әсіпкерлік: мәні, мазмұны және формалары. ҚР кәсіпкерліктің дамуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2013 в 08:25, реферат

Краткое описание

Кәсіпкерлік – адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің басқа түрлерінен оқшауланып тұрады. Бұған кезінде атақты неміс экономисі Гарвард университетінің профессоры Иозеф Алиоз Шумпетер мән берген. Ол былай деп айтқан «Кәсіпкер болу – басқаның істегенін істемеу». Екінші жағынан кәсіпкерлер – алдымен кәсіпкерлік жұмысты ұйымдастырушылар. Ол туралы француз экономисі Жан Батист Сэй былай деген: «Кәсіпкер – адамдарды өндірістік шеңбер ауқымында ұйымдастыратын адам».
Кәсіпкерлік терминін алғаш рет айналымға енгізген ағылшын ғалымы Ричард Кантильон болды. Бұл ағымға, ол нарықтық тәуекелділік жағдайында табыс алу мақсатымен өндірісті ұйымдастырудағы адам белсенділігін жатқызды.

Содержание

Негізгі бөлім

І. Кәсіпкерлік: мәні, мазмұны формалары және түрлері

1.1. Кәсіпкерлік қызметінің мәні және негізгі ерекшеліктері.
1.2 Кәсіпкерліктің түрлері, олардың өзара қатынастары және бизнеске қатысудағы өзгешеліктері.

ІІ. Нарықтық тәуекел жағдайындағы кәсіпорынның (фирманың) қызметі мен мінез-құлқы.

2.1 Шағын кәсіпкерлік – ұлттық экономиканы дамытудың маңызды шарты.
2.2 Мемлекеттік кәсіпкерлік және макроэкономикалық реттеудің бағдарламасы

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

К_с_пкерл_кт__ дамуы.DOC

— 150.50 Кб (Скачать документ)

Коммерциялық  емес фирмалар тұтыну кооперативі, қоғамдық немесе діни ұйым, қайырымдылық қор фирмаларында құрылады.

Кәсіпкерлік жоғарыда айтылғандай, кәсіпорынның экономикалық дамуының маңызды факторы. Сонымен бірге ұлттық экономиканы одан әрі дамытуға да аса басты ықпал етеді. Соңғысын мына жағдаймен түсіндіруге болады: кәсіпкерлік өзінің мәнін жете түсіну негізінде (әрбір азаматтың өзінің материалдық жағдайын одан әрі жақсартуға талаптануы) шағын және орта бизнесті дамыту формасы арқылы жалпы жағдайды тудырады.

Атап  көрсеткендей, ХХІ  ғасырдың қарсаңында Қазақстан Республикасының  әлеуметтік-экономикалық саясатында  шағын  кәсіпкерліктің дамуына  ерекше назар айдарылады. Оның ролі әлеуметтік ахуалды жақсартуда жетекші орын алады. Бірінші кезекте осы салада халықты жұмыспен қамтамасыз ету тезірек өседі және қоғамның тұрақтылығы үшін жағдай жасалады. Осыдан аталған мәселеге толық талдау керек.

Батыс елдерінің экономикалық әдебиетінде шағын бизнесті «өсу үстіндегі бала» деп қарау орын алған. Жеке жағдайда, «шағын бизнес-бұл өсу үстіндегі бала ретінде, сондықтан ол барлық уақытта сәби бесігінде қала алмайды. Ол үлкен мекен-жайға мұқтаж, бұл үшін ол кәсіпкерлік қызметпен бел шешіп айналысуы қажет ».

Шағын кәсіпкерлік халықаралық  тәжірибе көрсеткендей, ең алдымен капитал  тезірек айналатын  салаларға, атап айтқанда саудада, қоғамдық тамақтандыру және қызметтер салаларында  туады. Бірақ, нарықтық экономиканы реформалау бойынша жүргізілген жеделдетілген экономикалық саясат бағаларды ырқына жіберуден және осымен байланысты өскелең инфляциямен басталады, бұл пайыз өсімінің күрт өзгеруінен және халықтың жинағының құнсыздануынан шағын бизнестің қаржы базасының жоюына әкелді, бұл өз кезегінде шағын бизнестің қалыптасуының және оның инвестициялық қызметінің заңсыз қалуына соқтырды. Шағын кәсіпкерлік көр қатарлы жинаулар мен үлкен салықтардың астында қалды.

Осы уақытта қалыптасқан  экономикалық жағдайда кәсіпкерлік қызметке ынта үзілді, онсыз нарық экономикасының қалыптасуы мүмкін емес.

Қазіргі кездегі әлемдік  экономиканың одан әрі  даму жағдайында, ірі  компаниялардың айбынының  артуы ғылыми-техникалық революцияның болуымен, шағын және орта фирмалардың  сақталуымен және дамумен қоса жүреді. Жаңа өнімдердің көптеген түрлерінің өндірісі атап айтқанда, шағын және орта компаниялардың кәсіпорындарында басталады, себебі олар «күн» астындағы орын үшін, тұтыныстың өзгеруіне икемді сезімтал болуға, өндіріспен әрі қанағаттандырылмаған жаңа қажеттіліктерді іздеуге мәжбүр. Сондықтан шағын фирмалардың бір жұмыс істеуінше есептегендегі, ғылыми-зерттеу мен конструкторлықжұмыстарға шығындары, ірі компаниялардың осындай шығындарынан жиі асып түсуі кездейсоқ емес.

Қазіргі уақытта шағын  бизнестің ролі нарыққа ендірілген жаңа өнімдердің орта санында айтарлықтай мол.

АҚШ-тың  сатып алу федералы басқармасының ақпараты бойынша, 50-інші жылдардың  ортасынан 70-інші жылдардың  ортасына  дейін  шағын фирмалар (жұмысшылар саны 1000 адамнан аз) әртүрлі жаңалық  енгізулердің жартысынан көбін енгізген. Жаңалық енгізулердің төрттен бірі жұмыс істеушілер саны 100 адамдық фирмаларға келеді. Атап айтқанда, шағын компания «Apple» жеке компьютерлік өндірісін алғашқылар қатарында енгізді, кейін оларды негізгі өндірушілердің біріне айналды.

Шағын бизнес капиталистік елдерде халықты  жұмыспен қамтуды  кеңейтуде айтарлықтай  ролі бар. АҚШ-та соңғы 10 жылда жаңа жұмыс  орындарының 60% -і 20 адамнан  аз жұмыскерлері бар  компанияларға келеді. 80-ші жылдардың басында  жұмыссыздықтың зор  өсуі жағдайында көптеген ғалымдар, экономистер мен мемлекет қайраткерлері шағын бизнестен ірі компаниялардағы жұмыс орындары қысқаруының орнын толтыруға қабілетті жаңа жұмыс орындарын құратын құрал деп санады. Сондықтан капиталистік елдердің үкіметтері тарапынан шағын бизнеске әртүрлі көмек көрсетіледі.

Шағын және орта бизнестің  болуы және де ірі  компаниялардың (монополияның) мүдделеріне сай  келеді. Қазір дайын  өнімді жасау үшін мыңдаған әртүрлі  детальдар қажет  етіледі. Олардың  өндірісіне концеріндер  мен келісім шарт жүйелерімен байланысқан көптеген шағын және орташа фрималар маманданады. Электротехника, автомобиль және басқа салалардың кейбір монополияларында 20-30 мыңға дейін шағын компоаниялар жұмыс істейді. Атап көрсету керек, шағын және орташа фирмалардың басым көпшілігі ірі компаниялармен келісім қатырастары арқасында жұмыс істейді. Францияда, мысалы, шағын және орташа кәсіпороындардың 40 %-ы ірі монополиялармен байланысты. АҰШ-та осындай келісім шарттар жүйесімен 400 мың шамасында немесе 25% шағын кәсіпорындар қамтылған, оларда 4,5 млн. адам жұмыспен қамтылған. Жапонияда да осындай жағдай кездеседі.

Шағын бизнес кәсіпорынды  ашу ісі аз мөлшерде капитал қажет  етеді. Техникалық қызмет көрсету саласында  кеңөріс алады. Өе жиі жағдайда өз ісін өндірістен шығып қалған немесе жұмыс таба алмағандар ашады.

80-ші  жылдардың басында  шағын кәсіпорындар  иелерінің тек  өз жанұяларындағы  адамдардың еңбектерін  қолдануы Жапониядағы  барлық жұмыспен  қамтылғандардың  32%, Италияда - 29%, Францияда  - 21% құрады.

Монополистік  емес фирмалар жаңа салалар қатарында, әсіресе ақпарат кешенінде өздерінің жағдайларын әжептәуір нығайтады. ҒТП негізінде іскер қызметтер (электронды есептеу машинасы базасында ақпаратты өңдеу, бағдарламаны қамтамасыз ету, инженеринг, кеңес беру бизнесі және осы тәріздес) спектрі қалыптасқан. Осындай қызмет ресурстардың айтарлықтай жинақталуын қажет етпейді және де шағын компания шеңберінде де табысты жүзеге асуы мүмкін. Жеке атағанда, Германияда бағдаламаны қамтамасыз ету саласында 3700 фирмалар жұмыс істейді, олардың көпшілігі жұмыскерлер саны 10 адамнан аз компанилардан құралған.

Демек, шағын және орта бизнестің  ролі мына көрсетілген  алты қызметтерден көрінеді.

Біріншіден, шағын өндіріс  нарық коньюктурасының  өзгерісін  

Икемді  сезінеді, бұл нарық  экономикасында ірі  кәсіпорын алыптарға  мүмкін емес.

Екіншіден, шағын бизнес әлі  іске жаратылмаған әжептәуір  қаржы қаражаттарын тиімді жұмылдырады. Осындай бизнестің  болмауынан осы ресурстар  пайдаланылмаған  боар еді.

Үшіншіден, шағын бизнес күресін қалыптастыруда айтарлықтай үлес қоады, бұл кез келген мемлекеттің жоғары деңгейде монополия экономикасы жағдайында бірінші кезекте маңызды.

Төртіншіден, шағын бизнес халықты  жұмыспен қамту мәселесін  шешуде үлкен роль атқарады. Өнеркәсібі дамыған елдерде оның, үлесіне барлық жұмыспен қамтамасыз етілгендердің 50-60% және жаңа жұмыс орындарының 70-80% келеді.

Бесіншіден, атап көрсеткендей шағын  өндірістің ғылыми-техникалық жаңалықтардың 50 % келеді.

Алтыншыдан, шағын бизнестің  әлеуметтік қысымды жұмсартудағы орнын таптырмас ролі бар. Ауыр дағдарыс кездерінде халық осыдан жұмыс атуып және өздерінің қабілеттерін жүзеге асыра алады. 

Шағын кәсіпорынның ел экономикасындағы ролі аса үлкен. Біздің республикада шағын  кәсіпкерліктің үлесі  қазіргі кезде 90%- ға жетеді.

2000 жылдың 1 қаңтарындағы  мәлімет бойынша  республикадағы 372 мыңнан  астам шағын кәсіпкерлік  субъектісі тіркеліп, олардың ішіндегі  жұмыс істейтіндері  – 329,1 мың болды.  Шағын кәсіпкерлік  саласында жұмыспен  қамтылғандардың  саны – 1,4 млн. адамды құрады.

Шағын бизнес өкілдері 2000 жыл ішінде 532,6 млрд. теңгенің өнімін өндірді  және қызмет көрсетті. 1999 жылы олар бюджетке төленетін төлем 33,7 млрд. теңге құраса, 2000 жылы – 45,9 млрд. теңгеге  жетті.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 мамырдағы Жарлығымен Қазақстан Республикасында «Шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың 2001-2002 жылдарға раналған мемлекеттік бағдарламасы» бекітілді. Оның басты мақсаты шағын кәсіпкерліктің өндірістік саласының серпінді дамуын қамтамасыз ететін мемлекеттік қолдау саясатын жетілдіру болып табылады.

Бағдарламаның міндеттері оның мақсатымен айқындалған және олар мыналар:

  • халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету;
  • қоғамдық бірлестіктердің шағын кәсіпкерлікті қолдау мен қорғау мәселелеріндегі ролін күшейту;
  • шағын кәсіпкерліктің өндірістік саласын басымдылықты дамыту;
  • шағын кәсіпкерлікті ақпараттық қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру және дамыту арқылы шағын кәсіпкерік субъектілерінің тұрақты қызметі үшін қолайлы жағдайлар жасау болып тұжырымдалады.

Шағын кәсіпорындардың  ең басты маңыздылығы  – бұл әлеуметтік аспектілігінде. Өзінің құрылуымен шағын  кәсіпорындар жұмыс  орындарын көбейтуге  жағдай жасайды, сөйтіп, жұмысссыздықты азайтады. Бұдан басқа халықтың жалпы білімділігінің артуы барысында  азаматтар арасында жаппай өздерінің жеке қабілеттіліктерін көрсетулері үдей түседі. Ең алдымен бұған қол жеткізуде өз істерін ұнататындықтары және бұған бейімділіктерінің сай болуынна қарай өздерінің жеке «ісін» ашу, өзінің бизнеспен айналысуын жалғастыру болып табылады. Мұның өзі сондай-ақ шағын кәсіпорындардың дамуына қажеттілігін тудырады.

Сонымен, жоғарыда баяндалғандай  экономиканың жаңа жағдайындағы рынокқа өтуінде  шағын кәсіпорындар «жанама» өнім ретінде  болмайды. Олар еліміздің  ажырамайтын саяси-экономикалық жүйенің бөлігі болып табылады. Біріншіден нарықтық қатынастықтардың тұрақтылығы, солай болғандықтан, халықтың көптеген бөлігі осы қатынастар жүйесінде тартылады; екіншіден, рыноктық жағдайда олар қажетті икемділікті қамтамасыз етеді, терең мамандандыруда іске асыруды және өндірісті тармақтанған кооперацияға айналдырады. Онсыз оның экономикалық тиімділігінің болуы мүмкін емес. Нәтижесінде, бұл шаруашылық дамуының және ұлттық экономиканың серпінді өсуіне үлкен ықпал етеді; үшіншіден, шағын кәсіпорындар ролінің өзгеруі орта  және ірі кәсіпорындардың қызмет етуіне тиек болады.

Кәсіпкерліктің  халықаралық тәжірибесі көрсеткендей, өтпелі экономикада мемлекет, ережеге сәйкес, тек  жаңа басталған сауда  кәсіпкерлігі көтермеледі, бұл өндіріс саласындағы  қызметті тиімсіз қалдырды.

Өтпелі  экономика үшін нарықтық инфрақұрылымының  дамымағандығы тән, бұл шағын кәсіпкерліктің дамуын тежейді.

Қазақстан Республикасындағы 1998 жылға дейін тоқтамаған өндірістің құлдырауы, инфляциялық процесстер кезіндегі бағалардың өсуі, тұрғандардың номиналды табыстарының өсуін анық басып озды, бұл өндіріс саласында оның ішінде шағын бизнес негізінде кәсіпкерлік қызметтің дамуын айтарлықтай тежеді.

Соңында шағын кәсіпкерліктің дамуының тежеуші  факторына өндірістік саладағы шағын бизнестің  маңыздылығын әлі бағаламағандығын жатқызуға болады.

70-80-ші  жылдардағы дамыған  елдердегі болған  кәсіпкерлік «бум»  ғалымдар мен практиктердің  шағын бизнеске  қатысты бұрынғы  көзқарастарынан  – шағын кәсіпорындар  өмір сүруге жарамсыз, сондықтан олар  не жоюылуы керек не ең ірі компанияларға кацта құрылуы керек, бас тартуына мәжбүр еткізді.

Нарықтық  көрсеткіштер көрсеткендей соңғы он жылдықта (1980-2000 жылдар бойынша) олардың  саны екі есеге  артты, олардың санының  саудада және қызметтер  саласында дамуымен прогрессивті салаларында – электроника, биотехнология, ақпараттық қызметтер – айтарлықтай ролі бар.

Өтпелі  экономикада жаңа өркен жайған кәсіпкерлікті  дамыту және қолдау үшін мынадай жағдайлар  қажет:

    • еркін бәсекені құру негізі ретінде шағын кәсіпкерлікті дамытудың кешенді мемлекеттік ғылыми негізделген бағдарламаларын жасау;
    • оның дамуы мен қаржылық жеңілдіктер үшін қаржы базасын қалыптастыру жеңілдетілген несиелер, жеңілдетілген салықтар, ақысыз сипатты жәрдем ақшалар;
    • бағдарламада ғылыми-техникалық прогрестің басымдық бағыттарында шағын кәсіпкерліктің орны ерекше анықталуы керек;
    • шағын бизнесті ұйымдастыруда, елдің әртүрлі аймақтарында шағын кәсіпорындардың арнайы орталықтары басты ролде керек;
    • ірі және шағын бизнес ынтымақтастығының жүйесі негізінде, әсіресе сауда мен қызметтер саласында шағын бизнесті дамыту мақсатында ірі кәсіпорындардың ресурстарын тарту.

Информация о работе әсіпкерлік: мәні, мазмұны және формалары. ҚР кәсіпкерліктің дамуы