Астана қаласындағы қуаттылығы 30 мың м3 әрлеу керамикалық бұйымдарды өндіретін зауыт

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2013 в 20:25, курсовая работа

Краткое описание

Құрылыстық керамика – бұл тұрғын үй және өндірістік ғимараттар мен үймереттер тұрғызуға қолданылатын керамикалық бұйымдар тобы. Керамикалық қабырғалық бұйымдар – өте көне материал болып табылады. Керамика сөзі грек тілінен keramos деген сөзден шыққан, саз деген мағынаны білдіреді. Керамикалық бұйымдар саз қоспасынан, топырақтан және басқа табиғи материалдардан құралады. Қоспа дайын болғаннан кейін, оған белгілі бір форма беріледі, содан кейін ол белгілі бір температурада күйдіріледі. Керамикалық материалдар қазіргі кезде өте белгілі материал болып саналады. Олар қышқылға төзімді, қолдануда ұзақтылығымен ерекшеленеді.

Содержание

Кіріспе...............................................................................................................
Шикізат және қосынды материалдардың негізгі қасиеттері.......................
2. Шығарылатын өнім номенклатурасы мен олардың қасиеттері................
Үрдістің технологиялық сызбасы мен оның толық түсініктемесі..............
Негізгі цехтар мен завод жұмысы режимі..................................................
Үрдістердің материалдық есептемесі..........................................................
Жобалау тапсырмасына ұсынылған аппарат есептемесі...........................
Құрылғыларды таңдау және олардың спецификациясын таңдау.............
Үрдісті бақылау және автоматизациялау....................................................
Қоршаған ортаны қорғау............................................................................
Қауіпсіздік техникасы.................................................................................
Қорытынды......................................................................................................
Қолданылған әдебиеттер тізімі........................................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

Астана қаласындағы қуаттылығы 30 мың м3 әрлеу керамикалық бұйымдарды өндіретін зауыт.docx

— 211.36 Кб (Скачать документ)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ  ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

 

 

 

                                        

                     Кафедра: ТСМиИ

                                                         

                                                         

КУРСтық

          жұмыс

 

 

                    Құрылыс керамикасының технологиясы пәні бойынша                                                                                                            


                                                    (пәннің атауы)

 

Тақырыбы: Астана қаласындағы қуаттылығы 30 мың м3 әрлеу керамикалық бұйымдарды өндіретін зауыт


                  

               

                                                                          Қабылдаған:

                                           Сейдинова Г. А

              (бағасы)                                                             (аты-жөні)


 

                                                                  (қолы)           (күні)         


 

Комиссия мүшелері:                                      Орындаған:

Байжанова Айгерім


           (қолы, аты-жөні )                                        (фамилия,инициалы)

 

       ПСК-11-1

                                                                                                


          (қолы, аты-жөні)                                                        (тобы)

       

 

 

Қарағанды 2013 жыл

МАЗМҰНЫ

Кіріспе...............................................................................................................

  1. Шикізат және қосынды материалдардың негізгі қасиеттері.......................

2. Шығарылатын өнім номенклатурасы мен олардың қасиеттері................

  1. Үрдістің технологиялық сызбасы мен оның толық түсініктемесі..............
  2. Негізгі цехтар мен завод жұмысы режимі..................................................
  3. Үрдістердің материалдық есептемесі..........................................................
  4. Жобалау тапсырмасына ұсынылған аппарат есептемесі...........................
  5. Құрылғыларды таңдау және олардың спецификациясын таңдау.............
  6. Үрдісті бақылау және автоматизациялау....................................................
  7. Қоршаған ортаны қорғау............................................................................
  8. Қауіпсіздік техникасы.................................................................................

Қорытынды......................................................................................................

Қолданылған әдебиеттер тізімі........................................................................

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

Мемлекетіміздің   экономикасын өркендетудің бағдарламасын  жедел іске асыру, материалдық өндірістің барлық саласының дамуы, халық шаруашылығының белгілі нәтижеге жетуі күрделі  құрылыстың қарқыны мен саласына байланысты.

«Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі индустриалды -инновациялық стратегиясы», «Қазақстан Республикасының 2005-2014 жылдар аралығында құрылыс материалдары, бұйымдар және конструкциялары өндірісінің дамуы» сияқты мемлекеттік бағдарламалар Қазақстан Республикасының болашақтағы даму жоспарларына қойылған. Яғни, тиімді құрылыс материалдарын және сапалы жылу оқшаулағыш материалдарын шығару кажеттілігі аталып көрсетілген және олар шетелден әкелінетін құрылыс материалдарымен бәсекелесе алуы керек.

Құрылыстық  керамика – бұл тұрғын үй және өндірістік ғимараттар мен үймереттер тұрғызуға қолданылатын керамикалық бұйымдар тобы. Керамикалық қабырғалық бұйымдар – өте көне материал болып табылады. Керамика сөзі грек тілінен keramos деген сөзден шыққан, саз деген мағынаны білдіреді. Керамикалық бұйымдар саз қоспасынан, топырақтан және басқа табиғи материалдардан құралады. Қоспа дайын болғаннан кейін, оған белгілі бір форма беріледі, содан кейін ол белгілі бір температурада күйдіріледі. Керамикалық материалдар қазіргі кезде өте белгілі материал болып саналады. Олар қышқылға төзімді, қолдануда ұзақтылығымен ерекшеленеді. Құрылыстық керамика өндірісі халық шаруашылығындағы ең маңызды сала болып саналады. Соңғы он жылдықта механикаландырылған керамикалық кірпіш және тастар өндіретін зауыттар пайда болуда.

Құрылыстық  керамика – керамикалық бұйымның үлкен тобы, олар үй құрылысы, өнеркәсіпті  ғимараттың құрылысында қолданады. Керамикалық қабырғалық бұйымдар –  ертедегі жасанды материалдардың бірі, олардың жасы 5 мың жыл. Қазіргі  уақытта керамикалық құрылыс  материал өндірісінде технологияның  толық жетілдіруіне, сапа жақсаруына назар аударылған. Автоматтандырылған, жоғары механикаландырылған технологиялық  технологиялық кәсіпорындарды құру көзделіп отыр.

Керамогранит  – ғимараттарды әрлеу үшін жиі  қолданылатын құрылыс материалы. Көптеген мемлекеттер Ресей, Қытай, Италия, Беларуссия және т.б. мемлекеттерде өндіреді. Көптеген жағымды қасиеттерінің арқасында  қабырғаларды, еденді әрлеуде керамогранитті ешбір материал алмастыра алмайды. Керамограниттің өлшемдеріне еш шектеу қойылмайды 

 

 

1 Шикізат және қосынды материалдардың негізгі қасиеттері

Саздар  – мөлшері 0,01майда түйіршіктерден тұрады. Саздар жыныстары галлуазит, каолинит, монтмориллонит және тағы басқа да минералдар негізінде топталады. Сонымен қатар, структурасы және қасиеттері бойынша отқа төзімділер, қиын балқитын, жеңіл балқитындар тобына жіктеледі. Олар сумен араласқанда, өздерінің минералогиялық және химиялық құрамына тәуелсіз, иілмелі созылмалы қамыр түзе алады, күйдірген соң суға төзімді және берік тас түріндегі денеге айналады. Негізінен дала шпатын желдету нәтижесінде түзілген саздар қатпарлы кристалды құрылымдағы сулы алюмосиликаттар түріндегі түрлі сазды минералдың тығыз қоспасынан тұрады. Олардың ішінде кең тарағандарды каолиниттілер (каолинит Al2O3×2SiO×2H2O және галлуазит Al2O3×2SiO×4H2O), монтмориллониттілер (монтмориллонит - Al2O3×4SiO×2H2O), бейделлит - Al2O3×2SiO2×H2O және гидрослюдалылар негізінен слюданың түрлі дәрежедегі гидратациялану өнімі болып табылады. 

Кварц құмы табиғи күйінде және байытылған құмнан алынады, каолиндерді байытқандағы қалдық құмдарды шихталарға қосады. Кварцты материалдағы зиянды тотықтар 0,2-0,3%-тен аспауы керек. CaO-ның мөлшері 1-2%. Каолинді байытылған соң алынған кварцты қолданғанда, онда10% дейін каолин болады, сол себептен шихтаны есептегенде оны ескеру керек, жүдеткіш ретінде күйдірілген бұйымдардың қалдығы (қаңқа) немесе әдейі күйдірілген дайындама және күйдірілген бұйымдардың ақауларын пайдаланады.

Каолин - (Қытайдағы Гао-линь мекенінің  аты) - саздық құрамы каолиниттен тұратын  тау жынысы. Пісу температурасы 1350...1450 0С, балқу температурасы 1730...1820 0С. Керамикалық материалдар өндірісінде шикізат ретінде қолданылады. 

Дала шпаттары – ең көп тараған минарал. Олар кремний және алюмниий оксидтерінің, сілтілік металдырдың оксидтерімен әрекеттесу нәтижесінде құралған алюмосиликаттары. Бұларда кварц сияқты түрлі түсте кездеседі. Дала шпаттарының басты түрлеріне ортоклаз және плагиоклаздар жатады. Ортоклаз (тура жаралушы) К2О N2O6SiO2. Плагиоклаздар (қырың жаралушылар) альбит-N2OAl2O36SiO2және анортит СаО Al2O32SiOжәне осылардың араласпалары.

 

 

 

 

 

 

1 кесте –  Керамикалық бұйымдар алуға қажетті  шикізат сипаттамалары.

Қордың аты – (Ақмолалық)

Шикізат түрі

Көрсеткіші

Өлшем бірлігі

Мағынасы (норма)

Пайдаланылған әдебиет

1

2

3

4

5

 

Балшық

 

Химиялық  құрамы:

 

%

 

[1]

SiO2

Al2O3

Fe2O3

FeO

TiO2

CaO

MgO

SO3

K2O

Na2O

 

57,20 (51-76%)

19,97 (12-30%)

9,56 (1-10%)

0,02 (1-10%)

0,58

2,05 (0,1-10%)

0,27

0,42 (0,1-0,8%)

1,50 (0,3-6%)

0,40 (0,3-6%)

 

Минералдық құрамы:

 

%

 

[1]

Сазды минералдар

 

50

 

Кварц

 

10

 

Дала шпаты

 

30

 

Оксидтер

 

5

 

Слюда, хлоридтер, пироксендер

 

5

 



 

 

2 кесте –  Керамикалық бұйымдар алуға қажетті  шикізат сипаттамалары.

Қордың аты – (Қарағандылық ТЭЦ)

Шикізат түрі

Көрсеткіші

Өлшем бірлігі

Мағынасы (норма)

Пайдаланылған әдебиет

1

2

3

4

5

 

Балшық

Физика-механикалық қасиеттері:

   

 

[1]

Көлемді-үйінді масса

т/м3

0,547

 

Тығыздығы

т/м3

1,82

 

Удельная поверхность по ПСХ

 

 

см2

4768

 

Плавкость

Сұйық фазаның пайда болуы

 

0С

1310

 

 

еруі

 

0С

1460

 

 

Күл

 

Химиялық құрамы:

 

%

 

[1]

 

SiO2

Al2O3

Fe2O3

FeO

TiO2

CaO

MgO

SO3

K2O

Na2O

 

52,45

24,27

5,02

0,14

1,02

4,39

2,00

0,63

0,60

0,20

 

Физика-механикалық қасиеттері:

   

[1]

Көлемді-үйінді масса

т/м3

0,547

 

Тығыздығы

т/м3

1,82

 

Удельная поверхность по ПСХ

 

см2

4768

 

Плавкость

Сұйық фазаның пайда болуы

 

0С

1310

 

еруі

0С

1460

 

 

Минералдық құрамы:

 

%

 

[1]

Аморфталған сазды агрегаттар

 

45-50

 

Шыны-фаза

 

25-30

 

Органика

 

8

 

Кварц

 

-

 

Дала шпаты

 

5-10

 

Кальцит

 

5

 

Гидрогранаты, муллит, темір оксидтері

 

5

 

корунд

 

-

 



 

 

2 Шығарылатын өнім номенклатурасы мен олардың қасиеттері

Керамогранит  – ғимараттарды әрлеу үшін жиі  қолданылатын құрылыс материалы. Көптеген мемлекеттер Ресей, Қытай, Италия, Беларуссия және т.б. мемлекеттерде өндіреді. Көптеген жағымды қасиеттерінің арқасында  қабырғаларды, еденді әрлеуде керамогранитті ешбір материал алмастыра алмайды. Керамограниттің өлшемдеріне еш шектеу қойылмайды. Кіші өлшемнен 5х5см, үлкен 60х60,60х120, 120х180см өлшемге дейін өндіріледі. Оның өлшемдері әртүрлі болғандықтан үлкен және майда детальдар өндіруге болады.

Керамогранит  – аязға төзімді материал. Ол аязға төзімді болу үшін оны абсолютті тығыз және ешқандай жарық және кеуек болмау керек. Керамограниттің сусіңіргіштігі қаншалықты төмен болса, ол аязға төзімді болады. Керамограниттің сусіңіргіштігі 1%-дан төмен. Сондықтан ол төмен температурада (-500С) сыртқы түрін өзгертпейді. Осы қасиетіне байланысты оны солтүстік өңірлерге пайдалануға мүмкіндік береді.

Керамогранит  – керамика өндірісіндегі заманауи технологиялардың бірі. Керамогранит – керамика өндірісіндегі жоғары технологиялар аймағына жататын жаңа ұрпақ. Осыдан керамогранит әлсіз агрессивті орта әсеріне тұрақты және кейбір эксплуатациялық және тұтыну қасиеттерімен табиғи тастан асып түседі.

Керамогранитті  өндіру технологиясы керамика саласындағы  жоғары жетістік деп атауға болады. Ол техникалық және эстетикалық қасиеттері бойынша табиғи тастан асып түсетін материал. Табиғатта ағымдағы процесс миллиондаған жылға созылса, өндіріс жағдайында бірнеше сағатты алады.

Біріншіден, керамогранит – жоғары берікті материал. Керамогранитті престеу және кезекті құрғақ керамикалық тасты күйдіру жолымен алады. Сондықтан ол көбінесе адамдар көп жүретін ғимараттарға: дүкен, аэропорт т.б. орындарда қолданылады.

Екіншіден, ол декоративті элемент ретінде  қолданылады. Керамогранитке жоғары қажалуға төзімділік, аязға төзімділік, ұзақмерзімге төзімділік қасиеттері тән. Жоғары сапалы керамограниттерді ғимараттың сыртын және ішін әрлеуге қолданады. Сонымен қатар керамогранит ғимараттың қасбетін әрлеуге қолданылады.

Керамогранит  өндірісін дайындаудың мақсаты өндіріс мекемелерінің едендерін әрлеу үшін жақсы материал өндіру болып табылады. Материал жоғары қысымды ұстауға қабілетті болу керек, термиялық, химиялық әсерлерге тұрақты болу керек. Италияндық инженер технологтар тарапынан ашылған технологиясы бойынша материалдың эксплуатациялық қасиеттері өте жақсы көрсеткішке ие болды. Соның арқасында керамогранит қазіргі таңда әртүрлі тұрғын және тұрғын емес ғимараттардың беттік қабатын әрлеу үшін ең кең қолданыстағы материал болып саналады.

Информация о работе Астана қаласындағы қуаттылығы 30 мың м3 әрлеу керамикалық бұйымдарды өндіретін зауыт