Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2013 в 18:23, курсовая работа
Құрылыс материалдары – үйлерді, ғимараттарды салу мен жөндеуде пайдаланылатын табиғи және жасанды материалдар мен бұйымдар. Негізгі құрылыс материалдарының түрлері: табиғи тау жыныстарынан жасалған құрылыс материалдары (дара тастар, қиыршық тастар, т.б.); органикалық (битум, қарамай, синтетикалық шайыр, т.б.) және бейорганикалық (цемент, әктас, гипс, т.б.) байланыстырғыш материалдар; жасанды құрылыс материалдары және құрастырмалы құралымдар мен бұйымдар (құрылыстық керамика, бетон, темір-бетон, асбест-цемент, темір, шыны және силикаттан жасалған бұйымдар); ағаш материалдары және олардан жасалған бұйымдар (есік және терезе блоктары, ағаш талшықты және ағаш үгінділерінен жасалған тақталар, т.б.); металдан жасалған бұйымдар (көтергіш және қоршау құралымдары, құбырлар, рельстер, т.б.); синтетикалық шайырлар мен пластмассалар (линолеум, пенопласт, т.б.).
І. Кіріспе
1.1 Құрылыс материалдары
ІІ. Негізгі бөлім
2.1 Ағаштар туралы мәлімет
2.2 Ағаш шебері
2.3 Ағаштан жасалатын бұйымдар
2.4 Ағаштан жасалатын құрылыс материалдары
2.5 Ағаш ұсталығы аспаптары
ІІІ. Сәулетті – құрылыс бөлімі
3.1 Қазақстандағы ағаш өңдеу зауыты
3.2 Мекеме туралы
3.3 Лицензиялары
3.4 Өнімдері
3.5 Технологиялық картасы
ІV. Қорытынды
4.1 Ағаш конструкциялары
4.2 Ағаш конструкциясы кезіндегі қауіпті факторлар
V. Пайдаланылған әдебиеттер
Ағаш конструкциясы кезіндегі қауіпті факторлар
Ағаш
конструкцияларының тiршiлiк циклi процесiнде
аулақ болу қажет болатын негiзгi
қауiптi факторлар (қатерлер)
мыналар болып табылады:
1) ағаш конструкцияларын дайындау мен
құрастыру кезiнде шу мен дiрiлдердiң жоғары
деңгейi орын алуы мүмкiн;
2) жабдықтардың, құрал-сайманның жылжымалы
бөлiктерi, жылжытылатын бұйымдар, әзiрлемелер,
материалдар;
3) қоршаған ортаның, жабдықтардың бетiнiң
жоғары немесе төмен температурасы;
4) ағаш конструкцияларының бетiнде микрофлораның
дамуы;
5) өндiрiстiк процестер кезiнде ағаш конструкцияларының
тұтануы;
6) ағаш конструкцияларда адам ағзасына
терiс әсерiн тигiзуi мүмкiн шектi рұқсат
етiлген мәннен асатын радиоактивтi сәулеленулердiң
болуы;
7) тасымалдау кезiнде жүктiң тепе-тең бөлiнбеуi
тежеу кезiнде немесе бұрылыстағы қозғалыс
кезiнде оны басқаруға ие бола алмай қалуға
әкеп соқтыруы мүмкiн, ал бекiтiлмеген жүк
қозғалыс кезiнде ығысып немесе түсiп қалуы
мүмкiн;
8) өндiру мен пайдалану кезiнде шайырлардың,
желiмдердiң, сұйықтардың, ағашты әшекейлiк/қорғауға
арналған өңдеу құралдарының, саңырауқұлақ
ауруына қарсы дәрi-дәрмектердiң, лактардың,
бояулардың және ерекше иiстi басқа да
материалдар мен химиялық заттардың адам
денсаулығына зиян келтiруге қабiлеттi
шектi рұқсат етiлген концентрациялардан
асатындай мөлшерде бөлiнуi;
9) өрттiң шығу себебiне айналуы мүмкiн
артық мөлшердегi жылу бөлiнетiн қауiптi
пайдалану процестерi;
10) елеулi мөлшердегi пайдалану жүктемелерiн
қабылдауға арналған ағаш конструкцияларының
бұзылуы;
11) өндiрiстiк учаскелерiнiң және құрылыс-монтаждау
алаңдары шегiнде қозғалыстағы көлiк құралдарынан,
жүк көтерме машиналардан, тетiктер мен
олардың бөлiктерiнен туындайтын қауiп.
Механикалық қауiпсiздiк талаптары
Ағаш конструкцияларын өндiру, тасымалдау және сақтау, құрылыста
пайдалану,
кәдеге жарату кезiнде олардан туындауы
мүмкiн механикалық соққы
әсерiнен (құлау немесе қирау кезiнде) қорғау
үшiн қажеттi қауiпсiздiк деңгейiн қамтамасыз
ететiн мынадай талаптар орындалуы тиiс:
1) жекелеген ағаш конструкциясы, сондай-ақ
олардың қатары қаластыру кезiнде аударылу,
құлау немесе бұзылу қатерiне жол бермей
пайдалануды қамтамасыз ете отырып, көзделген
жұмыс жағдайларында орнықты болуы тиiс;
2) ағаш конструкцияларын құрылыс объектiлерiнде
сақтау кезiнде персоналдарды олардың
мүмкiн болатын құлауы немесе бұзылу кезiнде
соққы әсерiнен қорғау үшiн қорғау қоршаулары
мен аспалар (маңдайшалар) қолданылуы
тиiс;
3) ағаш конструкцияларын жобалық орнына
орнату кезiнде, сондай-ақ олардың қатарын
қаластырып жинаған кезде орнықтылығын
қамтамасыз ету үшiн тиiстi бекiтпелердi
қолдануды көздеу қажет.
Ағаш
конструкцияларының механикалық қауiпсiздiгi
берiктiлiгi бойынша талаптарды орындаумен
және сүректiң табиғи кебу процесiнен
туындаған шөгуiнiң салдарынан геометриялық
өлшемдерiнiң өзгермеуi арқылы қамтамасыз
етiледi.
Ағаш конструкцияларын жобалау мен монтаждау
кезiнде олардың иiлгiштiгiн ескеру қажет,
олар белгiлi бiр өңiрге тән болып келетiн
барынша жоғары қар және жел жүктемелерiне
шыдауы тиiс.
Ағаш конструкциялары берiк болуы және
құрылыс алаңдарының нақты инженерлiк-геологиялық
жағдайларын және егер соңғысы сейсмикалық
қауiптi ауданда орналасқан болса соның
сейсмикалығын ескере отырып, ғимараттар
мен құрылыстардың орнықтылығын қамтамасыз
етуi тиiс.
Өрт қауiпсiздiгi талаптары