерін кеңінен қамтыды.