Экономикалық талдаудың пәні, міндеттері және мазмұны

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Декабря 2013 в 10:40, реферат

Краткое описание

Экономикалық талдау - экономикалық құбылыстар мен үрдістерді құрамдас бөлшектерге бөлуге негізделген және байланыстардың барлық көптүрлілігін және тәуелділігін оқуға негізделген мазмұнын пайымдаудың ғылыми әдісі болып табылады. Талдау- макро- және микродеңгейлерде жүзеге асырылатын басқару қызметі. Сәйкес, макроэкономикалық және микроэкономикалық талдау болып бөлінеді. Макродеңгейдегі экономикалық талдау ұлттық әлемдік экономика деңгейінде экономикалық құбылыстарды зерттейді, ол экономика саласында мемлекеттік және биліктің орындаушы органдарының шешімдерін және әрекеттерін ғылыми позиция негізінде шешуге негізделген.

Содержание

Экономикалық талдаудың мазмұны, әдісі, қажеттілігі, маңызы.
Экономикалық талдауды ақпаратпен қамтамасыз ету.
Экономикалық талдау түрлері.
Ұйымның аналитикалық көрсеткішін дайындау.
Өндірістік қызметтің негізгі көрсеткіштерін талдаудың әдістемелері.
Ұйымның қаржылық тұрақтылығын талдау.
Ұйымның табыстылығын талдау.
Ұйымның қызметінің тиімділігін және іскерлік белсенділігін талдау.
Кәсіпкерлік тәуекелділік және ұйымның болашақ банкротқа ұшырауын талдау.

Прикрепленные файлы: 1 файл

экономикалық талдау готовый.doc

— 246.50 Кб (Скачать документ)

 

 

 

 

 

 

 

 

8. Ұйымның қызметінің тиімділігін және іскерлік белсенділігін талдау

        

  Нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуші кәсіпорындардың қаржылық жағдайын талдаудың басты мақсаты келесілер болып табылады:

-          Қаржылық  жағдайға баға беру  және оның  есеп беру  мерзіміндегі өзгерісі;

-          Активтер  мен олардың  қалыптасу көздері арасындағы  сәйкестікті,  олардытартудағы және  пайдаланудағы тиімділікті  зерттеу;

-          Айналым  капиталының көлемін, оның өсуін  (кемуін) және қысқа  мерзім  міндеттемелерімен ара-қатынасын   анықтау;

-          Қаржы  есептік және  несие ережесін  сақтау;

-          Ұйым  активтері және оның  міндеттемелерінің   құрылымын зерттеу;

-          Қысқа  мерзімді активтердің  айналымдық  есебі,  оның  ішінде  дебиторлық  борыш  және қорлар есебі;

-          Баланстың   өтімділігін, кәсіпорынның қаржылық  тұрақтылығының және төлеу қабілеттілігінің  нақты және салыстырмалы   көрсеткіштерін анықтау;

-          Ұйым  табыстылығын бағалау;

-          Ұйым  табысының  салыстырмалы көрсеткіштерін, сондай-ақ олардың деңгейінің  өзгеруіне әсер етуші  факторларды   есептеп шығару;

-          Ұйым  іскерлік  белсенділігін анықтау;

-          Ұйым  қаржылық жағдайының  тұрақтылығын  ұзақ және  қысқа мерзімді болжау, яғни оның қаржылық  стратегиясын  анықтау.

 

Ұйымның іскерлік  белсендігі мен  қызметінің  тиімділігін бағалау  және талдау қаржылық талдаудың қорытынды кезеңі болып табылады. Талдау – ол бөліну  және бөлшектеу, элементтерге бөліп қарастыру.

Талдаудың түрлері:

-          қаржылық;

-          басқару.

Ұйымның қаржылық жағдайының  объективті  дұрыс бағасын  алудың ең жақсы  тәсілі, бұл талдау, ол кәсіпорынның  даму бағытын бақылауға, оның шаруашылық қызметіне кешенді түрде баға беруге  мүмкіндік береді және осындай жолмен басқарушылық шешімдерді өңдеумен кәсіпорынның өзінің өндірістік кәсіпкерлік қызметі арасында байланыстырушы қызмтені атқарады.

Ұйым осы  мерзімге дейінгі уақытта  қаржы ресурстарын қаншалықты дұрыс  басқарды деген сұраққа жауап  береді: кәсіпорын осы мерзімге дейінгі  уақытта қаржы ресурстарын қаншалықты дұрыс басқарады. Қаржы ресурстары жағдайының нарық талаптарына сай болуы және де кәсіпорынның дамуына байланысты қажеттіліктерге  жауап бере алуы өте маңызды болап табылады, себебі  қаржылық тұрақтылықтың жетіспеушілігі кәсіпорынның төлеу қабілетінің жоқтығына және оның дамуына қажетті  қаражатының болмауына, ал көп болуы – дамуға кедергі жасап, басы артық қорлармен және резервтермен кәсіпорын шығындарын көбейтуіне әкеліп соқтыруы мүмкін.

Қаржылық жағдайын талдау  кәсіпорынның  шаруашылық  қызметін талдаудың  қорытындылаушы кезеңі болып  табылады. Қаржылық қызметі –бұл оның осы  қызмет нәтижесінде  меншікті және  тартылған капиталың  көлемі мен құрамына өзгеріс әкелетін  қызметі болып табылады. Ол қаржы ресурстарының  жүйелі түрде түсуі мен тиімді пайдалануына, есеп және несие тәртібін  сақтауға, меншікті және қарыз қаражаттарының арасындағы  арақатынастың, сондай-ақ кәсіпорынның тиімді қызмет етуі мақсатында  қаржылық тұрақтылыққа  қол жеткізуге бағытталуы тиіс.

Ұйым қызметінің  қаржылық өндірістік жақтары арасында  тығыз байланыс пен өзара тәуелділік бар. Осылайша қаржылық  қызметінің  жетістігі, көбінесе оның өндірістік – сату көрсеткіштерімен анықталады.

Қаржылық жағдайдағы талдауды қаржылық тұрақтылықтан  басталған жөн  және оған мыналар жатады:

-          ұйым активтерінің  құрылымдық және құрамдық өзгерісін талдау;

-          қаржылық  тұрақтылығын нақты және салыстырмалы  көрсеткіштерін талдау;

-          баланс  өтімділігін талдау;

-          төлем  қабілеттігін және  несие қабілеттігін  талдау;

Баланс активтерінің құрамы мен  құрылымының өзгерісін талдау кәсіпорынның  барлық  мүліктерінің және  оның жекелеген түрлерінің  нақты және  салыстырмалы арту немесе  кему мөлшерін белгілеуге мүмкіндік береді.

Қаржылық есептің  маңызды элементі  болып саналатын активтерді, талдау барысында, осы активтердің  нақты  қолда  бары,  құрамы, құрылымы және оларда болған өзгерістер зерттеледі. Активтердің жалпы құрылымын және оның жеке топтарын талдау, олардың таратылуын талқылауға  мүмкіндік береді.

Активтердің  өсуі (артуы) ұйымның  болашақтағы    дамуын көрсететін  болғандықтан, ол осы  ұйымжұмысының  оң нәтижесін сипаттайды.

Алайда, ұйым мүлік құнының өсу себептерін талдағанда, жоғары  деңгейі баланстық есептің номиналды көрсеткіштерінің  нақты көрсеткіштерден айтарлықтай ауытқуына әкеліп  соқтыратын инфляция әсерін ескерту кажет. Отандық тәжірибеде  инфляцияны есепке алу негізгі  құралдардың  баланстық құнын құру барысында жүргізіледі.

Отандық  есептік-аналитикалық тәжірибеде  өндірістік қорлар, дайын өнім  және тауарларды қайта бағалау жүргізілмейді. Сондықтан да олардың құнының өсуі, инфляциялық  фактор әсерінен болатын күмәнсіз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

9. Кәсіпкерлік тәуекелділік және ұйымның болашақ банкротқа ұшырауын талдау

 

Тәуекелдің  дәрежесі артады, егер:

- мәселелер аяқ астынан, күткендегіге  қарама-қарсы пайда болса;

- банктің бұрынғы тәжірибесіне  сәйкеспейтін жаңа мәселелер  қойылса;

- басшылық қажетті және шұғыл  шаралар қабылдай алмай, ол  қаржылық шығынға әкелсе;

- банк қызметінің қолданыстағы  тәртібі немесе заң шығарушылықтың  жетілмегендігі нақты жағдайларда кейбір оптималды шараларды қабылдауға кедергі келтірсе.

Кәсіпкерлік тәуекелдің пайда болуының ортақ себептері бар. Сонымен  қатар қазіргі кезеңде ҚР кәсіпкерлерінің  тәуекелдерін талдай отырып:

а) өтпелі кезеңнің экономикасының дағдарысын (яғни, өндірістің құлдырауы, көптеген кәсіпорындардың қаржылық тұрақсыздығы және шаруашылық байланыстардың доғарылуы);

ә) саяси жағдайдың тұрақсыздығы;

б) банк жүйесінің әлі де құрылып  болмауы;

в) кейбір заң актілерінің жетілмеуі  және мулдем жоқ болуын, яғни құ-қықтық базаның іс жүзіндегі нақты жағдаймен сәйкес келмеуін ескеру қажет.

Банкроттық нарық шаруашылығының бір категориясы болып табылады. Ол соттың шешімі мен немесе кредитордың  келісімі бойынша соттан тыс ресми  түрдежарияланады. Қазақстан Республикасының  «Банкроттық туралы» 07.04.95 жылғы №2173 Заңына сәйкес, қарызды төлеуге шамасы жоқ ұғымы ақшалай міндеттер бойынша кредиторлар сұранысын, еңбекақы төлеуталабын қанағаттандыра алмау, сонымен қатар өзіне тиісті мүлік есебінен бюджет пен бюджеттен тыс қорларға міндетті төлемдерді қамтамасыз ете алмау жатады. Басқаша айтқанда, шаруашылық субъектісінің қарызды төлей алмауы, ағымдағы операциялық қызметті қаржыландыра алмауы, қарыздардың, міндеттердің өсуіне байланысты жедел міндеттемелерді өтеу қабілетсіздігі немесе борышкердің балансының қанағаттанғысыз құрылымына байланысты ұғымдар кіреді.

Баланстың қанағаттанғысыз құрылым  борышкердің мүлкі мен міндеттемелерінің  өтімділік деңгейінің жетіспеуіне  байланысты кредитордың алдында  мүлік есебінен міндеттемелердің дәл  уақытында төленбеуі жағдайы тұрған кезде болуы мүмкін. Бұндай жағдайда мүліктін жалпы құны борышкер міндеттемелерінің жалпы сомасына тең немесе одан асып кетуі мүмкін.

Банкроттық кәсіпорынның ұдайы  өндіріс капиталының шаруашылық механизімінің балансының бұзылу нан, яғни оның қаржылық және инвестициялық саясат ның тиімсіз болуынан туындайды.

         Тәжірибеде тәуекел дегеніміз - белгілі бір құбылыстардың болуы нәтижесінде шығынға ұшырау қаупі.

Текел латын тілінен rescum - қауіп  төну, талқандалу себебі дегенді білдіреді. Жалпы тәуекел кенеттен жағымсыз құбылыстың және оның салдары болуының жиынтық факторы ретінде анықталады, яғни ол болашақта қандай да бір құбылыстың болу мүмкіндігін білдіреді. Ол өз қолданысын барлық сфераларда ғылым мен бизнесте, банк ісі мен қаржыда табады. Тәуекелге іс жүзінде банктік операциялардың барлығы ұшырайды .

Тәуекел терминінің әр түрлі анықтамалары бар. Бірақ тұтас алғанда тәуекел  болуы мүмкін қауіпті сипаттайды. Яғни, осы негізде банк тәуекелі дегеніміз - банктің қандай да бір  мүдделеріне төнген, болуы мүмкін (әлуетті немесе нақты) қауіп (қатер) деп айтуға болады. Қауіп дегенді әлуетті шығын көзі деп түсінуге болады. Тәуекел, өз кезегінде, шығын келтіруге әкелетін ең қауіпті оқиға мүмкіндігі дәрежесінің және сондай шығынның мүмкіндігі дәрежесінің қосындысы болып табылады. Тәуекелді қабылдау - әр істің негізі. Банктердің тәуекелдері ойлап жасалған, бақыланатын және олардың қаржылық мүмкіндіктері мен құзыреті шегінде болғанда, сәттілікке ие болады.

Осы механизмнің  негізгі элементтері мыналар:

- банкроттықты құқықтық реттеу;

- кәсіпорынның    банкроттығы    жайында   акті жүзеге   асыруға   шешім   қабылдау   процесте  нормативтік-әдістемелік,  экономикалық,  ұйымдық  қамтамасыз етілуі;

-   перспективалы  тауар   өндірушілерді  қолдау мақсатында, төлем қабілеті жоқ кәсіпорындарға мемлекеттік қаржылық көмек шаралары;

-   қайта құру және жою  шараларын қаржыландыру;

-   банкроттық процедураға  қатысушыларға экономикалық көмек  көрсету;

-   кең   ауқымды   қоғам   үшін   банкроттар   жайында  ақпараттардың   жариялылығын   қамтамасыз   ету, төлем    қабілеті    жоқ    кәсіпорындардың    тізімін жүргізу.

Қазақстан Республикасы жағдайында банкроттық механизмінің нормативті-құқықтық базасы ретінде әдебиеттер тізімінде көрсетілген  құжаттар пайдаланылады.

Қазақстан Республикасының «Банкроттық жайында» Заңына сәйкес, кәсіпорынның банкроттығы туралы шешімі ерікті немесе еріксіз түрде қабылданады. Банкроттық, борышкердің сотқа жазған өтініші бойынша ерікті түрде немесе оның өзінің банкроттығы жайында соттан тыс түрде кредиторлармен келісімге келе отырып, ресми түрде хабарлауы жолымен жасалады. Ал еріксіз түрде, кредиторлардың немесе «Банкроттық жайында» Заңымен өкілет берілген тұлғалардың өтініші негізінде жасалады.

Банкроттық жайында кредитордың  өтінішпен сотқа баруына негіз болып борышкердің төлеу қабілетінің болмауы табылады. Егер борышкер өзінің міндеттемелерін 3 ай ішінде орындай алмаса, оның төлем қабілеті жоқ деп саналады.

Кредитордың    борышкерге    қойған    талаптарының сомасы 150 айлық есепті көрсеткіштерден жоғары болғанда, банкроттық жайында іс сотпен қаралады.

Банкроттықтың ықтималдылығын бағалауды  қаржылық талдау арқылы жүргізуге болады, себебі ол кәсіпорынның экономикалық «ауруын» және одан «арылу» жолдарын таңдауға мүмкіндік береді.

 

Кәсіпорынның банкроттылығын болжау бойынша құралдарды кең пайдалана отырып, кәсіпорынның дағдарыс жағдайынан шығу шараларын ойластыруға мүмкіндік туғызады. Болжау, қалыптасып жатқан тенден-пияларды зерттеп қарауға сыртқы, ішкі жағдайлардың әсерін есепке ала отырып, қаржылық саясатты жүргізу үшін, кәсіпорынның келешегі төлем қабілеттігінің темендеуі немесе жоғарылауы қандай деген ең маңызды сұраққа жауап беру керек.

Қаржылық жағдайдың динамикасының  негізгі тенденциялары мен қызмет нәтижелерін формаланған және формаланбаған әдіс арқылы болжауға болады. Инфляция қарқынының күшті болуы, шығындар нормасының орталықтандырылып бекітілмеуі және келісім-шарттар жасау кезінде алдын ала төлеудің кең таралуы жағдайында, жабдықтау келісім-шартына отырған кезде болжау дәлдігі төмендейді. Осындай кезде қаржылық жағдайды болжау, табыстардың есеп беруге қатысты өзгермелі параметрлері — өндіріс көлемі, шаруашьшық субъектілер қызметінің әр түрлі бағыттары бойынша шығындардың бағдарлама жүйесі қаржылық есеп беру және электронды кесте негізінде құрылуы мүмкін.

Қаржылық жағдайды болжау — перспективалық талдаудың негізгі міндеті. Талдаудың  бұл түрі, шаруашылық қызметінің қаржылық нәтижесін зерттеу негізін болашақ  міндеттерін анықтау, стратегиялық басқару міндеттерін шешу үшін әкімшілікті  ақпараттармен қамтамасыз етуі тиіс. Мақсатқа сәйкес талдауды жүргізу, орта мерзімді болашаққа (2-3 жыл) және ұзақ мерзімді болашаққа негізделуі керек.

Талдаудың бастапқы пункті, қаржылық шаруашылық қызметтің көрсеткіштерінің өзгеруі бір есеп беруі кезеңімен   екінші   кезеңнің   сабақтастығы   болып   табылады. Сондықтан   перспективтік  талдау   үшін   қолданылаты бұл ақпараттар қаржылық есептен алынады.

Ұзақ мерзімді болжауды құруды негізі күрделі мәселе деп есептеуге  болады. Мұнда екі жағдай қарастырылады: шаруашылық қызметтің тәуекелі мен болжаудың тәуекелі. Тәуекелдің бірінші түрі іскер қызмет-керлердің, эксперттердің тартылуы есебінен төмендеуі мүмкін.

 

Банкроттықтың  пайда  болуының  негізгі  себептер келтірейік:

1. Шаруашылық жүргізу   жағдайын жасаудың объективті себептері:

- экономиканы реформалаудың нормативті  және заң шығаратын   базаларының,  қаржылық, ақша, несие, салық жүйелерінің  жетілмегендігі;

Информация о работе Экономикалық талдаудың пәні, міндеттері және мазмұны