Анатомиялық позициялар адам құрылысының біліктері мен жазықтары. Анатомиялық терминология

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Мая 2013 в 12:39, реферат

Краткое описание

Адам анатомиясы - адам денесінің құрылысын, пішінін, қимылдарын, мүшелердің өзара қарым-қатынасын зерттейтін жаратылыстану ғылымының бір саласы. Адам анатомиясының (латынша anatome – кесу, бөлшектеу деген ұғымды білдіреді) негізін салушы – ежелгі рим дәрігері Гален, одан кейін шығыс ғалымдары: ар-Рази, ибн-Рушд, Әбу Әли ибн Сина адам анатомиясына елеулі жаңалықтар қосты. Қазақ даласында адам анатомиясы мәселелері Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының (15 ғасыр), Халел Досмұхамбетұлы (20 ғасыр) еңбектерінде баяндалды. Бүкіл тірі организмдер сияқты адам денесі торшадан (клеткадан) тұрады. Торшалар торшааралық затпен қосылып тін (ткань) құрайды. Тін: эпителиалдық, дәнекерлік, бұлшық еттік, жүйкелік болып 4 топқа бөлінеді. Тін қосылып ағзаларды (орган) құрайды. Жалпы құрылысы мен дамуы біртектес және ортақ қызмет атқаратын ағзалар – ағзалар жүйесіне біріктіріледі. Шығу тегі мен құрылыстары ұқсамайтын, бірақ ортақ қызмет атқаратын ағзалар – ағзалар аппараттары деген топқа бөлінеді. Ағзалар жүйесі мен аппараттары адам организмін құрайды.

Содержание

І Кіріспе
Анатомиялық позициялар
ІІ Негізгі бөлім
Анатомиялық терминология.
Адам құрылысның біліктері мен жазықтары.
Адам организмі және оның құрылысын құрушылар
Анатомиялық терминология.
ІІІ Қорытынды
ІV Пайдаланылған әдебиеттер