Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2013 в 20:25, курсовая работа
Құрылыстық керамика – бұл тұрғын үй және өндірістік ғимараттар мен үймереттер тұрғызуға қолданылатын керамикалық бұйымдар тобы. Керамикалық қабырғалық бұйымдар – өте көне материал болып табылады. Керамика сөзі грек тілінен keramos деген сөзден шыққан, саз деген мағынаны білдіреді. Керамикалық бұйымдар саз қоспасынан, топырақтан және басқа табиғи материалдардан құралады. Қоспа дайын болғаннан кейін, оған белгілі бір форма беріледі, содан кейін ол белгілі бір температурада күйдіріледі. Керамикалық материалдар қазіргі кезде өте белгілі материал болып саналады. Олар қышқылға төзімді, қолдануда ұзақтылығымен ерекшеленеді.
Кіріспе...............................................................................................................
Шикізат және қосынды материалдардың негізгі қасиеттері.......................
2. Шығарылатын өнім номенклатурасы мен олардың қасиеттері................
Үрдістің технологиялық сызбасы мен оның толық түсініктемесі..............
Негізгі цехтар мен завод жұмысы режимі..................................................
Үрдістердің материалдық есептемесі..........................................................
Жобалау тапсырмасына ұсынылған аппарат есептемесі...........................
Құрылғыларды таңдау және олардың спецификациясын таңдау.............
Үрдісті бақылау және автоматизациялау....................................................
Қоршаған ортаны қорғау............................................................................
Қауіпсіздік техникасы.................................................................................
Қорытынды......................................................................................................
Қолданылған әдебиеттер тізімі........................................................................
Санитарлы – гигиеналық талаптарды қамтамасыз ететін жағдайлар кірпіш өндірісі зауыттарының проектісі жасалғанда ескеріледі және зауыт қызмет ете бастағаннан бастап қатаң орындалады.
Техникалық жағдайға сай қақпалардың ашық болу уақыты ұзақ болатын (қырық минуттан жоғары) цехтарда немесе температура 20оС – ден төмен аудандарда ауалық аспалар болу керек. Қалған өндірістік немесе көмекші ғимараттарда табиғи немесе жасанды желднту системаларын қарастыру керек.
Бұл ережелерде толық зауытқа қойылатын талаптар ғана емес, сонымен қатар әр цехқа, технологиялық процеске, тасымалдау құрылғыларына, цехтарды табиғи және жасанды жарықтандаыру құралдарына, жылыту және желдету құралдарына қойылатын талаптар көрсетілген.
10 Қауіпсіздік техникасы
Қауіпсіздік техникасына жауапты адам өндірістік учаскелердің жетекшілері және кәсіподақ ұйымдарымен бірлесе отырып еңбек жағдайын жақсарту, өндірістік жарақат алу және кәсіби ауруға шалдығу себептерін алдын-алу жөніндегі күнделікті және перспективалық шараларды іске асырумен шұғылданады, жұмысшылар мен инженер-техникалық жұмысшылардың еңбек қорғау және қауіпсіздік техникасы мәселесі бойынша оқуын ұйымдастырады, өндірістік жарақат алу мен кәсіби ауруға шалдығуды есепке алады, әрі талдайды, жаңадан қызметке алынған қызметкерлерге нұсқау береді, және т.б.
Ережелер бойынша жұмысшылар жұмыс істеу ережесін белгілейтін еңбек қорғау жөніндегі насқауларды, сонымен бірге машиналар мен және механизмдермен жұмыс істеудің белгіленген жеке қорғану құралдарымен пайдалану талаптарын орындауға міндетті
Еңбек жағдайы зиянды жұмыстарды, сондай-ақ ерекше температура жағдайында немесе лас жұмыстарда істейтін жұмысшылар мен қызметкерлерге белгіленген норма бойынша тегін арнайы киім, арнаулы аяқ киім және басқа жеке қорғану құралдары беріледі.
Жұмысшылар өздерінің еңбек міндетін атқаруына байланысты мертіккенде немесе денсаулығына басқадай залал келгенде Ережелер бойынша кәсіпорындарға, мекемелер мен ұйымдарға материалдық жауапкершілік жүктеледі.
Қазіргі іс жүзіндегі ережелер бойынша еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруға басшылық ету және жауапкершілік әкімшілікке жүктеледі.
Қорытынды
Керамогранит – ғимараттарды әрлеу үшін жиі қолданылатын құрылыс материалы. Көптеген мемлекеттер Ресей, Қытай, Италия, Беларуссия және т.б. мемлекеттерде өндіреді. Көптеген жағымды қасиеттерінің арқасында қабырғаларды, еденді әрлеуде керамогранитті ешбір материал алмастыра алмайды. Керамограниттің өлшемдеріне еш шектеу қойылмайды. Кіші өлшемнен 5х5см, үлкен 60х60,60х120, 120х180см өлшемге дейін өндіріледі. Оның өлшемдері әртүрлі болғандықтан үлкен және майда детальдар өндіруге болады.
Керамогранит өндірісі үшін қажетті шикізаттар саз, пигменттер, бояғыш заттар, қоспалар. Олар сумен араласқанда, өздерінің минералогиялық және химиялық құрамына тәуелсіз, иілмелі созылмалы қамыр түзе алады, күйдірген соң суға төзімді және берік тас түріндегі денеге айналады. Негізінен дала шпатын желдету нәтижесінде түзілген саздар қатпарлы кристалды құрылымдағы сулы алюмосиликаттар түріндегі түрлі сазды минералдың тығыз қоспасынан тұрады. Олардың ішінде кең тарағандарды каолиниттілер (каолинит Al2O3×2SiO2 ×2H2O және галлуазит Al2O3×2SiO2 ×4H2O), монтмориллониттілер (монтмориллонит - Al2O3×4SiO2 ×2H2O), бейделлит - Al2O3×2SiO2×H2O және гидрослюдалылар негізінен слюданың түрлі дәрежедегі гидратациялану өнімі болып табылады.
Керамогранит басқа едендік материалдарға қарағанда берік, су өткізгіштігі төмен, өлшемдері үлкен. Сондықтан бұл материалды адамдар көп жүретін жерлерде, санитарлық тораптарда, емханаларда пайдалану өте тиімді. Оның өндірілетін өлшемінің үлкендігі еденді қаптау құрылысына кететін уақытты азайтуға болады. Бұл материалды пайдалану, барлық жағынан өте тиімді болып табылады.
Керамогранитті қолдану аясы өте
кең. Қазіргі таңда керамогранит
өндіретін цехтар саны артуда. Бұл
материалдың құрылыс
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Сенім. Б.С.Сәтеков 2007 І том 576 бет
Тараз.Сенім. Б.С.Сәтеков 2007 ІІ том 472 бет
дайындалған диссертациясының афторефераты. Рысдаулетов Р.А –
Шымкент 2009 – 25 бет.
Шымкент 2008ж.170бет.