Анатомиялық позициялар адам құрылысының біліктері мен жазықтары. Анатомиялық терминология

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Мая 2013 в 12:39, реферат

Краткое описание

Адам анатомиясы - адам денесінің құрылысын, пішінін, қимылдарын, мүшелердің өзара қарым-қатынасын зерттейтін жаратылыстану ғылымының бір саласы. Адам анатомиясының (латынша anatome – кесу, бөлшектеу деген ұғымды білдіреді) негізін салушы – ежелгі рим дәрігері Гален, одан кейін шығыс ғалымдары: ар-Рази, ибн-Рушд, Әбу Әли ибн Сина адам анатомиясына елеулі жаңалықтар қосты. Қазақ даласында адам анатомиясы мәселелері Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының (15 ғасыр), Халел Досмұхамбетұлы (20 ғасыр) еңбектерінде баяндалды. Бүкіл тірі организмдер сияқты адам денесі торшадан (клеткадан) тұрады. Торшалар торшааралық затпен қосылып тін (ткань) құрайды. Тін: эпителиалдық, дәнекерлік, бұлшық еттік, жүйкелік болып 4 топқа бөлінеді. Тін қосылып ағзаларды (орган) құрайды. Жалпы құрылысы мен дамуы біртектес және ортақ қызмет атқаратын ағзалар – ағзалар жүйесіне біріктіріледі. Шығу тегі мен құрылыстары ұқсамайтын, бірақ ортақ қызмет атқаратын ағзалар – ағзалар аппараттары деген топқа бөлінеді. Ағзалар жүйесі мен аппараттары адам организмін құрайды.

Содержание

І Кіріспе
Анатомиялық позициялар
ІІ Негізгі бөлім
Анатомиялық терминология.
Адам құрылысның біліктері мен жазықтары.
Адам организмі және оның құрылысын құрушылар
Анатомиялық терминология.
ІІІ Қорытынды
ІV Пайдаланылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

АнатомиялыК позициялар.doc

— 156.00 Кб (Скачать документ)

Адам анатомиясы-адам организмінің құрылысын, пішінін, оның қызметтерін және оны қоршаған ортаға байланысты дамуын зерттейтін ғылым. Қазіргі медицина дамуы кезеңінде анатомия жүйелік, топографиялық, пластикалық, жас шамалық, салыстырмалы және функционалды болып бөлінеді. Бұл медицина саласында адам анатомиясын, яғни организмнің құрылысын жүйе бойнша (сүйек,бұлшықет,қан тамыр т.б) үйрену болып табылады.

 

 

 

1-сурет.Адам  денесіндегі білік және жазықтық  қималары:

1-сагиталды  жазықтық;2-көлденең білік,14-сагиталды  білік;3,4-фронталды жазықтық пен  көлденең  тік қималар жүргізу  бағыттары:

8-көлденең  жазықтық:

 

 

 

 Қорытынды: 
Адам анатомиясын оқып білуге дененің және жеке мүшелерін кеңістікте орналасуын түсіндіру үшін дене бөліктері туралы түсінік қолданылады. 
Адамның нақты вертикалді құрылымына қолы төмен қараған денесі, алақан және сыртқа қараған үлкен бармақтары жатады. Денеде келесі бөліктер болады: мойын, тұлға, қол және аяқ сүйектері. Бас бет және ми бөліктерінен тұрады. Әрбір қол сүйектері иық белдеуінен,білек және қолұшы,ал әрбір аяқ сүйектері жамбас белдеуі,ортан жілік,сирақ және аяқұшы сүйектерінен құралады. 
     Қалыпты адам организмін зерттейтін жүйелі анатомияны сонымен бірге қалыпты анатомия деп атауға болады. Мүшенің немесе тіннің белгілі аурумен зақымданғандағы құрылысын қарастыратын анатомия-патологиялық анатомия деп аталады.Осыған байланысты адамның мүшелері мен жүйелерінің осындай құрлысын,организмнің оптимальді өмір сүруі толық қалыптастырылған құрылысты қалыпты деп санауға болады.Осы кезеңдерде мөлщер көрсеткіштері (салмақ, пішін, өлшемдері және ағзалар құрылысы) әрқашан нақты бір шекарада, яғни максималдыдан минималды мөлшерге дейінгі аралықта болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 
1. «Адам анатомиясы» А.Б. Аубакиров, М.К.Жаналиева 
Астана 2008ж. 
2. Атлас адам анатомиясы Ә.Б.Әубәкіров, Ү.Ж. Жұмабаев,Т.М.Досаев,Ф.М.Сулейменова, Қ.Е.Сисабеков,М.М.Шайдаров 
Астана 2006ж. 
3. «Адам анатомиясы» Алшынбай Рақышев. 
Алматы 2004ж. 
4. «Тәнтану адам анатомиясы» Жандар Керімбектің Ермаханы. 
Алматы 2004ж. 


Информация о работе Анатомиялық позициялар адам құрылысының біліктері мен жазықтары. Анатомиялық терминология