Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Ноября 2015 в 13:36, реферат
Экономиканың ілгерілеуі біздің азаматтарымыздың игілігіне өздігінен кепілдік бере алмайды. Гүлденген экономика жағдайында ақ өз денсаулығын дұрыс күтпеуі және қоршаған ортаның ластануын салдарынан науқас адамдардың саны жылдан- жылға өсіп отырғанын көзге елестету қиын емес.Өнеркәсіп салаларының дамуы, одан алынатын өнімдер адам баласына өте қажет.
Планетамыздағы экологиялық антропогендық өзгерістердің бірі-атмосфералық ауаның жылдық орташа температурасының жоғарылауы.Соңғы екі жылда ормандардың азаюы мен, отынды көп жағудан ауадағы көмір қышқыл газдың үлесі көбейгендіктен әр бір елу жылда ауа 1,5 градусқа дейін жоғарлап отырғаны байқалды.
Ластағыштар табиғи және антропогендік бірінші реттік (тікелей ластану көздерінен шыққан түрлері) және трансформациялық екінші реттік ( бірінші немесе екінші реттік химиялық реакциялар арқылы түзетілетін түрлер) болып бөлінеді.[12] Ластағыштардың көбі (пестицидтер, пластмассалар, беттік активті заттар) табиғи жағдайда өте баяу ыдырайды, ал кейбір улы қосылыстар (сынап, қорғасын, т.б ауыр металдар) мүлде залаласыздандырылмайды. Ластанған аймақтарда адамдардың, әсіресе балалардың ауруы оның ішінде тыныс алу органдары мен қан аурулары, аллергия, бронх демікпесі, т.б едәуір көбееді.[13]
Қоршаған ортаның негізгі принциптері:
Азаматтардың құқықтары :
Өмірі мен денсаулығына қолайлы қоршаған табиғми ортаға |
Қоршан табиғи ортадағы зиянды факторлардың әсерінен денсаулықтарын қорғауға |
Белгіленген тәртіппен табиғи ресурстарды пайдалануға, оларды қорғау мен сауықтыруға экологиялық заңдармен, экологиялық маңызы мол шешімдердің қабылдауына қатысуға |
Экологиялық жағдай туралы толық, дұрыс аппарат алуға, таратуға, кәсіпорындардың, құрылыстардың және өзге объектілердің адам денсаулығына теріс ықпал ететін шаруашылық және де басқа да қызметі шектеуді тоқтатуды талап етуге |
Экологиялық қауіп тұғызбайтын, қолалйлы жұмыс жағдайын талап етуге |
Экологиялық заңның бұзылуынан келтірілген залалдың өтелуін талап етуге |
Қоршаған ортаны қорғайтын қоғамдық бірлестіктер мен қоғамдық қорлар құруға |
Заңда қарастырылған тағы да басқа құқықтар |
Міндеттері:
Азаматтардың экологиялық құқықтар мен міндеттері саяси, ұйымдастыру, экономикалық, заң және идеологиялық жолдармен жүзеге асырылады.
Павлодар облыс орталығы, Павлодар қаласы Ертіс өзенінің бойына 1861 жылы қоныстанған. Қалада 352,9 мың адам тұрады. Облыс экономикасы энергетика, металлургия, машина жасау, химия өнеркәсібін арқау тұтады. Көмір өндіретін «Богатырь» разрезі, Екібастұздағы электростанциялар, трактор алюминий, мұнай өндіретін зауыттар, облыс өндірісінң айтуы шаруашылықтары. Тың және тыңайған жерлерді игеру кезінде облыс шаруашылықтары тез көтерілді. Темір жолдың ұзындығы 733 шақырым, автомобиль жолының ұзындығы 5 мың шақырым.
Өнеркәсіптік өнім өндірісі
(млрд тенге)
Павлодар облысы экономикалық дамуының күшті және әлсіз жақтары,
мүмкіндіктері мен шектейтін факторлары облыс дамуының қолданыстағы бағдарламаларының тиісті іс-шаралар жоспарының нәтижелерін талдау,
статистикалық ақпарат,іскер топтар өкілдерімен талқылау негізінде анықталады.
КҮШТІ ЖАҚТАРЫ
ҚАУІПТЕР
Көмір өнеркәсібі күрделі өнеркәсіп салаларының бірі болып саналады. Көмірді негізгі пайдаланушылар электрэнергетика -39%, өнеркәсіп пен үй-жәй секторы 35%, коксохимия өнеркәсібі -14%, ауылшаруашылығы – 5%. Көмір кен орындары ХІХ ғасырдың ортасынан бастап пайда болды. 1855 жылдан бастап Қарағанды бассейіні, 1869 жылы Ленгір,1895 жылы Екібастұз кен орындары игерілді. Тас және қоңыр көмір 10 бассейінде,149 кен орында орналасқан; зерттелген қордың мөлшері 2 млрд тонна үстінде.
Көмір алу барысында ауа өте көптеген шаң тозаң бөлініп шығады.Газды шаңнан тазалаған кезде, шаңның физикалық-химиялық көрсеткіштері сипатталады.Газдың оның құрамындағы-газ және бу тәрізді қоспалардан айыру үшін абсорбция, адсорбция және термиялық катализдік әдістер кенінен пайдаланылады.
Көп сатылық тазалау және залалсыздандыру процессі шығарымды газдардың құрамы құрделі, сонымен қатар ондағы улы заттектердің көлемі өте жоғары болғанда әртүрлі әдістермен аппараттарды қолдану арқылы жүзеге асырады.Көмірді жабық және ашық әдіспен алғанда атмосфераға бөлінетін негізгі компоненттердің газ бен шаң түрінде улы заттар әртүрлі көлемде болады.Ашық әдіспен алғанда (бізде Екібастұзда\) зиянды заттар көп бөлінеді мысалы, шаңды үстаған жағдайдын өзінде бұрғылау арқылы ұнғыма қазғанда ауа тасталатын шаңның мөлшері 30 дан 120 мг/с дейін ал шаң ұстағыш қондырғылар болмағанда 2200 мг/с дейін шаң бөлінеді.Бұрғылау кезінде қоршаған орта көміртек, күкүрт, азот,оксидтерімен, көмірсу тектерімен, минералды тұздармен ластанады.
Автокөлік жолдарынан, карьерлерден бұрылғанда, тасымалдау, аудару жұмыстарының, жүргізгенде шығаратын шаң мөлшері суды сепкілеу арқылы азайтылып отырылады.Тау жынысын бұрғылау кезінде орта есеппен жұмсалатын судың көлемі 100 л /тоннадан 1200л /т дейін.Қыстың күні судың орнына шаңды басуға магний, кальций немесе натрий хлорид тұздарының ертінділері қолданылады.Минус 20 С суықта 1м3 суға 40 кг тұз керек,ал - 20 0 С 300 кг тұз ертіледі.
Қатты отынды жер қойнауынан алғанда, оны дайындағанда, тасмалдағанда және жаққанда биосфераға зиянды әсерін тигізетін факторлар:
Әсердің түрі |
Тигізетін зардаптары |
Қорғау тәсілдері |
Атқылау жұмыстары |
Газ-шан-ауа қосындысының атқылауы мүмкін |
Атқылау жұмысын жүргізу үшін қорған жасау |
Тау-кен-шығарылған жерден бөлінген заттар, тау жыныстары үйінділерінен , ашық карьерлерден, автокөлік жолдарынан шығарылатын шаңмен газдар |
Ауаның шаң, метан, көміртек диоксиды улы заттармен ластануы.минералды тұздардың суаттарға түсүі |
Шаң үстайтын қондырғыларды және шаң босататын әдістерді қолданып шаңды басу |
Террикондардың пайда болуы |
Ландшафтың бұзылуы, құнары жерлердің шаруашылық айналымның шеттелуі, фауна түр құрамының азаюы, көмір қалдықтарының жанып, түтүндеп ауаны ластауы |
Жерді рекультивациялау террикондарды автокөлік жолдарын салуға пайдалану. |
Сақтаған кезде көмірдің төтығуы мен өз бетімен жануы |
Түтінмен улы заттардың бөлінуі, отынсапасының төмендеуі |
Көмірді ауадан изоляциялау, көмір сапасын анықтайтын тексеру жүйесін орнату. |
Көмірді тасымалдау |
Отын шығыны және атмосфераның ластануы |
Жабық вагондарды, құбырларды пайдалануы. |
Қатты отынды дайындау және жағу |
Көмір үнтағының қопарылу қауіптілігі |
конструкциямен жабдықтарды бекіту, қопарылысты болдырмау мақсатында ингибиторларды пайдалануы. |
Енді энергетика өндірісінің қоршаған ортаған тигізетін әсерін қарастыратын болсақ, оның зиянды әсері отынды жерқойнауынан шығарғаннан бастап электр энергиясына айналдырған және тұтынушыларға берген кезендердің бәрінде орын алады екен. Ластанушы компонентердің түрі мен мөлшері қолданылған отынның табиғатына, химиялық құрамына және жағу технологиясына байланысты.Әртүрлі отын түрлерін қолданғанда ЖЭС-нан атмосфераға тасталатын зиянды заттардың мөлшері,г/кВт.сағ.
Ластаушы компонент |
Отын түрлері | |||
Тас көмір |
Қоңыр көмір |
мазут |
Табиғи газ | |
Күкүртті газ |
6,0 |
7,7 |
7,4 |
0,002 |
Азот оксидтері |
21,0 |
3,4 |
2,4 |
1,9 |
Қатты бөлшектер |
1,4 |
2,7 |
0,7 |
- |
Фтор қосылыстары |
0,05 |
1,11 |
0,004 |
- |
Қатты отынды жаққанда күл, смола, күкүрт пен көміртек оксидтері, шаң бөлінеді.Отын жаққанда табиғи ортаның ластануын азайту үшін шаң, газ үстайтын қондырғыларды (сүзгіштерді) қолданған орынды.осындай қондырғылар зиянды заттардың 90-95 пайызын ауаға жібермеуге мүмкіндік туғызады.Оттықтан алынған күлмен шлактардың үйінділерін сақтау біраз жер көлемін қажет етумен қатар желмен ушып летасфераны аумақты көлемін ластайды.
Кейінгі 10 жылда өнеркәсіп орындарының жұмыс істеу қабілеттерінің төмендеуіне байланысты атмосфераға шығатын ластаушы қалдықтардың көлемі екі есе кемиді.Бірақ өндіріс орындарының жұмысқа қосылуына байланысты экономиканың дамуына байланысты, ауаны ластаушы қалдықтар көлемі ұлғаюда.Атмосфераны ластаушы қалдықтар көбінесе жылу электр орталықтарынан және металлургия өндірістерінен шығады.
Қалдықтар структурасы төмендегідей:
Екібастұз көмірінің күлі - 46 %
Күкірт диоксиді – 35 %
Азот оксидтері – 12 %
Көміртек оксиді – 5 %
Павлодар облысы бойынша атмосфераны ластаушы негізгі көздер төмендегі өндіріс орындары:
АҚ «Павлодарэнерго» (ЖЭО2,3)
АҚ «Алюминий Қазақстан», Павлодар мұнай-химия зуытының акционер қоғамы
АЕS «Екібастұз», Екібастұз ГРЭС- 2, Еуразиялық энергетикалық корпорациялық акционерлік қоғамы,Екібастұз жылу орталығы, «Богатырь Аксес Көмір» серіктестігі.Бұл динамикада мен көбінесе Павлодар облысындағы өзіміздің Екібастұз қаласы бойынша қоршаған айналаға қауіп төндіретін ГРЭС-1,ГРЭС- 2, көмір разрездері.Ең негізгі қателік өндіріс орындағы экологиялық талаптарды орындамау,ауаны қорғау шараларының жасалмауы, шаң және газ аулайтын құралдардың тиімсіз жұмыстары.
Осындай проектілік қателіктің салдарынан Екібастұз станцияларында (ГРЭС-1,ГРЭС- 2) электрофильтрлері бірнеше жыл жұмыс істемей тұрды.Қазіргі уақытта жұмыс жасап тұр.Өндірістерді дамыту бағдарламасымен сәйкес АЕS «Екібастұзда», Екібастұз станциясында (ГРЭС- 2) 2006-2010 жылдар арасында күлсүзуші жүйелерінің конструкциялары қайтадан жасалынбақшы.
Күлсүзуші жүйенің қайта жасалуы күлді сүзіп алу жұмысын 99,5%-ға дейін ұлғайтады
Екібастұз көмір кесінділерінде көмір алу барысында ауаға өте көптеген шаң тозаң бөлініп шығады.Көпсатылық тазалау және залалсыздандыру процесі шығарымды газдардың құрылымы күрделі, сонымен қатар ондағы улы заттектердің көлемі өте жоғары.
«Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі облыстық бағдарлама » 2005-2007 жылдарға қабылданған болатын.
Облысымызда экологиялы жағдайды жақсарту мақсатымен өте үлкен жұмыстар жүргізілуде.Мысалы, «Таза ауыз суы» 2001-2003 жылдары жүзеге асты.Біздің ауылда да таза ауыз суымен қамтамасыз етілдік.Ауыл жағдайын көтеру мақсатымен «Ауыл 2003»бағдарламасы жүріп өтті.
Шідерті елді мекенінде үлкен тас үгіту зауыты бар.Тас үгіту барысында атмосфераға көп мөлшерде шаң-тозаң бөлінеді.Ауаның ластану көздерінің бірі – ол теміржол және автомобиль жолының бары.Орта есеп бойынша автотранспорттардан бөлінген зиянды қалдықтар жылына 1332,868 тонна құраса,теміржол транспортынан бөлінген – 221,720 тонна құрайды.Қолданып отырған теміржол Қазақстан бойынша ұзындығы 14,2 мың шақырым (2001ж) соның ішінде 72 пайызы тепловоз, ал 28 пайызы электровоз күшімен жүргізіледі.
Қорыта айтқанда бүгінгі таңда аса кұрделі экологиялық мәселе - биосфера тіршілігін тұрақты ұстау табиғи ресурстарының тиімді пайдалануы, өнеркәсіп салаларын дамыта отырып өнімдерін алу және қоршаған ортаны қорғау болып тұр. Қазақстанда “Қоршаған ортаны қорғау туралы” Заң 1991 жылы қабылданған.Осы заң қазіргі және болашақ ұрпақтардың мүдделері үшін қоршаған ортаны қорғаудың құқықтық, экономикалық және әлеуметтік негіздерін белгілейді және экологиялық қауіпті қамтамасыз етуге , шаруашылық және өзге де қызметтін табиғи экологиялық жүйелерге зиянды әсерін болғызбауға, биологиялық алуан тіршілікті сақтау мен табиғатты тиімді пайдалануды ұйымдастыруға бағытталған.
Информация о работе Қазақстан Республикадағы ауа қорының ластану проблемалары