әсіпкерлік: мәні, мазмұны және формалары. ҚР кәсіпкерліктің дамуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2013 в 08:25, реферат

Краткое описание

Кәсіпкерлік – адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің басқа түрлерінен оқшауланып тұрады. Бұған кезінде атақты неміс экономисі Гарвард университетінің профессоры Иозеф Алиоз Шумпетер мән берген. Ол былай деп айтқан «Кәсіпкер болу – басқаның істегенін істемеу». Екінші жағынан кәсіпкерлер – алдымен кәсіпкерлік жұмысты ұйымдастырушылар. Ол туралы француз экономисі Жан Батист Сэй былай деген: «Кәсіпкер – адамдарды өндірістік шеңбер ауқымында ұйымдастыратын адам».
Кәсіпкерлік терминін алғаш рет айналымға енгізген ағылшын ғалымы Ричард Кантильон болды. Бұл ағымға, ол нарықтық тәуекелділік жағдайында табыс алу мақсатымен өндірісті ұйымдастырудағы адам белсенділігін жатқызды.

Содержание

Негізгі бөлім

І. Кәсіпкерлік: мәні, мазмұны формалары және түрлері

1.1. Кәсіпкерлік қызметінің мәні және негізгі ерекшеліктері.
1.2 Кәсіпкерліктің түрлері, олардың өзара қатынастары және бизнеске қатысудағы өзгешеліктері.

ІІ. Нарықтық тәуекел жағдайындағы кәсіпорынның (фирманың) қызметі мен мінез-құлқы.

2.1 Шағын кәсіпкерлік – ұлттық экономиканы дамытудың маңызды шарты.
2.2 Мемлекеттік кәсіпкерлік және макроэкономикалық реттеудің бағдарламасы

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

К_с_пкерл_кт__ дамуы.DOC

— 150.50 Кб (Скачать документ)

Мемлекеттік және қазыналық кәсіпорындар. Біріншісі, шаруашылақты жүргізу құқығына негізделсе, екіншісі – оперативті басқару  құқығына негізделген. Шын мәнінде, мұнда  шаруашылық есептің  екі түрі қолданылады: таза мемлекеттік – толық шаруашылық есеп, қазыналық – толық емес шаруашылық есеп.

Кәсіпорын (фирма) кәсіпкерлік  қызмет өндірістік звеносының негізі болып табылады. Осы жерден бастап және ары қарай  «кәсіпорын» мен  «фирма» ұғымын боламалап  қараймыз. Рас, олардың бір-бірінен айырмашылығы бар:  «фирма» термині жиынтық ұғым, оған бір немесе бірнеше кәсіпорын мен өндіріс енуі мүмкін. Әдетте, кәсіпорынға біржақты, бір өнімді өндіретін процесті жатқызамыз. Қазіргі жаңа жағдайда нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпорын өзінің өндірістік қызметінде толық өз бетінше еркіндігін алуды: ал барлық халық шаруашылығы кешенінен техникалық, ұйымдық, экономикалық және құқықтық тұрғадан дараланған. Кәсіпорынның ұйымдық түрлері алдымен меншік түрімен айқындалмақ. Олар мынадай түрде болуы мүмкін:

    • азаматтар меншігіне негізделген жеке кәсіпорындар;
    • ұжым меншігіне негізделген кәсіпорындар.

Ұжымдық кәсіпорындар кооперативтік  немесе акционерлік  түрде болуы мүмкін. Кооперативтік кәсіпорын  ақшалайға емес, жеке тұлғаның пайлық негіздегі мүліктік жарнасына және олардың біріккен еңбек қызметтеріне негізделеді:

    • акционерлік қоғам түрінің негізіндегі кәсіпорын, акционер меншігінің негізінде қызмет жасайды;
    • мемлекеттік және қазыналық кәсіпорындар жалпы мемлекеттік міндеттерді шешу үшін құрылады;
    • құрылтайшылар мүлігінің қосылуы негізінде біріккен кәсіпорындар құрылады, яғни оған шет ел заңды тұлғасы мен азаматтарына енеді.

Кәсіпкерліктің  жаңашылдықсыз болуы  мүмкін емес. Осыған байланысты кәсіпкерліктің екі моделін қарастырады: классикалық және инновациялық.

Біріншісінің  мәні мынада, бизнесмен  өз қызметін қарамағындағы  бар ресурстармен максималды қайтарым алу есебімен ұйымдастыруға  ұмтылады.

Екінші  модель өзінде бар  ресурсын ғана емес, сондай-ақ сыртқы ресурстарды  тарту және пайдалану мүмкіндігіне бағытталады. Өзінің және сыртқы ресурстарды пайдалана отырып, кәсіпкер өз бизнесі дамуының тиімді варианттарымен шұғылданады.

Кәсіпкерлік әртүрлі формада  болады. Оларды топтастыру негізінде екі  белгі жатыр: меншік формасы және фирма  көлемі.

Меншік  формасына байланысты кәсіпкерлік мемлекеттік  және жеке болып бөлінеді. Бұл екі сектордың  ұлттық экономикадағы  үлес салмағы тұрақсыз: ұлттандару кезінде  мемлекеттік кәсіпкерлік  шекаралары кеңейеді, ал жекешелендіру  оларды тарылтады.

Мемлекеттік кәсіпкерлік әдетте тұрақты және капитал сыйымдылығы жоғары, - себебі, үкісеттің қаржылық және ұйымдастырушылық жағынан қамқорлығында. Сонда да, жеке сектор мемлекеттікке қарағанда бірқатар артықшылықарға ие:

    • түсімділігі жоғары қызмет сферасын таңдауға еркін.
    • Бизнес көлемі шектелмеген.
    • Қатаң бағамен шектелмейді.

Кәсіпкерлікте үш түрді бөліп  алады:

    • жеке тұлғалар,
    • серіктестік (жолдастық)
    • корпороция (акционерлік қоғам)

Жеке  кәсіпкерлік деп  бір адам ғана айналысатын  бизнесті айтады. Оның жауапкершідігі шектелмеген  және оның капиталы көп емес – жеке кәсіпкерліктің кемшіліктері осында.

Оның  артықшылықтары: әр меншік иесі өз пайдасына  өзі ие, кез келген өзгерісті өзі  жасай алады. Ол тек  табыс салығын  төлейді және корпорация үшін бекітілген салықтан босатылған. Бұл ұсақ дүкендерге, қызмет көрсету саласындағы кәсіпорындарға, фирмаларға, сондай-ақ юристердің, дәрігерлердің т.б. кәсіби қызметіне тән бизнестің кең тараған формасы.

Серіктестік деп екі немесе одан да көп адам бірлісіп айналысатын  бизнесті атайды. Серіктестікке де табыс салығы салынады. Серіктестіктің артықшылығы сол, оны ұйымдастыру және қосымша қаражат пен жаңа ойлар тарту жеңіл. Кемшіліктері қатарына капиталдың жаңа салымдарын төмен ететін, дамып келе жатқан істе қаржы ресурстарының тапшылығын, фирма қызметін, мақсаттарын оның қатысушыларының бірдей түсінбеуін, әрқайсысының фирма табысында немесе зиянындағы үлесін анықтау күрделілігін кіргізуге болады. Серіктестік формасында делдалдық кеңселер, аудиторлық кеңселер мен фирмаларды, қызмет сфераларын т.б. кіргізуге болады.

Корпорация  деп кәсіпкерлік  қызмет істеу үшін бірлескен тұлғалар жиынтығы аталады. Корпорация меншігіне құқық  акциялар бойынша  бөліктерге бөлінген, сондықтан корпорация иелері акция ұстаушылар, ал корпорация акционерлік  қоғам деп аталады. Корпорация табысына корпорацияға салынған салық ұсталады. Кәсіпкерліктің акционерліктің формасы Қазақстанда жиі кездеседі.

Корпорация  артықшылықтарына мыналар  жатады:

  • акциялар және облигациялар сату арқасында ақша капиталын тартуда шектелмейтін мүмкіндіктер;
  • басқару функцияларын орындау үшін кәсіби мамандарды тарту;
  • корпорация қызмет етуінің тұрақтылығы, өйткені акционерлерінің біреуінің қоғамнан шығып кетуі фирманың жабылуына ықпал етпейді.

Бизнесті  корпоротивті формада  ұйымдастырудың кемшіліктеріне төмендегілер жатады:

  • корпорация табысының акция ұстаушаларға дивиденд түрінде төленетін бөлігіне екі жақты салық салу: бірінші рет корпорация пайдасының бір бөлігі ретінде, ал екінші рет акция иесінің жеке табысының бөлігі ретінде. Кіші корпорациялардың иелері үшін екі жақты салық салудың ауыртпалығы елеулі. Сондықтан АҚШ-та бұндай фирмаларға S корпорациялары (small business conporation) статусын алуға рұқсат етеді. Бұндай жағдайда корпорация табысы олардың иетерінің табысы болып саналады және тек табыс салығы алынады;
  • экономикалық теріс пайдаланушылыққа қолайлы мүмкіндіктер. Ешқандай нақты құны жщқ акцияларды шығару және сату мүмкіндіктері;
  • меншік және бақылау функцияларының бөлінуі. Акциялары көптеген иелер арасында орналыстырылған корпорацияларда бақылау функциясы меншік функциясынан ажырайды. Акция иелері көп дивиденд алуға ұмтылады, ал менеджерлер ақшалай айналымға жіберу мақсатында дивидендтерді азайтуға тырысады.

Корпорацияның басқа да кемшіліктері бар, бірақ олардың  орнын артықшылықтары толтырады.

Кәсіпкерлік көліміне қарай: кіші, орташа және ірі бизнеске бөлінеді.

Франчайзинг – ірі фирманың фабрикалық маркасын пайдалануға құқ  алу үшін және белгілі  бір сферада, белгілі  бір территорияда өз қызметін жасау  үшін келісім шарт жасайтын ұсақ жеке фирмалар жүйесі. Олардың бағаны төмендету, тауарларды жеткізуге, құрал-жабдықты сатып алуға, кредит алуға көмек түрлерінде жеңілдіктері бар.

Ұсақ  фирмалар ірі компаниялар  өнімдерінің бөлшек сатушылары болып  қалыптасады. Бұндай келісімдер екі жаққа  да пайдалы: ұсақ фирмалар ірі корпорациялардан сауда запасын, кредит алады және олардың қамқорлығына енеді, ал корпорациялар өз өнімдерін өткізуге шығын жұмсамайды., сондай-ақ өз қамқорлығындағылардан ұдайы төлем алып отырады.

Венчурлық фирма – ғылыми зерттеулерді жасаумен шұғылданатын коммерйиялық ұйымдар. Венчурлық кәсіпорындар жаңалықтармен бизнес жасайды. Жаңа өнімнің рынок талаптарына сай келмей қалуының мүмкін болуына байланысты «күйіп кетуге» тәуекел етеді. Сондықтан венчурлық фирмалар бір өніммен жұмысты бітіріп, тезірек екіншісіне көшуге тырысады. Венчурлық кәсіпкерліктің отаны АҚШ болып табылады және ол екінші дүниежүзілік соғыстан соң кең дамыды. Бүгінгі күні венчурлық фирмалар Қазақстанда да құрылып қызмет ете бастады.

Орта  бизнес елеулі роль атқармайды. Ол бәсекеде мықты емес, себебі оның ірі де кіші де кәсіпкерлікпен бәсекелуіне тура келеді, осының нәтижесінде ол ірі кәсіпкерлікке айналады немесе мүлдем өмір сүруін тоқтатады. Бұл жерде әңгіме қандай да бір ерекше өнім шығаруда монополист болып табылатын, тұрақты тұтынушысы бар фирмалар туралы емес (мүгедектерге арналған техниканы өндіру, қалалық сағаттарды жөндеу).

Ірі бизнес кіші және орта бизнестен өте  қуаттылығымен ажыратылады. Оның рыноктағы монополиялық жағдайы көпшілік тұтынушылардың қажеттіліктерін  қанағаттандыруға есептелген жаппай және арзан өнімді шығаруға мүмкіндік береді. Әрбір елдің өзіндік бизнесті ұйымдастыру құрылымдары бар.

Қазақстанда кәсіпкерлік қызмет формалары Қазақстан  Республикасының  Азаматтық кодексімен анықталған.

Соған сәйкес барлық ұйымдар (заңды  тұлғалар) коммерциялық және коммерциялық емес болып бөлінеді.

Коммерциялық  фирмалардың негізгі  мақсаты пайда  алу болып табылады. Коммерциялық емес фирмалар ондай мақсат қоймайды.

Коммерциялық  фирмалар шаруашылық серіктестіктер, өндірістік кооперативтер, мемлекеттік және жергілікті унитарлық кәсіпорындар формасында құрыла алады. Шаруашылық серіктестіктер өз кезегінде толық серіктестік, сенім серіктестік (коммандиттік), жауапкершілігі шектелген серіктестік, қосымша жауапкершілігі бар серіктестік, акционерлік қоғам (ашық және жабық), еншілес және тәуелді қоғамдар түрінде қызмет етеді.

Информация о работе әсіпкерлік: мәні, мазмұны және формалары. ҚР кәсіпкерліктің дамуы