Ағаш станоктарының құрылысы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2013 в 18:23, курсовая работа

Краткое описание

Құрылыс материалдары – үйлерді, ғимараттарды салу мен жөндеуде пайдаланылатын табиғи және жасанды материалдар мен бұйымдар. Негізгі құрылыс материалдарының түрлері: табиғи тау жыныстарынан жасалған құрылыс материалдары (дара тастар, қиыршық тастар, т.б.); органикалық (битум, қарамай, синтетикалық шайыр, т.б.) және бейорганикалық (цемент, әктас, гипс, т.б.) байланыстырғыш материалдар; жасанды құрылыс материалдары және құрастырмалы құралымдар мен бұйымдар (құрылыстық керамика, бетон, темір-бетон, асбест-цемент, темір, шыны және силикаттан жасалған бұйымдар); ағаш материалдары және олардан жасалған бұйымдар (есік және терезе блоктары, ағаш талшықты және ағаш үгінділерінен жасалған тақталар, т.б.); металдан жасалған бұйымдар (көтергіш және қоршау құралымдары, құбырлар, рельстер, т.б.); синтетикалық шайырлар мен пластмассалар (линолеум, пенопласт, т.б.).

Содержание

І. Кіріспе
1.1 Құрылыс материалдары
ІІ. Негізгі бөлім
2.1 Ағаштар туралы мәлімет
2.2 Ағаш шебері
2.3 Ағаштан жасалатын бұйымдар
2.4 Ағаштан жасалатын құрылыс материалдары
2.5 Ағаш ұсталығы аспаптары
ІІІ. Сәулетті – құрылыс бөлімі
3.1 Қазақстандағы ағаш өңдеу зауыты
3.2 Мекеме туралы
3.3 Лицензиялары
3.4 Өнімдері
3.5 Технологиялық картасы
ІV. Қорытынды
4.1 Ағаш конструкциялары
4.2 Ағаш конструкциясы кезіндегі қауіпті факторлар
V. Пайдаланылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

курсовой.doc

— 428.00 Кб (Скачать документ)

МАЗМҰНЫ

І. Кіріспе

    1. Құрылыс материалдары

ІІ. Негізгі бөлім

    1. Ағаштар туралы мәлімет
    2. Ағаш шебері
    3. Ағаштан жасалатын бұйымдар
    4. Ағаштан жасалатын құрылыс материалдары
    5. Ағаш ұсталығы аспаптары

ІІІ. Сәулетті – құрылыс бөлімі

    1. Қазақстандағы ағаш өңдеу зауыты
    2. Мекеме туралы
    3. Лицензиялары
    4. Өнімдері
    5. Технологиялық картасы

ІV. Қорытынды

    1. Ағаш конструкциялары
    2. Ағаш конструкциясы кезіндегі қауіпті факторлар
    1. Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Құрылыс материалдары – үйлерді, ғимараттарды салу мен жөндеуде пайдаланылатын табиғи және жасанды материалдар мен бұйымдар. Негізгі құрылыс материалдарының түрлері: табиғи тау жыныстарынан жасалған құрылыс материалдары (дара тастар, қиыршық тастар, т.б.); органикалық (битум, қарамай, синтетикалық шайыр, т.б.) және бейорганикалық (цемент, әктас, гипс, т.б.) байланыстырғыш материалдар; жасанды құрылыс материалдары және құрастырмалы құралымдар мен бұйымдар (құрылыстық керамика, бетон, темір-бетон, асбест-цемент, темір, шыны және силикаттан жасалған бұйымдар); ағаш материалдары және олардан жасалған бұйымдар (есік және терезе блоктары, ағаш талшықты және ағаш үгінділерінен жасалған тақталар, т.б.); металдан жасалған бұйымдар (көтергіш және қоршау құралымдары, құбырлар, рельстер, т.б.); синтетикалық шайырлар мен пластмассалар (линолеум, пенопласт, т.б.). Әр түрлі табиғи тау жыныстарынан іргетастар, қабырғалық әшекейлік, т.б. құрылыс материалдары жасалынады. Органикалық байланыстырғыш заттардан жол құрылысына қажетті жабын, ылғал өткізбейтін заттар дайындалады. Ағаш жаңқасынан жұқа әшекейлік тақталар жасау үшін байланыстырғыш заттар ретінде синтетикалық шайырлар пайдаланылады. Бейорганикалық заттардың ішіндегі ең негізгісі – цемент. Одан бетон, темір-бетон, асбест-цемент, құрылыс қоспалары сияқты құрылыс материалдары жасалады. Әктастан бу қысымымен алынатын силикаттық бетон, кірпіш әрі құрылыстық қоспалар дайындалады. Жасанды құрылыс материалдары жасалу технологиясына қарай байланыстырғыш заттар көмегімен жасалатын бетон, темір-бетон, асбест-бетон, асбест-цемент, силикаттық бетондар мен кірпіш, құрылыс қоспалары; саз топырақтан (балшықтан) күйдіру арқылы алынатын керамикалық құрылыс материалдары; құмды түрлі қоспалар қосып балқыту арқылы алынатын кеуек материалдар, ситалдар, минералдық мақталар болып бөлінеді. Жасанды құрылыс  материалдарының негізгі бір түрі – металдар. Олар құрылыста әр түрлі құралымдар (көпірлер, өндірістік құрылыстар, жер сілкінісіне шыдамды құрылыстық қаңқалар және темір-бетон арматуралар, т.б.) жасауға пайдаланылады. Металдардан, негізінен, болат илемі құрылыста кеңінен қолданылады. Олардан темір-бетондарға қажетті арматуралар, ғимараттың каркастары, көпірдің құрылыстық өткіндері, жылыту жүйелері, жабын материалдары, т.б. жасалады. Әлемдік практикада ең алғаш Қазақстанда жаңа керамикикалық “золокерам” материалдары жасалып, өндіріске енгізілді. Ағаш материалдары және олардан жасалған бұйымдарға ағашты механикалық өңдеу барысында алынатын материалдар (бөренелер, кесілмелі материалдар, паркет, фанера, т.б.) кіреді.

Ағаштар туралы мәлімет

Ағаш – сабақтары мен тамырлары сүректеніп біткен, өте жақсы жетілген діңі бар, биіктігі 2 метрден кем болмайтын көп жылдық өсімдіктер.Қазақстанда өсетін ағаштардың ең биігі 50 метрден аспайды (қарағай, шырша, емен, жөкеағаш, т.б.). Дүние жүзінде ең биік ағаш – Аустралияэукалиптісі (биіктігі 140-150 м), ең жуан ағаш – Баобаб (диаметрі 4-12 м). Ағаш палеозой дәуірінің тас көмір, девон кезеңінен бастап (126 млн жыл бұрын), мезозой дәуірінің бор, юра (96 млн жыл бұрын) кезеңіне дейін ағашты өсімдіктер. кейін бірқатары көп жылдық, одан бір жылдық шөптесін өсімдіктерге айналған. Жер бетінде климаттың өзгеруіне байланысты, ағашты өсімдіктердің даму циклы қысқаруда. Осыған байланысты олар шөптесін өсімдіктерге айналуда. Қазіргі кезде ағаштардың осы эволюциялық бағыты жалғасуда. Олар 5 топқа (балғын, жас, толық өсіп жетілмеген, толық өсіп жетілген, көп тұрып қалған ағаштар) бөлінеді. Соңғы екі тобына жататын ағаштар ғана кесіледі. Ағашты кескен кезде сүрегіндегі шеңберлердің санына байланысты жасын анықтайды. Жапырағының ішкі құрылысы мен сыртқы түріне қарап ағаштарды түрге бөледі: қалқан жапырақты (шырша, қарағай); жапырақты ағаш (қайың, терек). Ағаш ішкі құрылымы (талшықтарының ұзындығы, қалыңдығы) мен физика-механикалық қасиеттеріне (көлемдік салмағы – бұл көрсеткіш неғұрлым көп болса, механикалық қасиеттері жоғары болады) байланысты пайдаланылады. Қазақстанда өсетін ағаштардың техникалық қасиеттері жақсы зерттелген.

Ағаш - адамның күнкөріс қарекеті мен рухани өмірде ерекше орын алатын табиғат нысаны. Анимистік дүниетанымға байланысты туындаған наным-сенімдер бойынша ағаштарда жаны бар «тіршілік иесі».

Ертеде  дәстүрлі ортада ағаштың тұрмыс пен  шаруашылыққа жарамдылығына қарай отындық ағаш және кәделік ағаш деп екі топқа бөлген. Ал, ағаштардың өсу, даму сатысына байланысты да екі түрге бөледі: жас ағаш және тіршілік циклы аяқталуы жақын кәрі ағаш. Балғын жас ағашты кесуге қазақтар «көктей соласың» деп тыйым салады. Сондықтан жас, толық өсіп жетілмеген ағашты қажетіне қарай ғана кеседі. Өсіп жетілген ағашты шірімей, құрт жемей тұрып қажетке жаратады. Кәрі қуарған ағашты жығып, шауып отынға пайдаланған.

Ағашты  кескен кезде сүрегіндегі шеңберлердің санына қарап, жасын анықтайды. Ағаштың  таудың теріскей беткейіне өскен  ағаш діңінің көлеңке (солтүстік) жағындағысын «ұрғашы ағаш» атайды. Ондай ағаштардың бұтағы жоқ, жылдық сақиналары жиі, шайыры аз болғандықтан «шешен», яғни акустикалық сипаты, яғни дыбыс өткізгіштік қасиеті жоғары болады дейді шеберлер. Саз аспаптарының құлағын ырғай, тобылғы т.б. қатты ағаштардан әзірлейді. Ағаш шеберлері тәжірибе жүзінде кез келген ағаштың түп жағы берік болады деп санайды.

Ағаш шебері (Ағашшы ) - ағаштан түрлі тұтыну бұйымдары мен үй жиһаздарын жасайтын маман. Ағаштан түйін түйетін шеберлерді төрт топқа бөліп қарастыруға болады: балташылар -үй құрау, арба, шана, есік, терезе жақтауларын тағы басқа жасаушылар; үйшілер - киіз үйдің кереге, уық, шаңырақ, сықырлауық, адалбақан, асадал сынды тағы басқа бұйымдарын жасаушылар; оймашылар - жүкаяқ, кереует, кебеже, абдыра, саз аспаптарын оюлап жасаушылар; тоқушылар - себет, ергенек, қорап тағы басқа тұрмыстық бұйымдарын тоқушылар.

Ағашшы  күнделікті тұтынатын ас-су жабдықтарын: тостаған, аяқ-табақ, сапты аяқ, ожау, қалақ, иіелек, күбі, астау, ат әбзелдері (ердің қаңқасы, ашамай), үй жиһаздарын: жүкаяқ,кебеже, сандық, асадал, адалбақан, аша, бақан, тіреуіш, төсек, бесік тағы басқа дүйім дүниені жаcaп, мәнерлейді. Ағаштан жасалған бұйымдар төзімді, әрі жеңіл болғандықтан, қазақ көшпелі тұрмысында қолдануға ыңғайлы болды.

Ағаш  тасуға ыңғайлы болғандықтан ағашшы үйін орманға жақын жерге салған. Ағашшы кәсібімен айналысатындар қайың, арша, қарағай, тораңғы сияқты ағаштарды таңдап алып, көлеңке, әрі кұрғақ жерде кептіріп, жонып сүргілейді. Ағашты кесу, тесу, ою, ыңғырулау, өңдеу, дайын болған соң, бояу, оюлау, бедер салу сияқты істерге кіріседі. Ағаш үйдің уығын морлап ию, керегені қырып көктеу, шаңырақ ию, есік үйлестіру сияқты тәсілдер де кең қолданылды.

Ағаш шебері өздері өмір сүрген табиғи ортадан керегін тауып, таңдап, қажетті бұйымдар жасай білген. Ағаш желімін де қолдан қайнатып дайындаған. Сөйтіп, ағашшылар өздері жасаған бұйымдарды сатып немесе малға, тағамға айырбастап, кәсіпшілігімен күн көрген.

Ағаш шеберлік аспаптары - ағаш ұқсату, өңдеу жұмыстарына қажетті саймандар. Кез келген жұмысты бастар алдында ағаш шебері кұрал-саймандарын сайлап алады.

Ағаш ұсталары кұрал-саймандарын кесу, шабу, қию, жону, керту, ою, оймыштау, қырнау, қыру, тесу, сургілеу, тілу, қару, бояу, жылтырату, сырлау, шегелеу, желімдеу және тағы басқа жұмыстарда қолданды.

Ағаш  шеберінің негізгі құралдары  мыналар: балта, балға, ара, шот, сүргі, бұрғы, түрпі, тез, қашау, шапқы, қырғыш, ұңғы, ыңғыру, сыдырғы, егеу, тістеуік, үскі, пышақ түрлері және тағы басқа ағаш шеберінің аспаптар қатарына ағаш балға, шот, атауыз (қысқы), аталғы, пышақ, пәрмі, қолшығыр, балға, ағаш балға, ұртоқпақ (қолағаш), қырғыш, сүмсуір, қаламдықтемір (көзеуіш), ақсақтемір, қайрақ, білеу, қылау, жануыш, сүргі, зімпара, бұлғауыш, қылқалам, қуысқұлақ, белтемір, інкенже, жаңғырық, сына жатады. Бұлардың кейбірі сайманды ұруға (ағаш балға, ұртоқпақ (қолағаш), екіншісі - өлшеуге (ақсақтемір) немесе кұрал-сайманды қайрау немесе астына тосып салу (жаңғырық, сына) сияқты жұмыстарға пайдаланылады.

Ағаштан жасалатын бұйымдар. Ағаштан  жасалатын құрылыс материалдары

Ағаш  құрылымдары (ор. деревянные конструкции) - толығымен немесе көбіне ағаш материалдарынан жасалған құрылыс құрылымдары (арқалықтар, фермалар, арқалар, жақтаулар, күмбездер т.б.). Ағаш құрылымдары өндіріс, тұрмыс, ауылшаруашылық т.б. ғимараттарды жабуға қолданылады. Сонымен қатар олар көпірлерде, эстакадаларда, электр энергиясын беретін желілерді тіреуде т.б. құрылыстарда қолданылады. Ашық ауада қолданылатын ағаш құрылымдар шіруден сақтайтын заттармен қанықтырылады. Ағаш құрылымдардан жасалған тетіктер, өзара қашалған кертіктер, кілтектер, шегелер, бұрандалар, металдан жасалған бекіткіштерді енгізу арқылы және желімдеу арқылы байланыстырылады.

Ағаш  материалдарды тілетін екіқабатты жақтау(ор. двух этажная лесопильная рама) — механизацияланған ағаш аралайтын ағындарда ұзындықтары 3 ... 7 м келетін бөренелер мен сырықтарды бойлай тілуге арналған құрылғы. Тілінетін бөренелердің диаметрлері мен сырықтардың қалыңдықтарының ең үлкен өлшемдері 240 ... 700 мм.

Ағаш материалдары(ор. древесные материалы) — табиғи сүректі  байланыстырғыш заттармен (мысалы, синтетикалық шайырлармен) қанықтырылып, желімдеп жапсырып, жоғары температурада қысымдап жасалған құрылымдық және әртүрлі жөндеу жұмыстарын жасайтын материалдар.

Ағаштан бұйым  жасағанда ағаш шеберлері әр ағашқа тән ерекшеліктері, атап айтсақ ағаштың қаттылығы, салмағы, тығыздығы, иілгіштігі, серпімділігі, түсі, тұтқырлығы,жарылғыштығы, шайырлығы, дыбыс өткізгіштігі т.б. қасиеттерін басты назарда ұстайды.


Сүрегі  біркелкі ақ түсті, қатты ағаш қайыңнан үй ағашын, жиһаз, ер, ал оның безінен  ыдыс, түрлі ұсақ бұйымдар жасайды.

Қарабұта  теріскей бетте, күнгейде теріскен, жирен, жусан, сарытабан, ал биік суық жерде қарағай, қайың, шөлейт пен құмды өңірде сексеуіл отынға жиі пайдаланылады. Шетен, жыңғыл, сексеуілдің қызуы мол, бұта-шілік, балғын, баялыш, тал тамызыққа ғана, қызуы мол делінетін қарағаш, қарағай, қайың, емен, терек қыста үй жылытуға пайдаланылады.

Ағаш бұйымдарды дайындау және жөндеу үшін тақтайлар, тұтас немесе жалғамалы сырғауылдар, тақталар мен фанера, сондай-ақ жоңқалы ағаш тақта (ЖАТ, яғни ДСП — древесностружечные плиты) және талшықты ағаш тақта (ТАТ, яғни ДВП — древесно-волокнистые плиты) пайдаланылады.

Тақтай, сырғауыл, тақталар табиғи ағаштардан жасалғандықтан ағашқа тән қасиеттер  оларда да болады. Ол түрлі соққы  мен тербеліс әсерлеріне төзімді, өңдеуге ыңғайлы, желімден құрастырғанда берік және сәндік бұйымдар жасауға қолайлы болып келеді. Фанера бір-біріне желімденген үш немесе одан да көп жұқа (қалыңдығы 0,5—1мм) ағаш қабаттардан (шнон) тұрады. Оларды қабаттардағы ағаш талшықтары бір-біріне перпендикуляр болатындай етіп желімдейді.

Фанераның қалыңдығы 3—25 мм болып келеді. Одан түрлі жәшік, сөре, рамкалар мен әр алуан бұйымдар жасауға болады. Фанера жиһаз жасауда, телевизор мен акустикалық жүйелердің (дыбыс колонкасы) қорабын қаптауға, тұрғын жайды сәндеуге т. б. мақсаттарға кеңінен пайдаланылады.

ЖАТ ағаш жоңқасына  жабыстырғыш зат (смола) қосып престеу арқылы жасалады. Тақталар қалыңдығы 10, 18, 20 және 30 мм болып шығарылады. ЖАТ негізінен жиһаз жасауға пайдаланылады. ЖАТ-тан жасалған бұйымдар өндеуге жеңіл, берік, бүріспейді, бірақ оны ылғалды жерде ұстауға болмайды, ондай жағдайда жігі ажырай, бастапқы қалпын жоғалтады.

ЖАТ-тан жасалған бұйымдарды ылғалдан сақтау үшін оны  фанерамен қаптап, ағаш пленкамен  желімдеп, бетіне лак немесе майлы бояу жарады. Осындай өңдеуден өткен ЖАТ бұйымдар әдемі әрі табиғи ағаштан жасалған бұйымдардан айырмашылығы байқалмайтын болады.

ТАТ-ты ұнтақталған және ұсақталған ағаш қалдықтарына түрлі қоспалар (парафин, смола, канифоль т. б.) қосып престеу арқылы жасайды. Оны бөлмені жылылауға (қабырғаны, төбені қаптал, бетіне сәнді қағаз желімдейді немесе сырлайды), түрлі ағаш ыдыстар жасауға пайдаланады. ТАТ бұйымдар өндеуге ыңғайлы болғанымен онша берік емес. Ағаш ісмерлігінің дені ұста столында түрлі аспаптарды пайдалану арқылы жасалынады. Ұста столы болмаған жағдайда кәдімгі столды немесе еденді пайдалануға да болады, оның бетін бүлдіріп алмау үшін ұшқат төсеу керек.

Ағаш ұсталығы аспаптары негізінен үшке бөлінеді:

  • өлшегіш-белгілегіш (сызғыш, бүктемелі метрлік, циркуль, бұрыштауыш, үлгі),
  • кескіш-тескіштер (ара, балта, сүргі, қашау, шапқы, бұрғы т. б.),
  • көмекші аспаптар (балға, қырғыш, түрпі,егеу, бұрауыш, ұңғы, тістеуік, түзегіш т. б.), ал желімдеу мен құрастыруға винтті қысқыш пен қамыт пайдаланылады.

Ағаш  детальдарды механикалық өңдеуден еткізерден бұрын тиісті белгілеу жұмысын жүргізеді. Ол үшін ағаш немесе металл метрлік (мата тектес рулетка метр мен тігінші метрін пайдалануға болмайды, өйткені олар созылғыш болғандықтан белгі дәл түспейді) қолданылады. Қарындашпен белгі түсірілгеннен кейін өңделетін (кесілетін) жердің бойымен сызық жүргізіледі. Ағашты қол аспаптарымен механикалық өңдеуге: аралау, сүргілеу (дайын бұйымдарды қалыпқа түсіру үшін), тиек, тесік жасау, ұяшықтарды үңгу мен тесіктерді бұрғылау, бекіткіш детальдар мен фурнитуралар ою, жымдастыру мен тегістеу жұмыстары жатады.

Шағын ағаш детальдар мен фанераларды  және ЖАТ-ты кесуге ең қолайлы аспап  — қол ара. Сондай-ақ жүзі ауыстырмалы  әмбебап ара да тиімді құрал. Оның жүзі майдасымен фанера, жұқа тақтайлар мен шыбықтарды араласа, жүзі орташалауымен жұқалау тақтайлар мен ЖАТ-ты, ал жүзі ірісімен қалың тақтайларды аралайды.

Информация о работе Ағаш станоктарының құрылысы