Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Мая 2013 в 12:39, реферат
Адам анатомиясы - адам денесінің құрылысын, пішінін, қимылдарын, мүшелердің өзара қарым-қатынасын зерттейтін жаратылыстану ғылымының бір саласы. Адам анатомиясының (латынша anatome – кесу, бөлшектеу деген ұғымды білдіреді) негізін салушы – ежелгі рим дәрігері Гален, одан кейін шығыс ғалымдары: ар-Рази, ибн-Рушд, Әбу Әли ибн Сина адам анатомиясына елеулі жаңалықтар қосты. Қазақ даласында адам анатомиясы мәселелері Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының (15 ғасыр), Халел Досмұхамбетұлы (20 ғасыр) еңбектерінде баяндалды. Бүкіл тірі организмдер сияқты адам денесі торшадан (клеткадан) тұрады. Торшалар торшааралық затпен қосылып тін (ткань) құрайды. Тін: эпителиалдық, дәнекерлік, бұлшық еттік, жүйкелік болып 4 топқа бөлінеді. Тін қосылып ағзаларды (орган) құрайды. Жалпы құрылысы мен дамуы біртектес және ортақ қызмет атқаратын ағзалар – ағзалар жүйесіне біріктіріледі. Шығу тегі мен құрылыстары ұқсамайтын, бірақ ортақ қызмет атқаратын ағзалар – ағзалар аппараттары деген топқа бөлінеді. Ағзалар жүйесі мен аппараттары адам организмін құрайды.
І Кіріспе
Анатомиялық позициялар
ІІ Негізгі бөлім
Анатомиялық терминология.
Адам құрылысның біліктері мен жазықтары.
Адам организмі және оның құрылысын құрушылар
Анатомиялық терминология.
ІІІ Қорытынды
ІV Пайдаланылған әдебиеттер
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ
Морфологиялық пәндер кафедрасы.
Тақырыбы : Анатомиялық позициялар адам құрылысының біліктері мен жазықтары. Анатомиялық терминология.
Тобы: 101-Б-ҚДС
Қабылдаған: Мурзаева Д.А.
Шымкент 2013
Жоспар
І Кіріспе
Анатомиялық позициялар
ІІ Негізгі бөлім
Адам құрылысның біліктері мен жазықтары.
ІІІ Қорытынды
ІV Пайдаланылған әдебиеттер
Шымкент 2013
Анатомиялық позициялар
Анатомия — зерттеу нысандарына байланысты жануарлар және өсімдіктер анатомиясы болып екіге бөлінеді. Жануарлар анатомиясынан адам анатомиясы жеке ғылым саласы ретінде бөлінді.
Адам анатомиясы - адам денесінің құрылысын, пішінін, қимылдарын, мүшелердің өзара қарым-қатынасын зерттейтін жаратылыстану ғылымының бір саласы. Адам анатомиясының (латынша anatome – кесу, бөлшектеу деген ұғымды білдіреді) негізін салушы – ежелгі рим дәрігері Гален, одан кейін шығыс ғалымдары: ар-Рази, ибн-Рушд, Әбу Әли ибн Сина адам анатомиясына елеулі жаңалықтар қосты. Қазақ даласында адам анатомиясы мәселелері Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының (15 ғасыр), Халел Досмұхамбетұлы (20 ғасыр) еңбектерінде баяндалды. Бүкіл тірі организмдер сияқты адам денесі торшадан (клеткадан) тұрады. Торшалар торшааралық затпен қосылып тін (ткань) құрайды. Тін: эпителиалдық, дәнекерлік, бұлшық еттік, жүйкелік болып 4 топқа бөлінеді. Тін қосылып ағзаларды (орган) құрайды. Жалпы құрылысы мен дамуы біртектес және ортақ қызмет атқаратын ағзалар – ағзалар жүйесіне біріктіріледі. Шығу тегі мен құрылыстары ұқсамайтын, бірақ ортақ қызмет атқаратын ағзалар – ағзалар аппараттары деген топқа бөлінеді. Ағзалар жүйесі мен аппараттары адам организмін құрайды. Ағзалар бірнеше жүйеге бөлінеді: 1) тірек-қимыл аппараты; 2) ас қорыту жүйесі; 3) тыныс алу жүйесі, 4) несеп-жыныс аппараты; 5) жүрек-тамыр жүйесі (бұл жүйе өз ішінде қан жасап шығаратын және иммундық жүйе ағзалары болып бөлінеді); 6) сезім ағзалары; 7) эндокриндік бездер; 8) жүйке жүйесі. Осылардың бәрі бірігіп, адамның қоршаған ортамен арақатынасын жүзеге асырады. Адам денесі бас, мойын, тұлға, қол және аяқ бөліктерінен тұрады. Адам қаңқасына тұлға қаңқасы (омыртқа бағанасы және кеуде клеткасын құрайтын сүйектер), бас сүйек және қол-аяқ қаңқалары жатады. Бас сүйек: ми сауыт пен бет сүйектеріне бөлінеді. Ми сауытының ішінде ми, есту және тепе-теңдікті сақтау, көру ағзалары орналасқан. Омыртқа бағанасы: мойын (7 омыртқа), кеуде (12), бел (5), сегізкөз (5) және құймышақ (3 – 5) бөліктерінен тұрады. Омыртқа бағанасының кеуделік бөлігіне 12 жұп қабырғалар бекиді. Олар алдыңғы жағында төс сүйекпен қосылып кеудені құрайды. Кеуде қуысында өкпе, жүрек, кеңірдек, өңеш, тамырлар мен жүйке талшықтары орналасқан. Омыртқа бағанасының бел бөлігі іш бұлшықеттерімен бірге іш қуысын түзеді. Yстіңгі жағында іш қуысы кеуде қуысынан көк ет арқылы бөлінеді. Іш қуысында бауыр, асқазан, талақ, ішек, ұйқы безі, бүйректер, тамырлар, жүйке талшықтары орналасқан. Іш қуысы төменгі жағында жамбас астауы қуысына жалғасады. Бұл қуыста несеп қуығы, тік ішек және жыныс ағзалары жатады. Қол қаңқаларын жауырын, бұғана, тоқпан жілік, шынтақ жілік, кәрі жілік, қол басы сүйектері құрайды. Аяқ қаңқасына жамбас сүйектері, ортан жілік, асықты жілік (кіші жілік) және аяқ басы сүйектері жатады. Сүйектер өзара буындар, шеміршектер арқылы жалғасады. Оларды бұлшықеттер жауып жатады. Адам анатомиясы зерттеу ерекшеліктеріне байланысты бірнеше салаларға бөлінеді: жүйелік немесе қалыпты анатомия – адам денесінің құрылысын ағзалар жүйелері бойынша баяндайды; патологиялық анатомия – ауруға шалдыққан ағзаларды зерттейді; топографиялық анатомия – денедегі ағзалардың, тамырлардың, жүйке талшықтарының өзара орналасуын, арақатынасын талдайды; пластикалық анатомия – адам денесінің сыртқы пішіні мен құрылысы туралы ілім; салыстырмалы анатомия – дамудың әр түрлі сатысында орналасқан тіршілік иелерінің дене құрылысын салыстыра зерттейді.
Зерттеу бағыттарына сәйкес анатомия өз кезегінде бірнеше салаларға бөлінеді:
жүйелі анатомия — адам мен жануарлар дене мүшелерінің құрылысын, олардың атқаратын қызметтерімен байланыстырып, мүшелер жүйелері ретінде (тері жабыны, сүйектер , бұлшық еттер, ас қорыту, тыныс алу, зәр бөлу, көбею, тамырлар, эндокринді бездер, жүйке жүйелері) зерттейді;
мүсіндік (пластикалық) анатомия — адам мен жануарлар организмдерінің сыртқы дене бітімі мен дене бөліктерінің тұрақты жағдайдағы немесе қозғалыстағы пропорциялық арақатынасын зерттейді. Мүсіндік анатомияның негізін қалаған италиян ғалымы Леонардо да Винчи;
топографиялық анатомия — адам мен жануарлар организмдерінің белгілі аумақтары мен бөліктеріндегі әртүрлі жүйелер мүшелерінің орналасу орындары мен сол аймақтағы олардың арақатынастарын зерттейді;
салыстырмалы анатомия — әртүрлі типтер мен кластарға жататын жануарлардың белгілі бір мүшелерінің немесе мүшелер жүйелерінің құрылыстарын салыстырып зерттейді;
түр анатомиясы — жануарлардың түрлеріне байланысты, олардың дене құрылысындағы ерекшеліктерді анықтайды;
түқым анатомиясы — мал түқымдарына сәйкес, олардың дене құрылысындағы салыстырмалы айырмашылықтарды зерттейді;
жас анатомиясы — жануарлардың жасына байланысты, олардың дене мүшелері құрылысындағы құрылымдық өзгерістерді анықтайды;
қалыпты анатомия — ересек адам мен жануарлар организмдерінің дертсіз қалыпты жағдайдағы құрылысын анықтап зертгейді;
сырқаттық (патологиялық) анатомия — ауырған организм дене мүшелерінің құрылысын қалыпты анатомия мөліметтерімен салыстыра отырып зерттейді;
микроскопиялық анатомия — жануарлар организмі мүшелерінің микроскоппен ғана көрінетін құрылысын зерттейді.
Адам мен жануарлардың қалыпты анатомиясы көптеген ғылыми салалардан тұрады:
остеология — сүйектер жүйесі туралы ілім
синдесмология — сүйектер байланыстары туралы ілім
миология - бұлшықеттер туралы ілім
дермотология тері жабыны және онын туындылары туралы ілім
спланхнология — ішкі ағзалар туралы ілім
эндокринология — ішкі секреция бездері туралы ілім
ангиология — тамырлар жүйесі (қанайналым, лимфаайналым, қантүзу мүшелері) туралы ілім
неврология — жүйке жүйесі туралы ілім
эстезиология — сезім мүшелері туралы ілім.
Анатомия ғылымының негізін көне грек ғұламалары: Алкмеон Кротонский, Гиппократ, Аристотель, Герофил, Эразистрат, ертедегі Рим ғалымдары: А.К. Цельс, К.Гален, орта ғасыр шығыс ғүламасы Әбу Әли ибн Сина, қайта орлеу дәуірінің ғалымдары: Леонардо да Винчи, А.Везалий және т.б. ғалымдар қалады
Анатомиялық атаулардың ең алғаш шығуы, кейінгі дамуы ертеден, көне замандардан басталады. Мәселен, анатомия терминдерінің алғашқы латын тіліндегі тізімі 1887 жылы Германияда шетелдің көрнекті ғалымдарының қатысуымен құрастырылды. Бұл тізім Германия анатомиялық қоғамының 1895 жылы Базельде өткен конгресінде бекітілді (B.N.A.).
1935 жылы Германия
анатомиялық қоғамының Иенде
өткен съезі анатомиялық
1955 жылы Парижде анатомиялық номенклатураның (P.N.A.) жаңа тізімі бекітілді.
Анатомиялық терминдерді жетілдіру жұмыстары одан әрі жалғаса берді. Анатомдар 1965 жылы Висбаденде өткен VIII Халықаралық конгресі анатомиялық терминдерге мыңнан аса өзгертулер мен толықтырулар енгізді. Ол конгресте оған қоса, P.N.A.-ға сәйкес келетін әр ұлттың анатомиялық номенклатураларын жасау ұсынылды.
Анатомиялық терминология
ХІХғ. соңына
дейін анатомиялық
Совет үкіметінің
гистологтары латын тіліндегі гистологиялық
терминдер тізімін ұсынған
Біз атау және ілік септіктердегі жекеше түрде зат есімдермен таныстық. Бұл екі септіктерді анатомиялық және гистологиялық объектілерді атауда көп жағдайларда қолдануға болады.
Кейбір анатомиялық құрылымдар орыс тіліндегі сияқты, латын сөзімен аталады. Мысалы: cranium бас сүйегі, femur бөксе, crus сирақ. Бұл сияқты бірсөздік атауларға ең алдымен дене бөлімдер атаулары жатады: caput бас, collum мойын, abdomen іш, pelvis жамбас атауы, dorsum арқа, және т.б.
Анатомияның
әр тарауында біз бірсөздік атаула
Латынша |
Русский |
қазақша |
angulus, im |
Угол |
бұрыш |
aorta, aef |
Аорта |
қолқа |
arcus, us m |
Дуга |
доға |
arteria, ae f |
Атерия |
қызыл тамыр |
brachium, in |
Плечо |
иық |
caput, it is n |
голова, галовка |
Бас |
cavum, in |
Полость |
Қуыс |
cavitas, atisf |
Полость |
Қуыс |
concha, aef |
раковина |
Қалқан |
costa, aef |
Ребро |
Қабырға |
conpus, onis n |
Тело |
Дене |
cranium, in |
Череп |
бас сүйек |
crista, aef |
Гребень |
айдар, қыр |
ductus, us m |
Проток |
Арна |
incisura, aef |
вырезка |
ойық, тілік |
lamina, aef |
пластинка |
Табақша |
ligamentum, in |
Связка |
байлам |
linea, ae f |
Линия |
сызық |
lingua, ae f |
Язык |
Тіл |
mandebula, ae f |
нижня челюсть |
төменгі жақ |
maxilla, ae f |
верхняя челюсть |
жоғарғы жақ |
meatus, um m |
проход, ход |
арна, жол, өткел |
musculus, i m |
Мышца |
Бұлшықет |
Бірқатар терминдер қысқартылған түрде берілді:
Art. –articulatio (буын)
Artt.- articulations (буындар)
Liq.- liqamentum (байлам)
Liqq.- liqamenta (байламдар)
a.- arteria(артерия)
aa.-arteriae (артериялар)
v.- vena (вена)
vv.- venae (веналар)
n.-nervus(нерв)
nn.- nervi(нервтер)
m.-musculus(бұлшықет)
mm.- musculi(бұлшықеттер)
Анатомияда жалпы қабылданған өзара перпендикуляр жазықтықтардың белгілеулері пайдаланылады, бұл жазықтықтар ағзалардың немесе олардың бөліктерінің кеңістіктегі орнын анықтайды. Мұндай жазықтықтар үшеу: сагитталды, фронталды және горизонталды. Бұл жазықтықтардың адам денесіне қатынасын айтқанда, оның вертикалды қалпы алынатынын есте ұстау керек.
Сагитталды жазықтық деп (грекше sagitta-жебе)-жазықтық денені бойлай оң (dexter)және сол(sinister) жаққа қақ бөледі.Дене ортасынан өтетінсагиталді жазықтық ортаңғы немесе медиалді деп аталады.
Фронталді жазықтық(грекше frons-мандай)-мандайға паралель сызық денені бойлай алдыға(алдыңғы-anterior) және артқа(артқы-posterior) бөледі. вертикалды жазықтықты түсінеді, ол арқылы біз ойша денені тесіп өтетін садақ оғы бағытында алдынан артына қарай және ұзына бойымен қақ бөлеміз. Сагитталды жазықтық дененің дәл ортасынан медиалды өтеді, оны симметриялы оң және сол екі жартыға бөледі. Вертикалды, бірақ сагитталды жазықтыққа тік бұрыш жасай өтетін жазықтық, фронталды маңдайға параллелді деп аталады. Ол денені алдыңғы және артқы бөлімдерге бөледі. Үшінші, горизонталды жазықтық сагитталды жазықтыққа да, сондай-ақ фронталды жазықтыққа да тік бұрыш жасай жүргізіледі. Ол денені жоғары және төменгі бөлімдерге бөледі.
Горизонталді
жазықтық(грекше horizontos-шектеуші)-жер
бетіне (көкжиекке) қатарласа жататын
жазықтық.Бұл жазықтықты дененің бірнеше
жерінен жүргізуге болады.Денені жоғары(superior-жоғарғы),
Білік-аталған жазықтықтарды ойша бойлай өтетін тік сызық.Бағытты,қарсы және көлденең жазықтық қиған жердегі мүшенің басқа мүшелерге қарағанда орналасу ретіне қарай жақынырақ, алшақ,сыртына қарай,ішке қарай,аралықта,бас жақта және дененің соңына қарай немесе құйрық жақта деп аталуы мүшенің тұлғаға қатысын білдіреді.Буындардагы қозғалыу беттеуін немесе ағза ориентациясын анықтауда айналу біліктері қолданылады-жазықтықтар қиылысуын жасайтын сызықтар:вертикалді,сагиталді немесе алдыңғы,артқы,фронталді немесе көлденең.
Бұл жазықтықтарда жекелеген нүктелер мен сызықтардың орындары былай бөлінеді: орта жазықтыққа жақындау орналасқандарын медиалды, medialis (medianum, латынша - ортасы) деп белгілейді, орта жазықтықтан алыстау жатқандары, латералды (laterialis - бүйір) деп белгілейді. Алдыңғы-артқы бағытта: дененің алдыңғы бетіне жақындау - алдыңғы, anterior немесе вентралды, ventralis (venter - іш), артқы бетке жақындау артқы, posterior немесе дорсалды, dorsalis (dorsum - арқа) деп аталады. Вертикалды бағытта: дененің жоғарғы жағына жақындау -жоғарғы, superior, төменгі жағына жақындау - төменгі, inferior деп аталады.
Қол-аяқ бөліктеріне қатысты "проксималды" және "дисталды" терминдері қолданылады. Проксималды (жақын) - тұлғада қол-аяқтың басталатын жеріне жақындау бөліктерді, дисталды (алыстағы) -керісінше, алыстау орналасқан бөліктерді белгілеу үшін қолданылады. Мәселен, қолдың шынтағы саусақтарға қарағанда проксималды, ал саусақтар шынтаққа қарағанда дисталды орналасқан.
"Сыртқы", externus, және "ішкі", internus, терминдері көбінесе дене қуысы немесе тұтас ағзаларға қатысты орналасуды, "ішіне қарай" немесе "сыртына қарай " жатқан деген мәнде қолданылады; "беткей", superficialis және "терең", profundus терминдері тиісінше дененің немесе ағзаның беткі жағынан "шамалы тереңдеу" немесе "көбірек тереңдеу" орналасқан дегенді белгілеу үшін пайдаланылады.
Шаманың (үлкен-кішілігін) білдіретін кәдімгі терминдер: үлкен -magnus, кіші - parvus, үлкендеу - major, кішілеу - minor.
Соңғы екі термин - major және minor - екі жақын немесе ұқсас түзілістердің салыстырма шамаларын белгілеу үшін қолданылады. Мысалы, тоқпан жілікте tuberculum (төмпешік) majus және minus. Magnus (үлкен) термині шамасы кішілеу басқа ұқсас түзіліс бар екенін білдірмейді. Мысалы, nervus auricularis magnus үлкен құлақ нерві оның жуандығына қарай осылай аталады, бірақ кіші құлақ нерві болмайды.