Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Декабря 2013 в 10:40, реферат
Экономикалық талдау - экономикалық құбылыстар мен үрдістерді құрамдас бөлшектерге бөлуге негізделген және байланыстардың барлық көптүрлілігін және тәуелділігін оқуға негізделген мазмұнын пайымдаудың ғылыми әдісі болып табылады. Талдау- макро- және микродеңгейлерде жүзеге асырылатын басқару қызметі. Сәйкес, макроэкономикалық және микроэкономикалық талдау болып бөлінеді. Макродеңгейдегі экономикалық талдау ұлттық әлемдік экономика деңгейінде экономикалық құбылыстарды зерттейді, ол экономика саласында мемлекеттік және биліктің орындаушы органдарының шешімдерін және әрекеттерін ғылыми позиция негізінде шешуге негізделген.
Экономикалық талдаудың мазмұны, әдісі, қажеттілігі, маңызы.
Экономикалық талдауды ақпаратпен қамтамасыз ету.
Экономикалық талдау түрлері.
Ұйымның аналитикалық көрсеткішін дайындау.
Өндірістік қызметтің негізгі көрсеткіштерін талдаудың әдістемелері.
Ұйымның қаржылық тұрақтылығын талдау.
Ұйымның табыстылығын талдау.
Ұйымның қызметінің тиімділігін және іскерлік белсенділігін талдау.
Кәсіпкерлік тәуекелділік және ұйымның болашақ банкротқа ұшырауын талдау.
6. Ұйымның қаржылық тұрақтылығына әсер етуші факторлар
Нарықтық экономикасы
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы жағдайына көптеген факторлар әсер етеді. Оларға:
Ішкі факторлар кәсіпорынның өзінің жұмысын ұйымдастырууына байланысты болады, ал сыртқы факторлар кәсіпорын еркіне бағынышты емес
Кәсіпорынның өндірілетін өнім және өндіріс технологиясымен тығыз байланысқан қаржылық тұрақтылығының маңызды факторларының бірі- активтердің тиімді құрамы мен құрылымы, сондай-ақ кәсіпорынның басқару стратегиясы мен тактикасының дұрыс таңдалынып алуы. Кәсіпорынның өз қаржы ресурсы, соның ішінде таза табысы қаншалықты көп болса, соншалықты ол өзін жайлы сезіне алады.
Сонымен бірге таза табыстың көлемі ғана емес, сонымен қатар оны тарату құрылымы, әсіресеөндірісті дамытуға бағытталған бөлігі де өте маңызды болып табылады.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына қарыздық капиталдар нарығындағы қосымша жұмылдырушы (мобилизацияланушы) қаражаттар үлкен әсерін тигізеді. Кәсіпорын ақша қаражаттарын қаншалықты көп тарататын болса, оның қаржылық мүмкіндіктері де соншалықты жоғары болады, алайда, сонымен бірге қаржылық тәуелділік те өседі- яғни кәсіпорын өз кредиторларымен уақытында есеп айырыса ала ма?, жоқ па?- деген қауіп туады.
Және де бұл жерде кәсіпорынның төлеу қабілеттілігінің қаржылық кепілінің бір түрі ретінде резервтерге үлкен роль берілген.
Сонымен қорыта келе, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына әсер ететін мынадай ішкі факторларды атап көрсетуге болады:
Сыртқы факторларға шаруашылық жүргізудің экономикалық жағдайының әсері, қоғамда үстемдік етуші техника мен технология, төлеу қабілеті бар сұраныс және тұтынушылар табысының деңгейі, ҚР үкіметінің салық және несие саясаты, кәсіпорынның қызметін бақылау жөніндегі заң актілері, сыртқы экономикалық байланыс және тағы басқалар жатады.
Кәсіпорынның тұрақты қаржылық жағдайын қалыптастыруда оның өз контрагенттерімен өзара қарым-қатынасы үлкен әсер етеді.Сондықтан да серіктестермен реттелген іскерлік қарым-қатынаста болу – жақсы қаржылық жағдайдың бірден-бір шарты болып табылады. әрине, акционерлер өз жинақ қорларын тұрақты тиімділікке ие және дивиденттерді ұқыпты төлейтін қаржылық тұрақты кәсіпорындарға салады. Инвестициялық тартымдылығы болуы үшін, тек бүгінгі күні ғана емес, болашақта да кәсіпорынның қаржылық жағдаый көршісіне қарағанда жақсы болуы тиіс.
Сондай-ақ бұл жыл сайын өз облигациясы бойынша белгілі пайызбен алғысы келетін, ал заем мерзімі біткен уақытта – облигация құнын толық өтеуді талап ететін облигация иелеріне де қатысты.кез- келген еоммерциялық кәсіпорын сияқты банктер де өз несиелерімен тәуекел ете отырып несие алушының өз қарызын уақытында және толық өтеуін қалайды, сондықтан оны беру туралы шешеім қабылдай отырып, кез –келген банк өз клиентінің қаржылық жағдайын және бұл қарыздың қамтамасыз етілуін тексереді.
Жабдықтаушылар мен
Осылайша қаржылық жағдай кәсіпорынның бәсекелестік қабілетін және оның іскерлік қарым-қатынастағы потенциалын анықтайды, кәсіпорынның өзінің және оның серіктестерінің қаржылық және басқа қатынастар тұрғысындағыэкономикалық қызығушылықтары қаншалықты дәрежеде кепілдендірілгендігін бағалайды.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайының объективті бағасын алудың ең жақсы тәсілі, бұл-талдау, ол кәсіпорынның даму бағытын бақылауға, оның шарушылық қызметіне кешенді түрде баға беруге мүмкіндік береді және осындай жолмен басқарушылық шешімдерін өңдеуменкәсіпорынның өзінің өндірістік кәсіпкерлік қызметі арасында байланыстырушы қызметін атқарады.
7. Ұйымның табыстылығын талдау
Егер кәсіпорын пайда алатын болса, онда өнімді деп саналады.
Экономикалық есептерде
Тауар өнімінің өнімділігін есептеудің классикалық формуласы болып мына формула табылады (Т-Ө)/С100.
Бұйымның өнімділігі – бұл осы бұйымның өзіндік құнына бұйымның бірлігіне пайданың қатынасы. Бұйым бойынша пайда оның көтерме бағасы мен өзіндік құн арасындағы айырмашылыққа тең.
Кәсіпорынның өнімділігі (жалпы өнімділік) – негізгі өндірістік қорлар мен нормаланатын айналым қаражаттарының орташа құнына теңгермелік пайданың қатынасы ретінде айқындайды. Қордың материалдық және оларға теңестірілген шығындарына қатынасы кәсіпорынның табыстылығын көрсетеді.
Пайданы алу – кәсіпкерлік қызметтің негізгі мақсаты. Бірақ, тиісті шығыстарды жүзеге асырусыз, әдетте, қажет етілетін кірістерді алу мүмкін емес.
Пайданың шамасын және өнімділіктің деңгейін айқындайтын көптеген факторлар бар. Бұл факторларды ішкі және сыртқы факторларға бөлуге болады. Сыртқы – бұл осы ұжымның күшеюінен тәуелді емес факторлар, мысалы, материалдарға, өнімге, тасымалдау тарифтеріне, амортизация нормаларына және т.б. арналған бағалардың өзгеруі. Мұндай іс-шаралар жалпы көлемде жүргізіледі және кәсіпорындардың өндірістік-шаруашылық қызметінің қорытындылайтын көрсеткіштеріне қатты әсер етеді. Өнімнің ассортиментіндегі құрылымдық өзгерістер өткізілген өнімнің шамасына, өндірістің өзіндік құны мен өнімділігіне әсер етеді.
Экономикалық талдаудың
Өнімділікті (табыстылық) көрсеткіштері жалпы экономикалық болып табылады. Олар түпкі қаржылық нәтижені көрсетеді және пайда мен шығын туралы, іске асыру туралы, кіріс пен өнімділік туралы бухгалтерлік теңгерме мен есептілікте көрсетіледі.
Өнімділікті техникалық-экономикалық факторлардың әсер етуінің нәтижесі ретінде, ал негізгі мақсаты негізгі техникалық-экономикалық факторлардан өндірістік-шаруашылық қызметінің түпкі қаржылық нәтижелерінің сандық тәуелділігін анықтайтын техникалық-экономикалық талдау объектісі ретінде қарауға болады.
Өнімділік өндірістік процестің нәтижесі болып табылады, ол айналым қаражаттарының тиімділігін арттырумен, өнімнің және жекелеген бұйымдардың өзіндік құнының төмендеуімен және өнімділігінің артуымен байланысты факторлардың әсерімен қалыптасады.
Кәсіпорынның жалпы
Басқаша айтқанда, өнімділіктің жалпы деңгейі, яғни индикатор, барлық салынған капиталдың (активтердің) өсуіне әсер ететін, пайданы 100%-ға дейін есептелген және бөлінген активтерге тең болады.
Өнімділіктің жалпы деңгейі – бұл кәсіпорын өнімділігін талдаудағы негізгі индикатор. Жалпы өнімділіктің, оның деңгейінен шығатын фирманы дамытуды нақты анықтау талап етілсе, екі негізгі индикаторға: айналымның өтімділігі және капитал айналымдарының санын қосымша есептеп шығаруы қажет.
Өнімділік пен табыстылық көрсеткіштерінің жалпы экономикалық сипаттамасы бар, олар кәсіпорынның жұмысының және олар шығаратын өнімнің түпкі тиімділігін көрсетеді.
Өндірістік қорларға пайданың жалпы сомасының қатынасы өнімділік деңгейінің басты көрсеткіші болып табылады.
Пайданың шамасын және өнімділіктің деңгейін айқындайтын көптеген факторлар бар. Бұл факторларды ішкі және сыртқы факторларға бөлуге болады. Сыртқы – бұл осы ұжымның күшеюінен тәуелді емес факторлар, мысалы, материалдарға, өнімге, тасымалдау тарифтеріне, амортизация нормаларына және т.б. арналған бағалардың өзгеруі. Мұндай іс-шаралар жалпы көлемде жүргізіледі және кәсіпорындардың өндірістік-шаруашылық қызметінің қорытындылайтын көрсеткіштеріне қатты әсер етеді. Өнімнің ассортиментіндегі құрылымдық өзгерістер өткізілген өнімнің шамасына, өндірістің өзіндік құны мен өнімділігіне әсер етеді.
Экономикалық талдаудың
Жалпы өнімділікті талдау әдістемесі:
1) тиімділік факторлары бойынша;
2) өндірістік факторлардың
Теңгермелі (жалпы) пайда — өндірістік-қаржылық қызметтің түпкі қаржылық нәтижесі. Кәсіпорында жалпы пайданың орнына жалпы шығын құралуы мүмкін және мұндай кәсіпорын зияндылардың санатына көшеді. Жалпы пайда (шығын) өнімдерді, жұмыстар мен қызметтерді өткізуден; өткізілген пайда мен шығындардан тыс пайдадан (шығыннан) тұрады.
Салынған капиталды өсіруге оның қабілеті кәсіпорынның өнімділігі деп түсініледі. Бірнеше ережелер өнімділікті талдаудың міндеті болып табылады: жыл басынан бастап өнімділік көрсеткішін, жоспарды орындау деңгейін бағалау, осы көрсеткіштерге әсер ететін және жоспардан олардың бас тарту факторларын айқындайды және бағалайды; шаруашылықты жүргізе алмаушылықтан, басшылықтағы қателіктермен және кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметіндегі басқа да кемістіктермен туындаған шығындар мен зияндардың себептерін анықтайды және зерттейді; кәсіпорынның пайдасының немесе табысының мүмкін болатын ұлғаюының резервтерін ашады және есептейді.
Табыстылық көрсеткіштерінің жүйесі қаржылық нәтижелер мен және салыстырмалы нәтижелердің ең алдымен абсолюттік көрсеткіштерінен тұрады. Бізді салыстырмалы көрсеткіштер көп қызықтырады, оларды екі кіші топқа жіктейді.
Кесте – 2
Ұйымның табыстылығын талдау
Шығыстар және шығындар баптарының атауы |
20012 ж. |
2013 ж. | ||
Мың. теңге |
Қорыт. % |
Мың. теңге |
Қорыт. % | |
1. Материалдық шығыстар, барлығы |
7879 |
7,3 |
17650 |
12,1 |
2. Ұйымдардың тараптық сатып алу қызметі, барлығы |
7458 |
6,9 |
7267 |
5,0 |
3. Өндірістік міндетті
|
551 |
0,5 |
3438 |
2,4 |
4. Өндірістік қызметкерлер |
24406 |
22,5 |
32714 |
22,5 |
5. Әлеуметтік салық |
5784 |
5,3 |
7742 |
5,3 |
6. Әлеуметтік қамтамасыз ету шығыстары
|
513 |
0,5 |
683 |
0,5 |
7. Үстеме шығыстар |
5562 |
5,1 |
7247 |
5,0 |
8. Өзге де үстеме шығыстар, барлығы
|
2007 |
1,8 |
2901 |
2,0 |
9. Амортизациялық аударым, |
54401 |
50,1 |
65768 |
45,2 |
ЖИЫНЫ
|
108561 |
100 |
145410 |
100 |
Информация о работе Экономикалық талдаудың пәні, міндеттері және мазмұны