әсіпкерлік: мәні, мазмұны және формалары. ҚР кәсіпкерліктің дамуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2013 в 08:25, реферат

Краткое описание

Кәсіпкерлік – адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің басқа түрлерінен оқшауланып тұрады. Бұған кезінде атақты неміс экономисі Гарвард университетінің профессоры Иозеф Алиоз Шумпетер мән берген. Ол былай деп айтқан «Кәсіпкер болу – басқаның істегенін істемеу». Екінші жағынан кәсіпкерлер – алдымен кәсіпкерлік жұмысты ұйымдастырушылар. Ол туралы француз экономисі Жан Батист Сэй былай деген: «Кәсіпкер – адамдарды өндірістік шеңбер ауқымында ұйымдастыратын адам».
Кәсіпкерлік терминін алғаш рет айналымға енгізген ағылшын ғалымы Ричард Кантильон болды. Бұл ағымға, ол нарықтық тәуекелділік жағдайында табыс алу мақсатымен өндірісті ұйымдастырудағы адам белсенділігін жатқызды.

Содержание

Негізгі бөлім

І. Кәсіпкерлік: мәні, мазмұны формалары және түрлері

1.1. Кәсіпкерлік қызметінің мәні және негізгі ерекшеліктері.
1.2 Кәсіпкерліктің түрлері, олардың өзара қатынастары және бизнеске қатысудағы өзгешеліктері.

ІІ. Нарықтық тәуекел жағдайындағы кәсіпорынның (фирманың) қызметі мен мінез-құлқы.

2.1 Шағын кәсіпкерлік – ұлттық экономиканы дамытудың маңызды шарты.
2.2 Мемлекеттік кәсіпкерлік және макроэкономикалық реттеудің бағдарламасы

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

К_с_пкерл_кт__ дамуы.DOC

— 150.50 Кб (Скачать документ)

Қазақстан Республикасында  шағын кәсіпкерлікті  дамытуда Қазақстан  Республикасы Президентінің  «Шағын кәсіпкерліктің дамуын жандандыру мен  мемлекеттік қолдауды күшейту бойынша шаралар туралы» 1997 жылдың 6 наурызындағы қаулысының үлкен ролі бар.

Құжат өзінің мазмұны бойынша  өтпелі экономика  жағдайында шағын  кәсіпкерлікті дамытудың  мемлекеттік бағдарламасы болып табылады.

2001 жылдың басында  Қазақстан Республикасында  шағын кәсіпкерліктің 348 мың субъектілері тіркеледі, бұл елдің жұмыспен қамтылғандардың санының төрттен бірін құрайды. Шағын кәсіпорындар санын 500 мыңға дейін, оларда жұмыс істеушілер саны халықтың жұмыспен қамтылғанының 40%-на жеткізу міндеті қойылды.

Өтпелі экономикада шағын және ірі кәсіпкерліктің дамуы көп деңгейде мемлекет меншігін жекешелендірумен байланысты, себебі жоспарлы экономикада барлық орта және ірі кәсіпорындар мемлекет меншігінде болды және тек жекешелендіру оларды дербес және тәуелсіз етеді. Өтпелі экономикада орта және ірі кәсіпкерліктің жұмыс істеуі ең қиын және ең өткір мәселе болып қалады, себебі оның өркен жаюы қоғамдық сананың стериотиптерін жоюмен тікелей байланысты. Барлық мемлекеттік кәсіпорындар 1985 жылдан, қайта құрудың басталу жылынан бастап, толық шаруашылық есепте болды, яғни өзін өзі басқару мен өзін-өзі қаржыландыруда, бірақ, тек жоспардың орындалуы үшін күресті, өнімді өткізу мен өзінің сатып алушысын табу мәселелері берілген кәсіпорындар қамқорлығына кірмеді.

Осындай құнды бағдарлар бірнеше ұрпақтар өмірлері бойына қалыптасқан бір сағатта өзгере алған жоқ және нарықтық сипаттағы түсінік пен құндылықтар қалыптаса алған жоқ.

Кәсіпкерлік психологиясы тек  бір уақытта нарық  қатынастарының құрылуымен қалыптасады. ТМД  және шығыс Еуропаның көптеген орта және ірі кәсіпорындары үшін кәсіпкерлікке жылжу үшін үлкен кедергі тез өсудегі төлем төлеу алмаушылық пен зор ішкі қарыз болды.

Жоспарлы  жүйенің тездетіле  алынуы мен мемлекеттік  және нарықтық басқарудың жаңа құрылымдарының пайда болуы, олардың копетенциялары, құқықтары, міндеттері мен статусы қандай екеніне дұрыс анықтамалар енгізбеді. Пайда болған басқару дағдарысы бұрынғы мемлекеттік кәсіпорындарының өзін өзі басқаруға және өзін өзі дамытуға қабілетті және қабілетсіз деп бөлді.

 

Мемлекеттік кәсіпкерлік және макроэкономикалық реттеудің бағдарламасы

 

Қоғамдық  санада кәсіпкер –  бұл тек адам, индивидиум деген пікір берік  орныққан. Нарық қатынастарының құрылуы және даму практикасы мемлекеттік  қоғамдық мүдделер үшін белсенді кәсіпкерліук қызметпен айналыса алатынын көрсетті. Мемлекет қызметтің кәсіпкерлік саласына ерте қосылады, соғырлым өтпелі экономиканың ұзақтығы қысқа, мемлекеттік кәсіпкерлік қызметтің әріден ойластырылған дағдарысқа қарсы және инфляцияға қарсы бағдарына бола нарық экономикасы тиімді дамиды, соғұрлым мемлекетте халықаралық инвестициялық азуал өте жақсы, соғұрлым әлемдік экономикада осы мемлекеттің мәртебесі биік болады.

Өтпелі  экономика жағдайында мемлекеттік кәсіпкерлік  ерекше сипатқа, ерекше мәнге ие болды. Мемлекет нарықтық жүйе жолында заңды тұлға ретінде жаңа функцияны – кәсіпкерлік қабілетті игеру қажет.

Кәсіпкерлік қызметтің  дамуы  экономиканың негізгі  мемлекеттік меншігі  болып табылады.

Қазақстан Республикасында 2001 жылдың басында мемлекеттік  кәсіпорындардың  үлесі олардың жалпы санына 23,5% құрады.

Нарықты экономикасы дамыған  елдерде мемлекет меншігінің үлесі  көп емес, бірақ, нақ  осы ұлттық экономиканың дамуы үшін қажет  қызметтер мен  тауар шығарушы өздерінің  меншікті кәсіпорындарының болуына және бір  уақытта мемлекет бюджетін толтыру үшін қажет ақшалай қаражат табуына мүмкіндік береді.

Келтірілген кәсіпорындар Қазақстан  Республикасында  коммерциялық және коммерциялық емес бастаулардың қосылуында жұмыс істейді.

Мемлекет  кәсіпорындары олардың  дербестігінің сипатына байланысты үш топқа бөлінеді:

    1. бюджеттік (ведомстволық)
    2. қоғамдық (корпорациялар)
    3. аралас акционерлік қоғамдар (холдингтер)

Қазақстан Республикасында  мемлекеттік кәсіпорынға  мына кәсіпорындар жатады:

    1. мемлекеттік, шаруашылық жүргізуге құқы бар, толық шаруашылық есепке негізделген қорғаныс зауыттары, дәрі-дәрмек дайындау және т.б)
    2. қазыналық, жедел басқаруға құқы бар, толық емес шаруашылық есепке негізделген (байланыс, телекомуникация, геодезиялық жұмыстар өндірісі және т.б)

Бірақ мемлекеттің кәсіпкерлік  қызметі аталған кәсіпорындармен, жұмысымен шектелмейді.

Мемлекеттік кәсіпкерлік қызметі  ұлттық экономиканың барлық және мемлекеттің  экономикалық әлеуетінің дамуына әсер ететін, мемлекеттік бюджетті айтарлықтай толтыруға, өтпелі экономиканың тұрақсыздығын тұрақтандыруға жол ашатын қызметтің сыртқы экономикалық саласына таралады.

Оған 90-шы жылдардың ортасындағы  Қазақстан Республикасы мемлекетінің кәсіпкерлік  қызметі мысал  бола алады: Қазақстанның кен өндіру, отын-энергетика және металлергия  кешендерінің аса  ірі өнеркәсіп өндірістерін төлем төлей алмаушылақтан қорғай алып, дәл уақытында шетел капиталын тарта білді.

Қазақстан мемлекетінің кәсіпкерлік қызметінің келесі мысалы 1996 жылдың басында Қазақстан териториясы арқылы өтетін Еуразия темір жолы бойынша транзиттік, жүк және контейнерлік тасымалға қатысты Еуропа мен Азияның жеті мемлекеттерінің арасында құжаттарға қол қойылуы бойынша оның инициативасынан көрінді.

Оңтүстік-Шығыс  Азия елдерінің жүктері  келісімдерге сәйкес Батыс Еуропа елдеріне белгілі ақыда  тасымалданады.

Қазақстан  территориясы арқылы төрт трансконтиненталды темір жол магистралдары  өтеді: Трансазия (Қытай-Қазақстан-Туркия), Еуразия (Қытай-Қазақстан-Ресей-Еуропа), Орта Азия және Ақтау  теңіз  порты арқылы Батыс магистралы. Еуропа –Скандинавия – Иран (Парсы  шығанағы) арасында жүктердің тасымалдау уақытын қысқартуды қамтамасыз ететін «Солтүстік-Оңтүстік» жоба қаралуда.

Осы келісім аталған  магистралдарды жандандыруға және қайта жаңартуға, барлық магистралдар бойынша қосымша  жұмыс орындарын  құруға, осы магистралдар жоғары табыспен қамтамасыз етуге жол ашады, Мемлекеттік кәсіпкерлік өтпелі экономикада макроэкономикалық процестерді реттеумен тығыз бірлікте болады.

Нарықтық  экономикада макроэкономикалық  процестерді мемлекеттік  реттеу тікелей және жанама әдістер көмегімен жүргізіледі.

Өтпелі  экономикада мемлекеттік  реттеудің объектілері  ең алдымен экономиканы  тұрақтандыру саясаты  немесе циклге қарсы  саясат, ақша айналамына, инфляцияға, мемлекеттік  бюджет балансын бақылау, халықты жұмыспен қамту саясаты, монополияға  қарсы саясат, яғни нарықтық бәсеке жағдайына бақылау, халықты әлеуметтік қорғау саясаты болып табылады.

Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, тікелей әдістер  кіші мерзімді, ұзақ мерзімді міндеттерді  шешу үшін мемлекеттік  экономикалық бағдарламаларды  жасау мен  іске асыру арқылы жүзеге асырылады.

Осындай бағдарламалардың мысалы соғыстан кейінгі  Оңтүстік Корея экономикасын қалпына келтіру  бойынша төтенше  бағдарламалары, ал Жапонияда «Автомобиль  жолдарының құрылысы бойынша төтенше  шаралар туралы»  заң қабылдануы болады. Жапонияда мемлекеттің оннан астам институттары нарықтардың дамуы бағдарламаларын және жоспарларын құрады. Қазіргі жағдайда мемлекеттің кез келген реттеу шаралар негізінде ақша айналымы болады. Өтпелі экономика үшін ақша айналымы мемлекет бақылауынан шықпауы тиіс. Бұл мемлекеттің макроэкономикалық деңгейіндегі ең маңызды реттеу функциясы. Осы жағдай «экономикалық құдіретті» тудырған Жапония, Оңтүстік Корея, Тайвань елдерінде жиналған тәжірибемен бекітіледі.

Осы елдерде ең қиын жылдары (70-80 жылдары) өнеркәсіпті реформалау және құрылымдық қайта құру кезеңінде ақша айналымы, инфляция, мемлекеттік бюджетінің тапшылығы әрқашан мемлекеттің бақылауында болды және бұл олардың қирату салдарынан жұмсартуға және тіпті болдырмауға жол ашты.

Қазақстан Республикасы нарыққа өтудің басында (1990 жыл) басқа старттық жағдайда болды. Республика экономикасы Кеңес Одағының халық шаруашылығы кешенімен тығыз біріккен болды. Өндірістің құлдырау жағдайында ақшалай табыстардың өсуі тауар массасымен қамтамасыз етілмеді. 1990 жылы халықтың жинақтағы қалдықтары 13 млрд. сом құрады ал қанағаттандырылмай қалған сұраныс 17 млрд. сом немесе жылдық тауар айналымы мен ақылы қызметтердің 76%-нан көбін құады. Жабыңқы инфляция ашық инфляцияға ұласты және де қаржы жүйесі бақылаудын шықты.

Қазақстан реформаны дербес тек 1993 жылдың қараша айында ұлттық валютаны енгізгеннен кейін, 1994 жылдан бастап жүргізе бастады. Реформа жылдарында мерзімдік баспасөз келтіргендері бойынша инфляция деңгейі 13250 есе өсті, өндірістің құлдырауы 1991 жылдың деңгейінің 50 %-ға жетті.

Қазақстан үкіметі қабылдаған дағдарысқа қарсы  шаралар бағдарламасы (1993-1995 жылдар) және (1994-1995 жылдар) өндіріс құлдырауын және инфляциялық  процестер дамуын тоқтатпады. Қазақстан  Республикасының  Үкіметі макроэкономикалық  тұрақтандыру мен өндіріс құлдырауын тежеу міндеттерін жүзеге асыру үшін қаржы-бюджет және ақша-несие саясатын қатайтты, сыртқы экономикалық қызметті ырықтандыруға шаралар, салықтар туралы жаңа заңдар қабылдады, экспорт секторларының кәсіпорындарын шетел фирмаларына басқаруға жолы мен кейін кәсіпорынның бақылау пакетін алу мен меншікті жекешелендірудің радикалды нышандарын енгізді. 16 мың мемлекет кәсіпорындары жекешелендірілді, оның ішінде экономиканың экспорт секторын ұсынатын өнеркәсіптің ірі жетекшісі кәсіпорындары.

Жапонияда, Оңтүстік Кореяның өтпелі экономикасының практикасы көрсеткендей жақсы  бағдарламалардың болуы  жеткіліксіз, осы  бағдарламаларды  қатаң жүзеге асыру  бойынша мемлекеттің  араласуы қажет етіледі. Әңгіме жоспарлы жүйеге қайта келу туралы емес, мемлекеттің басқарудың нышандары мен механизмдерін енгізу, ұлттық экономикалық проблемыларды шешуде мемлекет пен жеке сектор арасында өзара әрекет пен тең құықты әріптестік орнату туралы.

Экономикалық  өсуге және экономиканы  тұрақтандыруға жету үшін жеке сектордың да мемлекеттің де ыждағаты қажет.

Мемлекет, жалпы қабылданғандай, жеке инвесторлар (отандық  және шетел) Қазақстанда  ұстаным саласын  табуына қолайлы  жағдайлар құруы  қажет.

Осы мақсатта 1991 жылдың басында Қазақстан  Республикасы «Шетел инвестициялары туралы», «Салықтар және бюджетке басқа міндетті төлемдер» туралы Заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізу және «Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау» туралы Заңдар қабылданады, бұл шетел және инвесторлар үшін ең қолайлы режим құруға жол ашты.

Біріншіден, инвесторлар үшін жеңілдіктер анықталды. Жеңілдіктер мөлшері экономика секторының басымдылығына және тікелей инвестицияның көлеміне тәуелді. Екіншіден, заң жобаны жүзеге асыру үшін қажетті құрал-жабдықтар, шикізат пен материалдар импортын баж салықтарының жартылай немесе түгелдей босатуға жол ашады. Осының бәрі 1998 жылға таман Қазақстан Республикасының экономикасын тұрақтандаруға және оны көтеру жолына бағыттауға жол ашты.

Мемлекеттің Қазақстан Республикасына – жаңа индустралды  ел құру үшін қажетті  өнеркәсіптің  құрылымдық қайта құруда жетекші ролі жатады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Кәсіпкерлік – кәсіпорынның басшылары мен мамандарының шаруашылық қызметінің бір тұтас бөлігі. Ол экономиканың қызметінде ең белсенді нысанының бірі болып табылады.

Кәсіпкерлік қызметінің көптеген түрлерінің ішінен негізінен төртке топтастыруға болады: өндірістік, комметциялық, қаржылық, консультативтік.

Өндірістік  кәсіпкерлік өнімді өндіруге, жұмыс істеуге  және қызмет көрстеуге, жинауға, өңдеуге  және ақпарат беруге, рухани байлықты жасауға бағытталған қызмет.

Қызметтің коммерциялық түрінің  мазмұны тауар-ақша қатынасы, сауда-айырбас  операциясынан тұрады. Оны өндірістік кәсіпкерліктен қызметтен айырмашылығы сол, мұнда өнімді шығаруға байланысты едәуір өндірістік ресурстарды  қажет етпейді.

Информация о работе әсіпкерлік: мәні, мазмұны және формалары. ҚР кәсіпкерліктің дамуы