Дәріліктік өсімдіктер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Сентября 2013 в 09:09, реферат

Краткое описание

Дәрілік өсімдіктер (лат. Plantae medicinalis) , шипалы өсімдіктер – медицинада және мал дәрігерлігінде емдеу және аурудың алдын алу мақсатында қолданылатын өсімдіктер. Дәрілік өсімдіктердің емдік қасиеті олардың құрамында стероид, тритерпен, алкалоид пен гликозидтердің, витаминдердің, эфир майлары мен тұтқыр заттар сияқты түрлі химиялық қосылыстардың болуына байланысты.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дәрілік өсімдіктер.doc

— 217.00 Кб (Скачать документ)

15. Мемлекеттік стандарт қызметі тиісті сала органдарымен бірлесіп, табиғатты қорғау, табиғат ресурстарын тиімді пайдалану стандарттарын әзірлейді және бекітеді. Ол стандарттардың табиғатты қорғау заңдарына сәйкестігі тұрғысында өнімдерге,өндірістерге қойылатын эколгиялық талаптардың дұрыстығын бақылайды, оларға сараптама жүргізеді.

16. Картография қызметі  геодезиялық картографиялық жұмыстармен  айналысады, басқа қызметтермен  бірлесіп экологиялық карталар  жасау, табиғи ортаның мониторингі,  табиғат ресурстарының кадастрларын жасау жұмыстарын орындайды.

17. Қазіргі экологиялық  құрылымдардың негізгі үш маңызды  жақтарын атауға болады:

- экологиялық сана  қалыптастыру

- экологияны жақтаушылардың  ұйымдастырушылық түрлерін жетілдіру

-экологиялық мақсаттарды  жүзеге асырудың жолдары мен тәсілдерін жетілдіру.

 

 

Экологиялық сана қалыптастыру

 

Кез келген экологияны жақтаушы әрекеттер саналы түрде арнайы мақсатқа бағытталады. Экологиялық сананың  бастауы табиғат тыныштығын қорғаудан  басталады. Кейін, индустриялды даму кезінде, елімізде табиғатқа тұтынушылық көзқарас қалыптасты.Табиғат ресурстарымыз мол деген сылтауымен мұндай көзқарас өкімет пен үкімет тарапынан қолдау тапты және тікелей жүргізілді.

Осы негізде бұрынғы  Кеңес Одағында адамдар табиғатқа  бағынбайды, қйта оны өзінің қажеттігіне қарай өзгертіп отыру керек деген қағида пайда болды.Мичуриннің сөзімен айтқанда «табиғаттан рақым күтпейміз, оның бермесін тартып алуымыз керек».Мұндай мүмкіндіктер қуатты су каналдарын салумен, өсімдіктердің жаңа сорттарын шығарумен, яғни айналамыздағы шағын өзгерістермен дәлелденді. Ресми ақпарат қоғамдық меншік пен жоспарды экономикада, социалистік көзқарас үстемдік құрғанда табиғат пен қоғам арасында ешқандайантогонистік қайшылықтар болуы мүмкін емес дегенді халықтың санасына сіңіріп бақты. Бірақ, әрбір аймақтардағы экологиялық тоқыраулар,апаттар, табиғатты қорғау жөніндегі экологиялық шаралар нәтижесінің жеткіліксіздігі, экологиялық саясаттың кемшіліктері халықтың наразылығын туғызып, бұл мәселеге көзқарасын өзгертті. Табиғи ортаны ластауға, табиғат ресурстарын тиімсіз пайдалануға, табиғат ескерткіштерінің жойылуына халық қарсылығы артты.

Арал қасіреті, Чернобль апаты және т.б. техногендік апаттар  халықтың көзқарасын табиғатты қорғау қажеттігіне түпкілікті, біржола  аударды және экологиялық қозғалыстарға бастма болды, экологияныжақтаушыларды көбейте түсті. 50-ші жж аяғында Бүкілодақтық табиғат ескерткіштерін қорғау ұйымы құрылып, Одақтас Республикаларда;қалаларда, аудандарда оның бөлімшелері ашылды. Оның артынан кәсіподақ, комсомол, пионер ұйымдарында табиғат қорғау бөлімшелері қалыптаса бастады.

Бірақ 1985 ж. дейін олар қоғамдық өмірде елеулі күшке айнала алмады. Экологиялық ұйымдардың қоғамдық күшке айналып, белсенділігінің  артуына, бір жағынан, экологиялық  жағдайдың қиындауы, экологиялық  саясатқа назарлықтың артуы, екінші жағынан, жариялылық пен демократияның дамуы себеп болды.Жаңа экологиялық ұйымдар құрылып, олардың белсенділігі артып, талаптары күшейе бастады. Экологиялық ұйымдар мен жақтаушыларының талаптары бойынша мыңдаған зиянды өндірістер жабылды.Арал, Балқаш мәселелеріне бүкіл әлемнің назары аударылды, табиғатты қорғау және табиғат пайдалану саясаты жаңа сипат ала бастады.

Халыққа танымал ақын- жазушы, саяси қайраткер О.Сүлейменовтың  бастауымен құрылған «Смей-Невада»  қозғалысы Қазақстанда ядролық сынақтың тоқталуына бастама болды, полигон аймағын сауықтыру, ондағы халыққа медициналық, әлеуметтік-тұрмыстық көмек көрсетілуін талап етті.Осыларға сәйкес Президенттің арнайы Жарлығы шықты,Үкіметтің арнайы қаулылары қабылданды. «Семей-Невада»ядролық сынақтарды болдырмау мәселесін бүкіләлемдік, халықаралық деңгейге жеткізді,т.б. елдерде де осыдай қозғалыстар мен ұйымдардың пайда болуына түрткі болды.

Арал,Балқаш экологиялық  қорлары құрылып, осы мәселеге байланысты бірнеше халықаралық конференциялар, мемлекетаралық кездесулер ұйымдастырылды.Бірақ, Мәселенің күрделілігіне байланысты түпкілікті шешімін таба алмай келеді.

Экологиялық ұйым ретінде  Қазақстанда ең белгілісі «Табиғат»  көп салалы табиғат қорғау әрекеттерімен  айналысады.Олардың ең бастысы халықтың экологиялық санасын ояту, үкіметтің шешімдеріне ықпал ету, ғылыми жұмыстар және т.б.

Қазақстанның өздерін  экологиялық деп есептейтін партиялары сайлау кезіндегі белсенділігінен  басқа нақты экологиялық партия деңгейіне көтеріле алмай келеді.Сондай ақ,жерге жеке-меншікке қарсы ұйымдар, жеке азаматтар, одақтар экологиялық ұйым дәрежесіне әлі көтерілген жоқ. Осындай әр аймақтағы табиғат жақтаушылары, белсенді әрекет ететін арнайы, бағдарламалары бар ұйымдарға бірігуі, экологиялық ұйым дәрежесіне әлі көтерілген жоқ. Осындай әр аймақтағы табиғат жақтаушылары, белсенді әрекет ететін арнайы, бағдарламалары бар ұйымдарға бірігуі, экологиялық қозғалыстардың үдей түсуі Қазақстанда болмай қалмайтын құбылыс.Өйткені, бір жағынан, Қазақстандағы эколгиялық жағдай,екінші жағынан, халықтың экологиялық санасының өсуі осыған әкеледі.

Эко ұйымдардың, партиялардың, қорлардың және т.б. жанашыр-лардың әрекеттері кешенді не арнайы болуымүмкін.Арнайы әрекет тек бір бағытта бір  не бірнеше экологиялық қызмет атқарады. Кешенді- табиғат қорғау бағыттарының барлығымен және өзге қызметтерімен қатар айналысады.

Территориялық сипаты бойынша  қоғамдық экологиялық ұйымдар, жергілікті, аудандық, қалалық,республикалық, аймақтық не халықаралық болады.

Қоғамдық экология әрекеттері әр түрлі болғанымен алға қойған мақсаттары ортақ. Олар:

  • қоғам алдындағы экологиялық мәселелерді шешуге ықпал ету
  • экологиялық білімді, әрекеттерді насихаттау
  • эко тәрбиені, білім беруді жетілдіру
  • табиғатты қорғауды қоғамдық бақылау

Қазақстан Республикасының  «Қоршаған ортаны қорғау туралы» заңына сәйкес қоғамдық ұйымдар:

  • Өздерінің экологиялық бағдарламаларын бекітуге, насихаттауға, халықтың құқығы құқығы мен мүддесін қорғауға, оларды табиғат қорғау әрекеттеріне белсенді араластыруға.
  • Табиғатты қорғау, сауықтыру жұмыстарына қатысуға, ерекше экологиялық, ғылыми, мәдени маңызы бар табиғат нысандарын қорғауға, табиғи ресурстарын өсіру мен тиімді пайдалану мәселесін шешуге қатысуға.
  • Табиғатты қорғау саласында белгіленген тәртіппен экологиялық білім, тәрбие беруге, ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысуға.
  • Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізілуін талап етуге қоғамдық экологиялық сараптама өткізуге.
  • Табиғатты қорғау жөнінде қоғамдық бақылау жүргізу
  • Мемлекеттік органдар мен ұйымдардан табиғи ортаның жан-күй, өзгерістері, табиғат қорғау шаралары туралы дер кезінде дәйекті мәліметтер талап етуге.
  • Табиғатты қорғау саласында мемлекеттік, халықаралық органдармен ынтымақтасуға, олармен шартқа отырып жұмыстар атқаруға.
  • Табиғатты қорғаудың заң жобаларын талқылауға қатысуға.
  • Табиғи ортаға зиянды және адамның денсаулығына зиянды кәсіпорындарды және өзге нысандарды пайдалануға, орналастыруға, кеңейтуге, қайта құруға тыйым салуды, сондай-ақ осындай заңды не жеке тұлғалардың әрекеттерін тоқтатуды талап етуге.
  • Табиғатты қорғау заңдарын бұзу арқылы адамдардың денсаулығына, табиғатқа зиян келтірілгенде оларды жауапқа тартуды, келтірілген зияндардың орнын толтыруын талап етуге, сотқа іс қозғауға.
  • Заңдарда және өзге нормалық құжаттарда қарастырылған басқа құқыларын белгіленген тәртіппен жүзеге асыруға құқылы.

Сонымен қатар, қоғамдық экологиялық ұйымдар қабылданған  табиғат қорғау заңдарына сәйкес әрекет әрекет етуге міндетті.

ҚР табиғат қорғау заңдары экологиялық ұйымдарға  қолдау көрсетуге, олардың заңды  талаптарын, ұсыныстарын орындауға  барлық мемлекеттік органдарды міндеттейді.

Экологиялық ұйымдардың әрекеттерінің басты мақсаты- табиғат, адам, заң қатынастарының үйлесімділігі.

 

 

 

 

Басқарудың  құқықтық нормалық негіздері

 

Табиғатты пайдалану  деп адамдардың табиғаттың падалы қасиеттерін  экологиялық,мәдени, сауықтыру бағытында пайдалануын айтамыз.Сондықтан табиғат пайдаланудың үш жағы экономикалық, экологиялық және мәдени сауықтыру түрлері болады.

Табиғатты пайдалану  сипаты жалпы және арнайы болуы мүмкін.

Жалпы табиғат пайдалану  ерекше рұқсат алуды қажет етпейді, азаматтардың табиғи құқығы, қажеттілігі есебінде жүзеге асырылады. Жалпы пайдаланылатын табиғат нысандары жеке азаматтарға не заңды тұлғаларға жеке меншік ретінде бекітіп берілмейді және табиғат пайдалануды қамтамасыз ететін құрылыстар, құрылымдар салынбайды.

Арнайы табиғатты пайдалану  үшін жеке азаматтар, заңды тұлғалар құзыретті мемлекеттік органдардан  рұқсат алады. Рұқсаттар мақсатты түрде  болады. Арнайы табиғатты пайдалану  табиғат ресурстарын, олардың қасиеттерін, тұтынумен байланысты. Сондықтан ҚР қабылданған заңдар мен құқықтық реттеуге жатады.Арнайы табиғатты пайдалану ережелері тәртіптері, заңдары жер,орман,су, жер қойнауын пайдалану кодекстерінде, табиғатты, атмосфера ауасын, жануарлар дүниесін қоғау туралы заңдарда қарастырылған.

Табиғат ресурстарын тұтынуға және жеке табиғат пайдаланушыларға рұқсат –лицензия Қазақстан Үкіметінің қаулыларына сәйкес беріледі.

Табиғат пайдалануға  лицензия дегеніміз рұқсат беру, шектеу, тыйым салу, өкілеттік беру және т.с.с. құқықтық- әкімшілік басқару  көрінісі. Мағынасы бойынша табиғатты пайдалануға лицензия үш сипатта болады : 1. ол табиғат ресурстары иесінің не иеленушінің құзыреті.

2. табиғи ресурстарын  қорғауды, тиімді пайдалануды мемлекеттік  бақылау.

3. табиғат ресурстарын  пайдалану қатынастарын реттеу

Лицензия әрбір табиғатты  пайдаламну әрекетіне бір жылға  беріледі. Эколгиялық талаптарға, ресурсты пайдалану орнына және т.б. себептерге сәйкес лицензия шектелуі мүмкін.Лицензия сұраушыларға ол, негізінен, бәсекелестік жағдайда берілгені дұрыс.Лицензия берген органдар белгіленген тәртіптер орындалмағанда, экологиялық, санитарлық ережелер бұзылғанда рұқсатын қайтып алады.Сондай-ақ, лицензия нақты табиғат пайдаланушыға, нақты ресурсқа беріледі.Сондықтан  лицензияны табиғат пайдаланушылар өз еріктерімен бір-біріне беруіне болмайды.Сонымен қатар лицензия қайтарылып алынғанда не лицензия берілмегенде оны сұраушылар арбитраждық сотқа шағына алады.Лицензияда қарастырылған шарттардың орындалуын жергілікті аймақтық –салалық басқару органдары бақылайды.

Лицензияның бірнеше түрлері бар. Табиғат ресурстарының қандай да бір түрін пайдаланумен байланысты әрекетке лицензия.Бұл лицензия екі қызмет атқарады: табиғат ресурстарын пайдаланудың заңдылығын, тиімділігін бақылау, экологиялық, санитарлық нормалардың орындалуын бақылау және нақты ресурсты пайдалануды мөлшерлеу. Сонымен, лицензия табиғат пайдалану саласында бір-бірімен байланысты- қорғау және реттеу екі қызметін атқарады.

Жер қойнауын пайдалануға  рұқсат:геологиялық барлауға, пайдалы  қазбаларды өндіруге, жер асты құрылыстарын салуға және пайдалануға, зиянды заттарды көмуге, ағынды суларды төгуге, ерекше қорғалатын территориялар құруға беріледі.Лицензия 4 түрі:

  1. Барлауға 6 жыл, 2 рет ұзартылады.
  2. Өндіруге 25 жыл, шексіз ұзартылады.
  3. Жер асты құрылыстарына
  4. Барлау және өндіруге бірлескен лицензия

Суды арнайы пайдалануға  лицензия су қорын белгілі шекте  және мерзімде берілген мақсатқа, бекітілген талаптар мен шарттарды орындай  отырып, су пайдалануға рұқсат болып  табылады.Қазақстанның су кодексі су пайдаланудың мынадай шарттарын  белгілейді:пайдалану мақсаты, кеңістігі, шектері, төлем шарты, суды қорғау және тиімді пайдалану туралы талаптар. Су нысандарының маңыздылығына байланысты су пайдалануға рұқсатты республикалық, облыстық, аудандық жергілікті атқарушы және арнайы органдар береді. Экологиялық жағдай өзгергенде, табиғи ортаға, адамдардың денсаулығына қауіп төнгенде берілген рұқсат қайтып алынады.

Орманды пайдалану негізгі  және жанама заңдарда қарастырылған. Негізгі  пайдалану -ағаш және шайыр дайындау, жанама- жидек,жаңғақ, саңырауқұлақ жинау, шөп шабу,бал арасын өсіру, аң-құс ату, балық аулау және т.б.

Орманды пайдалануды  бұлай бөлу лицензия бергенде маңызды  рөл атқарады.Орманды негізгі  пайдалану жоспарлы жүзеге асырылады.Ол үшін: ағашқа қажеттілік анықталады, орманныңғ  жеке бөліктері, орман шаруашылықтары бойынша бір жылда кесуге болатын ағаш шамасы, яғни жылдық өсімі ескеріле отырып ағаш кесу шегу белгіленеді, әр ауданда кесуге болатын ағаштың жалпы көлемі анықталады. Кесуге болатын ағаш қорын ескере отырып бекітілген тәртіппен орман шаруашылықтары ағаш кесу билеттерін береді.

Ағаш кесу билеті- орман  шаруашылығында қолданылатын лицензияның  бір түрі. Онда кесілетін ағаш көлемі, рұқсат етілген кесу әдісі, кесілетін  ағаш түрі, орны, мерзімі және ағаш кесуді бастау мерзімі мен аяқталуы көрсетіледі.Орманды пайдалану шарттарының орындалуын аудандық, қалалық орман шаруашылық- басқармалары бақылайды. Орманды пайдалануға рұқсат берілгенде орманды қорғау және орман өсіру ережелері сақталуы тиіс. Соларға сәйкес: орман ресурсын сарқылтпай пайдалану,орманқорынңжерін тиімді пайдалану, орманның климат түзеуші, су қорғау және т.б. экологиялық қызметтерін арттыру принциптері басшылыққа алынады.

Информация о работе Дәріліктік өсімдіктер