Қазақстан Республикадағы ауа қорының ластану проблемалары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Ноября 2015 в 13:36, реферат

Краткое описание

Экономиканың ілгерілеуі біздің азаматтарымыздың игілігіне өздігінен кепілдік бере алмайды. Гүлденген экономика жағдайында ақ өз денсаулығын дұрыс күтпеуі және қоршаған ортаның ластануын салдарынан науқас адамдардың саны жылдан- жылға өсіп отырғанын көзге елестету қиын емес.Өнеркәсіп салаларының дамуы, одан алынатын өнімдер адам баласына өте қажет.
Планетамыздағы экологиялық антропогендық өзгерістердің бірі-атмосфералық ауаның жылдық орташа температурасының жоғарылауы.Соңғы екі жылда ормандардың азаюы мен, отынды көп жағудан ауадағы көмір қышқыл газдың үлесі көбейгендіктен әр бір елу жылда ауа 1,5 градусқа дейін жоғарлап отырғаны байқалды.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Қазақстан Республикадағы ауа қорының ластану проблемалары..doc

— 258.50 Кб (Скачать документ)

“Ауа, су, жер туралы ой- бұл сайып келгенде, адамның өзі туралы “ 

                                               Ш.Айтматов


 

Кіріспе

 

Экономиканың ілгерілеуі біздің азаматтарымыздың  игілігіне өздігінен кепілдік бере алмайды. Гүлденген экономика жағдайында ақ өз денсаулығын дұрыс күтпеуі және қоршаған ортаның ластануын салдарынан науқас адамдардың саны жылдан- жылға өсіп отырғанын көзге елестету қиын емес.Өнеркәсіп салаларының дамуы, одан алынатын өнімдер адам баласына өте қажет.

Планетамыздағы экологиялық антропогендық өзгерістердің бірі-атмосфералық ауаның жылдық орташа температурасының жоғарылауы.Соңғы екі жылда ормандардың азаюы мен, отынды көп жағудан ауадағы көмір қышқыл газдың үлесі көбейгендіктен әр бір елу жылда ауа 1,5 градусқа дейін жоғарлап отырғаны байқалды. Бүкіл әлемдік жылудың 50 % көмір қышқыл газы, 15-20 пайызы хлор-фтор көміртек қосылыстары,18 пайызы метанға байланысты.Метан жайылмалы шабындықтар мен күріш егістерінде, мал және қалалық қалдық өнімдердің шіруі кезінде білінеді.Бұлар озон пердесін бұзып, жылудың космосқа таралуын болғызбайды (парник эффектісі).

Жеке адам күніне 25 кг таза ауа пайдаланады өнеркәсіпте көптеген аса маңызды бұйымдармен бәрі дәрмектер тек қана таза ауа жағдайында өндіріледі. Мысалы: жартылай өткізгіштер (полупроводники) антибиотиктер, вакциналар.

Табиғи таза  ауаның құрамында: 78,09-азот, 20,95- от тегі,0,93-аргон, 0,03-көмірқышқылгазы, 0,01-неон, гелий крептон ксенон су тегі, азон қоспалары және өте ұсақ аралас шаң тозаң болады. Атмосфераның табиғи құрамының өзгеруі- ауаның ластануы деп аталады.Ауаның ластануына не себеп болады? Айналадағы ортаны өзгерте отырып, адам өзі де осы өзгерген табиғатты әсеріне үшрайды.

Тақырыптың мақсаты:

 Қазақстан Республикамыздағы, Павлодар облысындағы, Екібастұз  қаласындағы Шідерті және Шиқылдақ ауылында ауаның өзгерілу себептерін, адамға әсерін дәлелдеу.Осы мақсатты шешу барысында мынадай жұмыстар істелінді.

1.Зерттелген жұмыс бойынша әдебиеттермен  танысу.

2.Экологиялық мәселелерді қарастыратын  Екібастұз қаласындағы экологиялық орталықтын жұмысымен танысу.

3.СЭС және  Шідерті емханасынан  статистикалық мәлімет алу.

4.Қалалы жерде, өнеркәсіп өңірлерінде, ауылдық жерде ауаны таза ұстауды  ұйымдастыру жұмыстары.

Таза ауа- денсаулық кепілі.

 

 

 

 

Қазақстан Республикадағы ауа қорының ластану проблемалары.

Қазіргі кездегі ғылыми техникалық прогресстің дамуы, ауылшаруашылық салаларының өркендеуі және жер бетіндегі халық санының артуы айналадағы табиғатқа орасан зор әсер етеді. Бұл бүкіл адамзатты төлғандырылған келелі де күрделі мәселе болып отыр.

Табиғат біртіндеп өзгеруде.Адам табиғаттан тыс өмір сүре алмайды.Қазіргі кезде  қоғам мен табиғаттын өзара әрекеттесуін кең көлемінде жүретіндігі соншалық, мұның өзі бүкіл дүние жүзілік көлемінде экологиялық мәселе тудырады.Бұл мәселе қоғам өмірін индустрияландыру мен урбандалу нәтижесінде айналадағы ортаны ластануына, энергетика мен шикі зат қорына азаюына,табиғи экологиялық байланыстың бұзылуына, адамның шаруашылық әрекетінің қалдықтары мен табиғаттың ластануының нәтижесі ретіндегі энергетикалық зиянды зардаптарға байланысты.[10].Бұл өзгерісті судан, ауадан, жерден, яғни барлық жер қабығынан байқауға болады.Қазақстандағы экологиялық проблемалар шиеленісуі жалпы әлемдік шиеленістен кем емес. Еліміздің тарихындағы ең қайғылы парақтардың бірі-Семей ядролық сынақ полигонының өмірге келуі.Алғаш жарылыс дауысы 1949 жылы 29 тамызда естілді. Семей ядролық полигоны ауданында 450 ден астам жер үсті және жер асты ядролық сынақтарының өткізілуі нәтижесінде атмосфераға, гидросфераға және литосфераға өте көп мөлшерде радиоактивті материалдар шығаруда.Тек Семей ядролық полигоны ғана емес, соған жақын жатқан орасан үлкен аумақтар (Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан,Жезқазған облыстары және Ресей Федерациясының Алтай өлкесі)- 18 000 км2. Радионуклеотидтермен  ластанған болатын Қазақстандағы сансыз ядролық зерттеулердің салдарлары әліде толық зерттелген жоқ.Белгілі ақын Олжас Сүлейменовтың басшылығымен Невада-Семей экологиялық қозғалысы Семей ядролық полигонында сынақ өткізуге толық тиым салды.Бұған қазақстандықтар толық белсенді қатысты.Қазақстан президенті Н.Ә.Назарбаев Республикада ядролық сынақтарды өткізуге мораторий жариялады.[9]Елбасы Н.Ә.Назарбаев  “Семей ядролық сынақ полигонының жабу туралы” Жарлығына 1991 жылы тамыздың 29-да қол қойды. Қазіргі кезде Семей аймағын зерттеу жұмыстары әлі де жүргізілуде.

Арал теңізінің проблемасы-мақта және күріш егістігіне Сыр дария және Аму дария өзендерінің суын мейірімсіз пайдалану осы апаттың себебі болып табылады.Адамның  іс-әрекетінің нәтижесінде Арал теңізінде аталған өзендердің суы өте аз мөлшерде жетті.Бұл теңізге келетін су көздері болмағандықтан, Арал теңізі 30 жылға жуық аралықта өз суының жартысынан айрылды, сөйтіп іс жүзінде екі көлге-Қазақстандық және Өзбектік көлге бөлінді. Соның нәтижесінде бұрынғы теңіз түбінде орасан үлкен тұзды аумақ  түзілді. Миллиондаған тонна шаң және тұзды жел көтеріліп, едауір қашықтыққа үрлеп жеткізеді де, өте үлкен аумақты тұз басады.Бұл апаттың зардабы Орталық Азияның барлық республикаларына дерлік тиді.Орталық Азияның республикаларының үкіметі Аралды құтқару жөнінде бір қатар пәрменді шараларға келісті.Бірінше кезекте Арал теңізіне құятын өзен ағысын ұлғайту жөнінде шаралар қабылданатын болады. Құмды бекіту үшін бұрынғы теңіз түбіне ағаш отырғызу жұмысы кеңінен өткізілмекші.[9]

Арал проблемасымен айналысатын сарапшылар теңізді тіпті бұрынғы ернеуіне жеткізіп, қалпына келтіре алмағанның өзінде су деңгейін көтеру толық іске асатын жұмыс екеніне сенімді.Ал зоологтар байқағандай, Арал маңынын сол түстігінде кейбір құстардың ұя салуға оралуы да мұндағы бұрынғы экожүйені қалпына келтіру мүмкіндігі барын білдіреді.

Тағы бір ауыртпалық түсіретін экологиялық нүкте- Балқаш көлі. Олда әлемдік қоғамдастардың назарын аударуда.Мұндағы жоспарланған Алматы  электростанциясының құрылысы престе қызу талқылауда.

Қазақстанның экологиялық проблемаларының ішінде мүлде жаңа, бірақ атауға болатын едауір қауіпті проблема бар.Ол Қазақстанның мұнай-газ саласының қарқынды дамуының нәтижесінде пайда болған қауіпті және улы заттармен орасан үлкен аумақтын ластану проблемасы. Каспий теңізінің тірі табиғатына өте үлкен қауіп төнуде.Қазіргі уақытта Каспий теңізінің түбінен мұнай –газ алынып бекіре тұқымдас балықтар қырылып жойылуы мүмкін.Барлық бекіре тұқымдастардың дүниежүзілік қорының үлкен бөлігі  Каспий теңізінің үлесіне тиеді.Мұнай және газ тауып алудың орасан үлкен қарқыны іліспе улы газдардың, ең алдымен тұзды ерітінділердің миллиондаған тоннасы шығарылуына айналдырылады.Батыс қазақстан тұрғындарына, өсімдіктермен жануарларына түзетуге келмейтін зиян келтіреді  және күкүрт, азот және көмір су акситтерінің көп мөлшерде сыртқа шығарады және ауаны ластайды.Н.Ә.Назарбаев Қазақстан 2030-Стратегиялық жоспарда (1997 ) экология және табиғи ресурстарды сақтау мәселелеріне айрықша назар аударған.[4]Қоршаған ортаны қорғау мақсатында халықаралық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі міндеттер алға тартылады.

Қазақстан өнеркәсібі дамыған мемлекеттердің бірі өзінің көптеген табиғи байлығы да бар.Ірі өнеркәсіп дамыған қалалары Алматы,Тараз, Шымкент, Ақтау, Павлодар.Кейбір қалалардағы ластаушы көздері мен олардан шығатын ластаушы заттектер туралы мына кестені ұсынамын:

 

Қалалар

Негізгі ластаушы көздер

Атмосфераны жоғары мөлшерде ластайтын заттектер

Алматы

Энергетика автокөлік, үй құрылыс комбинаты, асфальт-бетон зауыты, ауырмашина жасау зауыты

Бензин, бензопирен, формальдегид, шаң, көмір қышқыл газы, күйелер, азот оксидтері,ауыр металдар, аммиак.

Тараз

Фосфор зауыты,энергетика автокөлік

Бензопирен, аммиак, фторлы сутек,шаң, күкүрт ангидриды, азот және көмір тек оксидтері, күйі.

Өскемен

Қорғасын –мырыш, титан-магний комбинаттары, энергетика, автокөлік, цемент зауыты

Бензопирен, формальдегид қорғасын, күкүрт, көміртек, азот оксидтері,мырыш, хлор, ауыр металдар, көмір сутектері

Шымкент

Қорғасын, фосфор,цемент зауыттары, автокөлік, ЖЭС 

қорғасын және басқа ауыр металдар шаң, бензопирен, күкүрт, азот тағы да баска оксидтері.

Түркістан

Мақта тазалайтын зауыт, қазандықтар, темірбетон зауыты, автокөлік, теміржолы объектері

Көміртек оксидтері, бензопирен,ауыр металдар, пестицидтер, тұздар, күл, шаң, күйе.

Балхаш

Тау-кен металургия комбинаты, жылу электр орталығы

Кұкүрт, көміртек, азот оксидтері, мышьяк,қорғасын және  де т.б.ауыр металдар, шаң-тозаң.

Ақтау

Атом электростанциясы, автокөлік,

Радиоактивті заттектер,мұнай,көміртек, азот оксидтері, көмір су тектер

Атырау

Мұнай өңдейтін өндіріс орындары, химия зауыттары, гипс өндірісі, автокөлік

Күкүртті сутек, көмір сутектер, шаң-тозаң,

Теміртау

Қара металлургия (булат пен шойын өндірісі), автоклік, синтетикалық каучук зауыты

Финол, шаң, көмаіртек, азот оксидтері,бензопирен,сынап,

Ақтөбе

Хром феросплав химия зауыттары, жасанды талшық өндірісі,энергетика, автокөлік

Фром қосылыстары, азот оксидтері,фторлы газдар, сульфаттар, күкүртті

Қостанай

Тау-кең өнеркәсібі, жөндеу механикалық зауыты, энергетика, машиналардың шинасын жөндейтін зауыты, түрлі түсті жасанды талшық өндіретін химия зауыты, құрылыс-мантаж конструкциялар комбинаты, темір-битон, қызыл және силикатты кірпіш зауыттары, “Транс Петролеум”

Аммиак, көміртек оксидтері, шаң төзаң ауыр металдар көмір сутектері

Павлодар

АҚ “Қазақстан аллюминий”,автокөлік, жылу электр орталығы, мұнай өндеу зауыты,

Фторлы қосылыстар, көмір тек, азот оксидтері, бнзопирен, көмір су тектері, шаң

Жезқазған

Тау-кең металургия комбинаты, жылу электростанциясы, кірпіш зауыты,

күкүрт оксидтерімен тұздары, мышьяк, ауыр металдар

Қарағанды

Синтетикалық каучук өндіретін зауыт, коксохимия өндіріс металлургия комбинаты, автокөлік

Көмір қышқыл газы, аммиак,  күкүрт қышқылының буы, күкүртті сутек, азот оксидтері, күйелер, көмір сутектер

Семей

Цемент зауыты, автокөлік

Азот , күкүрт, көміртек оксидтері, цемент шаңы, ауыр металдар, бюензопирен,радиоактивті элементтер,

Рудный

Соколов- Сарбай кен байту комбинаты, азбест комбинаты, кірпіш зауыты, темір бетон конструкциялары комбинаты, машина жасау өнеркәсібі

Темір қосылыстары шаң, күкүрт, фосфор оксидтері, қорғасын, мырыш, көміртек оксиді

Лесаковск

Кеңбайту комбинаты, автокөлік,

Фосфор оксидтері,темір қосылыстары, шаң көмір тек,азот оксидтері күйе,

     

 

Өнеркәсібі мен ауылшаруашылығы жақсы дамығанымен көмірсутекті минералдарға бай аймақтар тобына Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстары жатады.

   Батыс Қазақстан облысында  Қарашығанақ ірі газ- конденсат  кең орны бар.Солтүстік Қазақстан  облысы бидайдан қатты және  төзімді сорттарын өсіруге қолайлы ауылшаруашылық жерлерге бай.Солтүстік Қазақстан облысының республика ауылшаруашылығының жалпы өнімінен алатын үлесі 11 %,Батыс Қазақстан облысының үлесі 4%.Аграрлық облыстар жеке топ құрайды:бұлар- Ақмола,Алматы және Қызылорда облыстары, мұнда өнеркәсіптің алатын орны төмен.Сонымен қатар,Қызылорда облысында әйгілі Құмкөл мұнай кен орны бар, Ақмола облысында ірі алтын,уран,молибден,техникалық алмас, доломит,каолин қорлары,темсір кен орны,Алматы облысында- түсті металдар кендері барланған. Бұл облыстарда шағын машина жасау, жеңіл және тамақ өнеркәсіптері бар.Қызылорда облысында мұнай өңдіру өнеркәсібі шапшаң дамуда.Астана қаласында ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу өндірісі және ауылшаруашылық машиналарымен құрал-жабдықтарын жасау кәсіпорныдары орналасқан.

     Атап шыққан қалалардың көбісінде кейбір ластағыштардың мөлшері ШРК-дан асқан. Жалпы зиянды зат тектердің шығарындыларында негізгі үлес көліктерге келеді.Қазақстан Республикасының статистика агенттігінің тұрақты көздерден атмосфераға шығарылатын зиянды заттектердің мөлшері әр облыс бойынша[17] келесі кестеде көрсетіледі:

 

ҚР облыстарының аталуы

Зиянды заттек шығаратын кәсіпорындар саны

Атмосфераға тасталатын зиянды заттектердің көлемі

(мың тонна)

қатты

Газ тәрізді және сүйық

 Оның ішінде

SO2

H2S

CO

NOx

NH3

Қазақстан

2921

687

1640

983

1,3

360,5

160

1,2

Ақтөбе

97

5

41,6

8,3

-

19,4

1,2

-

Алматы

293

31,2

41,1

23,5

-

5,6

4,0

0,1

Атрау

105

2,4

133

38,5

0,1

52,2

7,6

-

Шығыс қазақстан

390

35,8

129

85,2

0,9

33,3

7,5

0,1

Жамбыл

261

5,6

14,2

6,9

-

2,2

4,6

0,1

Батыс Қазақстан

200

3,0

12,3

3,0

-

3,2

1,9

-

Қарағанды

231

240

770

567

0,3

157,9

39,9

0,2

Қызылорда

44

10,6

60,2

8

-

35,7

1,1

-

Қостанай

265

46,4

41,7

32

-

5,6

3,4

-

Маңғыстау

37

17,2

53,8

1,3

-

5,0

5,4

-

Павлодар

167

202

238,4

152

-

26,9

54,0

-

Солтүстік Қазақстан

267

42,7

39,5

25,6

-

6,1

7,1

-

Онтүстік Қазақстан

84

0,9

19,2

2,8

-

2,3

1,0

-

Астана

56

20

21,5

13,8

-

1,0

6,7

-

                 

 

Қазіргі кезде атмосфераға қолайсыз физикалық әсер тигізетін  факторларға дыбыстар жатады.Техниканық дамуына байланысты жылдан жылға әр түрлі дыбыстар шығаратын көздер көбеюде.Ғылымдардың зерттеуі бойынша алынған мәліметтері естілмейтін теңселісі 20 Гц.Төменгі дыбыстарды (инфра дыбыс) адам денсаулығына әсер етеді екен.Әсіресе транспорттан және өнеркәсіптен пайда болған инфрадыбыс адам организіме қолайсыз әсер тигізеді.Қатты шулардың пайда болуы адамдардын есту қабилеттерінің  төмендеуіне және әртүрлі нерв жұйе ауруларының көбеюне себебші болады.Өндірістік шудан қорғау үшін шусыз технологиялық процесстерді, щусыз көлік пен құралдарды пайдалану, шуды азайтатын арнаулы асфальттан жол қамтамасын жасау, құрылыстарда дыбыс сіңіргіш материалдарды қолдану, жасыл желек жолақтарын өсіру, шулы өндірістерді елді мекендерден сыртқа қарай шығару, шуға қарсы арнаулы экрандар құрастыру қажет.[7]

Шуды азайтуға ең тиімді әдіс –шу шығаратын көздің (қондырғыларда, машиналарда, агрегатта және де т.б.) тікелей өзінде оның күшін төмендету.

Қазақ жері ұлан –байтақ. Бізге ата бабамыз 2724,9 мың ш.қ2 жерді ақ біліктің күші , шашақты найза үшімен аман сақтап, аманат еткен. Қазақстан мемлекет үшін транзиттік жолдардың  маңызы өте зор.Кенестер одағы дәуірінде шикі зат көзі ретінде қаралып, бір орталыққа бағытталған темір жолдар ғана салынған.Қазақстанда көліктін негізгі түрі темір жол оған барлық көлік түрінің, жүк айналамының 70 пайызы (2001 ж) тиесілі. Қолданып отырған теміржол ұзындығы 14,2 мың шақырым (2001 ж) соның ішінде 72 пайызы тепловоз ал 28 электровоз күшімін жүргізіледі.авто және теміржолдары транспорттары объектілерімен шаруашылық әрекеттері арасын байланыстра отырып транспорттық жұмыстарын атқарады.Транспорт және техниканың таралуы және сақталуы ашық және жабық типті автотүрақтарға жүргізіледі. Автотранспорттардан бөлінген зиянды қалдықтар жылына 1332,868 тонна құраса, теміржол транспортарынан бөлінген – 221,720 тонна құрайды.

Автомобильдердін іштен жанатын қозғалтқыштарында оттек жетпісбейтін жағдайда немесе күйемен көміртек диоксиді әрекеттескенде түзіліп, атмосфераны ластайтын қауыпты ластағыштын бірі түссіз және иіссіз көміртек оксиді болып табылады.Ауаға түскен соң біраз уақыттан кейін көміртек оксиді кауіптілілігі төмендеу диоксидіне айналады. Егер де көміртек оксиді 750 мг/м3 көп мөлшерде болса, адамды түншықтырып (асфиксия) өлімге душар етеді, себебі қандағы гемоглобинмен реакцияға оңай түсіп, оттекті тасымалдайтын қасиетін жояды.[10]

         Өнеркәсіптің –экономикалық дамуы өте қажет.Оның өнімдерісіз мүлде өмір сүруге болмайды.Адам баласына қаншалық зиянды болса да.Қазақстан Президентінің 2030 жолдауында былай делінген: «Мемлекеттің бір жағынан ауруды болдырмау,екінші жағынан,салауатты өмір салтын ынгталандыру жөніндегі қадамдары халықтың денсаулығына әсер ететін маңызды фактор екенін әлемдік тәжірибе көрсетіп отыр.Аурулардың алдын алу дегеніміз таза су мен кенеулі асты пайдалануды,тазарту жүйелерінің болуын,қоршаған ортаны ластайтын және экологиялық зиян келтіретін объектілерді қысқартуды, , басқа дақауіпті факторларды төмендету жөніндегі осыған ұқсас шараларды білдіреді.»[6]

Информация о работе Қазақстан Республикадағы ауа қорының ластану проблемалары